Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет9/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
1.4 Дәріс
Тақырыбы: Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің мәні
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті де тәлім-тәрбиелік жұмыстар болғанымен шұғылданатын насанасының ерекшеліктеріне байланысты кейбір өзгешеліктері бар және ол кәдімгі оқушы (адам) емес, күйзеліске душар болғандарға қатысты. Сол себепті, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар маңызы жағынан жалпы педагогикалық іс-әрекетке жақын болғанымен, дәл сондай емес. Оның ерекшелігі жұмыс нысаны және соған сәйкес мақсаты, міндеттері, қолданатын әдістерінің өзгешелігіне байланысты. Енді осы ерекшеліктерді ашып көрсету үшін бұл екі ғылым саласын және оның практикалық іс-әрекеттегі сипатын салыстырып қарастырамыз.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет отбасында, не әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Бұл жұмысты жалпы педагогикалық білімі бар адамдар ғана сауатты жүргізе алады. Әлеуметтік ауыр жағдайлардың құрбандығы болған, не болмаса әртүрлі техногенді, табиғи ахуалдардың салдарынан, тосын оқиғалардан мүгедек болып қалған не болмаса ақыл-есіне зақым келген, денесі зардап шеккен жеке тұлғаларға, не бүкіл бір адамдар қауымына көмек беру, оларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстары – әлеуметтік педагогиканың құзырында.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекеттің бірі ретінде өсіп келе жатқа жас буынға білім беру, оларды тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Ол педагогтардың көмегімен балабақшаларда, мектептерде, білім беру мекемелерінде жүргізіледі.
Педагогикалық іс-әрекет пен әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік айырмашылығы бар. Оны төмендегі кестеден көруге болады:



Іс-әрекет түрі

Мақсаты

Жүзеге асуы

Нысаны

Мекемелер

Педагогикалық іс-әрекет

Оқыту, тәрбиелеу, дамыту

Стандарт, бағдарлама, нормативтер

Балалар мен жастар, ересек адамдар

Білім беру мекемелері

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет

Көмек беруді ұйымдастыру және тікелей жәрдем беру

Арнайы бағытталған: белгілі бір уақытта не үнемі

Көмекке мұқтаж адамдардың барлығы

Арнайы мекемелер, арнайы жұмыс

Кестеде келтірілген әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары мыналар:

  • әлеуметтік бейімделуге жылдам көмектесу, бейімделмей қалудың алдын алу:

  • қоғамдықнормалардан ауытқығандарды қалпына келтіріп қатарға қосу, түзету;

  • баламен, ересектермен не жастармен тікелей немесе жеке жұмыс істеу;

  • күйзеліске ұшыраған балалар мен жастарға, не ересек адамдарға көмек беретін тиісті мекемелерге өз уақытында қайырылу, оларды орналастыру, жәрдем беруін өтінуі, көмек сұрау, т.б.;

  • мектеп мұғалімі ондағы балалармен үздіксіз білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнымен, формаларымен және ерекшеліктерімен танысқан соң, болашақ тәрбиеші назар аударатын басты мәселе – «күйзеліске душар болған балаларға қалай көмектесу керек?» деген заңды сұрақ. Бұған жауапты ол әлеуметтік–педагогикалық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерімен, жаңа технологиясымен танысқан соң алады.
Әдіс, іс-әрекетті жүзеге асырудың жолдары. Бұлардың барлығы – жастар мен балаларды, ересек адамдарды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген, арнайы көмек беруде қолданылатын әлеуметтік педагогтың басты жәрдемшісі. Іс-шараларды жүзеге асыруда әдістерді қолдану әртүрлі тәсілдерді пайдалану арқылы шешіледі. Зерттеуші Э.Ш.Натанзон әдістерді екі сипатта талдайды: жалғастыратын және кедергі болатын.
Жалғастырушы әдістер: сыйлау, көңіл бөлу, кеңесу, өтіну, сенім білдіру, өз күшіне сүйену, т.б.; ал кедергі болатын әдістер: бұйрық беру, жазалау, ым-ишарамен басқару, зекіп айту, ұрысу, сенімсіздік білдіру, кекету, ызалану, ашулану, басқа да баланы ашындыратын әдістер. Бұл әдістерді әлеуметтік ахуалға, әлеуметтендіру сипатына, тұлғалық ерекшеліктерге, өмір тәжірибесіне байланысты қолданылады.
Әлеуметтік тәрбиенің құралдары – алға қойған мақсатты тәжірибеге жүзеге асыруда қолданатын материалдық, эмоциалық, зерделік нәрселер. Мысалы, ойын – демалыстың бір түрі, бірақ, ойын әдіс те болып есептеледі. Ол баланың дамуына ықпал ететін ең басты құрал ретінде қарастырылады. Әлеуметтік педагогикалық құралдарға табиғат, көркем өнер туындылары, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. кіреді. Бұл үш ұғым өзара тығыз байланыста. Оның үлгісі төменде көрсетілген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет