Байланысты: Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика
1.2 Дәріс Тақырыбы: Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістемесі
Отбасы тəрбиесi - көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк, отбасы жəне мектеп тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тəрбиенiң мектеп тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мəселенiң əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк педагогиканың үлесiнде.
Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның тəн-дене жəне рухани дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне тəуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан - тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан - тəрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейiнгi жас кезеңдерiнде болатын ықпал-дардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйым-дар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл əдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дəл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нəтижелiлiгi ең алдымен отбасыға тəуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тəрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершiлiк, еңбектiк тəрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тəуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нəти-жесiне болар отбасы тəрбиесiнiң күшi мен қуатын мойын-дайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тəрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстiрт көзқарас, халықтық жəне ұлттық үрдiстердi естен шығару, инабаттылық прин-циптерiнен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тəртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бəрi де отбасыдағы бала тəрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.