Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- топ оқушыларының желілік серіктестермен жұмыс жасауы; -



Pdf көрінісі
бет79/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- топ оқушыларының желілік серіктестермен жұмыс жасауы;
- жалпыға бірдей мəдениет білімін игеру, телебайланыстық 
арналар арқылы алынған мультимедиа-ақпаратық негізінде 
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру;
- ақпараттық-қатынастық технологиялар жаңаша құралдарын 
пайдалану;
- оқушылардың жазбаша қатынастық тілін дамыту. 
Сонымен қатар, осы тəрізді педагогикалық технологияларды пай-
далану бірнеше оқытушылардың бірлескен жұмыс ұйымдастыруына 
септігін тигізеді. Атап айтқанда, оқу жəне оқудан тыс жұмыс форма-
ларын біріктіру, білім алушылардың əлемдік ақпараттық ресурстарға 
жаңаша сапалы түрде қолжеткізілуі салдарынан жалпы орта білім 
жүйесінің мазмұнын өзгерту, ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын құрал-жабдық ретінде, жалпы айтқанда, барлық 
мектеп пəндерінде қолдану. 


213
Білім беруші жобаға оқушы телебайланыстық жүйелермен 
жұмыс жасауды үйренген болса жəне ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар сəйкес құралдарын пайдалана білетін болса өз бетінше 
қосыла алады. Жобалау əдісін іске асыру барысында жобалау қызметі 
тек білім алушыға бағытталған. Мұнда, оқушы жобамен үйде неме-
се мектепте жұмыс жасай ма ол жағы маңызды емес. Оқу тізбегін 
өз бетінше таңдау оқушының жаңа, жоғары деңгейде апараттық 
жəне қатынастық технологиялармен жұмыс жасауына жол ашады 
жəне оларды танымның жəне өздігінен дамудың құрал-сайманы 
ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, өз кезегінде, білім алушының 
əлеуметтік белсенді болуына мүмкіндік туғызады. 
Осы секілді əдістерді жалпы орта білім беру жүйесінде 
қолданудың қолда бар тəжірибесі мынаны дəлелдейді: оқу үдерісін 
ұйымдастырудың жаңа формасы пайда болады, телебайланыстық 
желілерде жалпы орта білім беру жүйесінің көптеген оқу пəндерінің 
дайын оқу материалдары көрсетілген мультимедиа-материалдарды 
интегралдау əрекетінің туындауы, оқушылардың ұжымдық іздеу 
жəне білім алу қызметінің нəтижесінде Ақпараттық-қатынастық 
технологиялар қарапайым құралдарын əзірлеуде педагогикалық 
тиімділіктің жоғары екендігі байқалады. 
Сонымен бірге мынаны айта өткен жөн, мұндай жобаларды 
тəжірибеде пайдалану оқушыларды оқытуда қолданылатын замана-
уи телебайланыстық жүйелердің жəне соған сəйкесті ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының дидактикалық əлеуеті 
едəуір жоғарылайтыны дəлелденген. 
Ақпараттық ресурс əдісі. Білім алушының кітаппен, оқулықпен, 
анықтамамен, ғылыми-танымал жəне оқу əдебиеттерімен жұмыс 
жасауы дидактикада маңызды оқу əдістерінің біріне жатқызылады. 
Қазіргі таңда бұл түпнұсқаларға толыққанды электрондық басылым-
дар мен ресурстарды қосуға болады. Бұл əдістің ең басты құндылығы 
– білім алушының игеретін оқу ақпаратқа өзіне қажетті қарқынмен 
жəне ыңғайлы уақытта қолжеткізіп, көп рет қайталауға мүмкіндік 
алуы. Оқу əдебиеттері мен мультимедиа-құралдары үйрететін, дамы-
татын, тəрбиелейтін, талаптандыратын, бақылаушы-түзетпелейтін 
сияқты барлық дидактикалық функцияларды сəтті орындайды. 
Ақпараттық ресурстармен жұмыс жасаудың оқутышының пайда-
лануымен сабақ үстінде жəне білімді жадыда бекіту жəне кеңейту 
мақсатымен білім алушының өз бетінше жұмыс жасауы сияқты екі 
түрі ең көп таралған.


214
Оқу əдебиетімен жəне электрондық білім беру басылымдары-
мен жұмыс жасау əдісі мектепте тиімді қолданылуда. Дегенмен, 
ақпараттық жарылыс жағдайында оқу əдебиетінің құндылығын 
əрдайым қайта қарастыру қажет болады. 
Шапшаң екпінмен дамушы ақпараттық технологиялар Интер-
нет желісі үшін бұл мəселе төтенше өзекте болып саналады. Со-
нымен қатар, Интернетті ақылы саудалау нарықтағы төменгі сапа-
лы баспасөз өнімдерін «лақтырып тастауға» мүмкіндік береді. Бұл 
жағдай оқытушыны үлкен мəселенің əуре сарсаңына салады: оқу ма-
териалын баяндау кезінде қайсы ақпараттық ресурстарға жүгіну ке-
рек, білімді өз бетінше игеру жəне жадыда сақтау үшін оқушыларға 
қай ресурсты ұсынамыз. 
Тағы маңызды фактордың бірі, Интернет желісінде жүзеге асы-
рылатын заманауи гипермедиа-технологиялар əртүрлі желілерде 
орналасқан үзінді мультимедиа-ақпараттарды өзара бір-бірімен 
байланыстыруға мүмкіндік жасайды, оны құрылымдауға мүмкіндік 
береді. Осылайша, түгелденген ақпараттық ресурс пайда болады 
жəне оның көлемі іс жүзінде шексіз болуы ықтимал. 
Осылайша, ақпараттық ресурс əдісін пайдаланатын оқытушының 
мақсаты – қажетті ресурстарды таңдау жəне соған оқушыларды тар-
ту. 
Осы əдістің басқа стандартты программалық оқыту жəне 
əдебиеттермен жұмыс жасау əдістерінен басты айырмашылығы мы-
нада: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет