Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі экология және ұлт денсаулығЫ


Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2413
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру 

Оқушы  жастар  белгілі  бір  жас  категориясына  жататын,  арнайы  еңбек 

ерекшеліктерімен  және  өмір  жағдайларымен  біріктірілген  халықтың  кәсіптік-

өндірістік тобы ретінде қарастырылуы керек. Осы факторларды ескере отырып, 

студенттерді ерекше топқа бөлу мақсатқа лайық. 

Студенттер  тамағының  сапалы  құрамын бағалау  кезінде бірқатар негізгі 

құрамды  бөліктер  бойынша  тамақтанудың  теңгерілмегендігі  –  жануарлар 

белоктарының, өсімдік майларының, кальцийдің, аскорбин қышқылының және 

тиаминнің аз болуы жиі байқалады. Студенттерде тамақтану режимінің келесі 

бұзылуы анықталды: 25-47 % таңғы асын ішпейді, 17-30 % күніне екі рет қана 

тамақтанады, 10 % жуығы түскі асын ішпейді немесе уақытында ішпейді, 22 % 

кешкі асын ішпейді. Ыстық тағамдарды, соның ішінде бірінші асты ішу сирек 

белгіленген. 

Физиологиялық  ұсынымдарға  сәйкес,  энергетикалық  құндылық  студент 

ер балаларда 10.8 МДж (2585 ккал), студент қыз балаларда  10.2 МДж (2434,5 


 

 

 



 

 

80 



ккал)  шеңберінде  бағаланған.  Белоктарға  рационның  12 %  жуық  тәуліктік 

энергетикалық  құндылығы  келеді,  сонымен  қатар,  жануарлар  майының  үлесі 

олардың  рационындағы  жалпы  көлемнің  60 %  құрауы  керек.  Осы  талаптың 

орындалуы  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдарының  жеткілікті  болуымен 

ғана  емес,  сонымен  қатар  рационда  олардың  қолайлы  теңгерілуін 

кепілдендіреді.  Майлар  студенттердің  жалпы  рационының  жалпы 

энергетикалық  құндылығының  30 %  құруы  керек.  Сонымен  қатар,  өсімдік 

майларының  үлесіне  жалпы  көлемінен  30 %  келеді.  Студенттердің  негізгі 

минералды  заттарды  тәуліктік  талап  ету  организмге  кальцийдің  800  мг, 

фосфордың – 1600 мг, магнийдің – 500 мг, калийдің – 2500-5000 мг, темірдің – 

10  мг  көлемінде  түсуімен  қамтамасыз  етуі  керек.  Студенттердің  теңгерілген 

тамақтану  принциптерін  тәжірибелік  іске  асыру  мақсатында  тамақтану 

рационының  энергетикалық құндылығы мен сапалы құрамының және энергия 

мен  азық-түлік  заттарын  қажет  ету  рациондарының  арасында  едәуір  толық 

сәйкестікке ұмтылу керек. 

Іс  жүзінде  қарапайым  оқу  процесі  кезінде  энергия  шығындарынан 

ерекшеленбей,  емтихан  тапсыру  кезеңінде  энергия  шығындары  5,9  кДж  (1,4 

ккал/мин) құрайды.  

Дұрыс  тамақтану  бойынша  ұсынымдарды  сақтау  организмнің  әр  түрлі 

қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде 

бірқатар  жұқпалы  емес  созылмалы  ауруларды  азайтудың  негізгі  көзі  болып 

табылады.  

Дұрыс  тамақтану  –  бұл,  ең  алдымен,  дұрыс  ұйымдастырылған  және 

организмді  дер  кезінде  жақсы  әзірленген  және  тәтті  тағаммен  жабдықтау. 

Халық  даналығында  айтылғандай:  «Жануарлар  қанығады,  адам  жейді,  ал 

ақылды адам тамақтана біледі». 

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1. Смоляр В.И. Рациональное питание. Киев, 1991. 

2. Василаки А., Килиенко З. Краткий справочник по диетическому питанию.  

    


Кишинев, 1980. 

3. Даскалов П., Асланян Р.  Плодовые и овощные соки. М., 1969. 

4. 

Конышев В.А. Ваше питание: полезно или опасно? М.: Экономика, 1996. 



5. 

Маркова А.В. Полная энциклопедия народной медицины. СПб., 2007.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

81 



Салауатты өмір салты  

 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік  

техникалық университетінің 

ӨЭ және Х кафедрасының 

доценті, б.ғ.к. 

С.Н. Дербуш  

 

 

 



 

Қазіргі таңда Қазақстанның жеткен белсенді экономикалық өсуі мен саяси 

тұрақтылығы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену және тұрақты дамуға қол 

жеткізу үшін қажетті терең әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге 

арналған өте қолайлы сәт болып табылады. 

Елдің  тұрақты  дамуы  саласындағы  маңызды  міндеттердің  бірі  халық 

өмірінің  орташа  ұзақтылығын  көбейту  болып  отыр.  Оған  ұлт  денсаулығын 

қамтамасыз  ететін  механизмдерді  енгізу  арқылы  жету  жоспарланады.                   

Н.Ә.  Назарбаев  атап  өткендей:  «Бізге  ең  шешуші  түрде  жаңа  ғасырда 

тұрмысымызға, санамызға, қоғамымызға, жалпы әрбір отбасына салауатты өмір 

салтының  ғибадатын  енгізу  қажет.  Бұл  басымдылық,  еліміздің  болашағы, 

ұлтымыздың болашағы үшін ерекше маңызды болуы мүмкін».  

Бұл  мәселенің  шешілуі,  ең  алдымен,  қазіргі  жағдайларда  клиникалық 

медицина  жүйенің  профилактикалық  бағыттылығын  өзгертусіз  негізгі 

денсаулық  көрсеткіштерін  жақсартуды  қамтамасыз  ете  алмайтындықтан, 

профилактика сияқты медицина саласы есебінен ғана шешілуі мүмкін. 

БДҰ  (Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымдарының)  деректері  бойынша 

адам денсаулығы 10 % ғана денсаулық сақтау жүйесіне тәуелді және 50 % өмір 

салтына,  ол  адамның  ортасына,  өмір  сүру  сапасына,  денсаулықты  нығайту 

мүмкіндіктерінің қол жетерлігіне қарай қалыптасады.  

Осыған  байланысты,  салауатты  өмір  салтының  пайдасына  қарай  өзекті 

бола  бастады.  Жоспарлы  қалыптастырудың  негізгі  құралы  адам  денсаулығы 

потенциалының сақталуын және дамуын анықтайтын факторларды күшейтумен 

социумның  барлық  секторларының  кешенді  өзара  әрекет  етуі  болуы  керек. 

Факторларға  адам  өмірінің  физикалық,  экономикалық,  әлеуметтік, 

экологиялық,  мәдени  жақтары  жатады  және  олар  жаңа  әлемдік 

технологиялармен  және  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың  әдістерімен 

өзара алмасуы керек. 

Кейінгі  жылдарда  Қазақстанда  профилактикалық  жағдайды  жақсарту 

белгіленеді. Алайда халық денсаулығының индексі және орташа өмір ұзақтығы 

(2006  жылы  –  66,1  жыл)  дамыған  елдердің  көрсеткіштерінен  қалыс  қалады. 

Жапонияда,  мысалы,  бұл  қазақстандық  көрсеткіштен  14  жылға  артық. 

Қазақстандағы өлімнің көбеюі 1964 жылдан бері қарастырылып келеді, ол кезде 

5,7 % 


санмен белгіленді, ал 2006 жылы 10,27 % дейін өсті. Өлімнің ең үлкен 

үлесі (86 %) жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы тыныс алу 



 

 

 



 

 

82 



аурулары,  қант  диабеті  сияқты  әлеуметтік  маңызды  аурулармен  себептелген. 

Олардың  негізіне  медицина  қызметкерлері  қауіптің  мінез-құлық  факторларын 

қояды, олар темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану және т.б.  

Зерттеулер шылым шегудің зиянын дәлелдеді. Темекінің түтінінде 30-ға 

жуық  улы  заттар  бар:  никотин,  көмірқышқыл  газы,  көміртек  окисі,  көгеретін 

қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б.  

Темекі жапырақтарында болатын және түрлі органдар мен жүйелерге әсері 

бойынша никотин бірінші орын алады. Ол  организмге темекі түтінімен өтеді, 

оның  құрамына  никотиннен  басқа  тітіркендіргіш  әсер  ететін  заттар,  соның 

ішінде  канцерогенді  заттар  бар  (бензпирен  және  дибензпирен),  яғни  олар 

қатерлі  ісіктердің  пайда  болуына  әсер  етеді,  көп  көмірқышқыл  газы  –  9,5 % 

(атмосфералық ауада – 0,046 %) және көміртек тотықтары – 5 % (атмосфералық 

ауада ол жоқ). 

Никотин  жүйкеге  әсер  ететін  уларға  жатады.  Жануарларға  жүргізген 

сынауларда  және  адамдарды  бақылауда  никотин  аз  мөлшерлерде  жүйке 

клеткаларын  қоздыратыны  белгіленген,  демалу  мен  жүрек  қағысының 

жиілеуіне, жүрек айнуға және құсуға әсер етеді. Үлкен мөлшерлерде тоқталады, 

ал  одан  кейін  ОЖЖ  (орталық  жүйке  жүйесінің)  клеткаларының  қызметін  сал 

қылады. Жүйке жүйесінің бұзылуы еңбек қабілеттілігінің, қолдың дірілдеуінің, 

зейіннің нашарлауымен байқалады. 

1-2 

темекі  қорабында  никотиннің  өлімге  әкелетін  мөлшері  бар.  Темекі 



тартушыны,  бұл  мөлшер  организмге  бірден  емес,  ал  бөлшектеліп  баратыны 

құтқарады. 

Статистикалық 

деректерде 

былай 

делінген: 



темекі 

тартпайтындармен салыстырғанда ұзақ тартушылар 13 рет стенокардия, 12 рет 

миокард инфарктімен, 10 рет асқазан жарасымен ауырады. Темекі тартушылар 

өкпе  дертімен  ауратындардың  96-100 % құрайды.  Соның  салдарынан  ауыз 

қуысы,  тамақ  пен  көмей,  асқазан,  өт,  бауыр,  несеп  қуығы  қауіп-қатерге 

ұшырайды. Бұлардың барлығына темекі түтінінде бар заттар әсерін тигізеді.  

Әсіресе  әйел  организміне  қатты  жағымсыз  әсер  етеді.  Кез  келген  әйел  сау 

бала туғысы келуді армандайды. Бірақ, жүкті болу барысында темекі тартуды 

жалғастыра  беретін  болса,  бұл  арманның  орындалуы  мүмкін  емес.  Сонымен 

қатар,  баланың  денсаулығы  мен  ұзақ  өмір  сүруі,  оның  жыныстық  клеткалары 

мен  құрсақта  дамуына  байланысты.  Сперматозоидтер  әрбір  3  ай  сайын 

өздігінен  жаңаруға  қабілетті,  ал  аналық  клеткалар  бала  туғаннан  бастап 

қалыптасатыны  және  көптеген  улы  заттардың  «банкі»  болуы  мүмкін  екені 

белгілі. Токсиндермен уланған аналық клеткалар жиі ұрықтануға қабілетті.  

Никотинмен улану үшін темекі тарту міндетті емес, темекі тартқан бөлмеде 

тұру жеткілікті. Темекі тартпайтын адамдардың бір сағаттың барысында жабық 

темекі иісіне толы бөлмеде болуы төрт темекіні тартуға сәйкес келеді.  

Ішімдік ішу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Қазір ішімдіктерді қолдану 

үлкен  сандармен  сипатталады.  Ішімдіктің  салдарынан  барлық  қоғам  зардап 

шегуде, бірақ, бірінші орында өскелең ұрпақ қауіп-қатерге қойылады: балалар, 

жасөспірімдер,  жастар,  сондай-ақ,  болашақ  аналардың  денсаулығы.  Себебі 

ішімдік  әлі  қалыптасып  үлгермеген  организмге,  оны  біртіндеп  бұза  отырып, 


 

 

 



 

 

83 



белсенді әсер етеді. Ішімдіктің зияны анық. Ішімдіктің организмнің ішіне түсуі 

барысында, ол қанмен барлық органдарға таралатыны және оларға бұзуға дейін 

жағымсыз әсер ететіні дәлелденген. 

Этанолдың әсерімен барлығы бұзылады, бірақ, ең алдымен  – жүйке және 

жүрек-қан тамыр жүйесі. Нашар буындар, тамырлардағы қан ұйықтары, диабет, 

кеуіп  қалған  бас  миы,  іскен  бауыр,  әлсізденген  бүйректер,  импотенция, 

депрессия,  асқазан  жарасы  –  бұл  тек  ішімдіктерге  құмарлық  үшін  өтелетін 

қатерлердің шамалы ғана тізімі. Алкоголизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың 

спирт өнімдерін организмге зиянды әсер ету дәрежелері бойынша бөлуді заңға 

қайшы  деп  санайтыны  әбден  негізді,  өйткені  олардың  арасында  зиянсыздары 

жоқ. Сыра алкоголизмінің бар екені бұрыннан белгілі. Тоғышардың көзінде ол 

шарап пен араққа қарағанда аз қауіпті болса да, оның салдары тым ауыр. XIX 

ғасырда ағылшындар, алкоголизммен күресе келе, күшті ішімдік бұйымдарын 

сырамен  ығыстырып  шығаруды  шешті.  Бірақ,  оны  енгізу  маскүнемдікті 

күшейткендіктен,  «сыра  заңын»  алып  тастауға  тура  келді.  Сыраның    зиянды 

салдары  туралы  естуі  бойынша  Германияның  бірінші  рейхсканцлері  Бисмарк 

сыра алкоголизміне мынадай анықтама берді: «Сырадан жалқау, ақылсыз және 

әлсіз бола бастайды» («әлсіз» терминімен импотенция туралы айтылады).  

Сыраны  мөлшерсіз  ішудің  ең  талқандаушы  және  зиянды  салдары  –  ауру 

жүрек  немесе  неміс  дәрігері,  профессор    Болингер  атағандай  бавар  «сыра 

жүрегі»  болады.  Ол  жүрек  қуыстарының  кеңеюінен,  оның  қабырғаларының 

қалыңдауынан, жүрек буынының жуандауынан, митохондриялардың азаюынан 

көрінеді.  Бұл  көк  тамырлардың  кеңеюіне  және  жүрек  шеттерінің  созылуына 

әкеледі. Солай «сыра жүрегі» немесе «капрон шұлығы» синдромы туындайды, 

онда жүрек қанды нашар шайқайды, босаңси бастайды.  

Бұл  өзгерістер  сырада  көбік  тұрақтандырғышы  ретінде  қолданылатын 

кобальттың  болуымен  байланысты.  Осы  улы  элементтің  сыра  ішетін 

адамдардың  жүрек  бұлшық  еттерінде  болуы  ықтимал  норманы  10  есе 

арттырды.  Сонымен  қатар,  сыра  ішетін  адамдарда  кобальт  асқазанда  ісіп 

қызару  процесін  тудыруы  мүмкін.  Сондай-ақ,  сыра  эндокринді  жүйеде 

өзгерістерге  әкелетін  ауыр  металдар  тұздарынан  тұрады.  Еркектердің 

организмінде  сыраны  жүйелі  ішу  кезінде  ерлердің  жыныстық  гормоны 

тестостеронның  шығуын  басым  ететін  зат  бөлініп  шығады.  Бір  уақытта 

еркектердің  сыртқы  бет-пішінін  өзгертетін  әйелдің  жыныс  гормондары  шыға 

бастайды.  Сыра  ішетін  еркектерде  кеуде  безі  өседі,  жамбастары  кеңейе 

бастайды. Сыра ішетін әйелдер рак ауруына шалдығуы ықтимал, ал егер бала 

емізетін болса, онда балада қояншық ауруы ұстауы мүмкін.  

Адам организмі үшін сыраның зияны өте көп. Бастың ми клеткаларының 

(өле  келе  қанға  түседі,  бүйрекпен  сүзіліп  зәрмен  шығады)  өлуі,  жұлынның 

бұзылуы,  миокардиодистрофия,  бауыр  циррозы,  гепатит,  панкреатит,  гастрит, 

невропатия,  көру  және  есту  анализаторларының  бұзылуы.  Сондай-ақ,  сыраны 

тәулік  сайын  ішу  мен  күре  тамыр  қысымының  жоғарылауы  арасындағы 

тәуелділік дәлелденген.  


 

 

 



 

 

84 



Сыра  алкоголизмімен  ауратын  адамдар  ауруханаға  өте  ауыр  халде 

жеткізіледі,  көп  жағдайда  талмамен  және  ақыл-есінің  адасуымен.  Сыра 

алкоголизмінің негізгі салдары осындай.  

Қазіргі зерттеулерге сәйкес, сыра – бұл, едәуір жасырын есірткі заттарына 

жол  ашатын  бірінші  құпия  есірткі.  Сыраны  ішу  миллиондаған 

отандастырымыздың  тағдырларының  зақымдануының  бірінші  себебі. 

Наркологтар,  ішімдік  ең  жемірлі  есірткінің  түрі  болып  табылады,  ал  сыра 

алкоголизмі ерекше қаталдықпен сипатталады. Осымен сыра вакханалиясының 

төбелеспен, кісі өлтірумен, зорлаумен және тонаумен түсіндіріледі.  

Нашақорлық  –  бұл,  есірткі  пайдалануға  құмарлық,  қатты  елігу,  ол 

организмнің  қатты  бұзылуына,  соның  ішінде,  психикалық  және  физикалық 

қызметтерінің бұзылуына әкеледі. 

Есірткі  –  ол  адамның  миын,  психикасын,  (ішкі  органдарды  –  мидың 

бұзылуы,  жүйке  жүйесі  қызметтерінің  бұзылуы  арқылы)  біртіндеп  бұзатын  у. 

«

Момент» желімі немесе бензин адамдарды 3-4 айдың ішінде, ал қарасора 3-4 



жылдың  ішінде  ақыл-есі  толық  жетілмеген  етеді.  Морфин  қолданатындар  2-3 

айдан  кейін  қызмет  ету  қабілетін жоғалтады, өз-өзіне  қарауды  қояды.  Кокаин 

қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрек жарылуынан, 

не  болмаса,  олардың  мұрын  қалқаны  жұқарып,  қансырап  өледі.  ЛСД  қолдану 

кезінде  адам  кеңістікте  бейімделу  қабілетін  жоғалтады,  онда  ол  өз 

мүмкіндіктеріне  сене  отырып,  ұша  алатындай  сезім  пайда  болады  да,  соңғы 

қабаттан секіреді.  

Барлық  нашақорлар,  қолданатын  есірткінің  түріне  тәуелділіктен  тыс  ұзақ 

өмір сүрмейді. Олар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалтады, 60 % жуық нашақорлар 

есірткіге  бағынғаннан  кейін  бірінші  екі  жылдың  ішінде  өзіне-өзі  қол  жұмсап 

өлтіруге ұмтылады. Олардың басым бөлігінің қолынан келеді. 

Ойынға тәуелділік – ойын құмарлығы (лудомания) жеке тұрғыдан болсын, 

әлеуметтік  тұрғыдан  болсын,  қоғамның  үлкен  мәселесіне  айналды.  Ойын 

құмарлығы  (соның  ішінде  компьютерлік  ойындарға  деген)  әр  түрлі 

салдарларға–  толық  ойсыраудан  бастап  әр  түрлі  деңгейде  психиканың 

бұзылуына, гиподинамияға және өзін-өзі өлтіруге дейін әкелуі мүмкін.  

Бұл  айтарлықтай  үлкен  ауру  екенін  есте  сақтаған  жөн.  Егер  сіз 

туысқаныңыздың,  танысыңыздың  немесе  жақын  адамыңыздың  бойында  ойын 

құмарлығы белгілерін байқаған болсаңыз, онда оны емдеу бойынша шараларды 

тез қолданғаныңыз дұрыс. Әйтпесе, ойын құмарлығы түзелмейтін салдарларға 

әкелуі мүмкін.  

Ойын  құмарлығын  емдеу  тәуелді  болуы  себептерін  анықтауды  және 

олардың уақытында жойылуын алдын ала болжайды. Лудоманиядан емделуге 

болады, ең бастысы уақытында көмек сұрап, жоғары білікті мамандарда емделу 

керек.  


Әдемі  болғысы  келмейтін  адам  жоқ  шығар.  Денсаулық  пен  әдемілік  –  осы 

екі  ұғым  бір-бірімен  үздіксіз  байланысты.  Денсаулықты  елемей  әдеміліктің 

қамын ойлаған дұрыс емес. Себебі әдемілік жиі жақсы денсаулықтың нәтижесі 


 

 

 



 

 

85 



болып  табылады.  Сондықтан,  егер  сіз  әдемілігіңіздің  қамын  ойлайтын 

болсаңыз, онда салауатты өмір салтын жүргізу керек.  

Адамдар өз денсаулығы туралы жанына батқан кезде ғана ойлай бастайды, 

оны  өмірлік  тәжірибе  көрсетеді  және  бұған  әр  адамның  өзіндік  дәлелі  бар. 

Қалыптасқан  жағдайлар  жиі  адамды  өз  бетімен  емделу  жолдарын  іздеуге 

немесе  өз  жақындарына  үйде  көмек  көрсетуге  мәжбүр  етеді.  Ал  бұл 

аурулардың  алдын  біршама  ерте  алуға  болады  және  ол  үшін  қандай  да  бір 

керемет күш қажет емес. Бар болғаны салауатты өмір салтын жүргізу керек. 

 

Уақыттың өзі халықты сауықтандыру қажеттілігін ұсынды, бұл Қазақстан 



Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030» 

«Қазақстандықтардың  өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  жақсаруы» 

атты  Халыққа  Жолдауында  көрініс  тапқан.  Онда  ұзақ  мерзімді 

басымдылықтардың  бірі  болып  Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы, 

білімділігі және амандығы анықталды.  

Тіпті ең экономикалық дамыған ел өз азаматтарының амандығына, егер ол 

мемлекеттік саясат, жалпы қоғамның және жеке адамның тілегі болмаса кепіл 

бере  алмайды.  Мемлекеттің  едәуір  маңызды  мақсаттарының  бірі  халыққа 

жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді ұсыну болуы керек. 

Адамдардың амандығы тікелей олардың денсаулығының жағдайына тәуелді.  

Неміс  философы  Артур  Шопенгауэр  былай  деп  пайымдаған: «Біздің 

бақытымыздың  тоғыз  бүтін  оннан  бір  бөлігі  денсаулыққа  негізделген.    Онда 

барлығы  рахаттылықтың  көзіне  айналады,  онда  онсыз  ешқандай  сыртқы 

дүниелер сүйсіну сезіміне бөлей алмайды, тіпті ой, жүрек, темперамент сапасы 

сияқты  субъективті  құбылыстар  аурушаң  күйде  әлсізденеді  және  басылып 

қалады.  Сондай-ақ,  біз,  ең  алдымен,  бір-бірімізден  денсаулығымыз  туралы 

сұраймыз және бір-бірімізге оны тілейміз: ол шын мәнінде адам бақытының ең 

басты шарты». 

Ауру  және  бишара  болғанша,  сау  және  бақытты  болған  дұрыс  –  бүгінгі 

күннің тіркелген шындығы. Әлемді жігерлі және ынталы тұлғалар басқарады. 

Үлкен  жетістіктерге  жету  үшін  кейін қиналмайтындай үнемі көп  күш жұмсау 

керек.  Адам  салауатты  өмір  салтын  жүргізудің  өзіндік  стилін  өзі 

қалыптастыруы керек.  

 

Әдебиеттер тізімі: 



 

1.  


О здравоохранении в РК. Основные законодательные акты. Алматы, 2004. 

2.

 



Дубровский  В.Н.  Валеология.  Здоровый  образ  жизни.  -  М.:  RETORIKA-А, 

2001. 


3.

 

Марков  В.В.  Основы  здорового  образа  жизни  и  профилактика  болезней: 



Учеб.пособие. - М.: Академия, 2001. 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

86 



Экология және ұлт денсаулығы 

 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік 

 

техникалық университетінің 

ӨЭ және Х кафедрасының 

доценті, т.ғ.к.

 

А.Т. Оралова  

 

 

Адам  мен  оның  табиғи  өмір  сүру  ортасы  өзара  көптеген  күрделі 



құбылыстармен  байланысты  және  бір-біріне  белсенді  әсер  етеді.  Адамдардың 

қарқынды  және  одан  әрі  өсіп  келе  жатқан  қызметі  қоршаған  ортада  әр  түрлі, 

жиі  жағымсыз  өзгерістерге  әкеледі,  бұл,  өз  алдына  адамзат  қоғамында  жиі 

халықтың денсаулығының бұзылуынан көрінетін өзгерістерге септігін тигізеді.  

Бізді қоршаған табиғи ортаға тәуелді денсаулықтың бірнеше аспектілері 

бар.  


1. 

Денсаулық пен аурушаңдықтың экологиялық аспектілері 

Патологияның экологиялық аспектілері алуан түрлі. Олар аутогенді, яғни 

адамдардың  дұрыс  қатынасының  салдары,  және    экзо(эко)генді  –  техногенді 

және табиғи болып бөлінеді.  

«Өмір  салты»  патологияларына  қозғалтқыш  белсенділіктің,  дене  және 

жүйке-эмоциялық  жүктемелердің,  тамақтану  режимінің,  жұмыс  істеудің, 

демалыс  пен  әлеуметтік  қатынастардың  қолайлы  нормаларынан  ауытқумен 

тікелей  немесе  жанама  туындаған  аурулардың  басым  бөлігі  жатады.  Мұнда 

жаман әдеттермен келетін барлық аурулар және кәсіптік аурулар саласының бір 

бөлігі де жатады. Осы аурулардың таралу саласында адамзаттың кемінде үштен 

бір бөлігі ұшырады. Бұл – «өркениет аурулары».  

«Өркениет  аурулары»  адамдардың  денсаулығының  қазіргі  бұзылу 

процестері құрылымында сөзсіз, басым мәнге ие. Оларға барлық инфекциялық 

аурулар:  жүрек-қан  тамырлары  аурулары,  иммунопатия  аурулары,  ісік 

процестері, психикалық аурулар, зат алмасу аурулары, сонымен қатар, асқазан 

аурулары,  созылмалы  демалу  және  тамақ  қорыту  органдарының  аурулары, 

теміреткілер  мен  нейродермиттер,  пародонтоз,  остеохондроз,  анемия, 

невроздар,  бедеулік  және  тағы  да  адам  денсаулығының  бұзылуында  мәні  бар 

бірқатар аурулар жатады.  

Ең  қатерлі  аурулардың  бірі  ісік  болып  табылады.  Олардың  пайда  болу 

себебі толық анық емес, бірақ мамандар оларды «экологияның» және қоршаған 

ортаның  канцерогендермен  химиялық  ластануымен  байланыстырады. 

Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (БДҰ)  деректері  бойынша,  қатерлі 

ісікпен ауратындардың жыл сайынғы саны жер бетінде 7 млн. адамды құрайды. 

Мұндай  аурулардың  диагностикасы  мен  емделуі  ұлттық  бюджетке  үлкен 

ауыртпалық болып жүктеледі. 



 

 

 



 

 

87 



Патологияның табиғи экологиялық аспектілері ең алдымен қауымдасты 

орналастыруы  мен  аурулардың  таралуының  географиялық  факторларымен 

байланысты. Нақты себептерге байланысты олар үш категорияға ыдырайды.  

1.

 



Қалыпты  тіршілік  әрекетінің  бұзылуының  тікелей  себебі  ортаның 

абиотекалық факторлары болуы мүмкін, олар қандай да бір табиғи зонаға тән. 

Мысалы,  үсіктердің,  жылу  соққыларының,  тау-кен  ауруының  зоналық 

климатпен, 

жердің 


биіктігімен 

және 


ультракүлгін 

сәулеленудің 

қарқындылығымен  байланысы  анық.  Жергілікті  геопатогенді  зоналар  туралы 

деректер бар, мұнда радиациялық фонның, геомагниттік өрістің, тектоникалық 

толқындардың  және  басқа  да  факторлардың  жергілікті  үйлесімі  адам 

денсаулығы үшін жағымсыз жағдайды тудырады.  

2.

 

Географиялық факторлардың ролі тамақтанумен байланысты әр түрлі 



бұзылымдарда  байқалады,  онда  ас  немесе  ішетін  суда  ұзақ  уақыт 

ауыстырылмайтын  элементтер  жоқ  немесе  тапшылық.  Бұл  тамақтану 

кемшіліктері  жердің  химиялық  құрамының,  өсірілетін  дәнді  дақылдардың 

жергілікті  ерекшеліктеріне,  егін  шаруашылығы  дәстүрлеріне,  дәнді  өңдеп 

шығаруға және ас әзірлеуге байланысты пайда болған. Жалпы тамаққа жарымау 

кезінде  дамитын  патологиямен  бірге,  тамаққа  жарымаушылықтың  ерекше 

айқындылығы  да  бар.  Классикалық  мысал  ретінде  авитаминоздарды,  йодтың 

жеткіліксіздігінен  туындаған  эндемиялық  зобты  алуға  болады.  Табиғи  ғана 

емес,  әлеуметтік  факторлармен  де  шартталған  тамақтану  ерекшеліктері 

диабеттің,  атеросклероздың,  гипертонияның  таралуына  үлкен  әсер  етеді. 

Дамыған  елдерде  дені  сау  болмаудың  өте  үлкен  факторы  тамақты  көп  жеу, 

артық салмақ және семіздіктің әр түрлері болды. 

3.

 

Көптеген  аурулардың  пайда  болуы  мен  таралуы    қоршаған  ортаның 



биотикалық  құрамды  бөліктерімен  -  вирустармен,  бактериялармен,  ең 

қарапайым,  түрлі  паразиттермен  және  оларды  тасығыштарымен,  әр  түрлі 

жануарлармен  байланысты.  Осы  агенттердің  таралуына  микробтық  және 

паразитарлық инфекциялардың географиясы да тәуелді. Көптеген жағдайларда 

патогенді организмдердің және тасығыштардың экологиясы, оларды таратудың 

ортасы  мен  циклдері  аурудың  экологиясын  анықтайды.  Солай,  грипп 

эпидемиясының  циклділігі  белгілі  бір  түрде  азиялық  үйректерді  көшіру 

экологиясына  байланысты.  Алайда  мұнда  да  жиі  табиғи  агенттің  ғана  болуы 

емес,  антропогенді  факторлар:  адамдар  тобының  жиналуы,  физикалық 

қатынастардың  жиілігі,  көшірулер,  тауарлармен  қоздырғыштарды  әкелу, 

гигиеналық  жағдайлар,  сонымен  қатар  осы  инфекцияда  иммунитеттің  болуы 

немесе жоқ болуы да шешуші фактор болып табылады. 

2. 

Денсаулық  көрсеткіштерінің  қоршаған  ортаның  ластануымен 



байланысы. 

Денсаулық  жағдайын  қалыптастырудағы  ерекше  роль  адам  қызметінің 

техногенді аспектілеріне жатады. 

Қоршаған ортаны ластау үнемі әр түрлі аурулардың қауіпті көзі болған. 

Адамдар, өздерінің тұтынуына және қолдануына қажет етілмеуіне қарамастан 

едәуір  көп  заттарды,  материалдар  мен  нәрселерді  тарта  отырып,  бұрыннан 



 

 

 



 

 

88 



бастап өздерін шығарындылар мен қалдықтармен қоршаған. Ластанудың тағы 

бір  көзі  болып  саналатын  үйретілген  жануарлардан  басқа,  адамдарды  үнемі 

бізбен  ұласқан  организмдер  қоса  жүретін  болды,  яғни  әр  түрлі  микробтар, 

кемпірауыздар,  биттер,  тарақандар,  шыбындар,  тышқандар,  егеуқұйрықтар, 

сонымен  қатар  көптеген  эндопаразиттер,  гельминттер.  Адамда  тіршілік  ете 

немесе  антропогенді  органикамен  қоректене  отырып,  олардың  басым  бөлігі 

биотикалық  айналымға  соңғысын  қосуға  әсер  етті,  бірақ  бір  уақытта  қауіпті 

инфекциялардың көзі болып табылады.  

Гигиена мен санитарияны дамыту, қатты дезинфекциялау құралдарын, ал 

әрі қарай арнайы уларды  - биоцидтерді және пестицидтерді қолдану адамның 

қоршаған  ортаның  ластануының  сапалы  өзгеруіне  әкелді.  Онда  биогенді 

органика, патогенді организмдер мен оларды тасығыштар аз, не болмаса, қалай 

болғанда  да,  олармен  түйісу  жиілігі  төмендеді,  бірақ  синтетикалық  ластаушы 

заттар мен басқа да техногенді агенттер көбейді. Қазіргі ластағыштардың үлкен 

қатарына  қарай  адам  организмі  тиімді  иммундық  қорғауға  ие  емес.  Сонымен 

қатар,  ластағыштар  мутагендер  болып  табылады  және  патогенді  микробтар, 

вирустар  мен  басқа  агенттердің  қауіпті  модификацияларының  пайда  болуына 

әсер етуі мүмкін.  

Халықтың  денсаулығына  орта  сапасының  әсер  етуінің  едәуір  сенімді 

сандық бағасы қаланың әр түрлі аудандарындағы тұрғындардың аурушаңдығын 

салыстыру  кезінде    алынды:  ластану  деңгейі  қаншалықты  жоғары  болса, 

халықтың аурушаңдығының көрсеткіші соншалықты жоғары.  



Ерекше техногенді экопатологиялар, қатты уланулармен салыстырғанда, 

шағын,  субкритикалық  және  көбінесе  сезілмейтін  техногенді  ластанулардың 

нәтижесінде  дамиды.  Мысалы,  қазіргі  американдықтың  қаңқасы  бірінші 

мыңжылдықтың  ортасында  Мексика  аборигендерінің  сүйектеріне  қарағанда 

1000  есе  көп  қорғасыннан  тұратыны  белгіленген.  Өнеркәсіптік  аудандардағы 

адамдардың шаштары, тырнақтары құрамында қорғасын, кадмий және басқа да 

элементтер  бар.  Көп  жағдайларда  бұл  «симптомға  дейінгі»  улану.  Бүгінде, 

қазіргі адамзат көпшілігінің жалпы аурушаңдығына оның қосқан үлесі бар ма 

және  ол  қаншалықты  жоғары.  Қандай  да  бір  агенттің  биоаккумуляциясының 

сындарлы мәнінің жетістігі организмге ауруға әкеледі.  

XXI 

ғасырдың  басына  қарай  биоортаның  тағдыры  адами 



құндылықтардың  басымдылықтарына  тәуелді  екені  анық  болды.  Қоршаған 

ортаның 


техногенді 

өзгерістері 

адам 

организмдерінің 



бейімделу 

мүмкіндіктерінен бірталай озып шығады.  

Едәуір  маңызды  өзгерістер  атмосфералық  ауада    -  адам  өмірінің  негізгі 

ортасында  болады.  Қарағанды  облысының  өзінде  ғана  ортамен  атмосфераға 

1400  мың  тоннаға  жуық  әр  түрлі  ластағыш  заттар  (қатты  заттар,  күкірт 

ангидриді, көміртек оксиді, азот оксиді және т.б) лақтырылады. Біздің аймақта 

300 мыңға жуық адам демалу органдары ауруымен ауырады, 50 мыңға жуығы 

тері  және  тері  өзегі  ауруларымен  ауырады.  Адам  үшін  әсіресе  ауаны 

уландырып  ластау  үлкен  қауіп  тудырады.  Атмосфералық  ауаны  өте  қауіпті 

ластағыштардың бірі - диоксиндер. Бұл бүгінгі күннің белгілі уларының ішінде 



 

 

 



 

 

89 



ең улысы. Бала туу функциясының бұзылуымен қатар, олар адамның иммундық 

жүйесіне  кері  әсер  етеді,  жүйке  жүйесін,  бауырды,  миды,  теріні  бұзады, 

канцерогендер  болып  табылады.  Диоксиндер  шығарындыларының  көздері 

химиялық, целлюлоза-қағаз және металлургия өндірістері, Еуропада – көбінесе 

қоқыс  жаққыш  зауыттар  болып  табылады.  Диоксиндердің  басым  көлемі 

қоқыстарды  және  ағаштардан  түскен  жапырақтарды  жағу  кезінде  қоршаған 

ортаға  түседі.  Соңғысы  ерекше  қауіпті,  себебі  қаланың  ішінде  жүргізіледі; 

зиянды заттар біздің организмге бөгетсіз кіреді және оны бұзады.  

Ауыз суының сапасы – халықтың  денсаулығына әсер ететін айтарлықтай 

маңызды  фактор.  Сонымен,  су  көздерін  қорғау,  суды  дұрыс  қолдану  мәселесі 

өнеркәсіптік  кәсіпорындар  сияқты  ірі  тұтунышыларға  ғана  емес,  әрбір  елді 

мекеннің кез келген тұрғыны үшін де өзекті мәселе болып отыр. 

3. 

Жеке  экологиялық  қауіпсіздік  және  тұрғын  үй  қауіпсіздігінің 



экологиялық факторлары. 

Адам  денсаулығы  үшін  оның  тұратын  үйі,  медицина  қызметкерлері 

айтқандай –  «тұратын  ортасы»  негізгі  мәнді  иеленеді.  Өмірінің  едәуір  бөлігін  

адам  үйде  өткізеді  және  дәл  осында  ол  экологиялық  қауіпті  және  зиянды 

әсерлерден қорғалған болуы керек.  

Тұрғын үйді ластаудың келесі факторларын ажыратады.  

3.1 

Ауаны ластау. Тұрғын үйлерді ластаудың әр түрлерін үш үлкен топқа 



шартты  түрде  бөлуге  болады:  химиялық,  физикалық  (жылу,  электрмагниттік, 

шулы,  дірілді)  және  биологиялық.  Олар  ең  алдымен,  ластау  көздерімен 

ерекшеленеді. 

Тұрғын  үйлердің  ішінде  ауаның  ластануы  көптеген  көздердің  әсерімен 

пайда  болады,  сондай-ақ,  жиі  бұл  деңгей  сыртқы  ауада  артады,  ал  оның  

өзгешелігі  қатты  көрінеді.  Тұрғын  үй  ғимараттарының  ішіндегі  ауаның 

құрамын  зерттеу  нәтижесінде  адамға  әсер  етуі  мен  улылығы  бойынша 

ерекшеленетін 80-нен астам зат сәйкестендірілді.   

Адам үшін қауіпті емес ауаның құрамын қолдау үшін, оның қай ауданда 

өмір  сүретіні  өте  маңызды.  Жиі  қоршаған  ортаны,  сонымен  қатар,  тұрғын 

аудандарындағы  ауаны  ластау  автокөлік,  от  қазандары  және  өнеркәсіп 

кәсіпорындарымен пайда болады.  

Ғимараттарда  ауаны  химиялық  ластау  бірінші  көзқарасқа  шағын  болып 

көрінеді,  адам  үйде  өмірінің  маңызды  бөлігін  өткізетіндігін  және  осы  әсерге 

үнемі ұшырайтындығын ескере отырып, ауаның сапасы өте маңызды. Ол көңіл-

күйге,  жұмыс  қабілеттілігіне  және  денсаулыққа  байланысты.  Пәтер  ауасында 

бар  ластағыш  заттар,  тіпті  шағын  көлемде  басқа  орта  параметрлері: 

температурамен,  ылғалдылықпен  және  т.б.  үйлесімділікте  ауруларға  шалдығу 

қаупінің факторы бола алады. 

Жеке  салынған  үйлерде  ауаны  ішкі  ластау  көзі  жылыту  жүйесі  болып 

табылады. Күштің жеткіліксіздігі және ауа алмасымы кезінде бөлмеде жоғары 

улы  жану  өнімдері:  көміртек  оксиді,  азот  және  күкірт  оксиді,  күйік, 

бенз(а)пирен және т.б. жиналады.  


 

 

 



 

 

90 



Көп  қабатты  үйлерде  ластану  процесі  едәуір  күрделі  механизмдерге  ие. 

Құрылыстық  конструкциялар  мен  қоршауларда,  жиһазда  және  икемді  зиянды 

заттардың  адсорбциясы  маңызды  роль  атқара  алады.  Ішкі  қоршаулардың 

мұндай элементтеріне ара жабын тақтасының тар төсемі, ара қабырғалық және 

қабырғалық  панельдер  арасындағы  түйістер  және  т.б  жатады.  Қабаттылықты 

жоғарылатумен  бөлмедегі  ауаның  физикалық  қасиеттері  мен  химия-

бактериялық көрсеткіштері нашарлайды. Жоғарғы қабаттардың төмендегілерге 

қарағанда ауа ортасы көбінесе ластанған.  

3.2 

Ауа  айналымы.  Адам  –  ғимарат  –  қоршаған  орта  жүйесінде  ішкі  үй 



және  қоршаған  ортаның  өзара  тығыз  байланысы  бар.  Тұрғын  үйде  сыртқы 

ауаның  кіруі  арқылы  үнемі  ауа  айналымы  болып  отырады.  86  бастап  100% 

ластану  сыртқы  ауамен  бірге  кіреді.  Атмосфералық  ауадан  бөлмелерге  күкірт 

газы, көміртек окисі, шаң, тотық, қорғасын түседі.  

Сыртқы  ауаның  бөлмеге  түсуіне  ғимараттың  сыртқы  және  ішкі 

конструкцияларының  алғырлығы  әсер  етеді.  Ластану  жағдайларында  тұрып 

жатқан  ауданның  метеожағдайлары,  соның  ішінде,  жел  маңызды  роль 

атқарады.  

3.3 

Ауаны  иондау  және  құрамында  озонның  болуы.  Ауаның  иондалуы 



деңгейлерінің өзгеруі бөлмелерде адам өмірі үшін жағымсыз екені дәлелденген. 

Бөлмелерде  аэроиондардың  құрамы  әлі  жеткілікті  зерттелмеген.  Адамның 

болуы  кезінде  жеңіл  иондардың  саны  азаяды,  ал  ауыр  иондардың  саны 

көбейеді. Жабық жел кірмейтін бөлмелерде ауа тез иондалмаған болады, жеңіл 

иондар тұрғысынан ауаның түрі өзгереді, бұл адам денсаулығы үшін қауіпті.  

Жеңіл аэроиондардың құрамында азайту адамдар санына пропорционал. 

Жеңіл  аэроиондардың  шығыны  оларды  адам  демалған  кезде,  сонымен  қатар, 

жеңіл  иондардың  ауыр  иондарға  берілуі  ауада  өлшенген  бөлшектерде  отыру 

арқылы болады.  

Адамның  ауаны  «таза  емес»  ретінде  қабылдау  жеңіл  иондардың 

жоғалуымен  байланысты  деп  болжайды.  Ауыр  иондар  улы  болып  саналады. 

Ішкі бөлмелердің ауасының иондалғандығы табиғи себептерге және техногенді 

әсерлерге  тәуелді.  Ауаның  табиғи  иондалуы  (антропогенді  ластануларсыз) 

ғарыштық  және  радиоактивтік  сәулеленулермен,  құрылыс  материалдарының, 

қоршаулардың, ғимараттардың сәулеленулерімен анықталады. Ауаның иондық 

құрамы  электр  өрісінің  көздеріне  тәуелді:  теледидар  қабылдағыштары, 

тоңазытқыштар және т.б. тұрмыстық құрылғылар. 

Жасанды иондау үшін әр түрлі типті иондағыштарды қолданады: басты, 

радиоактивтік,  термиялық,  ультракүлгін,  гидродинамикалық  және  т.б. 

Иондағыштарды  қолдану  озонның,  азот  оксидінің  пайда  болуына  әкеледі, 

олардың  шоғырлануы  ықтимал  нормативтерден  жоғары  болуы  мүмкін, 

сондықтан,  иондағыштарды  қолдану  кезінде  осы  көрсеткіштерді  бақылау 

қажет. Ластанған ауаны иондауға болмайды.  

3.4 


Шаң.  Тұрғын  үйлерді  ластауда  шаң  маңызды  роль  атқарады. 

Бөлмедегі  ауа  мен  сыртқы  ауаның  арасында  тікелей  тәуелділік  анықталған. 

Атмосфералық ауадан өлшенген заттардың оннан бір бөлігі бөлмелердің ішіне 


 

 

 



 

 

91 



түседі.  Шаңдатудан  келетін  зиян  дегеніміз  шаңның  бөліктері  пәтердегі 

инсоляция режимін бұза отырып, жарыққа (бөлмедегі табиғи жарық) сіңеді. 

Ауаны  шаң  мен  газдардан  жасыл  желектер  жақсы  тазартады.  Жапырақ 

беттерінің  бір  шаршы  метрі  орташа  1,5…10  г  шаңды  тұндырады.  Шаң  беті 

үлкен  жабысқақ,  қылшықты  жапырақта  өте  жақсы  басылады.  Бұл  теректің, 

жөкенің,  түт  ағашының,  катальпаның  және  т.б  жапырақтары.  Қылқан 

жапырақты  өсімдіктер  шаңды  тоқтататыны  қызық.  Қылқан  жапырақтың  бір 

массасына  жапырақтардың  бір  массасына  қарағанда  шаң  1,5  есе  рет  көп 

қонады. 

3.5 


Полимерлік, синтетикалық және құрылыстық материалдар. Адамның 

өмір  сүру  ортасы  үшін  қауіптілік  көзі  полимерлік  материалдар  болып 

табылады.  XX  ғасырдың  соңында  ол  тым  кең  таралды.  Соған  қарағанда, 

олардың ролі алдағы кезеңдерде артатын болады, себебі табиғи материалдарды 

қолдану, мысалы, ағаштардың, табиғи ресурстардың қолайсыз таусылуымен. 

Полимер  материалдардың  қолданылу  саласы  өте  кең.  Сонымен,  соның 

ішінде құрылыста әр түрлі полимерлердің 100-ден астам атауы бар. Едендерді, 

қабырғаларды  қаптауды,  жылумен  оқшаулауды,  қымтауды,  терезе  және  есік 

блоктарын,  панельдер-ара  қабырғаларды,  аспалы  төбелерді  және  т.б.  енді 

полимерлік  материалдар  мен  пластмассалар  арқылы  жасайды.  Өкінішке  орай, 

материалдардың  барлығы  дерлік  қоршаған  ортаға  улы  химиялық  заттарды 

бөледі.  

Улардың  көзі  фенолформальдегидтік  және  несеп  нәр-формальдегидтік 

негіздегі  ағаш-жоңқа  плиталары  болып  табылады.  Олар  ауаға  фенол, 

формальдегид,  аммиак  бөледі.  Тағы  бір  ластау  көзі  –  синтетикалық  кілем 

бұйымдары,  олардың  көбісі  ауаға  стирол,  изофен,  күкірт  ангидридін, 

ацетальдегидті бөледі.  

Дыбыспен  және  жылумен  оқшаулау  үшін  қолданылатын  шыны 

пластиктері метакрил қышқылы, толуол, бутанол, формальдегид, фенол, стирол 

негізінде шығарылады.  

Қазіргі  лактар  мен  бояулар  бөлмедегі  ауаны  толуолмен,  ксилолмен, 

бутанолмен,  бутилметакрилатпен,  бутил-ацетатпен,  этилцетатпен,  және  басқа 

да  денсаулыққа  зиянды  органикалық  заттармен  ластану  көздері  болып 

табылады.  

Осы  ұшпа  заттар  қосындыларының  бөлмедегі  ауада  шоғырлануы, 

олардың  аталған  материалдардың  бөлінуіне,  сонымен  қатар,  микроклимат 

параметрлеріне,  ең  бастысы  ауа  температурасы  мен  ылғалдылығына 

байланысты. Органикалық ұшпа заттардың бөліну қарқындылығын анықтайтын 

басты фактор – температура факторы. Температура қаншалықты жоғары болса, 

ластағыш  заттар  соншалықты  көп  бөлінеді.  Осындай  заңдылық  ауа 

ылғалдылығына  да  қатысты  бақыланады.  Мұнда  ауа  қозғалысы  қандай 

мағынаға ие  екені  түсінікті: барлық осы  «ішкі»  ластанулар  ауа  айналымының 

ұлғаюымен азаятын болады.  

3.6  Антропотоксиндер.  Химиялық  қосылыстармен  қатар,  гигиенистерді 

зерттеу объектісі антропотоксиндер болып табылады. 


 

 

 



 

 

92 



Адам  тіршілік  әрекеті  процесінде  қоршаған  ортаға  әр  түрлі  заттарды 

бөліп шығарады. Қазір 400-ге жуық атауы бар. Адамнан бөлінетін кейбір заттар 

жоғары  қауіпті  заттарға  жатады.  Бұл  әсіресе  желдетілмейтін  бөлмелерде 

байқалады. Желдетілмейтін бөлмелердің ауа ортасы адамдардың санына және 

осы бөлмелерде олардың келу уақытына пропорционал. Осы ереженің сенімді 

дәлелдері көптеген зерттеулермен алынған.  

Көп  адам  жиналатын  бөлмелерде,  қысқа  уақыт  кезінде  де  (2....4  сағат) 

олардың  хал-жағдайына  және  ақыл  қабілетіне  жағымсыз  әсер  етеді.  Мұндай 

жағдайларда кейбір заттардың шоғырлануы аса жоғары болуы мүмкін. 

Антропотоксиндердің  ішінде  адамға  ең  жағымсыз  әсер  ететін  көміртек 

диоксиді,  аммиак,  фенол,  ацетон,  көміртек  оксиді,  аминдер,  спирттер,  майлы 

қышқылдар. 

3.7 

Микроорганизмдермен ластану. Биологиялық ластану біршама бұрын 



ластанудың  ерекше  түрі  ретінде  талдана  бастады.  Адамның  барлық 

қызметіндегі  тұрақты  серіктері  микроорганизмдер:  бактериялар,  өңездер, 

микроскопиялық саңырауқұлақтар. 

Бөлмеде өмір сүретін кейбір микроорганизмдер өте қауіпті болуы мүмкін. 

Шаңда  микроскопиялық  биттер  мен  бактериялар  өмір  сүреді.  Олар  әр  түрлі 

ауруларға  әкеледі.  Шаңда  кір  бөлшектері  адсорбцияланады,  шаң  –  күшті 

аллерген. Бөлмеде шаңды сүрту және ылғалды жинау көп деңгейде ластанудың 

осы түрінің деңгейін төмендетеді. 

Жоғарыда  айтылғандардан,  біздің  өмір  сүру  жағдайымыз  тікелей 

денсаулығымызға  әсер  ететінін  түсінуге  болады.  Сондықтан,  жақсы 

денсаулықты  қамтамасыз  етудің  аспектісі  гигиена  мен  үйді  тазалықта  ұстау 

болып табылады.  

Адамның  үйі  бірқатар  талаптарды  қанағаттандыруы  керек.  Ол  адамның 

дұрыс  өмір  сүре  алатындай,  белсенді  жұмыс  істей  біліп,  демалысын  және 

қалаған интерьерін құруға, үй шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдайларды 

қамтамасыз  ете  алатындай  болуы  керек.  Маңызды  шарты  өмір  сұраныстары 

мен  өмір  салтына  сәйкес  психика-эмоциялық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру 

болып  табылады.  Жақсы  тұрғын  үй  адамның  физикалық  және  психикалық 

денсаулығына әсер етеді, ол еңбек қызметі кезінде жиналған жүйкенің күшеюін 

басуға  ғана  мүмкіндік  жасамайды,  сонымен  қатар,  ішкі  дүние  үйлесімділігін 

бірқалыпқа  келтіруге,  отбасында  тыныш  және  қолайлы  атмосфераны  жасауға 

да ықпал етеді.  

Өмір  сүру  ортасы  гигиеналық  талаптарды  сақтаумен  қамтамасыз  етілуі 

керек.  Экология  тұрғысынан  бұл,  экологиялық  факторлардың  деңгейі,  ең 

алдымен, қолайлы болуы керек дегенді білдіреді. Олардың қатарына мыналар 

жатады: 


 

ауданмен жеткілікті қамтамасыз етілу; 



 

адам  үшін  қолайлы  температура  жағдайларын  қамтамасыз  ететін  жылу 



режимі; 

 



ауаның  жақсы сапасы,  ауада  экологиялық  қауіпті  ластағыш  заттардың  жоқ 

болуы; 


 

 

 



 

 

93 



 

жеткілікті инсоляциядан тұратын қалыпты жарықтандыру режимі – тұрғын 



үйге  табиғи  күн  сәулесінің  түсуі,  сонымен  қатар,  жасанды  жарықтандырудың 

қолайлы режимі; 

 

жалпы экологиялық қауіпсіздік, соның ішінде адамға қоршаған орта арқылы 



шу, электр-магниттік сәулелену әсерлері сияқты зиянды әсерлердің жоқ болуы, 

тұрғын  ұй  ауасына  ластағыш  (улы,  канцерогенді,  мутагенді)  заттардың  түсуі, 

сапасы нашар суды және асты пайдалану;   

 



эпидемиологиялық  тұрғыдан  үйдің  қауіпсіздігі,  қолданыстағы  гигиеналық 

нормативтерге жауап беретін санитарлық жағдайлар. 

Бірқатар талаптар үй салу кезінде әр түрлі ережелермен, санитарлық және 

құрылыстық  нормалармен  алдын  ала  ескерілген.  Олар  сәулеттік  шешімдерде 

көрініс  табады.  Сәулеттік  кеңістік  дәстүрлі,  «салауаты»  өмір  салтын,  жұмыс 

істеуді,  демалуды,  үйде  бос  уақытты  өткізу  мүмкіндігін  ескерумен 

жоспарланады. Осы ережелерге сәйкес, қазіргі тұрғын үй жақсы жабдықталған 

және  қызметтің  қызметтік  зоналарына  бөлінген,  жылумен,  жарықпен,  ауа 

қолайлылығымен қамтамасыз ететін болуы керек.  

Дамыған елдерде кейінгі жылдарда талаптарды жоғарылатуға және ішкі 

тұру  ортасының  параметрлерін  қатайтуға  тенденциялар  байқалады.  80-шы 

жылдарда  гигиенамен,  техникамен  және  экологиялық  таза  энергия  көздерін 

қолданумен  байланысты  «экологиялық  тұрғын  үй»  идеясы  пайда  болды.  ГФР 

мамандары ұсынған  «Экологиялық  тұрақ»  -  бұл,  күн  және  жел  сияқты  «таза» 

энергия  көздерін  пайдалану  арқылы  энергиямен  жабдықтаудың  барлық 

түрлерін  қамтамасыз  ететін  төрт  қабатты  үй.  Пәтерлерді  жоспарлау  мұндай 

үйде  оңтүстік  жаққа  бағытталған,  үйдің  оңтүстік  бөлігі  бойынша  шыны 

оранжереялар  орналастырылған,  қоршаулар  мен  ара  жабындар  сәйкес 

конструкцияларға ие.  

Қайда болмасаң да (үйде, далада, жұмыста, ЖОО-да), осы уақыт ішінде 

немен айналыспасаң да, біз, қоршаған орта факторларының әсерінде боламыз. 

Бұл  факторлар  бізге  тек  жағымды  әсер  етуі  үшін,  біз,  өз  тарапымыздан 

қоршаған  табиғи  ортаға  дәл  осылай  жағымды  әсер  етуіміз  керек.  Қоғам  мен 

биоортаның,  адам  мен  табиғаттың  кооэволюциясы,  біздің  өзара  үйлесімді 

тіршілік етуіміз – міне, адамзат өркениетінің алдағы дамуының негізгі мақсаты 

осы. 


 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Акимова  Т.А.,  Хаскин  В.В.  Экология.  Человек-экономика-биота-среда.  М.: 

ЮНИТИ, 2007. 

2.

 

Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М.: ФАИР-ПРЕСС, 



2003. 

3.

 



Лукашев К.И. и др. Человек и природа. – М.: Наука и техника, 1984. 

4.

 



Хоружая Т.А. Оценка экологической опасности. – М.: Книга сервис, 2002.  

 

 

 

 

 



 

 

94 



Мазмұны  

 

Кіріспе....………………………………………….…………….…………….……...3 



 

Омарова Н.К. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай...………….4 

 

Әкімбекова Б.Б. Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың зардаптары ...11 

 

Шерембаева Р.Т. Балқаш көлінің проблемасы......……....……………...…..…..16 

 

Малыбаева М.Қ. Арал теңізінің проблемасы…………...…………….………...22 

 

Сейітбеков С.А. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері.....………………...27 

 

Бакланова Е.Н. Трансшекаралық өзендер проблемасы ..…..………...…..……33 

 

Қабылбекова  Г.К.  Байқоңыр  космодромы  және  оның  қоршаған  орта 

жағдайына әсер етуі   ...........................…………………..………………………..41 

 

Хожина Ж.Х. Әскери полигондардың экологиялық жағдайға әсері..….............44 

 

Серых  Н.В.    Қалдықсыз  өндіріс  экологиялық  мәселелерді  шешу 

факторларының бірі ретінде.………….…………………...........……....................50 

 

Цой Н.К.  Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу ………………..….......55 

  

Арқалықова С. АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ алдын алу.......................................61 

 

Вернер О.В. Жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алу...............................68 

 

Бакланова Е.Н.  Салауатты отбасы – салауатты ұлт..…………………………..72 

 

Исабаева М.Б. Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі.....................................76 

 

Дербуш С.Н. Салауатты өмір салты……………………....….……...…………...81 

 

Оралова А.Т. Экология және ұлт денсаулығы......................................................86 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

95 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

      



ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен. 

 

 



ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ 

 

6-

кітап 

 

2-

ші басылым, өңдел. және толық. 



 

 

Құрастырушы-aвторлар:  Г.А. Байжабагинова, Л.Г. Матвеенкова, А.В. Волкова, 

А.К.  Сламбекова,  Н.К.  Омарова,  Б.Б.  Әкімбекова,  Р.Т.  Шерембаева,  М.К. 

Малыбаева,  Ж.Х.  Хожина,  Г.К. Қабылбекова,  С.А.  Сейітбеков,  Н.В.  Серых,  А.Т. 

Оралова, М.Б. Исабаева, Е.Н.  Бакланова, С.Арқалықова, О.В. Вернер.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

31.03.2004 



ж. берілген № 50 мемл.баспа лиц. 

Басуға 15.12.2011 ж. қол қойылды. Тапсырыс 1925. 

Пішімі 60х84х16.  Есептік баспа табағы  5,6. Таралымы  3  дана. 

Бағасы келісімді. 



ҚарМТУ баспасы. 100027. Қарағанды. Бейбітшілік бульвары, 56

 

Document Outline

  • Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру
    • Тіпті ең экономикалық дамыған ел өз азаматтарының амандығына, егер ол мемлекеттік саясат, жалпы қоғамның және жеке адамның тілегі болмаса кепіл бере алмайды. Мемлекеттің едәуір маңызды мақсаттарының бірі халыққа жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету үшін...
    • Ауру және бишара болғанша, сау және бақытты болған дұрыс – бүгінгі күннің тіркелген шындығы. Әлемді жігерлі және ынталы тұлғалар басқарады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кейін қиналмайтындай үнемі көп күш жұмсау керек. Адам салауатты өмір салтын жүргі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет