Байланысты: Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика
Жеткіншек жастағы қылмыскер балалармен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс. Қоғам дамып, заман өзгерген сайын оның ықпалыда әр түрлі. Жеткіншек жастағы баланың құлағына қоғамның жақсы жақтармен қоса теріс әсері болғандықтан қылмыстың көбейіп отырғаны алаңдатады. Жеткіншектер арасындағы қылмыстың үдей түсіуіне байланысты мемлекеттік, қоғамдық,әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың алдында қойылған негізгі мақсат – олармен жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері, технологиясының жаңа, ұрымтал тнрлерін іздеп тауып, жаман мінезді, түзетуге және қалыбына келтіру, бейімдеуге, қатарға қосуға көмектесу. Қазіргі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерде ең көп қолданатын мынадай екі түрлі әдістерді айтуға болады: алдын алу және қалыбына келтіру немесе бейімдеу.
Әлеуметтік педагогикада кең қолданып келе жатқан әдістердің бірі –алдын алу. Олар мыналар:
-жеткіншектер мен жасөспірімдер, балалардың денсаулығын, психикасын, әлеуметтік, мәдени ахуалын әр түрлі қауіптен сақтауға арналған іс-шаралар;
- денсаулығын сақтауға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, өмір сүруге қалыпты жағдай жасауға көмектесу;
- жеке тұлғаның мақсатына жетуіне,ішкі жан дүниесін түсініп, жеке қабілеттерін іс жүзінде пайдаланып, дамытуға қолдау көрсету;
Балалар мен жастардың, жеткіншектердің қылмысқа баруын болдырмау, алдын алу шараларын жүзеге асыру және ол нәтижелі болуы үшін мынадай жұмыс түрлері ұйымдастырылады:
құқықтық сана-сезімін тәрбиелеу іс-шаралары;
жүріс-тұрыс ережелерін бойына сіңіріп, әдет ретінде қалыптастыру;
балаға жақын микроортаның жағымды ықпалын ұйымдастыру;
Әлеуметтік педагогиканың «атасы» А.С.Макаренко қылмыс істеген жеткіншек балалармен жұмыс жүргізудің бағыттары балалардың жас ерекшеліктерін ескерту; жеке қабілеттерін дамыту жолдарын іздестіру; қызығуын дамыту арқылы бос уақытын пайдалы өткізуге баулу; пайдалы қажеттіліктерін қанағаттандыру; еңбек, оқу, және басқс да іс-әрекетін ұйымдастыру деп есептеген. Осыған орай алдын алу шараларының мынадай түрлерін атауға болады:
- балаларды қылмысты істерге тартатын ересек адамдарды анықтап, оларды жауапқа тарту;
- кәмілетке толмаған балаларды қылмыстық істерден сақтау, қорғау және ерекшеліктері мен жеке мінез-құлқын ескере отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- балалармен жеке жұмыс жүргізу бағдарламасын түзіп, оған сәйкес келетін әдістер, тәсілдерді қолдана білу, қылмысқа бару себептері мен шарттарын жою;
балалардың бос уақытын ұйымдастыру және тиімді пайдалануын бірге жоспарлау, өткізу; сабақтан тыс жұмыстарды қызықты, тартымды етіп өткізу; әр түрлі іс-шараның пайдалы болуын көздеу.
Тәрбиеші педагогтар мен әлеуметтік педагогтардан олар қалыптан тыс, әр түрлі ауытқулары бар балалармен жұмыс істегендіктен табандылық, жігер мен қайрат, тапқырлық пен әрекетшілдікті, әр қандай педагогикалық шешім қабылдауда жаңылмауды талап етіледі. Өйткені мұндағы жұмыс сан қырлы, өте күрделі. Мұндағы балалар ата-ананың, қоғамның, мектептің ереже, қағидаларын бұзған, тәрбиесі нашар балалар. Оларды бірнеше санаттарға топтастыруға болады:
- Тәрбиеленуші колониядан және қалыбына келтіру мекемелерінен келген бала;
- Уақытша босатылғандар мен жасы жетпегендіктен кейінгі мерзімге қалдырған бала;
- Қоғамның және әкімшіліктің өтініші бойынша босатылғандар;
- Арнайы оқутәрбие мекемелерінен келгендер;
- Ішімдік ішкен және бәңгі заттарды қолданғандар;
- Бұрын сотталмаған, бірақ құқық қорғау органдарының қолына көп түсіп ескерту алғандар;
- Аминистиямен босап шыққандар;
- Қоғамға, адамға қарсы істерге барып, құмар ойнағандар.
Бұлайша топтастырудың басты қажеттілігі-олармен тәлім-тәрбиелік жұмыстар жүргізуде осы ерекшеліктерді ескерту. Олар мыналар:
- Психикалық ерекшеліктері- көңіл қоф, қабылдау, ес, зейін, ойлау, сөйлеу;
- Жеке қабілеттерін ескерту-мінезі, түрақты темпераменті, әдет-дағдылары т.б;
- Құлықтық-этикалық жүріс-тұрысы мен әдеттері;
- Қамаудан босағаннан кейінгі қал-жағдайы, тұрмыс жағдайы, көзқарасы, адамдармен қарым-қатынасы т.б;
- Отбасы, ауладағы жолдастары, құрбыларымен мәмілесі, мектептегі орны, ондағы қарым-қатынас, қиыншылықтар мен ондағы жағдайларды ескрту керек.
Қылмысты істерге барған балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагог алдымен қоршаған ортадағы жағымсыз ахуалды жоюы, балаға теріс әсер ететін жағдайларды аластау, болдырмау, оның төңірегінде жағымды орта қалыптастыруы тиіс. Бұлардан басқа баланың жақсы істеін, ырық-сезімін, іс-әрекетін қолдау, олармен жұмыс істеуде төзімді,тапқыр, білгір болу өз нәтижесін береді.
Жеткіншек балалармен жеке іс-шаралар жүргізу жолдарын қарастыратын бағдарлама түзу арқылы жұмыста жақсы нәтижелерге жетуге болады. Ол бағдарламалар мынадай негізгі мәселелерді қамтуы керек:
- жеке тұлғамен жұмыстың мақсаты және міндеттерін көрсету;
- баланың жан дүниесіне, санасына пәрменді ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;
- тәрбиелік іс-әрекетінің түрлерін анықтау;
- тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны бай және әр түрлі болуы;
- баланың тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған іс-шаралардың үздіксіз болуы;
- қоғамның талабы мен баланың жеке мүддесін ұштастыру;
- іс-шараларды әрбір жеткіншектің ішкі жан дүниесін, қабілетін, қызығуын, қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;
- іс-әрекетті жүзеге асыруда төзімді, жігерлі болу;
- баланың белсенділігін қолдап, ойы мен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.
Осылардың барлығын іске асырудағы әлеуметтік педагогтың міндеттерінің ең бастысы- баланың мүддесін қорғап, қалыбына келтіру, құрбыларымен қарым-қатынас орнатуға көмектесу, жаңа ортаға бейімдеу, әлеуметтік тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезуге үйрету болып табылады.
Баланың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы жат көріністерді жою, бейімделуге көмектеу жұмыстарына бір ғана әлеуметтік педагог емес, әлеуметтік психолог, құқық қорғау органдарының қызметкері, жеткіншек балалармен жұмыс инспекциясының қызметкері, жергілікті полиция, қылмысқа қарсы күрес органдары қызметкерлері, қылмыстың алдын алу ұйымдары, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген бөлімшелер,орталықтар т.б. қатысады.
Олар мынадай жұмыстарды іске асыруға ат салысады: жеткіншек жастағы қылмыскер балалар не болмаса қылмысқа бейімді балалармен әңгімелесу, оларды әр тнрлі іс-шараларға тарту (мысалы, спорт секциялары, клубтар,үйірмелері, жастар ұйымы, балалар бірлестіктері, қоғамдық орталықтар). Әртүрлі беделді мекеме жетекшілері, ұстаздар, өз ісінің шеберлері мен т.б. кездесулер ұйымдастырып әр түрлі еңбек түріне қызықтыру. Олар оқитын мектеп, өмір сүрген орындарына барып, хал- жайынан хабар алып кейбір кезде көмек беру, тәрбиелік іс-шараларға қоғам қайраткерлері, беделді адамдар, жазушылар мен ғалымдар, еңбек үздіктері, «бармағынан бал тамған» шеберлер, кәсіпкерлер, жеке және қауымдасқан ауылшаруашылығы жұмысшылары, басшыларымен т.б. кездесулер ұйымдастыру, балалардың жүріс-тұрысын ауық-ауық талдап, талқылап тұру; балалардың қателіктерін дер кезінде ескертіп, алдын алу шараларын қолдану; ата-аналармен кеңесіп тұру; құқық органдарына өз уақытында барып, қажетті ақыл-кеңес пен басқа да көмек алу; ішкі істер бөлумшесіне балаларды тіркеп, оларды жаман жолға түсірген ересек адамдарды жауапқа тарту, олармен жұмыс түрлерін жүргізу.
Осы шаралардың барлығы жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, оның нәтижеслі болуына жағдай жасап, үнемі ізденуді керек етеді. Сондықтан әлеуметтік педагог төмендегі ұсыныстарды жұмыс барысында ескеруі тиіс:
1.Әлеуметтік педагог өз жұмысын мектеп,кәсіптік коллкдждер мен лецейлерде, басқа да оқу тәрбие мекемелері мұғалімдермен бірлікте, ынтымақтаса отырып жүргізеді. Тәрбие жұмыстарында белгілі спортшылар, өнер қайраткерлері, ғылым-білімге еңбек сіңірген, белгілі қоғам қайраиткерлерін шақырып кездесулер өткізу;құқық қорғау медицина, психолог, наркологтарменкездесулер ұйымдастырып әр түолі келеңсіздіктердің алдын алу шараларын жүргіу; бұрын жаза басып, сотталып енді ел қатарлыөмір сүріп жатқан адамдармен кездесулер ұйымдастыру өте тиімді.
2. Жұмыстың ұтымдылығын арттыру мақсатында мектеп, қоғам және отбасының тәрбие жұмысындағы сабақтастығын қамтамасыз ету; мұнда әр қайсысы өз жұмысы және барлығы бір жұмыстың нәтижелі болуын көздеп, бірінің кемшілігін екіншісінің түзетіп, толықтырып тұру да көзделеді.
3. Жеткіншектер мектеп, көше, қоғамдық демалыс орындары, базар, дүкенде, жаңа ұжымда, жат адамдар ортасында, балалардың өзі секілді құрбыларының арасында т.б. ортада адамгершілік, ізгілік қарым-қатынасты, мәдениетті жүріс – тұрыс, сый – құрмет, кешірімді істерді сезініп, жақсы нәрселерді көріп, оған араласқанда ғана жақсы қасиеттер қалыптасатыны педагогикада белгілі. Демек, қайда, қашан болсын олардың жақсы істерге куә болып, жақсылықты түйсініп, сезініп өсуі керек.