Әдебиеттер тізімі:
1. Абросов
В.Н. Озеро Балхаш.- Л.: Наука, 1970.
2. Балхашский сегмент. Подземные воды /Под ред. Ж.С. Сыдыкова. Алма-Ата:
Ғылым, 1992.
3
. Брагин Б.И. Тяжелые металлы и хлорорганические пестициды в озере
Балхаш и рациональное использование его сырьевых ресурсов. Балхаш, 1992.
4. Григорьева Э.Н. Влияние антропогенных факторов на состояние водной
экосистемы озера Балхаш //Проблемы сохранения озера Балхаш и
рационального использования сырьевых ресурсов Балхаша. 1992.
5. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск, 2005.
22
Арал теңізінің проблемасы
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
ӨЭ және Х кафедрасының
аға оқытушысы
М.Қ. Малыбаева
Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүние жүзінде төртінші теңіз болып
саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы
гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей
оқшау болуы және әр түрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің
осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің
өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата
бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы
жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой.
Арал теңізі 35000 жыл бұрын Тұран ойпатында пайда болған. Арал деп
осы теңізді ең бірінші атаған адам араб географы және ғалымы Ибн-Руста (920
ж.) өз еңбектерінде атап көрсеткен. Арал теңізі ағынсыз, яғни әлемдік мұхитқа
шығатын жолы жоқ теңіз болып саналады. Арал теңізі Қазақстанның
оңтүстігінде және Өзбекстан автономиялық облысындағы Қарақалпақстан
аралығында орналасқан. Аталуының өзі «Аралдар теңізі» деген мағынаны
білдіреді, себебі онда 300 аралдан артық арал бар.
Оның бассейніндегі климаттық өзгерістерге байланысты теңіздің тарихи
табиғи көп жылғы тербелісі амплитуда 1,5-2 метрмен өлшенді. Судың көлемі
100-
150 куб. км. өзгертілді, ал су бетінің ауданы - 4 мың шаршы. км көтерілді.
1918
жылы Ресей үкіметі Арал теңізіне сулары құйылатын екі өзен -
оңтүстіктегі Амудария өзені және солтүстік шығыстағы Сырдария өзендерінің
ағыстарын бұрып жіберді, себебі шөл даланы суару үшін, шөл далаға күріш,
қауын, дақылдар мен мақта егу үшін сол өзен сулары пайдаланылды. Бұл Кеңес
үкіметі жоспарының бір бөлігі еді, мақтаны немесе «ақ алтынды» өсіру үшін
жанталасты, ал мақта кеңес елінің сыртқа шығарылатын басты өнімі болып
саналды. Бұл жоспар, әрине, ең ақырында іске қосылды, себебі Өзбекстан осы
күнге дейін әлемде мақтаны сыртқа шығарушы ірі елдердің бірі болып
саналады.
Суармалы тоғандар 1940-жылдардан бастап ірі ауқымды көлемде салына
басталды. Суармалы тоғандардың көбісі нашар салынған, судың сортаңға
айналуына немесе булануына әкеліп соқтырды. Орта Азиядағы ірі Қарақұм
каналында шамамен 30-75 % су далаға кетті. 1960 жылдары, судың 20 км-ден
60 кубтық километрге дейін жыл сайын теңізге құйылудың орнына жерге ағып
кетіп отырды. Осылайша, теңізді сумен қамтамасыз етудің үлкен бөлігі бұзыла
бастады, 1960-жылдардан бастап Арал теңізі тарыла бастады.
23
1960
жылдарға дейін оның ауданы 66,1 мың ш. км-ге теңесті. Тереңдігі
10-
15 м, ең үлкен тереңдігі - 54,5 м. Аралдың барынша ірі аралдары –
Барсакелмес және Возрождение. 1961 мен 1970 жылдар аралығында Арал
теңізінің деңгейі орташа алғанда жылына 20 см-ге түсіп отырды. 1970-
жылдарда орташа норма жыл сайын 50-60 см-ге төмендеп отырды, ал 1980-
жылдарға қарай теңіз деңгейі төмендей берді: жылына 80-90 см-ге төмендеді.
Өңірдегі суармалы көп дақылды егіс алқаптарын дамыту нәтижесінде жердің
сапасы нашарлай бастады, қайтарымсыз суды тұтыну көлемі артты, жаңбыры аз
қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал теңізіне
Амудария мен Сырдария өзендері суларының құйылуы мүлдем тоқталды.
1990
жылдарға қарай оның ауданы 36,5 мың шаршы км құрады (соның
ішінде Үлкен теңіз 33,5 мың шаршы км құрады). 1995 жылдарға қарай теңіз
тіпті су көлемінің төрттен үш бөлігін жоғалтты, ал үстіңгі бетінің ауданы
жартысынан астамы қысқарды.
2004
жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 %
ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер
мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Қазіргі кезде теңіз түбінің 33 мың
шаршы километрден астамы құрғап кетті. Жағалау сызығы 100-150 километрге
дейін шегініп кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге дейін ұлғайды. Ал теңіздің өзі екі
бөлікке бөлінді – Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара
жатыр.
Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста
жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен
құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң
теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда.
Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін
азайып кеткен.
Осылайша, Арал маңындағы Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты
ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін
зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша қалыптасқан экологиялық
проблемалардың күрделі кешені пайда болды.
Қазіргі күні Арал маңындағы барлық аймақта тым күрделі экологиялық
жағдай қалыптасты (Арал маңындағы аудан 47,2 мың ш. км. құрайды). Бұл
жерде су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен
төзімділігі бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық құндылығы азайған, оның
өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан,
осыған байланысты ортаның медициналық-гигиеналық тұрақтылығы
жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және
Каратма шығанақтары жоғалып кеткен.
Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп қалған
теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал
маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін
дақылдарға орасан зор шығын әкеледі. Аралқұм шөлі егістік жердің 2 млн.
гектарын жұтып алды, жайылымдық жерлердің, орман алқаптарының, басқа да
24
өсімдіктер дүниесінің құлдырауына әкелді. Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып
жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар
босайды дегенді білдіреді, сол кезде Арал маңындағы ауа әлі де улы тұз бен
шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен ылғалды жерлерде шөгіп
жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала
алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан
алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен
араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде
шөгеді.
Арал катастрофасының зардаптары өңір аумағынан да шығып кетті.
Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау атқылаған
сияқты 100 мың тонна тұз бен әр түрлі химикаттары мен улы қоспалары бар
ұсақ ұнтақты шаң ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық тіршілікке
келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті ағынды ауа
ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы қабатына
аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты күшейеді.
Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік Мұзды
мұхитқа дейін ұшады.
Аралдың таяздау және соған шектес жатқан өңірлердің шөл далаға
айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай теңіздің толықтай жойылып кетуі
мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі
пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз
бен әр түрлі улы заттардың үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер
шарына таралады, ауаны улайды және планетаның озон қабатын бұзады. Арал
маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты суық және ұзақ
болады. Ал мұндай жағдайдан ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары
зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды.
Демек, тұрғындар күніне 125 литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр су ғана
алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі
проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр
түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде.
Арал әрдайым теңіз өнімдерін бай жеткізушілердің бірі болған еді. Енді
судың тұзды деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері
қырылып қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында
пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл әрине, Арал маңындағы
тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау
кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар
жұмыссыз қалуда.
Бұрын топыраққа астық түсімін арттыру мақсатында көптеген улы
тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен байытылған судың тазарту
құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының бойына да
таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал
маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің
жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі
25
жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф,
анемия, паратиф, гепатит, рак сияқты ауру түрлері өте көп. Бауыр мен бүйрек
аурулары белең алуда.
Арал теңізінің жойылып кетуі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда.
Біреулер Аралдың түпкі қабаты бұзылып, ол Каспий теңізіне ағып кетті деп
айтады. Ал біреулер Аралдың жойылып кетуі Жер шары климатының жалпы
жылыну өзгерісіне байланысты табиғи процесс дейді. Кейбіреулер тау
мұздықтарының үстіңгі беттерінің құлдырауы, Сырдария мен Амудария
өзендерін қоректендіретін шөгінділердің минералдануы мен олардың
тозаңдануында деп айтады.
Алайда барынша кең таралған бастапқы нұсқа – Арал теңізі қоректенетін
су ресурстарының дұрыс емес таралуы болып табылады. Арал теңізіне келіп
құятын Амудария мен Сырдария өзендері бұрын су айдынын қоректендіріп
отыратын негізгі күре тамыр еді. Екі өзен де өз бастауын таулардан алатыны
белгілі, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан
аумақтары арқылы өтеді. 60-жылдардан бастап осы екі өзеннің су
ресурстарының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығының жерін суландыруға және
Орталық Азия өңірін сумен қамтамасыз етуге кете бастады. Соның нәтижесінде
ағысы төмен түсіп кеткен өзен арналары жойылып бара жатқан теңізге дейін
жете алмайды, құмға сіңіп кетеді. Бұл ретте бұрылған судың тек 50-60% ғана
суармалы егіс алқаптарына жетеді. Бұдан басқа, Амудария мен Сырдария өзен
суларын дұрыс емес және үнемді емес бөлудің кесірінен суармалы жері бар
тұтас аудандарды батпақты жерлерге айналдырып жіберді, ол жерлер
пайдалануға жарамсыз болып қалды, ал кейбір жерлер су мүлдем жетіспейтін
жерлерге айналды. Егін шаруашылығы үшін жарамды 50-60 млн. гектар жерден
тек 10 млн. гектар ғана суарылады.
Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықтар Арал
маңындағы проблемаларды шешу бойынша шешімдер қабылдауда. Алайда ол
шешімдер өкінішке қарай экологиялық апаттың бастапқы себебімен күресуге
емес, ең бірінші кезекте оның зардаптарын жоюға бағытталған. Мемлекеттер
мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар бөлетін негізгі күштер мен
қаражаттар халықтың тіршілік деңгейін және өңірдің инфрақұрылымын
көтеруге кетеді. Теңізді қалпына келтіру туралы мүлдем ұмытып кетті.
Қазіргі кезде әлемдік капиталды Арал теңізінің тағдыры емес, сол өңірдің
қаншалықты табиғи қоры бар екені қызықтыратыны өте өкінішті. Бұл жердегі
газдың болжамдалған қоры 100 млрд. куб. метрді құрайды, ал мұнай 1-1,5 млрд.
тоннаны құрайды. Арал бассейнінде жапондық JNOC корпорациясы мен Shell
британ-голландиялық компанияның мұнай мен газды іздеуі жүргізілуде.
Әлемдік инвестицияларды қатыстырып, өңірді құтқаруға болады деп ойлайтын
көптеген жергілікті шенеуніктер тек өз қара бастарының қамын ғана ойлайды.
Алайда бұл Арал теңізінің проблемасын шеше алады ма екен? Бәрінен бұрын,
кен орындарын қазу өңірдегі экологиялық ахуалды одан сайын шиеленістіреді.
1994
жылы 23-24 маусымда Парижде Дүниежүзілік банк, ПРООН бен
ЮНЭП ұйымдастырған Арал теңізі бассейнін дамыту Бағдарламасы бойынша
26
кездесу өтті, осы кездесуде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің, 33
үкіметтік және агенттік және үкіметтік емес ұйымдардың делегациясының
қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері әзірлеген жақын арада жақсарту
бойынша нақты іс әрекеттер Бағдарламасы мақұлданды.
1995
жылы Орталық Азия республикаларының үкіметі, өңір мамандары
мен ғылыми қоғам, халықаралық ұйымдар Нөкіс қаласында Арал теңізі
бассейнінің тұрақты даму проблемалары бойынша Орталық Азия
мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың Декларациясын қабылдады.
Ол тұрақты даму принциптерінің қатаң сабақтастығын және осындай маңызды
проблемаларды шешуге назар аударуды қарастырады.
Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері құрған Мемлекет аралық
үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы белсенді жұмыс атқаруда, ол экология
талаптары және барлық елдердің мүдделері есебінен Арал теңізі бассейнінің су
ресурстарын бірлесе басқару мен пайдаланудың барлық мәселелерін
қарастырады. Бұл ретте өңірдегі бес республиканың қай қайсысы да теңізді
сақтау проблемасымен бірлесе қарастырады.
Арал теңізі шамамен 50 жыл ішінде кеуіп қалды. 1987 жылы шегініп бара
жатқан теңіз екі жеке су бөлікке бөлінді, Солтүстік Арал теңізі (Шағын Теңіз
немесе Кіші Арал теңізі) және Оңтүстік Арал теңізі (Үлкен Теңіз немесе Үлкен
Арал теңізі). Оларды қосу үшін жасанды канал да қазылды, бірақ олардың
арасындағы байланыс 1999 жылы тоқтап қалды, себебі екі теңіз де тарыла
бастады. 2003 жылы Оңтүстік Арал теңізі әрі қарай шығыс және батыс
бассейндері деп бөлінді.
Оңтүстік Арал теңізі маңызды дәрежеде Өзбекстан жағында қалды,
маңызды түрде тағдыр тәлкегінде қалды.
Енді бұл да бір бірінен оншақты километрге алшақтап кеткен үшінші су
айдыны. Шағын Арал — Қазақстан аумағындағы Арал теңізінің бір бөлігі.
Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар бұғазды 1992 мен
1998
жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм бөгеті —
су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып кетті.
Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қайта жаңғырту
және Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару бойынша көптеген жобалар
әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа
әрі неғұрлым сенімді Көкарал бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол
2005
жылы салынып бітті. Судың деңгейі маңызды түрде артты, ащылығы
біршама азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Декларация по проблемам устойчивого развития бассейна Аральского моря.
Нукус. 1995.
2.Программа конкретных действий по улучшению экологической обстановки в
Приаралье. 1994. 23-24 июня.
27
Каспий теңізінің экологиялық мәселелері
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің ӨЭ және Х
кафедрасының оқытушысы
С.А. Сейітбеков
Үшінші
мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі
ерекше тереңдікке ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен
адамзаттың тірі қалуының маңызды факторы ретінде мойындалады.
Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығы, қоршаған
ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер етуінен
қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады.
Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект
болып табылатын Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі
ие болды. Каспий теңізі — бірегей су айдыны, оның көмірсутекті ресурстары
мен биологиялық байлықтарының дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий —
әлемдегі ең көне мұнай өндіру бассейні. Сонымен, мысалы, Әзербайжанда,
Апшерон түбегінде мұнай өндіру 150 жылдан астам уақыт бұрын басталды.
Каспий өңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі
бойынша орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан,
Иран және Түрікменстан. Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері
деп атау қабылданған. Дипломатиялық тәжірибеде дәл осы термин аймақтық
елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні Каспий мәселесі өте өзекті,
бірақ халықаралық-құқықтық статусы және каспий өңірі мемлекеттері арасында
мұнай ресустарын бөлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне тәуелділіктен тыс
Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның бөліктерінің
біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір
мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.
Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай
ластанулары жасыл-көк және диатомды балдырлармен көрсетілген Каспийдің
фитобентосының және фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің
өнімділігін төмендетеді. Ластанудың көбеюі су беті мен атмосфераның
арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді. Үлкен аудандарда мұнай
қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы бірнеше рет
төмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі
организмдердің басым бөлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың
әсер етуі суда жүзетін құстарда көрнектірек көрінеді. Осетр балықтарының
қоры азайып барады.
2000
жылы Атырау қаласында 70 ш. оңтүстік-шығысқа қарай теңіздің таяз
аймағында ең ірі Шығыс-Қашаған мұнай және газ кен орны ашылды. 2001 ж.
28
Батыс Қашаған кен орнының мұнай-газдылығы дәлелденген. Солтүстік Каспий
теңізінің қайнары үлкен дәлелденбеген қорлар бар болғандықтан, Қазақстанның
мұнай-газ болашағы келесі үш Тегіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарымен
тікелей байланысты. Дәл Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтағы өндірістің мүшкіл
деңгейіне тоқталмай, 7-9 млрд. баррель қорымен экономикалық өсудің негізгі
қозғалтқышы болады. Сонымен қатар, 2015 ж. қарай Қарашығанақтағы газ
өндірісін жылына 25 млрд. м
3
, ал Теңізде - жылына 8-9 млрд. м
3
жеткізу
жоспарланады. Осы уақытта Қашаған ҚР ең ірі газ шығару көзі болып отыр.
Себебі одан алынатын қор 1 триллион м
3
құрайды. Қашағанда жолай газ Теңіздегі
сияқты күкірттің мөлшерінен жоғары. Кен орнының өзі жоғары температурамен
және қысыммен сипатталады. Бұрғылау жасанды құрылған аралдан жүргізіледі.
Теңіздің тереңдігі мұнда 3,5 м.
Мұнайлық ластану әсіресе Каспийдің солтүстігінде теңіздің ауданынан
27.7 %
ауданы, судың 6.2 м орташа тереңдігі кезінде жалпы көлемінен 0.94 %
судың өте төмен деңгейінен қауіпті. Яғни, егер теңіздің әр түрлі бөліктерінде
су көлемінің бірлігіне мұнайдың бір тоннасын құйса, онда Солтүстік Каспийде
шамамен экожүйеге ластағыштар 100 есеге қатты әсер етеді. Волга мен
Оралдың қатты ағысының арқасында солтүстік Каспий, Орталық және Оңтүстік
Каспийге қарағанда едәуір өнімді, басты азық қоры, балықтардың,
итбалықтардың «балалар бақшасы», құстардың ұя салу орны болып табылады.
Каспий теңізінің табиғи ортасының негізгі ластану көздері өзен
ағындысымен (материктік ағыс) шығару және тазартылмаған өнеркәсіптік және
ауыл шаруашылығы ағындыларының, қалалар мен жағалаудағы ауылдардың
коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларының төгінділері; өзен және теңіз кеме
қатынасы, каспий кемежайларындағы кемелердің ағынды сулары; құрлық пен
теңіз қайраңында мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану; теңіз жолымен мұнай
тасымалдау, құбырлардағы апаттар; теңіздің түбін тереңдететін жұмыстар
кезіндегі екінші рет ластану, мұнай газ және энергия кешендерінің объектілерін
жылытумен және тазартылмаған төгінділеріне байланысты Каспийдің ластануы;
жер бетіндегі, су және теңіз экожүйелерінің био әр түрлілігінің және іске
қосылған механизмдердің жоқтығынан өнімділігінің азаюы; нормативті-
құқықтық құжаттардың жетілмегендігі, халықтың жеткіліксіз экологиялық
сауаттылығы; мұнай өндіру аудандарында халықтың ауру-сырқаулығының өсуі
болып табылады.
Өзен ағысымен Каспийге жыл сайын 40-45 км
3
ағынды сулар келеді,
олардың 60 % Волга бассейні береді. Ағындардың жаға бойындағы циклондық
сипатының болуы себебінен, теңіздің кез келген бөлігінің ластануы шарасыз
басқа бөлігінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, теңіздің биологиялық
маңызды бөліктері де ластанады.
Ерекше қауіпті мұнай көмірсутектерінің, хлор-органикалық қосылыстар-
дың, ауыр металдар мен радионуклидтер жоғары мөлшерімен анықталатын
химиялық ластану болып табылады. Қазірдің өзінде Каспийде мұнай
көмірсутектілердің орташа шоғырлануы 1.5-2 есе балық шаруашылығы су
қоймаларының нормасынан жоғары. Каспийде биологиялық жансыз және ең
29
ластанған Баку бухтасының мысалында теңіздегі қарқынды мұнай өндірісінің
салдарын көруге болады. Ресей жағалауында мұнай көмірсутектілерінің Теректің
сағаларында шоғырлануы, сондай-ақ ықтимал нормадан асты, бұл
Шешенстандағы соғыс әрекеттерімен байланысты болды. Жыл сайын 20-30-ға
жуық көп төгінділер тіркеледі, үнемі техногенді апаттардың саны көбейіп
отырады.
Апшеронға ұқсас жолдан жаңа мұнай өндіру орталықтары – Теңіз
(Қазақстан) және Челекен (Түрікменстан) өте бастайды. Мұндағы экологиялық
жағдай көбінесе Каспийдің батыс жағалауында қалыптасқан жағдайды
қайталайды. Бірақ, ол мұндағы мұнай құрамы бойынша жоғары күкіртті, құбыр
жүргізу транзитінің алдында арнайы тазартуды талап ететін меркаптандардың
көп мөлшерлі болуымен күрделілене түседі. Оның теңізге түсуі үлкен
экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал мұнай өндірудің пластылық
жағдайлары (жоғары температуралар мен қысымдар) апатсыз пайдалануға
маңызды қосымша шығындарды ғана емес, сонымен қатар, барлау мен өндіру
кезінде өте қатты экологиялық стандарттарды сақтауды талап етеді. Каспий
сулары орташа ластанған болып бағаланғанда, аздап, жасанды тұндырғыштардың
ролін атқаратын өзеннің су қоймаларына, каспийлік түптік шөгінділерге және
теңіздің қыздырылатын жоғары қабаттарында өзін-өзі тазарту процестерінің
жоғары жылдамдығына міндетті.
1978
ж. бастап Каспий трансгрессивтік кезеңде тұр. Кейінгі бірнеше
жылдарда Каспийдің деңгейі тұрақтандырылды, мұнай өндіру аудандарындағы
теңіздің деңгейін артуы кез келген апаттық жағдайларға, қорғау бөгеттерінің
және үйінді ғимараттардың бұзылуына, құбыр жолдарының жарылуына, жер
асты суларының ластануына және т.б әкелуі мүмкін.
Орталық Каспийдің оңтүстік және үлкен бөлігі үлкен геодинамикалық
қауіптілікке ұшырайды. Ол жоғары сейсмикалылыққа байланысты. Ал, дәл осы
учаскелер бойынша транскаспийлік су асты мұнай құбыр жолдарының
жобаларын: жылына 20 млн.т. дейін қазақстандық мұнайды Теңізден және
Түрікменстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия транскаспийлік газ құбырынан
тасымалдау іске асыру жоспарланды. Ресей сейсмологтарының қорытынды-
ларына сәйкес, Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырларын салу апаттарға
және жер астындағы жер сілкіністерінің салдарынан ауқымды мұнай
құйылуына ұшыратады. Қатты жер сілкінісі кезінде 1000-ға жуық атм. миллион
қысыммен үстіңгі бет пен атмосфераға құрамында күкірт-сутектілері бар
көмірсутектілер тоннасының төгінділері болуы ықтимал, бұл үлкен апатқа әкелуі
мүмкін. Ал Қаспийдің тұйық жүйесіне, теңіз «өлімінің» басын бастау үшін мұнай
құйылысымен шағын апат жеткілікті. Теңіз қайраңында мұнайды өндіру,
бұрғылау, дайындау және тасымалдау процесі кезінде жағалау мен су мұнаймен
ғана емес, сондай-ақ, бұрғы шламымен, ауыр жуу сұйықтарымен және әсіресе,
құрамында теңіз флорасы мен фаунасына зиянды әсер ететін әр түрлі химиялық
қосылыстары бар ағынды сулармен ластанады.
Каспий теңізінің мұнай кен орындарын пайдаланудың ерекшелігі -
құрамында мұнай бар жыныстарының нашар тұрақтылығынан ұңғымалардан
30
алынатын сұйықта құмның көп көлемінің болуы. Құрамында қалдықты
мұнайдың 5-10 проценті бар құм кейде пайдалану колоннасында және сорғы-
компрессорлық құбырларда жиналады және тіпті кептеліс жасауға да қабілетті.
Барлық дерлік өндірістік мұнай және газ өнеркәсібінің объектілері (соның ішінде
құбыр жүргізу жолдары) сәйкес жағдайларда қоршаған ортаны әр түрлі
экологиялық маңызды көптеген зиянды заттармен ластайды. Әр түрлі зерттеулер
бойынша мұнай физиологиялық процестерге кері әсер ететіні, әр түрлі тіндер
мен органдарда патологиялық өзгерістерге әкелетіні, ферментативтік аппарат
пен нерв жүйесінің жұмысын бұзатындығы қалыптасқан. «Зиянсыз» болып
саналатын салыстырмалы шағын мұнаймен ластанулар балықтарда, ұлуларда қан
құрамының өзгеруіне әкеледі және зат алмасуын бұзады. Ластану көздерін
талдау, теңіздік мұнай және газ кенорындарын Каспийде әзірлеу және барлау
кезінде теңіз көбінесе мұнаймен, химиялық өңделген құм ерітіндісімен, ЖММ,
химиялық реагенттермен, сондай-ақ, техникалық йодтармен ластанатынын
көрсетеді.
Кейінгі жылдары Каспий теңізінің ластануы тікелей теңіз жағалауында
орналасқан мұнай өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының ағынды
суларының төгінділерінің, құрамында әр түрлі жемірлі синтетикалық үстіңгі-
белсенді заттары бар өнеркәсіптік және тұрмыстық қала ағындыларымен болды.
Бұл ластанулардың негізгі себептері мыналар болды:
-
гидротехникалық ғимараттардың құрылымдық жетілмегендігі, технологиялық
жабдықтың жеткіліксіз сенімділігі;
-
кенорындарды игерудің технологиялық процестерінің жетілмегендігі;
-
диагностиканың жеткілікті деңгейі және қауіпті объектілердің жұмысын бақылау;
-
мұнай газ кенорындарын бұрғылау және әзірлеу кезінде теңіз ортасының
ластануын, сонымен қатар, теңіздің бетінен төгілген мұнайды оқшаулау және
жинау бойынша құралдарды жоюға арналған арнайы құралдардың жоқтығы
және жеткіліксіздігі.
Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері Каспий теңізінің Солтүстік
бөлігінің фенолдармен (18 ПДК дейін) бұзылу қауіптілігін дәлелдейді, ал
Маңғыстау облысының аудандарында теңіз суының мұнаймен ластану деңгейі 10-
13 ПДК құрайды. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігінде сынаппен, ауыр
металдармен және хлорланған көмірсутектілермен ластанудың жоғары деңгейі
байқалды.
Қоршаған ортаның сапасына өндірістік кәсіпорындар мен объектілердің
кері әсері қатты климаттық жағдайлармен, тұзды шөгінділерден өндірілетін
және қайта өңделетін көмірсутекті шикі заттағы күкіртті қосылыстардың көп
шоғырлануымен, Каспий деңгейінің жоғарылауымен және жағалаудағы мұнай
кенорындарын жылытумен, теңіз кенорындарын игеру процесінің қарқынды
өсуімен, континент аралық магистраль құбыр жүргізу жолдарының
салынуымен және т.б күшейеді.
Каспийдің теңіз кеңістігінде көмірсутектілер қатар ластағыштар ауыр
және ауыспалы металдар – жасанды және өзен ағындысымен өнеркәсіптік
қалдықтардың (ерітілген және шөгінді) құрамды бөлігі түрінде ұсынылғандар
31
болып табылады. Металдар қоршаған ортаның түрлі әсер ету және қайта
құрылу
түрлеріне
бейім
(физикалық,
химиялық,
биологиялық).
Микроэлементтер сияқты металдар балықтар мен басқа да гидробионттардың
өмірінде маңызы зор. Олар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың
құрамына кіреді, балықтардың организмдерінде өтетін биохимиялық
процестерге қатысады. Бірақ, көп көлемде суда бола отырып, өмірлік
процестердің пайда болуына антибиотикалық әсер етеді және генетикалық
өзгерістер әкеледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су
пунктілерін гидрохимиялық зерттеу кезінде, олардың қатарында қорғасынның,
кадмийдің, бромның, нитраттардың, хлоридтердің және сульфаттардың ПДК
арттыру байқалды. Жағалаудағы мұнай кен орындарын (Шығыс Кокарна,
Жағалау, Шөл, Тәжіғали) жылыту және Мартыши, Қорсақ, Прорва, Терең-Өзек
кен орындарының бөгеттері арқылы теңіз суын тазарту кезінде Каспийде мұнай
өнімдерін шоғырландыру жеке орындарда 100 ШМШ дейін ұлғаяды.
Маңғыстау облысында мұнай кен орындарының «тарихи ластануы»
проблемасы, соның ішінде, Каспий теңізінің суларымен жайылу және басу
зонасында бұрғыланған ұңғымаларды жою проблемасы бар. Каратурун (4 дана)
және Комсомольская (10 дана) аудандарында консервацияның өткен
мерзімдерімен жағалаудағы ұңғымалардың жағдайы ерекше қауіп төндіреді. Осы
ұңғымаларды жою бойынша шұғыл шаралар қолданбау Каспий теңізінің
акваториясы үшін үлкен салдарларға әкелуі мүмкін. Каспийге жақын зоналарда,
БАҚ деректері бойынша, қазіргі таңда, Каспий теңізінің топырағы мен суын
ластайтын 200 қараусыз қалған мұнай ұңғымалары бар. Тек Маңғыстау облысында
ғана мұндай ластау объектілері – 23.
Каспийге басқа теңіздер мен көлдерден басқа организмдердің енуі
басталды. Мысалы, Каспий теңізінің нақты зардабы мнемиопсис гребневигінің
көбеюі болды. Оны, мүмкіндігінше, Солтүстік Америка жағаларынан кемелерде
балласт суларымен бірге әкелінген болуы керек; Каспийге одан әрі енуі
қиындық туғызған жоқ. Гребневик
көбінесе зоопланктонмен қоректенеді,
тәулік сайын шамамен 40% тұтынады, сонымен, каспий балықтарының
азықтық базасын жояды. Нақты жаулардың көбеюі мен жоқ болуы оны
планктонның басқа тұтынушыларымен бәсекелестіктен тыс ұстайды және осетр
сияқты құнды балықтар үшін қауіп төндіреді.
Құнды балықтар түрлерінің әсері жанама ғана емес, сонымен қатар азық
базасын азайту арқылы, және де тікелей оларды жоюда пайда болады. Егер
Каспийдегі жағдай Азов және Қара теңіздерде сияқты дамитын болса, онда
2012-2015
жж. аралығында теңіздің балық шаруашылығы мәнін толық
жоғалтады. Теңіздің және оған құйылатын өзендердің жоғары деңгейі
бұрыннан Каспийде оттексіз зоналарын, әсіресе оңтүстік Түрікмен аудандары
үшін қалыптастыру қаупін әкелді. Сонда да бұл проблема өзекті болып
саналмайды. Сонымен қатар, органикалық заттың синтезі мен құлдырауы
балансының бұзылуы үлкен және тіпті апаттық өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Ендеше, жоғарыда айтылғандардың бәрін қарастыра келе, Каспий
ауданның жалпы экологиялық объектісі Каспий болып табылатынын көре
32
аламыз және оның бір бөлігінде болған дағдарыс ортақ, бөлінбейтін
экологиялық апатқа ұшырайды. Ал бұл, соңында әр мемлекеттің жеке
жоспарына және оның даму перспективаларына әсер етеді. Каспий маңындағы
мемлекеттердің арасында мұнай ресурстарының бөлінуі туралы сұрақтың қалай
шешілетіндігіне тәуелсіз, мұнай операцияларына және Каспийдегі жалпы
жағдайға тиімді экологиялық бақылау жүргізу осы мемлекеттердің бірлесіп
бақылау кезінде ғана мүмкін екені айдан анық. Мұндай бақылау Каспий
маңындағы мемлекеттермен құрылған және сәйкес өкілеттіктермен
басқарылатын мемлекетаралық экологиялық орган, соның ішінде мұнай
жобаларын алдын ала экологиялық сараптау, жоғары тәуекелге баратын
экологиялық қауіпті болған жағдайда осы жобаларды тоқтата тұру немесе
тоқтату, сондай-ақ, экологиялық сипаттағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу
және жүзеге асыру құқығы арқылы іске асырыла алады.
Сонымен, Каспийдің және оның жағалауының экологиялық
проблемалары аймақтың елдерде қарқынды экономикалық дамуының салдары
болып табылады. Бұған ұзақ мерзімді табиғи өзгерістермен (теңіз деңгейінің
ғасырлық тербелісі, климаттың өзгеруі) қатар, бүгінгі күннің терең әлеуметтік-
экономикалық проблемаларының да (ауыспалы кезең, экономикалық дағдарыс,
қақтығыстар, трансұлттық корпорациялар және т.с.с) негізі бар.
Мұнаймен ластану қауіпі және теңіз деңгейінің қарқынды көтерілуі мен
Каспийдің Қазақстандық бөлігінде мұнай және газ кен орындарын өнеркәсіптік
әзірлеуді бастаумен байланысты да ұлғаяды. Каспий теңізі қайраңының мұнай-
газ кен орындарын игерудің технологиясын таңдау және әзірлеу кезінде қажет
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ҚР мұнай-газ саласының маңызды
міндеттерінің бірі.
Каспийдің жағдайы мен ластануы бойынша туындаған мәселелер аумақта
қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл шаралар қолдануды талап етеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту және қалпына келтіру үшін
1998 жылдан бастап жағалауындағы бес мемлекет үкіметінің шешімімен
Каспий Экологиялық Бағдарламасы (Тасис, ЮНДП, Бүкіләлемдік банк) жұмыс
істей бастады, оның шеңберінде аумақтағы экологиялық жағдайды жақсарту
бойынша Стратегиялық Іс-әрекеттер Жоспары әзірленетін болады. Каспий
теңізінің бассейнінде көмірсутектілер ресурстарын игеру және іске
қосылғандарын пайдалану кезінде табиғатты қорғау шараларын жүргізу қажет.
Каспий теңізі аумағы дағдарыс шегінде тұрған экологиялық зоналардың
категориясына кіреді. Аймақтың нақты экологиялық сыйымдылығын
ескерумен мұнай өндірудің теңгерілген көлемі кезінде, Каспийдің балық
шаруашылық мәні бірнеше онжылдықтар барысында тұрақтандырылады, және
тұру ортасы болашақ ұрпақ үшін қанағаттанарлық күйде толық сақталады.
Демек, барлық каспий маңындағы мемлекеттерге көмірсутекті шикі затты
игеру кезінде бірыңғай нормативті, әдістемелік және құқықтық құжаттарды
әзірлеу және енгізу қажет, олар Каспийдің экожүйесіне техногенді әсерін
жояды немесе төмендетеді. Егер бұл елдер бірлесіп, дұрыс табиғи ресурстарды
пайдаланып, өсімдіктер мен жануарлардың санын көбейту бойынша жұмыстар,
33
табиғатты қорғау шараларын, жүргізетін болса, Каспий өмір сүретін болады.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық мониторингті дамыту
әрбір мемлекеттің басым мәселесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |