Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- болжанатын нəтижелердің тəжірибелік, теориялық, танымдық  мағынасы; -



Pdf көрінісі
бет78/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- болжанатын нəтижелердің тəжірибелік, теориялық, танымдық 
мағынасы;
- оқушының өзіндік (жеке-дара, жұптық) жұмыс жасауы;
- жобамен жұмыс атқару үшін қажетті түрлі саланың түпкі 
білімін анықтау;
- жобаның мазмұнды бөлігін құрылымдау;
- зерттеу əдістерін пайдалану;
- зерттеу тапсырмаларынан туындайтын мəселелерді анықтау;
- 
оларды шешу тұжырымдамаларын алға шығару, зерттеу 
əдістерін талқылау;
- алынған мəліметтерді сараптамалау;
- соңғы нəтижелерді ресімдеу;
- қорытынды шығару, тұжырым, шығармашылық есеп берулер 
жəне т.б.
Жобалау əдісі əрдайым қандай да бір мəселені шешуді түсіндіреді. 
Бұл мəселе, бір жағынан, түрлі əдістерді пайдалану, екінші 
жағынан, білімді, ғылымның, техниканың, технологияның түрлі 
салаларының шеберлігін, шығармашылық саланың білімін инте-
гралдау дегенді қарастырады. Жоба əдісі бойынша жұмыс қандай да 
бір мəселені тауып, оны ұғыну ғана емес, сонымен қатар оны ашу 
үрдісі де жатады. 


212
Жобалық тапсырманы орындау мүмкіндік туғызады:
- базалық білім мен шеберлік жүйесін қалыптастыру жəне олар-
ды ары қарай толықтырып, дамыту;
- тұрақты ынтаны жасап шығару жəне жобамен жұмыс жасау 
кезінде қажет болатын жаңа білімдерді тауып алу қажетілігін 
сезіну;
- оқушылардың танымдық қызметін белсенді ету, əсіресе, олар 
жобалық-компьютерлік зерттеулер орындаған кезде;
- өзіндік болжамға сəйкес жобалық тапсырманы іске асыруға 
мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттерді дамыту;
- 
жаңа білімдерді алуда бастамашылыққа тəрбиелеу жəне 
олардың қолданылу аясын кеңейткен жағдайда өз беткейлікті 
жетілдіру;
- оқушылардың өздерін білім жаратылысы ретінде ұғыну. 
Жобалау əдісі əрдайым оқушылардың өз бетінше жұмыс жа-
сауына бағытталған, яғни, жеке, жұптық, топтық тапсырманы 
білім алушылар белгілі бір уақыт мерзімінде орындап бітіруі тиіс. 
Бұл қызметтің барысында ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын пайдалану тиімді болады. Бұл тəсіл табиғи түрде 
оқытудың топтық тəсілімен үйлесімді болады. 
Шынымен де, іс жүзінде жобалау əдісін оқушыларды 
оқытуда пайдаланған жағдайда оқыту жүйесінің төмендегідей 
қосымша артықшылықтары мен ерекшеліктері пайда болуы ғажап 
емес:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет