Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі экология және ұлт денсаулығЫ



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2413
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер тізімі: 

 

1. 


Габов Ю. А.  Экологическая безопасность Казахстана (мифы и реальность).  

    


Астана, 2006. 

2. Исмаилов Ч. Экономико-географические условия. Развитие нефте-газово- 

    

химического комплекса в Прикаспийских районах.  Баку, 2003. 



3. 

Мамедов Р.. Формирование Международно-правового статуса Каспийского  

    

моря в постсоветский период / Р. Мамедов// Центральная Азия и Кавказ. -   



    2000.  

4

. Баркелиев Т. Главные экологические проблемы Каспийского моря.  



    //

Экспертиза, 2002. 

 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

34 



Трансшекаралық өзендер проблемасы  

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік 

техникалық университетінің  

ӨЭ және Х  кафедрасының 

 

аға оқытушысы  

Е.Н. Бакланова  

 

 



Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  барлық  сулар,  өзендер,  көлдер, 

мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына 

енетін  бірыңғай  су  қорын  құрайды,  олардың  жалпы  қоры  450  км

3

 



дейін 

бағалайды. 

Қазақстан  өзендерін  қоректендіретін  негізгі  көздер  мұздықтар  болып 

табылады, олардың ауданы 2 мың км

2

, ал көлемі - 98 км



артық немесе Балқаш 

көліндегі  судың  көлеміне  тең.  Абляция  мерзімінде  (маусымнан  қыркүйек 

айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, 

жаз  өте  ыстық  болғанда  -  6  м-ге  азаяды.  Ірі  мұздықтар  Жоңғар  Алатауында  

(

көлемі  46  км



3

), 


Іле  Алатауында  (28  км

3

),  Теріскей  Алатауында  (11  км



3

), 


Алтайдың  қазақстандық  бөлігінде  (3,5  км

3

)  және  Талас  Алатауында  (2,3  км



3

болады. 



Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 

мың  өзен  ұзын  арнасымен,  олардың  ұзындығы  10  км-ден  артық.  Маңызды 

өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен 

және  кіші  Өзен,  Торғай,  Ырғыз,  Нұра,  Шідерті,  Сілеті,  Сарысу,  Арыс,  Талас, 

Шу,  Қаратал,  Іле,  Ақсу,  Лепсі  және  т.б.  өзендерді  жатқызуға  болады.  Үлкен 

және  кіші  Алматы,  Қаратал,  Есік  өзендері  бастауын  таулардан  алады,  оларда 

сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі 

тасқын  мерзімінде  жағадан  асып  кетеді.  Қазақстан  өзендерінің  орташа 

алғандағы  көп  жылғы  ағыстары  шамамен  101 км

құрайды, олардың ішінде тек  



56,5  км  ғана  республика  аумағында  қалыптасады.  Қалған  көлемі  -  44,0  км

3

  



шекаралас мемлекеттерден келіп түседі. 

Республикада 48 мың көлдің ауданы  1 га астам жерді алып жатыр. Орташа 

тереңдігі  –  1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы,  

Алакөл көлі,  тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты –  37 м, Шортанды –  

31 м, Марқакөл – 27 м және Балқаш –  26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл – 

Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені – 74 км-ге дейін, судың көлемі –  112 

км

3



Екінші  орында  –  Алакөл  көлі,  ұзындығы  104  км  және  ені  52  км,  судың 

көлемі –  56,6 км

3



Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен 



Қарой,  Шағын  Қарой,  Шағалалы  Теңіз,  Теке,  Қосмұрын,  Марқакөл,  Шалқар, 

Сарықопа,  Қамыстыбас,  Арыс,  Жалаулы,  Қарасор,  Индер  және  т.б.  жатады. 

Қазақстан  көлдеріндегі  судың  жалпы  көлемі  –    190  км

3



олардың  ішіндегі  ең 

тұщысы –  шамамен 20 км

3



 

 

 



 

 

35 



Бұдан басқа республикада шамамен  4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар. 

Жер  үсті  су  ресурстары  республика  бойынша  біркелкі  таралмаған.  Шығыс 

Қазақстанда  –    200-290  мың  м

3

/км



2

 

барынша  қамтылған,  ең  аз  қамтылған  – 



Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін 

м

3



/км

2



Қазақстанның  жер  асты  суларының  қоры  61  км

3

деп  бағаланады,  соның 



ішінде  тұщысы  –  шамамен  58  км

3



Жер  асты  суларының  ресурстары  жылына 

15,1  км


3

 

балансталған  пайдалану  қорлары  бар  жер  асты  суларының  623    кен 



орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз 

ету үшін –  жылына 6,1 км

3



өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км



3

суармалы 



жерді суару – жылына 8,0 км

3

; бальнеологиялық (минералды) сулар – жылына 



0,01 км

3



Ең  үлкен  қор  –  республиканың  шығысы  мен  оңтүстігіндегі  тау  етегіндегі 

аудандарда  жинақталған,  ең  аз  қор  –  солтүстік  және  орталық  аудандарда, 

Каспий мен Арал маңында. 

Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын 

суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды 

игеруге  кететін  маңызды  шығындарды  талап  етеді.  Жер  асты  суларын 

пайдалану  деңгейі  әзірше  жоғары  емес  және  жылына  1,2  км

3

 



немесе  7,9 %  

құрайды. 

Қазақстанның барлық өзендері ішкі және тарнсшекаралық деп бөлінеді. 

Қазақстан  Республикасының  барынша  созылып  жатқан  ішкі-жер  үсті 

өзендері  - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 

км-ге дейін) болып табылады. 

Қазақстанның  ішкі-жер  үсті  сулары  экологиялық  апат  жағдайында.  Бұл 

аталған  өзендердің  негізгі  проблемасы  көктемгі-жазғы  су  тасқындары 

тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады. 

 2002 


жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, 

фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер 

үсті  суларды  негізгі  ластаушылар  өнеркәсіптік  және  ауыл  шаруашылығы 

кешендері болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  негізгі  ірі  трансшекаралық  су  объектілері 

Орал, Тобол, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады. 

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және 

экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар. 

Трансшекаралық  су  объектілерінің  жағдайы  айрықша  қатер  төндіріп  тұр. 

Соңғы  жылдары  бұл  өзендердің  ластануы  шекті  рауалы  концентрация 

деңгейінен бірнеше есе асып кетті  (1-5 ПДК). 

Трансшекаралық  сулардың  нашарлаған  жағдайына  байланысты  өңірлер 

бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет. 

Су  ресурстарының  экологиялық  жүйесі  жеткілікті  байланысқан,  біртіндеп 

құлдырау  үстінде  және  су  ресурстарының  биожүйесін  сақтау  мен  қолдау 

бойынша  келісілген  бірлескен  әрекет  ету  үшін  барлық  трансшекаралық 

мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.   


 

 

 



 

 

36 



Тиісті  ведомствалармен  көршілес  елдермен  трансшекаралық  өзендер 

ресурстары  мен  су  қоймаларының  суды  пайдалану  проблемасын  реттеу 

бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Қазақстанның  бұл  мәселедегі  іс-әрекеті 

халықаралық  құқықтық  актілер  негізінде,  көбінесе,  2000  жылы  23  қазанда 

республикада  ратификацияланған  трансшекаралық  су  ағыстары  және 

халықаралық  өзендерді  қорғау  мен  пайдалану  туралы  Конвенция  негізінде 

жасалады. Көршілес мемлекеттер – ҚХР, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан 

және  Өзбекстан  –  осы  конвенцияға  қатыспаған  елдер  болып  табылады, 

сондықтан  трансшекаралық  су  проблемаларын  реттеу  бойынша  жұмыс 

күрделілігін тудырады. 

Республиканың  барлық  су  объектілерінің  сапалы  жағдайы  өндірістің 

құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін  

қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр. 

Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану 

деңгейі  нормадан  40  есеге  дейін  артып  кетеді.  Қазақстан  Республикасының 

СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті 

үлесі артуда және  11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, 

Қызылордада  -  18,9,  Ақтөбеде  -  17,6,  Астанада  -  16,0 %).  Микробиологиялық 

көрсеткіштерге  сәйкес  келмейтін  су  сынамасының  меншікті  салмағы 

республика  бойынша  тұтастай  алғанда  8%  құрады  (Қызылорда  облысында  - 

18,7,  Алматы  қаласында  -  41,0 %  құрайды).  Қазақстан  бойынша  ағынды 

сулардың  жылысып  түсуі  4,0  млрд.  м

3

 

құрайды  (соның  ішінде  Қарағанды 



облысы  -  1036,  Павлодар  облысы  -  921,1,  Маңғыстау  облысы  -  667  млн.  м

3

 



құрайды). 

Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 

%) 

жер  үсті  су  объектілеріне  ластанған  ағынды  сулардың  жылыстап  келуіне 



қосқан үлесі жоғары. 

Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол 

өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта 

өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді. 



Ертіс өзенінің экологиясы 

Су  жүйесінде  және  олардың  құрамдас  бөлігінде  химиялық  элементтердің 

жинақталуының  негізгі  көздері  –  түпкі  түзілімдер  –  Ертіс  бассейні  аумағында 

тау  қазбаларында  табылған  үстіңгі  беттері,  олардың  үйінділері,  байыту 

фабрикаларының қоймасы және өнімдер қоймасы, үйінді өнімдері, металлургия, 

химия-металлургия,  химия,  машина  жасау,  жылу-энергетика  кәсіпорындары 

және  құрылыс  индустриясы  кәсіпорындарының  өнеркәсіптік  пайдаланылған 

суларын  өзенге  ағызу,  сондай-ақ  олардың  өнеркәсіптік  шығарындыларын 

атмосфераға  шығару  болып  табылады,  ол  шығарындылар  кейін  жер  бетіне 

шөгеді. 


Топырақтан  ластану  көздерінің  келуі,  мысалы,  Ертіс  өзені  бассейніндегі 

жер  үсті  су  ағыстарындағы  қорғасын  70  т/жыл  деңгейде  бағаланады.  Алаң 

көздерінен  келетін  ТМ  келу  көлемін  Ертіс  өзені  бассейніндегі  жер  үсті  су 

ағыстарын ластанудың балансын есептеу кезінде ескеру қажет.  



 

 

 



 

 

37 



ТМ ластаушылары өңірдегі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын 

химияландыру құралдары болып табылады. 

Ертіс  өзеніндегі  суды  және  оның  ағыстарын  өнеркәсіптік  ластанудың 

әмбебап индикатор элементтері мыс, мырыш, қорғасын, хром болып табылады. 

Көрсетілген  ТМ  мазмұны  Ертіс  өзені  бойында  және  оның  оң  жақ  саласында 

ШРК мүлдем асып кетеді. ШРК артуының қайталануы санитарлық-тұрмыстық 

және балық шаруашылығы пайдалану есебінен, мыс үшін - 100 %, мырыш үшін 

- 66 %, 


қорғасын үшін - 27 %, хром үшін - 82 % құрайды. 

Жоғарыда  көрсетілген  металдар  бойынша  ШРК  қайталануы  Қазақстан 

бойынша алғанда 55-65 %-ға жоғары. Қазақстанда табылған осы ингредиенттер 

бойынша  қауіпті  құбылыстардың  негізгі  бөлігі  (85-90 %) Ертіс  бассейнінің 

үлесіне  келеді.  Әсіресе  ТМ  ластануымен  байланысты  қауіпті  құбылыстар  тек 

осы бассейнде ғана байқалады. 

Ертіс  үшін  маңызды  экологиялық  проблема  оның  суын  Қытай  жағы 

өнеркәсіптік  мақсаттар  және  иррагациялық  жүйелер  үшін  жинауы  болып 

табылады. 1999 жылы басында ҚХР ауыз су және өнеркәсіпті сумен қамтамасыз 

ету үшін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Қара Ертіс суын Қарамай 

мұнай кәсіпшілігіне бұрып әкелу үшін канал құрылысы басталды, соңғы кезде 

жаңа су қоймасының құрылысы туралы белгілі болды. 

Алдын  ала  есептеулер  бойынша  Қытай  каналында  суды  максимум  жинау 

өзен  суының  жалпы  көлемінен  10-11 % құрайды,  Хельсинки  келісімінде 

қарастырылған  шамаға  қарағанда  12 %-ға  аз.  Қара  Ертістің  орташа  жылдық 

ағысы  -  9  км

3



бірақ  жылдық  ағыстың  шамасы  маңызды  тербелістерге 



ұшыраған. Егер суы көп жылдары судың көлемі 20 % құрайтын болса, онда су 

таяз  жылдары  Қара  Ертіс  ағысының  50 % құрауы  мүмкін,  ал  бұл  күрделі 

экологиялық және экономикалық проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 

Қазақстан ғалымдары биоөнімдерді қайта жаңартудың бірегей орындарына 

қатер төніп тұр деп санайды, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының  өзін-өзі 

тазартатын қабілеті маңызды түрде нашарлауда, себебі Қытайдан Ертіс өзеніне 

нитраттармен  және  мұнай  өнімдерімен  ластанған  су  келіп  түседі.  Өскемен 

ауданындағы  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  лақтырындысының  қолданыстағы 

көлемін  сақтау  кезінде  Ертіс  өзені  ағысының  азаюы  өзен  суының  ластану 

деңгейінің  ұлғаюына  әкелуі  мүмкін.  Әрине,  бұл  ауыз  судың  сапасын 

нашарлатады (Ертіс өзені – Семей мен Павлодар қалаларын сумен қамтамасыз 

етіп отырған жалғыз көз, ал Ертіс-Қарағанды  каналы – Орталық Қазақстанды 

сумен  қамтамасыз  етіп  отырған  негізгі  көз,  Қарағанды  қаласын  -  90  %  және 

облысты  -  50 %  сумен  қамтамасыз  етіп  отыр).  Өз  кезегінде,  бұл  халықтың 

денсаулығына келеңсіз әсерін тигізеді. 

Сырдария өзенінің экологиясы  

Сырдария  өзенінің  су  ресурстары  негізінен  Қырғызстан  аумағында 

қалыптасады,  Тәжікстан  мен  Өзбекстан  аумақтары  арқылы  өте  отырып, 

Қазақстанға келеді. Тау аумағынан келетін өзен суларының сапасы төмен қарай 

аққан  кезде  күрт  нашарлайды,  сондықтан  таулардан  өзендер  аққан  кезде 

орташа  және  төменгі  ағыста  оларға  жоғары  минералдау  тән.  Бұл  ретте 



 

 

 



 

 

38 



ластаушылардың  негізгі  көздері  гербицидтер,  пестицидтер,  минералды 

тыңайтқыштар, судың, суармалы жердің және ауыл шаруашылығының жалпы 

минералдануын  қалыптастыратын  иондар  қосылысы  болып  табылады. 

Өнеркәсіптік, 

коммуналдық-тұрмыстық 

объектілер 

негізінен 

ауыр 


металдармен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен және т.б. ластайды.  

Судың  ащылығы  топырақ  қабатының  сортаңға  айналуына  әкеледі, 

грунттың  екінші  реттік  сортаңдауын  дамытады  және  дақылдардың  түсімін 

маңызды түрде азайтады. 

Екінші  рет  топырақтың  сортаңға  айналу  нәтижесінде  күріш  алқабында 

тұзды  шөлдің  жаңа  дақтары  қалыптасады.  Қатты  сортаң  жерге  айналған  

ауданның  өзі  тек  Қызылорда  облысының  өзінде  ғана  40  мың  га  (13,9  %), 

орташа сортаңға айналған жер - шамамен 200 мың га (69,4 %), әлсіз сортаңға 

айналған жер - 43 мың га (16,7 %) құрайды. Нәтижесі көрсетіп отырғандай, бұл 

өңірдегі  сортаңға  айналмаған  жер  күріш  себілген  алқаптар,  суармалы  жердің 

мелиорациялық жағдайын сипаттамайды. 

Жыл  сайын  Сырдария  өзеніне  ластанған  850  млн.  м

3

 

пайдаланылған  су 



ағады,  олардың  210  млн.  м

3

 



Қызылорда  облысы  бойынша  сульфат-натрийлі  

құрамы бар 1,5ден 6,0 г/л дейінгі минералдауды құрайды. 

Әсіресе шиеленіскен жағдай соңғы жылдары Ферғана аңғарындағы шағын 

өзендер  суларының  сапасының  күрт  нашарлауымен  байланысты  (Қасансай, 

Падша-Ата,  Исфайрам,  Сох,  Исфара,  Ахангаран,  Чирчик).  Соңғы  15-20  жыл 

ішінде  осы  өңірдегі  тұрғындар  санының  күрт  артуымен  байқалады,  ал  бұл 

табиғи  және  су  объектілерінің  экологиялық  жағдайына  жүктеменің  күрт 

ұлғаюына  әкеліп  соқты.  Осы  өңірдегі  елді  мекендердің  барлық  ағыс  сулары 

тазартусыз  өзендерге  лақтырылады,  осылайша  күрделі  санитарлық-

эпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.  

Сырдария  өзенінің  төменгі  сағасындағы  ашық  су  қоймаларында  шекті 

рауалы  концентрациядан  (ШРК)  жоғары  пестицидтердің  болуы  10-200 

сынаманың біреуінде, құдық суларында  - 5-30, құбырмен келетін суларда - 20-

35 


сынамада байқалады. Азық  түлік өнімдерінде пестицидтер  көбінесе  жеміс- 

жидектерде - әрбір 50-сынамада, азықтарда  - әрбір 30-50 сынамада кездеседі. 

Таулар  арасындағы  шұңқырлар  мен  аңғарлар  шегіндегі,  сондай-ақ  тау 

беткейлері, алқаптары мен өзен сағаларындағы жер асты суларының үлкен бір 

бөлігі  беттік  ағыстармен  тікелей  байланысты.  Жер  үсті  өзен  суларының 

көлемінің қысқаруы және олардың сапасының нашарлауы жер асты суларының 

тиісті  көрсеткіштеріне  тікелей  әсер  етеді.  Бұл  ретте  жер  үсті  суларының  жер 

асты суларымен гидравликалық өзара байланысы жер үсті сулардың да, сондай 

ақ  жер  асты  суларының  да,  әсіресе  өзен  ағыстары  мен  дамыған  суландыру 

аймақтарындағы қалыпты сапасының толықтай жоғалуына әкелді. 

Өзен  сулары  сапасының  нашарлауының  басты  себебі  суармалы  жер 

ауданын күрт ұлғайту болып табылады, бұл ретте су ресурстары тек толықтай 

жойылып  қана  қойған  жоқ,  бірақ  сапасы  жағынан  да  сарқылды.  Өзен  ағысы 

таудан  ағыс  түзетін  аймақтан  бастау  алатын  жерде  суаруға  бөлінеді.  Өзен  

ағысына орташа алғанда олардың артық ағысы ғана және коллектор-дренажды 


 

 

 



 

 

39 



желісінің  ағысы  ғана  құйылады.  Сырдария  өзені  бассейніндегі  коллектор-

дренажды сулардың жалпы көлемі жылына 12-14 км/жыл жетеді, оның 10 км

3

  

өзенге қайтадан құйылады, ал 2-4 км табиғи түрде төмендеуге бұрылады.  



Осыған  сәйкес  өзендердің  гидрологиялық  және  гидрохимиялық  режимі 

өзгерді.  Аңғардың  орташа  бөлігіндегі  өзендердің  толық  емес  барлық  ағысы 

оның  төменгі  ағысының  жоғарғы  бөлігінде  суару  үшін  екінші  рет  алына 

бастады.  Соның  нәтижесінде  өзінің  меншік  төменгі  ағысына  табиғи  ағыстың  

келуін тоқтатты. Өзен ағысы бұл жерде дренажды ағысты басты қабылдағыш 

қызметін атқарды. Оның мысалы Сырдария, Қарадария мен Нарын өзендерінің 

жоғары және орташа ағысы қызмет етуі мүмкін. Сырдария өзені  Шардара су 

бөгетіне дейінгі дренажды және ақаба суларды жалғыз су қабылдағышы болып 

табылады, өйткені басқа су қабылдағыштар болмайды. 

Сырдария  өзенінің  жер  үсті  ағыстарын  қарқынды  реттеу  орташа  ағыста, 

әсіресе  төменгі  ағыста  гидрологиялық  режимнің  маңызды  өзгерісінің 

нәтижесінде оның өздігінен тазарту жағдайы күрт нашарлайды. 

Соңғы  жылдары  Сырдария  өзені  бассейнінде  өткір  пайда  болған  қарама 

қарсылық  жоғарғы  ағыста  су  ресурстарының  үлкен  бөлігі  қалыптасуы  болып 

табылады.  Бұл  ретте  судың  энергетикалық  потенциалын  пайдаланатын  суды 

пайдаланушылардың  мүдделері  басым  тұрады,  су  ресурстарын  күзгі  қысқы 

мерзімде  барынша  жиі  қолданылады,  төменде  орналасқан  суармалы  жерге  су 

өсімдіктердің өсіп өну және даму кезеңінде қажет. 

Сырдарияның  бірегейлігі  өзен  суларын  пайдаланудың  жоғары  сапасынан 

тұрады.  Әлемде  осыған  ұқсас  су  объектілер  аз,  олардың  пайдаланылатын 

ресурстары  олардың  қолдағы  көлемінен  асып  кетеді.  Төменгі  ағыс  бойынша 

Сырдарияның өзен ағысына қайтып келген қайтару ағысы түріндегі шамамен 40 %  

көлемі  қайтадан  пайдаланылады.  Соның  нәтижесінде  пайдаға  асыру  процесінің 

осыған ұқсас қарқындылығы су сапасына айтарлықтай әсерін тигізеді және күрделі 

экологиялық проблемалардың себепкері болып табылады. 

Өзен  ағысының  қысқаруы,  Сырдария  өзеніндегі  жалғыз  су  көзінің 

ластануының  жоғары  деңгейі,  Арал  теңізінің  таяздануы,  экологиялық  жүйенің 

табиғи  тепе  теңдігінің  бұзылуы  қоршаған  ортаға  теріс  әсерін  тигізеді, 

популяциялық  сипаттаманы  және  осы  өңірдегі  халық  денсаулығының 

көрсеткіштерін нашарлатады. 

Ластанудың  жоғары  дәрежесі  Қазақстанның  басқа  өзендері  үшін 

белгіленген.  Мысалы,  Үлек  өзені  –  Оралдың  негізгі  ағысы  –  Алға  химиялық 

зауытының АҚ («Фосфорхим») және Ақтөбе хром бұйымдары зауытының ААҚ   

бор  мен  хроммен  ластанды.  Ластану  көздері  осы  кәсіпорындардың  сүзгісіз 

салынған шлам жинақтағыштары болып табылады.  

     

Әдебиеттер тізімі: 

 

1. 


Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск, 2005. 

2. 


Дускаев К.К. Трансграничные проблемы водных отношений Республики   

    


Казахстан. Экология и устойчивое развитие. 2004. № 2 

 

 

 



 

 

40 



3. 

Панин М.С. Загрязнение бассейна Иртыша тяжёлыми металлами. Экология  

    

Сибири, Дальнего Востока и Арктики – 2001 г. Материалы междун. конф. –  



    

Томск, 2001. 

4. Жанбеков Х.Н. Накопление и миграция тяжёлых металлов вводном бассейне  

    


р. Сырдарьи. Вест. МОН РК, 2001. № 3. 

5. Жанбеков Х.Н. Пестицидное загрязнение речного бассейна р. Сырдарьи.   

    

Вест. МОН РК, 2001. № 6. 



6. Жанбеков Х.Н Современная химическая характеристика водного бассейна р.  

    


Сырдарьи. Доклады НАН РК, 2004. № 4. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

41 



Байқоңыр космодромы және оның қоршаған орта 

жағдайына әсер етуі  

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік 

техникалық университетінің  

ӨЭ және Х  кафедрасының 

 

аға оқытушысы  

Г.Қ. Кабылбекова  

 

 



 

 

   



           

Байқоңыр  космодромы  Оңтүстік  Қазақстан  аумағындағы  (Қызылорда 

облысы)  Қызылқұм  шөліндегі  Арал  маңындағы  бөлікке  орналасқан.  Ол  1955 

жылы  негізі  қаланған,  бірақ  өзінің  ғарыштық  қызметін  Жердің  алғашқы 

жасанды серігін  – 1957 жылы 4 қазанда жіберуден бастады. 1957 жылы  4 қазан 

мен  2001  жылғы  10  желтоқсан  аралығында  ракета  тасығыштардың  көмегімен 

орбитаға әр түрлі тағайындалған 1237 ғарыш аппараты ұшырылды. 70 ұшыру 

апатты болып саналды. 

          

Байқоңырды  Қазақстан  Республикасы  20  жыл  жалға  беру  шартымен 

Ресей Федерациясына пайдалануға берген. Қазіргі кезде жалға беру шартының 

мерзімі тағы да  50 жылға ұзартылды.  

 

Байқоңыр  космодромының  қызметі  қазіргі  заманғы  өркениеттің  барлық 



атрибуттары бар мекен ету және өндірістік қызметтің үлкен кешені ретінде көп 

қырлы  болып  табылады  және  ластану  объектілерінің  үлкен  мөлшерін 

тудырады.  Космодром  аумағында  ракета  тасығыштарды  дайындау  мен  іске 

қосуды  қамтамасыз  ету  үшін  техникалық  және  стартты  кешендер,  май  құю-

залалсыздандыру 

станциялары, 

тоңазытқыш  орталықтары, 

зарядты-


аккумуляторлық  станциялар,  химия  өндірістері  мен  бірқатар  басқа  объектілер 

орналасқан.  

     

Ракета-ғарыштық  техника  қоршаған  ортаға  космодромның  өзінен  және 



құлау  ауданынан  әсер  етумен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Ол  атмосфераның, 

тропосфераның  төменгі  қабатына,  төменгі  стратосфераға,  озон  қабатына, 

ионосфераға және Жердің жоғары атмосферасына әсер етеді. 

 

Ракета-ғарыштық 



техниканы 

пайдалану 

кезінде 

атмосфераға, 

стратосфералы озонға қоса алғанда, сондай-ақ төсем бетіне және экожүйеге  – 

ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктері құлайтын аудандарға әсер етеді.  

 

Ракета-ғарыштық  қызметтің  ракета-тасығыштардың  жекелеген  бөліктері 



құлайтын аудандардағы қоршаған табиғат ортасына келеңсіз әсер етудің негізгі 

факторлары мыналар болып табылады: 

топырақтың жекелеген бөліктерінің, ракета отындары  компоненттерінің  жер 



беті және грунт суларының ластануы; 

ракета-тасығыштардан бөлінген жекелеген конструкцияларының элементтері 



құлайтын аудандар аумағының ластануы; 

 

 

 



 

 

42 



ракета-тасығыштарды  енгізу  және  іске  қосу  құралдарының  сатысы  құлаған 

кезде  жарылыстар  болуы  мүмкін,  соның  әсерінен  жергілікті  өрт  ошақтары 

пайда болуы мүмкін;  

топырақ  пен  өсімдіктер  дүниесінің  механикалық  бұзылуы,  соның  ішінде 



ракета-тасығыштардың жекелеген бөліктерін келесі пайдалану кезінде.  

 

Мысалы, 1960 ж. 24 қазанда Байқоңыр космодромының 41-алаңқайында 



әлемдік  ракета  техникасы  саласындағы  ең  үлкен  апат  орын  алды  –  Р-16 

континент аралық ракетаның екінші сатысында қозғалтқыштың старт үстелінде 

рұқсат  етілмеген  түрде  іске  қосылды.  Соның  нәтижесінде  жарылыс  пен  өрт 

кезінде  әр  түрлі  деректер  бойынша  92-ден  150  адамға  дейін  қайтыс  болды, 

соның ішінде РВСН Бас қолбасшысы артиллерия маршалы М.И. Неделин және 

Басқару жүйесінің бас конструкторы Б.М. Коноплев болды.  

 

Бірақ  экологиялық  шығынды  барынша  азайтуға  мүмкіндік  беретін 



технологиялар әзірлемесі тек апатпен ғана байланысты емес. Сол американдық 

«Шаттл»  қонуға  дайындалған  кезде  әрбір  рет  сайын  отынның  артық  қорынан 

құтылады, ол отынды атмосфераға «құяды». Ал бұл дегеніміз  – бірнеше тонна. 

Ракета-тасығыштардан бөлінген  жекелеген бөліктері  де жерге өте  улы  жанар-

жағар май қалдықтарын қалдырады. 

 

Ракета  отыны  —  СДМГ  (симметриялық  емес  диметилгидразин)  және 



шетелде  пайдаланылатын  оның  аналогтары  (гидразин,  монометилгидразин 

және т.б.) — су қоймаларына келіп түседі. Ал оның химиялық төзімділігі және 

улылығы  тым  жоғары    —  шекті  мүмкін  концентрациясы  0,02  мг/м

3

 



құрайды. 

Оны  залалсыздандыру  тәсілдері  мен  ластанған  суды  тазарту  әдістері  әзірше 

белгісіз. Сондықтан СДМГ және оның аналогтарында қамтылатын өнеркәсіптік 

ақаба  суларды  жалпы  канализацияға  ағызуға  жол  берілмейді:  қолданылатын 

технологиялар  олармен  де,  оның  улы  туындылырымен  де,  мысалы,  қуатты 

канцерогенмен — нитрозодиметиламинмен басқарыла алмайды. 

 

Зерттеулер  ракета-тасығыштарды  ұшыру  жоғары  атмосфераға  маңызды 



әсер ететінін көрсетті. Бұл ретте оның химиялық құрамы өзгеруі мүмкін және 

динамикалық,  жылу,  электрмагниттік  әсер  ету  байқалуы  мүмкін.  Аталған 

барлап білу ракета тасығыштарды ұшырғаннан кейін шамамен  1 сағат ішінде 2 

мың км -ге дейінгі ара қашықтықта ионосфера құрылымының жартылай қайта 

құрылуы  пайда  болуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді,  ол  әр  түрлі  масштабтағы 

ионосфераның толқынды ұйытқуларының пайда болуына апарып соқтырады.   

 

Ракета-ғарыштық  өнеркәсіп  кәсіпорындары  жер  асты  атмосферасына 



ракеталы техниканы іске қосуға келеңсіз әсер етудің азаюымен жұмыс істейді, 

алайда  бұрынғыша  жер  асты  атмосферасына  және  озондық  қабатына  ракета  -

тасығыштардың    ұшырудағы  әсер  ету  дәрежесі  стратосфералық  озонның 

маңызды азаюымен сипатталады.  

 

Қарағанды  облысы  Ұлытау  ауданында  45  жыл  бойы  ракеталардың 



алғашқы сатысының жергілікті құлау орны ретінде пайдаланып келеді, тек 2000 

жылы  ғана  бұл  жерге  30  ракета  құлады.  Тек  2000  жылы  ғана  15  «гептил» 

ракета, он төрт «Протон» және бір «Днепр» құлады. Бірақ 2000 жылы соңғы он 

жыл  ішіндегі  табысты  жылдардың  бірі  болды.  2001  жылы  Байқоңырдан  18 



 

 

 



 

 

43 



ракета ұшырылды, олардың 9-ы «гептил» болып табылады: алты «Протон», екі  

«Стилет» және бір «Циклон». Әрбір бөлінетін алғашқы сатыда, сарапшылардың 

пікірі бойынша 3 тоннаға дейін жанар-жағар май гептилінің пайдаланылмаған 

кепілді қоры жерге төгіледі. Бұл ретте егер оның шекті мүмкін концентрациясы 

1  км

3

 



ауаға  1  кг  болып  табылса,  онда  Ұлытау  ауданы  улы  заттармен 

қаншалықты уланғанын болжауға болады. 

 

Бұл,  сөзсіз,  ракета  техникасының  қалдықтары  және  оның 



пайдаланылмаған  жағар  майы  аудан  тұрғындарының  денсаулығына  келеңсіз 

әсер  етеді.  Ғылыми  зерттеулердің  деректері  бойынша  аудан  халықтарының 

орташа  өмір  сүру  ұзақтығы  бар  болғаны  55  жасты  құрайды.  Егер  республика 

бойынша  жаңа  туған  балалар  өлімі  мың  балаға  шаққанда  18  баланы  құраса, 

онда  Ұлытау  ауданында  жаңа  туған  балалар  өлімі  мың  балаға  шаққанда  40 

баланы құрайды. 

 

Ракета-тасығыштардың  жекелеген  бөліктері  құлайтын  аудандардағы 



ракета-ғарыштық  қызметтің  келеңсіз  экологиялық  және  әлеуметтік-

экономикалық  зардаптарын  азайту  мақсатында  осы  ауданда  тұратын 

тұрғындардың  денсаулығын  қамтамасыз  ету  бойынша  іс  шаралар  жүргізілуде 

және  ракета  құлаған  ауданды  паспорттандыру  жүргізілуде.  Ракета-

тасығыштардың  жекелеген  бөліктері  құлайтын  және  ракета  отыны  төгілетін 

аудандардағы  жергілікті  тұрғындарға  және  өңірдің  қоршаған  ортасына  әсер 

етуін  бағалау  бойынша  кешенді  медициналық  және  арнайы  зерттеулер 

жүргізілуде. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет