9.''Бiр жөндi қаталдықта ұстау''. Алдын ала көзделген құлық-əрекет қалпы шеңберiнде өскен баланың бола-шақта кiм əрi не болары күнi iлгерi түсiнiктi келiп, қатер туғызбайды.
10.Бала тəрбиесiнде ұсақ-түйек болмайды. Iрi жетiстiктердi бала болмысындағы майда-
шүйде қажет сапаларды бiрiктiре қалыптастырудан бастаңыз.
11.Педагогтар мен ата-аналар өздерiнiң бұрыннан қалыптасқан қатынастар тəуелдiлiгнде қалып қоятынын ұмытпағаны жөн. Кейде ата-аналар оқиғаны қабылдауды оқиғаның өз мəнiнен шығармай, сол оқиғаға болған бұрынғы қатынасын тəуелдi болып қалады, яғни бала қылығын өткен бiр уақытта жек көргенiмiзден, бұдан былайғы да қылықтарын оңды қабылдамаймыз. Мысалы, сағат кешкi 20-дан соң баланың кешiгiп келуiн жаман əдет деп қабылдауымыздан, бұдан былайғы кешiк-кендерiнiң бəрiн, қандай себептер табуына қарамастан терiс бағалаймыз.
12. Əр бастауыңыз жаңалықты болсын. Кешегiңiздi қайталамауға тырысыңыз. Табиғаттанүлгi алыңыз: ағаш-тан үзiлген миуа өз орнына қайта iлiнбес. Балаңызға болған кешегi ықпал бүгiн сол күйiнде оған əсер ете алмайды.
13.''Қызықсыну екпiнiне''арқа сүйей отырып, балаға əр iс басында жеңiлдiк берiңiз.
Содан соң бiрте-бiрте талапты күшейтумен, ақырында алғашқы талап формасын өзгертiңiз. Iс бастауындағы ''қуаныш сезiмi'' тұрақты бекiп, сол сезiм кейiн де балаға қолдау-қуат көзiне айналады.
14.Бала тəрбиесiндегi көптеген кемшiлiктер негiзi бiр себептi - бiр топқа бiрiктiрiлген ''ұсақ-түйектер''санының үлғайып кетуi. Осындай жинақталып келген ''ұсақ-түйектер'' адамның өз болмысын анықтамай, сырттай ''бет əлпетiн'' айқындайтыны бар. Мұғалiм санасында қалыптасқан оқушы бейнесi ''жалпыланған'' күйде болып, нақты тəрбиелiк ықпалға үйлеспей қалады. Сондықтан да əрбiр отбасы өз перзентiнiң дарындылық тарапын баса айтып, мұғалiмдерден баланың ұнамды тараптарына ыңғайласа жұмыс жүргiзуiн талап еткенi жөн.
15.Мүмкiндiгi болса, үйде баланың оқу жұмыс-тарын орындайтын дөңгелек формалы стол пайдаланыңыз. Дөңгелек стол төңiрегiндегi адамдардың əрқашан ерiксiз қайрымды болатыны ғылымда дəлелденген.