Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі экология және ұлт денсаулығЫ



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2413
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер тізімі: 

 

1

.  Отчет по человеческому развитию 1995.- Алматы, 1995. 



2.  

Сагыбаев Г. Основы экологии. Алматы, 1995.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

44 



  

Әскери полигондардың 

 

экологиялық жағдайға әсері 

 

 

Қарағанды мемлекеттік 

техникалық университетінің  

ӨЭ және Х  кафедрасының 

 

аға оқытушысы  

Ж.Х. Хожина 

 

 

 



Қазақстанның  үлкен  аумағы  әскери  полигондардан  және  ғарыштық 

техниканы  ұшырудан  тұрады.  Арал  және  Семей  өңірлері  экологиялық  апат 

аймақтары деп жарияланды, табиғи экологиялық жүйелер бұзылды, флора мен 

фауна  нашарлады,  қолайсыз  экологиялық  жағдай  салдарынан  тұрғындардың 

денсаулығына маңызды зардап келді.  

Қазіргі  кезде  бұрынғы  Семей  өңіріне  іргелес  жатқан  аудандарда 

(

тұрғындардың саны 71,9 мың болатын халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық 



аурулардың  және  тұрғындар  өлімі,  қан  айналымы  жүйесінің  аурулары,  жаңа 

туған  сәбилер  арасында  жүрек  кемістігі,  уақытынан  бұрын  ерте  қартаю 

ауруларының жоғары деңгейі байқалады.  

Арал маңындағы экологиялық апат аймағында (186,3 мың адамы бар 178 

елді  мекен)  асқазан-ішек  және  қан  аздығы  ауруларының  жоғары  деңгейі 

байқалады, әсіресе әйелдер мен балалар арасында жиі кездеседі, балалар өлімі 

мен туа біткен кемістік аурулары өте көп.  

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  аумағында  төрт  әскери  сынақ 

полигоны  мен  «Байқоңыр»  кешені  жұмыс  істеп  тұр.  Жерге  құлаған  ракета 

фрагменттері,  улылығы  жоғары  отын  өнімдерінің  құйылуы  және  қоршаған 

ортаға  және  сол  жерлерге  жақын  тұратын  халыққа  тікелей  келеңсіз  әсерін 

тигізетін басқа факторлар нақты экологиялық қатер төндіріп тұр. «Байқоңыр» 

космодромынан тасушы ракеталарды іске қосу жалпы ауданы 12,24 млн. гектар 

болатын жеке құлау алаңы болуымен қамтамасыз етілген.  

Бұл  жағдайда  қоршаған  орта  жағдайын  бағалау  өндіріс  пен  сынақ 

орындарында, ғарыштық құралдарды, әскери техника мен әскери объектілерді 

сақтау  мен  пайдалану,  сондай-ақ  өнеркәсіптік  ұйымдарды  орналастыру 

орындары,  ракета-ғарыштық  қызметті  жүзеге  асыратын  әскери  бөлімдер  мен 

құрамалардың  жер-жерге  орналасқан  кезде  техногендік  әсерлердің  алдын  алу 

және жою проблемалары маңызды орын алады. 

 

Қазіргі кездегі Жем қаласы – бұрынғы әскери Ембі-5 қалашығы  – КСРО 



Қорғаныс  Министрлігінің  11-Мемлекеттік  ғылыми-зерттеу  полигонының 

әкімшілік  және  тұрғын  орталығы.

 

Полигонда  зенитті-ракеталық  кешендер  (С-



300, 

Тунгуск)  сынағы,  ПВО  құралдары,  шағын  радиусты  іс-әрекеттің жедел  – 

тактикалық  ракеталар  сынағы  пайдаланылды.  Сондай-ақ  осы  типтес  қару-

жарақтың жаңа үлгілерін қолдана отырып, әскери оқу-жаттығу түрлері өткізілді 

(

ең  соңғы  оқу-жаттығу  түрлері  «Қорғаныс  –92», «Күз  -  93»,  «Феникс-96»). 



 

 

 



 

 

45 



Полигонның  ұзындығы:  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  –  240  километр, 

шығыстан  батысқа  қарай  –60  километр;  жалпы  ауданы  –  791  мың  гектарды 

құрайды. 1959 жылғы  3  қазандағы  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің 

Қаулысымен  КСРО  Қорғаныс  Министрлігіне  Қазақ  КСР  Ақтөбе  облысы 

аумағынан жалпы ауданы 2 960 144,6 га жер телімі бөлінді.  

Қаланың ірге тасы 1960 жылы 7 мамырда қаланған.  Қазақ КСР Ақтөбе 

облысы  Ембі  станциясынан  10  күн  километр  қашықтықта  алғашқы  қазық 

қағылды  және  палаткалы  лагерь  орналасты.  1960  жылы  маусымда  алғашқы 

геодезиялық және құрылыс жұмыстары басталды, оны полигон бастығы болып 

тағайындалған  Н.А.  Рощицкой  басқарды.  1963  жылы  полигонда  алғашқы 

бірлескен сынақтар басталды. Осы уақытқа дейін полигонда барынша қажетті 

сынақ  және  өлшеу  алаңдары,  штабтық  және  ғылыми-зерттеу  жайлары  дайын 

болды,  тұрғылық  ғимараттар,  қонақ  үйлер,  асханалар  және  басқа  нысандар 

шағын көлемде салынды. Содан біраз уақыттан кейін неғұрлым жетілдірілген 

зениттік  ракеталар  мен  радиоэлектрондық  құралдарды  сынауға  арналған 

қажетті  инфрақұрылымның  толық  көлемі  құрылды.  1999  жылы  полигон 

таратылды,  ал  Ресей  әскері  «Капустин  ЯР»  полигонына  көшірілді  (Ресей, 

Астрахань  облысы),  ал  Ембі  қаласы  қазақстандық  билік  органдарының 

ұйғарымымен  Жем  қаласы  деп  аталды  (бұл  Ембі  өзенінің  бұрынғы  тарихи 

атауы, сол жағалауда осы қала тұр).  

 2006 

жылы желтоқсанда ұзындығы 80 километр болатын Жем-Жаңа жол 



жаңа темір жол магистралінің құрылысы аяқталды (Жаңа жол кен орнынан газ 

бен мұнайды тасымалдауға арналған). Аталған темір жолды пайдалануды іске 

қосу  жаңа  жұмыс  орындарын  (100-ден  кем  емес)  ашуға  бағытталған 

инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік туғызды. Өңірдің көлік және әлеуметтік 

проблемалары шешілді. Жолдың жобалық жүк қуаты – жылына 2 млн тоннадан 

астам жүк, жолаушылар тасымалы – айына 6 мың адамға дейін. Қаладан 40-50 

километр жерде «Әлібек Мола» мұнай-газ кен орындары бар. 

        


Кеңес  Одағында  алғашқы  ядролық  қаруды  сынау  1949  жылы  29  тамызда 

болды. Бомбаның қуаты 22 килотоннаны құрады. Полигонның құруы атомдық 

жобаның  бірі  бөлігі  болып  табылды.  Кейін  зерттегенде,  бұл  өңірді  қолайлы  

таңдаған – жергілікті жер бедері жер асты ядролық жарылыстарын штольняда 

және  ұңғымаларда  жүргізуге  мүмкіндік  берді.  Семейде  Қытай  елшілігінің 

болуы ең үлкен кемшілік болып табылды, бірақ кейін оны алып тастады. КСР 

Министрлер  Кеңесінің  1947  жылы  21  тамыздағы  №  2939  –955  Қаулысымен 

басталған ГУЛАГ құрылысы әскери ведомствоға берілді,  полигон – «№ 2 оқу 

полигоны»  деген  атауға  ие  болды. № 2  оқу  полигонының ең бірінші бастығы 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  майдан  артиллеристі,  артиллерия  генерал-

лейтенанты  П.М.  Рожанович,  ғылыми  жетекшісі  –  КСРО  Ғылым 

Академиясының  химия-физика  директорының  орынбасары  М.А.  Садовский 

болды, ол кейін академик болған.  

1949 


мен  1989  жылдар  аралығында  Семей  ядролық  полигонында 

шамамен 470 ядролық сынақ жүргізілді, онда 616 ядролық және термоядролық 

құрылғы  жарылды,  соның  ішінде  30-ы  жер  үсті  және  86-ы  ауада  жарылды. 


 

 

 



 

 

46 



Сонымен  қатар  ондаған  гидроядролық  және  гидродинамикалық  сынақтар 

жүргізілді. 1949-1963  жылдар  аралығында  Семей  полигонында  сыналған 

ядролық  зарядтардың  қосынды  қуаты  Хиросимаға  лақтырылған  атом 

бомбасының  қуатынан  2500  есе  асып  түсті.  Өңірге  маңызды  экологиялық 

зардап  әкелді.  Бұрынғы  Семей  ядролық  полигонында  2  млн.  га  ауыл 

шаруашылығына жарамды жер радиоактивті залалданды

Жергілікті халық арасында радиациялық сәулелену ауруларына ұшыраған 

адамдар  көп,  мезгілсіз  қайтыс  болу,  жергілікті  халықтың  генетикалық 

бұзылулары  асқынды.  Осы  әскери  сынақтар  барысында  кеңес  ғалымдары 

жинақтаған  бұл  туралы  деректер  әлі  күнге  дейін  құпия  күйінде  қалып  отыр. 

Қайтыс болғандардың санын дәл анықтау мүмкін емес. Сәулеленуге ұшыраған  

адамдар саны жарты миллион адамнан асып кетті.  

1989 

жылы белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 



қолдауымен дүние жүзі бойынша ядролық сынақтар құрбандарын біріктіретін  

Невада-Семей  қозғалысы  құрылды.  Семей  ядролық  полигоны  1991  жылы  29 

тамызда  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  шешімімен,  Қазақстан  

Президентінің  №  409  Жарлығымен  жабылды.  Бұл  жерде  халықтық  ядролық 

соғысқа  қарсы  Невада  –  Семей  қозғалысы  және  оның  жетекшісі  Олжас 

Сүлейменов  маңызды  орын  алды.  1993  жылы  желтоқсанда  Ресей 

Федерациясының Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес Семей ядролық 

полигоны немесе 2-Мемлекеттік орталық полигоны жабылды.  

Полигон аумағы сақталған жоқ және 2006 жылға дейін жергілікті жерде 

ешқандай  арнайы  белгімен  белгіленген  жоқ.  Тек  2005  жылы  ғана  қоғамның 

талап етуімен және Парламент ұсыныстары бойынша полигон шекарасын бетон 

бағандармен таңбалау жұмысы басталды.  

Бұрынғы  полигонның  қауіпті  аймақтарындағы  радиоактивтілік  фон 

сағатына  10 000-20 000 дейінгі  микрорентгенге  жетеді.  Осыған  қарамастан,  

Семей полигонында — әлемдегі ең үлкен ядролық полигондардың бірінде әлі 

күнге  дейін  адамдар  тұрады.  Жергілікті  халық  мал  жайылымы  үшін  полигон 

жерінің  үлкен  бөлігін  пайдаланады.  Қоғамның  талап  етуімен  және  Ұлттық 

Ядролық  Орталық  ғалымдарының  табанды  талап  етулерімен  2008  жылы 

полигон  аймағына  жергілікті  тұрғындардың  және  малдардың  қатынауын 

болдырмау  үшін  полигонның  барынша  ластанған  жекелеген  учаскелерін 

инженерлік  қорғаныс  құралдарымен  қоршау  бойынша  жұмыстар  басталды.  

2009 


жылы Дегелең сынақ алаңқайына әскери күзет қою ұйымдастырылды.  

 

 



Сынақ  аймағының  аумағындағы  барынша  ластанған  тәжірибелі  алаңдар 

болып  табылады,  ол  жерлер  жер  үсті  және  атмосфералық  ядролық 

жарылыстардың  эпицентріне  айналған.  Полигон  аумағының  ластануына  1949 

жылғы 29 тамыздағы, 1951 жылғы 24 қыркүйектегі, 1953 жылғы 12 тамыздағы 

жүргізілген  жер  үсті  және  ядролық  жарылыстар  «үлес»  қосты.  Полигонның 

радиоактивті ластануына алғашқы термоядролық құрылғы  сыналған кез және 

1956 жылғы 10 қыркүйек күнгі сынақтар негізгі «үлес» қосқан.  

           

Полигон аясынан 55 ауа және жер үсті жарылыстарының  радиоактивті 

бұлты,  69  жер  асты  жарылыстарының  газды  фракциясы  ауаға  тарады. 



 

 

 



 

 

47 



Радиоактивті  шөгінділер  304  мың  шаршы  км-ге  дейінгі  аумаққа  таралды.  Ол 

жерлерде  1,624  млн  адам  тұрған. 711 елді  мекендерде  тиімді  доза  0,1  бэр 

өлшемдегі санитарлық жылдық нормадан асып кетті. Максимум мәндер сынақ 

мерзімі ішінде 448 бэрден асып кетті. 

  

Сарапшылардың  бағалаулары  бойынша,  қоршаған  ортаға  жүргізілген 



ядролық  жарылыстардың  нәтижесінде  137-цезий  шамамен  9х10

16

 



беккерель 

(Бк)  тарап  кеткен.  Бұрынғы  ядролық  полигонның  қауіпті  аймақтарындағы 

радиоактивтілік фон сағатына 10 000 — 20 000 дейінгі микрорентгенге жетеді.  

Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  облыстарының  әр  түрлі 

аудандарында  өңірлік  фоннан  1,5-2  есеге  асатын  және  8  есеге  дейін  жететін  

цезий  үстіңгі  беттік  белсенділігінің  артуы  жоғары  екені  анықталды. 

Анықталған цезий ауытқуларының  тізбегі  аймақта  біріктірілген,  жел  әсерімен 

полигоннан әрі қарай тарайды. 

Бұдан басқа, Дегелең тау массивінен және «Балапан» ұңғыма ауданынан 

жер  асты  жарылыстарын  жүргізген  учаскелерден  жер  асты  суларында 

радионуклидтердің көшіп жүруі анықталған. 

Ауаның,  су  мен  топырақтың,  жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесінің 

қарқынды  ластануы,  табиғи  ресурстардың  жұтаңдауы,  сарқылуы  экожүйенің 

бұзылуына,  шөлге  айналуына,  биологиялық  және  ландшафты  әр  түрліліктің 

маңызды  жоғалуына,  ауру  түрлерінің  және  халық  арасында  өлімнің  көбеюіне 

әкеліп  соқты.  Осындай  өзгерістердің  салдарынан  жергілікті  халықтың  өмір 

сүру  сапасының  төмендеуі  және  республиканың  тұрақсыз  дамуы  болып 

табылады.  

XX 

ғасырдың  80-90-жылдары  Қазақстан  мен  Ресей  ғалымдары  Семей 



ядролық полигонына іргелес жатқан аумақтарда тұратын халықтың денсаулық 

жағдайын зерттеді.  

        

Осы бағдарлама шеңберінде сәулелену басталған 27-37 жыл  аралығында 

төтенше  және  максимум  радиациялық  қатер  аймағында  орналасқан  жергілікті 

халық  арасындағы  жалпы  және  онкологиялық  аурулар  зерттелді.  Қайтыс 

болудың негізгі көрсеткіштерін талдау радиациялық генез салдарынан  негізгі 

топтардағы маңызды әр түрліліктерді табуға және анықтауға мүмкіндік берді. 

Негізгі топтардағы қайтыс болу коэффициенті (10—15 және 27—37 жаста) — 

1,5%, 


бақылау  —  0,87%  екенін  көрсетті.  Бақылаудың  бүкіл  мерзімі  бойында 

қайтыс  болудың  интегралды  көрсеткіштері  негізгі  топтар  арасында  миокард 

инфаркті,  гипертониялық  аурулар,  пневмония,  сепсис,  тұмау  ауруларының 

сенімді артуын белгілеп көрсетті. 

Қайтыс  болудың  артуының  орташа  жылдық  қарқыны  негізгі  топтағы 

жасы  27  жасқа  дейінгілердің  қатерлі  жаңа  ісіктерден  қайтыс  болуы  (0,033%) 

бақылаудағы  (0,023%)  адамдарға  қарағанда  1,4  есе  артық  және  келесі  он 

жастағыларға қарағанда  1,3 есе артық (0,028%-0,021 %) екенін көрсетті. 

Қатерлі  жаңа  ісіктер  қосындысы  бойынша,  сенімді  нәтижелер  берген 

барлық нозологиялық пішіндерді қоса алғанда артық қайтыс болу жылына 1000 

адамға  шаққанда  0,96  жағдайды  құрады.  Лейкоздар  үшін  артық  қайтыс  болу  

жылына  1000  адамға  шаққанда  0,06  жағдайды,  өкпе  рагі  —  0,15  жағдайды, 



 

 

 



 

 

48 



асқазан рагі, өңеш және бауыр рагі — осыған сәйкес 0,21; 0,45; 0,09 жағдайды 

құрады  (Б.  Гусев,  Казахский  НИИ  радиационной  медицины  и  экологии. 

Семипалатинск. Казахстан). 

Зерттеушілер  Т.  Боқажанова,  Е.  Т.  Дадамбаев  және  т.б.  (Алматы 

Медицина  институты,  Қазақстан)  1988  мен  1991  жылдар  аралығында 

республикалық  көрсеткіштермен  салыстырғанда  ауру  класы  бойынша  Семей 

полигоны өңіріндегі балалар ауруларының динамикасын (0-ден 14 жасқа дейін) 

зерттеді.    Алынған  нәтиже  ауру  түрлерінің  көрсеткіштерінің  барлық  негізгі 

топтары  бойынша  республика  көрсеткіштерімен  салыстырғанда  осы  өңірде 

маңызды  түрде  тым  жоғары  екенін  көрсетті.  Әсіресе  бұл  эндокриндік  және  

иммундық  жүйеге,  қан  ауруларына,  қан  айналым  органдарына,  тыныс  алу 

органдарына,  жүйке  ауруларына,  қатерлі  жаңа  ісіктердің  пайда  болуына 

байланысты.   

Ауру түрлерінің ұлғаюын бақылау мерзімі ішінде қан жүйесінің аурулары 

тобы жылына 2 есеге артуы және эндокриндік пен  иммундық жүйе аурулары 

1,5 


есеге  артуының  анық  үрдісінің  байқалуы  қауіпті  факт  болып  табылады.  

Осы  бақылап  қадағалаулар  негізінде  ядролық  полигонға  жақын  экологиялық 

ахуал  аясында  балалар  аурушаңдығының  ұлғаюы  мынадай  қорытындыға 

әкелді,  өсіп  келе  жатқан  жаңа  ұрпақ  алдыңғы  ұрпаққа  қарағанда  физикалық 

және  психикалық  жағынан  өте  әлсіз,  сонымен  қатар  салауатты  ген  қорына 

нақты қатер төніп тұр.   

Балалар  арасындағы  анықталған    психикалық  патология  арасында  бас 

миының органикалық зақымдалуы 43 %, энурез - 12 %, ақыл-ойы кем  — 19 % ,  

Дауна  ауруы  –  12  %,  психикалық  дамуының  тежелуі  –  20 %  құрады. 

Соматикалық  патология  барлық  тексеруден  өткен  балалардың  63 %-да 

анықталған, туа біткен стигма дисэмбриогенез, туа біткен дисплазия, туа біткен 

жүрек  кемістігі,  темір  тапшылығы  қан  аздығы,  ас  қорыту  органдарының 

ауруларын қоса  алғанда  анықталған. Бақылау  жарылыс  аяқталғаннан  кейін де 

жаңа  туған  балалардың  да  физикалық  ауытқулары  бар  екенін  көрсетіп  отыр. 

Жергілікті  халық  өзіне-өзі  қол  жұмсау  факторларының  көп  екенін  айтады,  ал 

бұл  қатерлі  аурулар  күш-қуаты  бойындағы  адамдарды  өмірден  алып  кетіп 

жатыр.  

 

Бұрынғы  Семей  облысы  Семей  қаласында  жеті  жасар  «нәзік  ұл  бала» 



Уәлихан  Серікқалиев  тұрады.  Оның  сүйектері  соншалық  нәзік  әрі  морт, 

сүйектері жиі сынады. Бұл медицинада «остеогенез» деп аталады. Уәлиханды 

емдеу  мүлдем  мүмкін  емес,  тек  азап  шегуін  ғана  жеңілдетуге  болады  және 

кенеттен  болатын  ғажайыпқа  сенуге  тура  келеді.  Ол  үйде  отыруға  мәжбүр, 

екінші  топтағы  мүгедек.  Оның  қан  қысымы  жоғары  және  жүрек  талмасы  жиі 

ұстап  қалады.  Бұл  да  Семей  ядролық  полигонында  өткізілген  ядролық 

сынақтардың зардабы болуы мүмкін.      

Қазіргі  уақытта  «Қазақстан  Республикасы  аумағында  ракета-ғарыштық 

әрекеттерге  ұшыраған  учаскелердің  экологиялық  жағдайының  мониторингі» 

атты  бюджеттік  бағдарлама  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп 

жатыр.  Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  2002  жылы  29 


 

 

 



 

 

49 



желтоқсандағы № 1449 Қаулысымен белгіленген 2003-2010 жылдарға арналған 

еліміздің  минералдық-шикізат  кешенінің  ресурстық  базасын  дамыту 

бағдарламасы  шеңберінде  әскери-сынақ  полигондары  аумағын  кешенді 

гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды.

 

Себебі ғарыштық 



құралдардың  бірқатар  міндеттерін  шешуге  баламалар  жоқ,  онда  қоршаған 

ортаға және халықтың денсаулығына ракета-ғарыштық әрекеттің әсерін азайту, 

ракета-ғарыштық  кешеннің  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бүгінгі 

күні де өзекті мәселе күйінде қалып отыр.          

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1. 


Акимова Т.А. и др. Экология. Человек-экономика-биотасреда. М., 2007. 

2. 


Отчет по человеческому развитию 1995. Алматы, 1995. 

3. Кисилев А.С., Иванова А.Е. Проблемы оценки здоровья населения //Здоровье   

    

населения Российской Федерации и пути его улучшения. Материалы I   



    

науч.-практ. конф. 30-31 мая 1994 года.  М., 1994. 

4. 

Кулманов М.Е. Региональные особенности количественной оценки  



    

показателей здоровья населения в зависимости от качества окружающей   

    

среды и обоснование оздоровительных мероприятий. Автор. дисс.  



    

докт. мед. наук.  М.,1988. 

5

. Казначеев В.П. Очерки теории и практики экологии человека.  М.,1983. 



6. 

Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., 2003. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

50 



      

Қалдықсыз өндіріс экологиялық мәселелерді шешу 

факторларының бірі ретінде 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік  

техникалық университетінің 

ӨЭ және Х кафедрасының 

оқытушысы

 

Н.В. Серых 



 

 

 

Қазір планетаның әрбір тұрғынына, орташа алғанда, жылына 20 т. жуық 

шикізат өндіріледі, ол  800 т. су мен 2.5 кВт энергияны қолданумен азық-түлік 

өнімдеріне  өңделеді  де  шамамен  90-98 % қалдыққа  кетеді.  Сонымен  қатар, 

тұрмыстық  қалдықтардың  үлесі  бір  адамға  жылына  0,3-0,6  т.  асады. 

Қалғандары  өнеркәсіптік  қалдықтар.  Алынатын  және  қайта  өңделетін  шикі 

заттың ауқымдары бойынша  - 100 Гт/жылына  - адамның шаруашылық қызметі 

планетаның  жана  тау  қызметінен  артты  -  10  Гт/жылына.  Сонымен  қатар, 

шикізат  пен  энергияны  пайдаланудағы  ысырапшылық  адамның  шаруашылық 

қызметінде  әр  түрлі  есті  шектерден  шығуы  артады.  Және  де  егер  дамыған 

елдерде ауыл шаруашылығы қалдықтары 90 %, автомашиналардың корпустары 

98 %, 


сығылған майлар 90 % пайдаға асырылса, онда өнеркәсіп және құрылыс 

қалдықтарының,  кен  өндіру  және  металлургия  өндірісі  қалдықтарының 

маңызды бөлігі мүлдем пайдаға асырылмайды. Адамзат өндіріс қарулары мен 

өзіне  ұқсастарды  жою  технологияларын  құруда,  өз  қызметінің  қалдықтарын 

қайта  өңдеу  бойынша  өнеркәсіпті  құрумен  айналыспай    табысқа  жетті.  

Нәтижесінде, қайта өңделген, сондай-ақ улы өнеркәсіптік қалдықтар көлемінің 

жыл  сайын  өсуімен  қатар,  барлық  әлемде  өнеркәсіптік  дамыған  елдерде  

ондаған  және  мыңдаған  сандарда  есептелінетін  ескі  жерлеулер  бар,  ал 

қалдықтар  көлемінің  шамалары  жүз  миллиард  тонналарға  жетеді.  Сонымен, 

егер  қалдықтарды  (бірінші  орында  ерекше  қауіпті)  жоспарлы  қайта  өңдеуді 

ескере отырып, қоршаған ортаны қалпына келтіру туралы айтатын болсақ, онда 

онжылдықтар  бойы  ондаған  және  жүздеген  миллиард  долларларда  шығындар 

қажет етіледі. 

          

Сонымен,  деректер  ескерілмеген  қоқыс  жерлері,  түгенделуі  басталмаған 

ескі көмулер туралы айтпағанда, қайта өңделмейтін өнеркәсіптік қалдықтардың 

үздіксіз  өсуін  көрсетеді.  Әлемде  қалдықтардың,  соның  ішінде  қауіпті 

қалдықтардың  негізгі  массасы  жиналады,  жиналады  немесе  көміледі.  Көму 

үшін  бірқатар  елдер  теңізге  (мұхитқа)  батыруды  қолданады,  бұл  көпшіліктің 

пікірі  бойынша,  қалдықтардың  қауіптілігі  класына  тәуелділіктен  тыс 

халықаралық келісімдермен толық тыйым салынуы керек. Бұл

 

кейбір жағдайда 



адамгершілік  мәселесіне  жатады:  көпшілікке  тиесіліні  (теңіздер,  таулар, 

ормандар)  қоқыс  үйіндісі  ретінде  пайдаланбай,  өндірдің  бе  –  өз  аумағыңда 



 

 

 



 

 

51 



қайта  өңдеу  керек  (қоймаландыру  керек).  Шын  негізінде,  өнеркәсіптік 

қалдықтарды қайта өңдеуге жалпы көлемнің 20 % жатады. 

Қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  қызмет  ету  бойынша  Жалпы 

еуропалық кеңестің (Женева, 1979) декларациясында келесі анықтама берілді: 

«Қалдықсыз  технология  адам  қажеттіліктерінің  шеңберінде  табиғи  ресурстар 

мен  энергияны  дұрыс  пайдалануды  қамтамасыз  ету  және  қоршаған  ортаны 

қорғау  үшін  білімдерді,  әдістер  мен  құралдарды  тәжірибеде  қолдану.  Басқа 

сөзбен  айтқанда,  қалдықсыз  деп  шикі  заттан  түрлі  энергиялардың,  көмекші 

материалдардың,  катализаторлардың  және  басқа  да  технологиялық 

факторлардың  әсер  етуі  кезінде  арнайы  өзара  байланысты  аппараттарда  тек 

биоортаны ластайтын түрлі заттар мен энергиялардан тұратын технологиялық 

ағымдар жүйесінен шықпай мақсатты өнімдерді ғана алуға мүмкіндік береді». 

Сонымен қатар, қалдықсыз өндірістердің міндетіне басқа өнідірістер үшін 

шикі  зат  болып  табылатын  мақсатты  өнімдерге,  және  де  таза  табиғи  заттарға 

(ауаға,  суға,  нейтралды  минералды  массаға)  белгілі  бір  шикі  зат  көлемін 

кешенді қайта өңдеу кіреді. 

Алайда,  бұл  міндетті  бір  ғана  саланың  шеңберінде  шешу  қиын,  себебі 

мәселенің  барлық  аспектілері  қамтылуы  керек:  технологиялық,  әлеуметтік-

экономикалық,  экологиялық,  білім  беру  және  мәдени-тәрбиелеу,  құқықтық, 

ақпараттық  қамтамасыз  етуші  және  тіпті  халықаралық.  Ол  үшін  табиғатты 

қорғаудың,  табиғи  ресурстарды  дұрыс  пайдалану  мен  жандандырудың, 

қоршаған  табиғи  ортаның  қолайлы  жағдайының  жалпы  мемлекеттік  ұзақ 

мерзімді  кешенді  бағдарламасы  жұмыс  істеуі  керек.  Бұл  бағдарламаға 

жоғарыда аталған мәселелерді шешудің қосалқы бағдарламасы кіреді.  

Қалдықсыз өндірістерді құру барысында жалпылауыш принцип өндірісті 

құру,  жобалау  және  пайдалану  кезінде  қолдануды  жөн  көретін  жүйелі  амал 

болып  табылады.  Қалған  шикі  зат  пен  энергиялық  ресурстарды  толық 

пайдалануға,  сондай-ақ,  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған  едәуір  нақты 

принциптер  үш  топқа  бөлінуі  мүмкін:  1)  химиялық;  2)  технологиялық; 3) 

ұйымдастырушы-басқарушылық. Көптеген жағдайларда бір ғана принцип шикі 

затты  қалай  толық  пайдалануға  болса,  дәл  солай  сыртқы  энергиялық 

ресурстарды  пайдалануды  азайтуға  және  қоршаған  ортаны  қорғауға 

бағытталады.  

Қазіргі өндірістердің қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарды пайдаға 

асыру,  қайта  өңдеу  немесе  зиянсыз  ету  үлкен  халық-шаруашылық  мәнге  ие, 

маңызды өнімдерді алу мақсатымен шикі затты толық пайдалануды кеңейтуге 

ғана  емес,  сондай-ақ,  су  қоймалары  мен  ауа  алабының  жағдайын  жақсартуға 

әсер  етеді.  Қалдықсыз  өндірістерді  құру  кезінде,  ең  бастысы,  өндіріс 

қалдықтарын, оларды халық шаруашылығы үшін құнды өнімдерге, сондай-ақ, 

басқа өндірістер үшін шикізатқа айналдырып пайдаға асыру және қайта өңдеу 

алдын ала қарастырылады. 

        


Қалдықтар  көбінесе  күрделі  гомогенді  және  гетерогенді  жүйелерді 

білдіреді.  Негізгі  сұрақ  оларды  фазалар  мен  құрамды  бөліктерге  кейін  соңғы 

өнімдерін  пайдаланумен  немесе  жоюмен  таңдап  алу  болып  табылады.  Келесі 


 

 

 



 

 

52 



әдістері бар: қалдықтарды жою, фазаларды бөлу, жеке құрамды бөліктерін алу, 

химиялық өңдеу, биологиялық өңдеу. 

        

Жоюға  тек  мүлдем  пайдалана  немесе  қазіргі  әдістермен  мақсатты 

өнімдерге қайта өңделе алмайтын қалдықтар ғана ұшыратылады. Қолданылып 

жүрген  әдістердің ішінде қоқыс  үйінділері, полигондар  мен  шлам  қоймалары, 

санитарлық  жер  төгу,  жерлеу  немесе  терең  жер  асты  ұңғымалары,  жағу, 

пиролиз қолданыс тапты.  

Қоршаған  ортаны  қорғауға  қатысты  биотехнологияны  биологиялық 

объектілердің  тіршілік  әрекеті  өнімдеріне,  микробтарды  көбейтуге, 

қауымдастықтарға,  олардың  митоболиттері  мен  препараттарына,  оларды 

заттардың,  элементтердің,  энергия  мен  ақпараттың  табиғи  алмасуына  қосу 

жолымен  негізделген  технологиялық  процестерді  әзірлеу  және  құру  түрінде 

қарастыруға  болады.  Биотехнологияны  пайдаланудың  мысалы  ретінде  су 

ерітінділерін  қолдануға  негізделген  рудалардан  металдарды  алудың 

гидрометаллургиялық  әдісін  қолдануды  көрсетуге  болады,  оның  бір  түрі 

металдарды бактериалық-химиялық сілтісіздендіру болып табылады. Метанмен 

күресудің  биотехнологиялық  әдісі  көмір  қаттарында  және  сығылған 

кеңістіктерде  метан  қышқылдағыш  бактериялармен  араласу  процесі  болып 

саналады. Қатты қалдықтарды қайта өңдеу биотехнологиясы биогазды пайдаға 

асыруға  және  энергия  тапшылығын  төмендетуге,  сондай-ақ,  қоршаған  ортаға 

антропогенді  жүктемені  азайтуға,  соның  ішінде  негізгі  әсердің  құрамды 

бөліктерін  азайтуға  мүмкіндік  береді.  Энергетикалық  мақсаттармен 

қалдықтарды жүзеге асыру биотехнологиясын жалпы шолу оларды анаэробтық 

бұзу  болып  табылады.  Анаэробтық  бұзу  оттегінсіз  ферментативтік  кезеңдік 

микробтық  процесті  білдіреді,  ол  әр  түрлі  микроорганизмдер  тобының 

көмегімен мезофильді жағдайларында іске асырылады. 

Алайда,  қазіргі  таңда  өндірісті  қалдықсыз  етуге  мүмкіндік  беретін 

технологиялар  әзірленуі  үнемі  мүмкін  емес.  Сондықтан,  бірінші  кезеңде  аз 

қалдықты  өндірістердің  технологиялары  әзірленеді  және  енгізіледі.  Аз 

қалдықты  өндірістердің  технологиясы  дегеніміз  зиянды  заттардың  пайда 

болатын  қалдықтар  көлемі  ауа  бассейнінде,  табиғи  су  қоймаларында  және 

жерде мүмкін концентрациясынан аз болатын өндірістің амалы. Бұл технология 

тұйық болып табылады, онда қоршаған ортадан өндірістің оқшаулану принципі 

жүзеге  асырылады.  Демек,  аз  қалдықты  өндіріс  шикізат  пен  мақсаттық 

өнімдерді  қоспағанда,  заттар  мен  энергияның  айналу  принципі  іске 

асырылатын  тұйық  жүйені  білдіруі  керек.  Сонымен  қатар,  қазіргі  таңда  іске 

қосылған өндірістерде тіпті аз қалдықты технологияларды құру қиын. Өндіріс 

ауқымдарының  өскен  және  жоғары  экологиялық  талаптар  жағдайында  бір-

біріне түбегейлі ұқсамайтын дайын өнімді алу бағытын анықтауға болады.  

Бірінші  бағыт  іске  қосылған  өндірістердің  қайта  құрылуын  және  газ 

шығарындыларын,  өндірістен  шығарылатын  суды,  және  де  табиғатқа,  әсіресе 

адам  денсаулығына  зиянды  заттарды  кейін  тазартатын  технологияларды 

құруды алдын ала қарастырады. Мұндай жол қазіргі таңда химия өнеркәсібінде, 

мұнай-химия  синтезі  және  машина  жасауда  кең  қолданылыс  тапты.  Бірақ,  ол 


 

 

 



 

 

53 



мәселені  толық  шешуге  мүмкіндік  бермейтіндіктен  аз  тиімді.  Тазарту 

ғимараттарының көмегімен үнемі зиянды өнімдерден шығарындыларды толық 

босату  мүмкін  емес,  демек,  олардың  биоортаға  түсуіне  жол  берілмейді. 

Сонымен  қатар,  тазарту  ғимараттары  қымбат  болып  табылады,  себебі  олар 

үлкен  аудандарды  қамтиды,  қатты  лақтырылатын  заттар  мен  тұнбаларды 

жоюдың  жаңа  мәселелерін  құрады,  материалдар  мен  энергияның  көп  көлемін 

тұтынады  және  т.б.  Яғни,  бұл  жолдың  келешегі  жоқ,  бірақ  ол  біраз  уақыт 

қолданылатын болады.  

Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық процестер жоғары деңгейде 

табиғи  процестерді  имитациялайтын  екінші  бағыттың  болашағы  мол,  тиімді 

және  батыл  болып  табылады.  Алайда,  бұл,  келесі  себептерге  байланысты  әлі 

қолданыс  тапқан  жоқ:  осындай  деңгейге  дейін  бар  өндірістерді  қайта  құру 

мүмкін емес, өйткені оларда әр түрлі ағымдардың жүйесінен шығару алдын ала 

ескеріледі.  Қалдықсыз  өндірістерге  арналған  технология,  егер  оны  тар 

ведомстволық  немесе  бүгінгі  күн  тұрғысынан  қарастырса,  яғни  зиянды 

шығарындылардан  немесе  тазартудан  халық  шаруашылығына  экологиялық 

және  тіпті  экономикалық  зиянды және  пайдаға  асырылған  жанама өнімдердің 

құнын ескермеген жағдайда жиі қымбат шығады. 

Сонымен бірге, қазіргі таңда іске қосылған өндірістердің технологиясын 

«тазаға» дейін жеткізу үшін екі жолды да пайдалану қажет. Осы кезеңде мұндай 

міндеттердің  шешілуіне  экономикалық  факторды  ескерумен  келген  дұрыс. 

Осындай өндірістер алғашқы кезеңдерде едәуір қымбат болып көрінуі мүмкін, 

соның  нәтижесінде  қалдықсыз  технология  бойынша  өндірілетін  өнімдердің 

өндірісі  қысқаруы  мүмкін.  Демек,  мұндай  жағдайларда  белгілі  бір  кезеңде 

тазарту ғимараттарымен өндірісті құру қажет. Сонымен қатар, химиялық және 

мұнай  газ  синтезі  мен  машина  жасау  салаларының  даму  жағдайларында 

табиғатты  қорғаудың  басты  бағыттарының  бірі  қайта  өңдеуге  тартылатын 

шикізаттың барлық түрлері толық қолданылатын және толық тауар өнімдеріне 

айналатын өндіріс ұйымы болып табылатынын ескерген дұрыс. Бұл қалдықсыз 

технологияны құру кезінде ғана жасалуы мүмкін.  

Қалдықсыз  өндірісте  көп  құрамды  шикі  затты  едәуір  тиімді  пайдалану 

үшін  шикізатты  кешенді  пайдалану  принципі  сақталады:  технологиялық 

процеске енгізілген материалдық субстант, ал оны қайта өңдеу кезінде алынған 

өнім толық көлемде ассортиментте қолданылады. Сонымен қатар, әрбір өнімді 

өндірістік-шаруашылық айналымға қатыстыру тәжірибеде көптеген бір уақытта 

іс-әрекет  ететін  ұйымдастырушылық,  техникалық,  экономикалық  және 

әлеуметтік сипаттағы факторлармен байланысты.  

Адамзат өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басады, оның едәуір өзіне тән 

белгісі  –  жаһандық  мәселелердің  пайда  болуы.  Тарихта  бірінші  рет  адамзат 

қазіргі  өркениеттің  жаһандық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  сияқты  негізге 

бірігуі мүмкін жағдай туындады.  

Барлық  алдыңғы  тарихты  экологиялық  мағынада  ғылымда,  техникада 

және  қоршаған  орта  жағдайында  болған  өзгерістердің  жиналу  процесін  тез 

жүріп  келе  жатқан  тарих  ретінде  қарастыруға  болады.  Аталған  өзгерістер 



 

 

 



 

 

54 



соңында  қазіргі  экологиялық  дағдарысқа  ауысты.  Бұл  дағдарыстың  негізгі 

белгісі  –  кейінгі  50  жыл  ішінде  болған  биоортаның  сапалы  күрт  өзгеруі.  

Сонымен бірге, экологиялық дағдарыстың экологиялық апатқа өсуінің бірінші 

белгілері пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ.  

Сонымен,  техникалық  прогресс,  екі  жүзді  Янус  сияқты,  қазіргі  және 

болашақ  адамзаттың  бейнесінде  екі  қарама-қарсы  ипостасьқа  ие

 

екенін 


көрсетті.  Тек  ұжымдық  адамзаттық  ақыл-парасатқа,  үкіметтердің  іс-

әрекеттерінің  ойланып  істелгендігіне  және  жинақтылығына,  болашақ 

ұрпағымыз қандай да бір техникалық прогресті көретіндігі. 

 

Экологиялық  мәселе  адамзатты  алдағы  даму  жолын  таңдау  алдына 



қойды:  өндірісті  шексіз  өсіруге  бұрынғыдай  бағытталуы  керек  пе  немесе  бұл 

өсу  табиғи  орта  мен  адамзат  организмінің  нақты  мүмкіндіктерімен  келісілуі 

керек,  жақындармен  ғана  емес,  әлеуметтік  дамудың  жеке  мақсаттарымен 

өлшенуі керек.  

Экологиялық  дағдарыстың  пайда  болуы  мен  дамуында  ерекше, 

анықтауыш  роль  техникалық  прогреске  тиесілі.  Шын  мәнінде  алғашқы  еңбек 

құралдары  мен  алғашқы  технологиялардың  пайда  болуы  табиғатқа  және 

алғашқы  адаммен  жасалған  экологиялық  катаклизмдердің  пайда  болуына 

антропогенді  қысым  әкелді.  Техногенді  өркениеттің  дамуымен  экологиялық 

дағдарыстар қаупінің және олардың салдарлары байқалды. 

Аз  қалдықты,  одан  әрі  қалдықсыз  өндірістің  жаңа  технологияларын 

тұйық  цикл  бойынша    құру  нашар  экологиялық  тепе-теңдікті  бұзбай  өмір 

сүрудің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет