Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет32/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68

Литература 

1

 

Новейший философский словарь. - Минск: Книжный дом, 2003.- 1280 с.  



2

 

Платон. Диалоги. - М: Мысль, 1986. (А.Ф. Лосев. Введение).- 607 с. 



 

 

 



 

240 


Б. М. Рахметов 

Ақмола облысы 

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНЫҢ 



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

  

 Ғылым  мен  техникалық  прогрестің  даму  барысында  қоршаған  орта  мен  қоғам 



арасындағы  қарым-қатынастың  қарама-қайшылықтары  айқын  байқалады.  Біз  өмір  сүріп 

отырған  ғасыр  адамзат  баласының  мекен  ортасында  іс-әрекеттің  ерекшелігімен 

сипатталуда.  Елбасының  «2030»  бағдарламасында  қазіргі  адам  өлімінің  20  пайызы 

экологиялық жағдайға байланысты екендігі анықталды. Уақыт талабын жүзеге асырудың 

тиімді жолы экологияға жақын пәндерді экологияландыру. Осы орайда география пәнінің 

мүмкіндігі  мол.  Орта  мектептегі  география  пәнінің  бағдарламасында  экологиялық 

мәліметтер  болғанмен,  оны  пән  ретінде  оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері  енгізілмеген. 

Сондықтан  да  әрбір  сабақтарымда  тақырыпқа  сәйкес  экологиялық  тәрбие  беруді  басты 

назарда  ұстаудамын.  Осыған  орай  Ақмола  облысының  рекреациялық  аудандарының 

экологиялық  мәселерін  зерттей  отырып,  оны  сабаққа  пайдалану  негізгі  бағыты.  Ақмола 

облысының «Бурабай» және «Көкшетау» ұлттық парктерінің  рекреациялық  мақсаттарға  

қолайлы      территориялар    көбіне  жоғары  салмақты  сезінеді.  Ең  үлкен  қауіп  тудыратын 

адамдардың әсерінен туындайтын орман  өрттері, яғни, курорттық зонаның қонақтарымен 

және көптеген туристердің  салдарынан туындайтын  өрттер.  

ҚР  Президентінің  Жарлығын  жүзеге  асыру  мақсатымен  №474  2004  жылдың  11 

маусымынан  "Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  бірегей  және  сирек  кездесетін  

ландшафтарды қорғау шаралары"  2006-2008 Шортан-Бурабай курорттық зонасын дамыту 

Программасы  құрылды.  Ғылым  аясында  облыстардың  жеке-жеке  аудандарында  көңіл 

бөлініп  зерттелуі  жаңа  бетбұрыс.  Осындай  жаналықтардың  бір  өкілі  яғни  табиғи 

ресурстарының, агрожүйесінің, территорияларының қарастырылуы жаңа бағыттағы еңбек. 

Жалпы  мемлекетімізде  орны  ерекше  болып  табылатын  табиғи  объектіміздің 

жағдайының  мәселесі  өсуде.  Ормандарды  рекреациялық  мақсаттарда  кеңінен  қолдану, 

әсіресе,  табиғи  ұлттық  парктердің  өртке  орану  қаупін  туғызады.  Жалпы  өрттенген 

аумақтың  70  %-ын  алатын  жерлер  туристер  демалатын,  жол  жиектерінде  және 

рекреациялық  мақсаттарда  қолданылып  жатқан  жерлердің  еншілерінде.    Бұл  осындай  

адам  көп  жүретін  жерлердегі  ормандар  жиі  өртенеді,  бірақ    оны  өрт  сөндірушілер  тез 

тауып өртті сөндіретінін  түсінуге болады. Ал адамдар сирек жүретін орман аумақтарында 

өрт  өте  аз  болады  және  олар  жалпы  орман  өртінің  жанған  аумағының  5%-  ын  ғана 

құрайды. Ал адамдар өте көп немесе аз болатын аумақтарда  жалпы өрт болған аумақтың 

1,7 га мөлшеріндегі орташа деңгейін алады. Ұлттық парктердің территорияларының ауасы  

басқа  ауданаралық  аумақтар  сияқты  өндірістік  қалдықтар  мен  жергілікті  қоқыстардың 

салдарынан  ластанады  [10].  Ауаның  лас  бөліктерінің  көбі  еуропалық  аймақтардан  және 

Оралдан - 32% ,  Қарағанды-Теміртау ТПК -  28% жақтарынан келеді. Ал   лас ауалардың 

20%-ы    Павлодар-Екібастұз  ТПК  және  20%  -  ы  Омбы-Түмен  жақтарынан  келеді  екен. 

Ұлттық  парктердің  ауасының  ластануы  ауданаралық  ауа  ауысуы    әсіресе,  суық  жыл 

мезгілдерінің  тұсында  болады  екен.  Ауаның  қалдықтармен  ластануының  көлемін 

тексергенде ауаның жалпы ластануының  78, 8%-ы  жаз айларында автокөліктермен көп 

ластанады деген қорытынды жасалды. Ал, егістіктерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 

ауаның  ластануы  көбіне  қалалардың  өндірістік  қалдықтар  төккен  кездегі    қыс  айларына 

келеді деп көрсетті.  

"Бурабай"  және  "Көкшетау"  МҰТП-нің  атмосфералық  ауасын  ластаушылардың 

басқа көздері Бурабай поселкісіне жақын маңда орналасқан Қотыркөл, Зеренді, Саумалкөл 

және тағы да сол сияқты пештері бар  ауылдар болып табылады.  Сонымен қатар, жақын 

жерлердегі  демалу  мекемелері  де  атмосфералық  ауаның  ластаушы  көздері  болып 

саналады.  Мысалға,  "Бурабай"  МҰТП-нің  курорттық  зонасының  аумағында  орналасқан 


 

241 


котелдердің жалпы саны 51 бірлікті құрайды. Оның жалпы санының ішіндегі    36 котел 

қатты  ерітулер  саласында  жұмыс  жасайды  және  солардың  арасындағы  18  котелге  ғана 

шаң газ тазарту құрылғылары орнатылған.  

Қалған атмосфералық ауаны ластау көздерінің 15-нің 14-і сұйық ерітінділермен, тек 

біреуі ғана газбен жұмыс жасайды.  

Айтылғандай, атмосфералық ауа көбіне жаз мезгілдерінде ластанады және оның өсу 

көрсеткіші мына суретте көрінеді. 

 

Сурет  1.  "Бурабай"  және  "Кокшетау"  ұлттық  парктерінің  автотұрақтарындағы 

көліктердің саны 

  Қатты қалдықтардың қалыптасуы топырақ  деградациясының  ластаушы көзі болып 

табылады. Бұл жағдайда  топырақтың ластану көрсетіші  өте жоғары болады және қайта 

қалпына  келтіру  мүмкіндігі    болмайды.    Төгілетін  қалдықтарды  қайта  қалпына  келтіру 

немесе  оларды  көму  үшін  үлкен  көлемде  материалдарға  қаржы  бөлінуі  тиіс.  Қатты 

қалдықтарды көму барысында қажетті технологияларды сақтамаса, уақыт өте келе қатты 

қалдықтар көмілген жерлер  қоршаған ортаға үлкен кері әсерін  тигізуі мүмкін.   

  Қалдық  полигондарын  тазалау  үшін  арнайы  техникалар  жұмыс  жасайды.  ҚТҚ 

полигандары    1,5    биіктікпен    және    3-4  м    ұзындықпен    орын  алады.    Бұл  қоршау 

қалдықтардың  басқа  территорияларға  түсіп  кетпеуі    үшін.    ҚТҚ  полигондарында 

жиналатын    қалдықтарды    сұрыптау  өтетіні    айта    кеткен  жөн  және  сұрыптау  күні-түні 

орындалады.  

 

Сурет  2. Зеренді ауданының ҚТҚ қалыптасуының   

динамикасы  мыңдық  тоннамен 

 

 Сурет  3. Щучье  ауданындағы ҚТҚ қалыптасу динамикасы  мыңдық  тоннамен 

Щучье,  Бурабай,  Саумалкөл  және  Зеренді  аудандарының  қатты  қалдықтарды 

қабылдауы негізінен негізгі  үш жұмыс жасайтын  аумақтарға бөлінген. Біріншісі  – аумақ 

қарапайым тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін, екіншісі – құрылыс қалдықтарын жинау 

үшін, ал үшіншісі – мал   өліктері үшін. Бірақ Зеренді ауданында төртінші аумақ бар. 

 Оған  сұйық   тұрмыстық қалдықтар жиналады (суреттер 4). 


 

242 


 Зеренді ауылына төгілетін қатты қалдықтардың   мөлшерінің   жылдық   көрсеткіші  

5300 м


3  

 құрайды.  

Оның ішіндегі ең көбі сұйық қалдықтар 2700 м

3  


құрайды. Келесісі қатты  тұрмыстық 

қалдықтар 1600 м

3

  және  де ең азы құрылыс материалдарын   жинайтын   аумақ – 1000 м



3

 . 


 

 

 



Сурет 4.  Зеренді ауылының  қатты  тұрмыстық қалдықтар  полигоны 

   


Өрт  көбіне  тұрмыс  үйлерінің  отын-көмір  ұшқын  шоқтарынан,  өздігінен  жанудан 

және  кейбір  қалдықтардың  күнге  қызуларынан  туындайтыны  айта  кеткен  жөн.  Аумаққа 

қарапайым    адамдар  өз  беттерімен  кіре  алмайды.  Сондықтан  қалдықтардың  өздігінен 

жанып  кетпеулерін    болдырмау  үшін  күнделікті  қалдықтардың  беттерін  топырақпен 

жауып отыру қажет.  

Мұндай  қатты  қалдықтарды  залалсыздандырудың    қиындығы  ұлттық  парктердің 

экологиялық    жағдайының  нашарлауына    алып  келуі  мүмкін:    ол  біріншіден, 

ауылшаруашылығына  қолданылатын  жерлерді  қоқыс үшін  бөлу.    Екіншіден, ластанған 

суларды  шаю  барысында  жер  үсті  және  жер асты    сулары  лайланады.  Үшіншіден,    ҚТҚ 

полигондары  сырттарынан  ауаны    қорғау  және  де  сол  сияқты  тағы  басқа  заттармен 

жабдықталмағаны    атмосфераны  желдің  болуынан  ластайды.  Сонымен  қар,  сыртқы 

заттармен  жабдықталмаған  полигандардың  маңында  тіршілік  ететін  жануарлардың 

жұқпалы және эпидемиялық ауыруларына алып келеді.  

Ақмола  облысының  рекреациялық  территорияларындағы  комплекстік  геохимиялық 

аномалиялар  көбінесе  автотұрақтардың  қастарына  орнатылған.  Топырақты  ластайтын 

элементтерінің комплексі жалпы құрамымен де және интенсивтілігімен де бірдей. Зерттеу 

барысында  топырақтың  қалың  қабатына  дейін  зерттелді,  себебі,  ол  топырақтың 

құрамында ауыр металдардың қалдықтары көптеген жылдардан бері жиналған.   

1.

 

Қатты  қалдықтарды  залалсыздандырудың  қиындығы  ұлттық  парктердің 



экологиялық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін. 

2.

 



Ақмола  облысының  рекреациялық  территориясындағы  антропогендік  әсерлерге  

әсіресе, көбіне су ресурстары, яғни көлдер және көл маңы ұшырайды. Сонымен  қатар, су 

мөлшерінің    азаюы  және  су  балансының  бұзылуы    көлдердің      жағаларына    асфальтті  

жолдардың салынуы  әне де көпірлер мен трубалардың қойылуларына да байланысты.   

3.

 

Табиғи-антропогендік генезис проблемасына көлдердің гидрологиялық  режимінің   



бұзылуын,    табиғи  ортаның  ластануын,  өсімдік    жамылғысының  деградациясын  және  де 

геологиялық ортаның бұзылуын жатқызуға  болады.  

 

Әдебиеттер  



1.

 

 «Қазақстан 



Республикасындағы 

туристік 

қызмет 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасының Заңы.  



 

243 


2.

 

Қазақстан туризмі 2004 жылы. – Алматы, ҚР Статистика агенттігі, 2005. 



3.

 

ҚР Президент Жарлығы 27 ақпан 1998, № 3859 «Мемлекеттікбағдарламасы. 



4.

 

ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы № 49 



5.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің қазақ халқына жолдауы, 2003.  



6.

 

ҚР Үкіметі бекіткен «туризм» кластерін ұйымдастыру және дамыту жоспары 



7.

 

ҚР-да  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 



бағдарламасы.  

8.

 



Об  утверждении  Программы  развития  системы  особо  охраняемых  природных 

территорий 

9.

 

Программа развития туристской отрасли в Акмолинской области на 



10.

 

 Программа развития Щучинско-Боровской курортной зоны на 2007-2010 гг.  



11.

 

 Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма. Учебное пособие. Москва, 



12.

 

 Букина Ж.А. Не вырубишь топором//Литер,№59 (154), 04.04.06., стр 1.  



13.

 

 Концепция создания специальной – экономической зоны Бурабай в Щученско 



14.

 

 Кочалов В.А., Зарубежный опыт проведения самооценки деятельности в области 



15.

 

 Л. Еділқызы. Экологиялық туризм.//Егемен Қазақстан, №18, 14,04,06., 8-бет.  



16.

 

 Мироненко Н.С. Рекреационная география. Москва, 1981.  



17.

 

 Моисеева  Н.К.,  Стратегическое  управление  туритской  фирмой.  Москва. 



«Финансы 

иПортер 


М.А., 

Международная 

конкуренция/Пер. 

с 

англ.-



Москва.:Международные отношения,1993.  

18.


 

 Раева. Р.А Табысты тежемейік //Дала мен қала, №35 (60), 

19.

 

 Сенин  В.С.  Организация  международного  туризма.  Москва,  «Финансы  и 



статистика», 

20.


 

 Титова 


М.А., 

Оценка 


развития 

иностранного 

туризма 

Республики 

Казахстан//Туризм. 

21.


 

 Титова М.А. Проблемы и перспективы развития и территориальной 

22.

 

 Титова  М.А.  Перспективы  развития  туризма  Акмолинской  области//V-



Сатпаевские чтения: Сб. 

 

 



 

 

С. А. Канапин 



Ақмола облысы 

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Қазіргі  кезде  білім  беру  стандарты  талаптарына  сай  қоғамдық  пәндерді  оқытуда 



ерекше  жауапкершілік  пен  міндет  жүктеледі.  Жаңа  педагогикалық  және  ақпараттық-

коммунитативтік  технологияларды  қолдану,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптастыруда 

басты рөл атқарады. 

Оның басты міндеттері мынандай: 

-  оқушылардың  ежелгі  адамзат  қоғамының    дамуынан,  бүгінгі  күнге    дейінгі 

дамуынан  жүйелі  білім негіздерін қалыптастыру; 

- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; 

- оқушылардың басты назарын қоғам тарихына аудару; 

-  тұлғаның  жеке  мүддесі,  мүмкіншілігін  ескере  отырып,  бүкіл  адамзаттың  мәдени 

тұлғасын сақтауға және байытуға үлес қосуға  тәрбиелеу; 

Осы  міндеттерді  орындау  үшін  гуманитарлық  білім  саласы    маңызды  орын  алады. 

Сондықтан,  қоғамдық  пәндерді  оқытуда  оқушылардың  айрықша  белсендігін,  ойлау 

қабілетін, ізденісін дамыту үшін сабақтың әртүрлі  типтерін  ұйымдастыру қажет. Қазіргі 


 

244 


еліміздің  даму  қарқыны  мемлекет  құрылысының  барлық  салаларына  әсер  етуде.  Жаңа 

заман  талабына  сай  теориялық  білімді  игеру  мен  жаңғырту,  технологиялық  процестерді 

үздіксіз қолдану оқушылардың алған білімін жаңаша, шынайы  қалыптастырады.  

Елбасы  Жолдауындағы  мемлекет  мәртебесінің    дүниежүзілік  додада  көш  ілгері 

болып,  мемлекеттік  басқарудың  электрондық  жүйесін  біртіндеп  іске  асыру  өмір  талабы 

деп  түсінсек,  тарих пәнін  оқытуда  ақпараттандыру    құралдарының  орны  ерекше.  Қазіргі 

кезеңде  оқыту  әдістері  проблемасы  тек  қана  педагогикалық  мәселе  болып  қоймай, 

маңызды саяси-әлеуметтік проблемаға айналып отыр.   

Оқушыларды  қоғамдық-гуманитарлық  бағытта  оқытудың  басты  мақсаты: 

шәкірттердің  ойлануына,  толғануына,  пікір  таластыруына  ықпал  ету,  дүниеге  деген 

көзқарасын  қалыптастыру,  эстетикалық  талғамын  тәрбиелеу,  оларды  өз  еңбегімен 

ізденуші, білім алушы дәрежесіне жеткізу.     

Заманымыздың  заңғар  жазушысы,  ұлы  педагог  Мұхтар  Әуезов  –  өмірдің 

диалектикасы өсу, даму, жетілу деп түсінген ойшыл-ғалым.  

Өмірдің бүгін өсіп-жетілді  деген бір шындығы ертеңгі  күні  олқы болып қалады да, 

өскелең өмір шындықты ілгері қарай дамыта  береді.  

Сондықтан  ұрпақ  тәрбиесінде,  оларды  оқытуда  адам  баласы    тұтынған  білім  мен 

ғылым,  өнер  саласынан  жан-жақты  мағлұмат  беріп,  оны  өздерінің  алға  алып  кетуіне 

жағдай жасау.  

Ал  бұл  оңай  шаруа  емес,  ол  мұғалімдерден  тек  терең  білімді  ғана  емес,  үлкен 

психолог болуды талап етеді.  

Мұғалім мамандығы көптеген компонентен құралатын синтездік мамандық екендігі 

белгілі.  Олай  болса,  ұстаз  ойынша  бұл  үшін  адам  тұла    бойындағы  потенциалдық 

мүмкіншіліктің барлық ресурстарын сарқа пайдалануға тиіс.  

Осыған  орай,  әр  ұстаз  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  тәрбиелеу,  әсіресе,  өзінде  темірдей 

ерік-жігер  мен  қажыр-қайрат,  табандылық,  мақсаткерлік,  төзімділік,  енбек  сүйгіштік, 

жинақылық, тәртіптілік, тағы басқа қалыптасатын, өзін-өзі меңгере алатын күйге жетпесе 

болмайды. 

Гуманитарлық  және әлеуметтік ғылымдардың  қазіргі мәселелері  мектепте нәтижелі 

жұмыс  жасауы  үшін  оқытушылардың  бойында  білім  мен  біліктен  басқа,  педагогикалық 

қызметке  деген  табиғи  бейімділік,  зор  талап,  терең  талғам  мен  ұғымдылық,  ынталылық 

қажет екендігі белгілі.  

Ал,  ықылассыздық  пен  енжарлық,  дөрекілік  пен  менмендік  –  бірімен-бірі  жақын 

тұрған адамгершіліктің кәпескі жақтары ғана емес, тәрбиенің де жауы.  

Тағы  да  бір  айта  кетер  нәрсе  ұстаз  ойының  жүйелі  әрі  дәйекті    болуы,  ой  мен  тіл 

бірлікте болса, ұлттық мәнге ие болады.  

М.Әуезовтің  Шығыс  халықтарының  ойлау  жүйелері,  сөйлеу  мәнерлері  туралы 

пікірлері гуманитарлық және әлеуметтік ғылым үшін өте құнды.  

Шығыстық философияның, ойлау жүйесінің биік шыңы бәрімізге де белгілі. Жапон 

елінде  мектеп  оқушыларына  12  жасқа  дейін  әуелі  гуманитарлық  төрт  пән,  тіл,  әдебиет, 

тарих  және    өнерді  оқытуы,  содан  кейін  ғана  басқа  пәндерді  игертуі  оларды  әлемнің 

дамыған елдер қатарында болуына бөгет бола алмады.  

Логика  мен  психология  ғылымдарының  өзара  қарым-қатынасын,  әрбір  оқытушы, 

жастар  тәрбиесіне қатысты барлық адамдар білуі парыз. 

Оны  терең  игерудің  негізгі  жолы  мұғалімнің  қазақтың  халық  педагогикасының 

негізін білуде. 

Ал, оның қайнар көздері халықтың аңыз әдебиетінде, тарихында.  

Қазіргі  мәселе,  әр  адам  өзінің  идеялық  сенімін  шыңдауы  тиіс.  Осы  дәуірде  өмір 

сүріп,  еңбек  етіп  жүрген  адамзаттың  прогресшіл  өкілінің  патриотизм  ұғымын,  өзі  туып-

өскен  жеріне,  өз  республикасына,  жалпы  еліне,  халқына  деген  сүйіспеншілік  сезіммен 

байланыстыруы  қажет.  Кеңестік  жүйе  кезеңінде  қазақ  халқының  өзіне  тән  фольклоры, 


 

245 


музыка,  мәдениеті,  әдебиеті,  тарихы  қоғамдық  сананың  назарынан  тыс  қалды.  Бұл 

гуманитарлық мәдениетті қалыптастырудың өзекті меселесіне айналды.  

Ал,  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  қайта  құру  процесі  осы  кемшіліктерді  жойып, 

жаңа типтегі мамандарды дайындауға бағытталып отыр.   

Бұл  мәдениеттің  жалпы  дамуын,  философиялық,  ғылыми-әлеуметтік  көзқарасты 

меңгеруді  қажет  етуде.  Бүгінгі  жаңаша  ойлау,  демократия  заманында  халықтың  тарихи 

білімге деген ынта-ықыласы өлшеусіз артуда.  

Өйткені,  біздің  еліміз  өз  басынан  өткізген  ащы  тәжірибелері  арқылы  тек 

гуманитарлық  қоғамда  ғана  адамгершілік  саласы  жағынан  жоғары  сатыға  көтеріле 

алатынын қапысыз дәлелденіп отыр.  

Ал  шыншыл  тарихы  танымы  қалыптаспаған  қоғам  ешқашан  гуманитарлық  болған 

емес.     

Қазіргі  біздің  алдымызда  қоғамды  гуманитарландырудың  ең  басты  итергішісі  – 

тарихи көзқарасты жан-жақты дамыту міндеті тұр.  

Өткенді  білмей  –  келешекті  болжау  қиын  деген  әл-Фарабидің  ұлағатты  сөзі  білім 

беру жүйесінің барлық саласына қатысы бар.  

Өткеннің  тәжірибесін  төл  бойына  дарытқан  озық  өнегелі  дәстүрсіз,  ұрпақтар 

сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес. 

Тарихи сана  – қарама-қайшылықты құбылыс, тарихи жағдайлар,   оқиғалар сырттай 

қарағанда,  сансыз  кездейсоқ  құбылыстар  сияқты  болып  көрінгенімен,  өзінің  ішкі  даму 

логикасы бар мәселе.    

Жалпы  мәдениетті  қалыптастыру  процесі  оған  гуманизмді,  оның  гуманистік 

табиғатын  онан  әрі  дамытып,  оған  тән  ізгілікті,  адамға  тән  сүйіспеншілікті  білім  беру 

жүйесіне енгізумен бара-бар. 

Ғылым  мен  техниканың  дамуы  да,  қоғамдық  қарым-қатынастардың  жан-жақты 

гүлденіп, нығаюына байланысты білім беру жүйесін гуманитарландыру – біржақтылықты 

жеңу.  

Қазіргі  кезде  Қазақстандағы  дін  тарихында  қазіргі  жағдайды  ескеретін  өзіндік 



бағдарлама жасау – философия кафедрасының міндеті  болуы керек. 

Оқу  кестесінде  мәдениет  пен  өнер,  әдебиет  теориясы,  тарихы,  отбасы  және  неке, 

қарым-қатынас  психологиясы,  ұлтаралық  қарым-қатынастың  мәдениеті,  ұлттық  әдеп-

ғұрыптар  туралы  арнайы  курстардың  орын  алуынан  өскелең  өміріміздің  даму  логикасы 

анық көрініп тұр.  

«Ойды ой туғызады, ой ойға ұласады».  

Бұл  қағиданы  гуманитарлық  және  әлеуметтік  ғылымдардағы  қазіргі  мәселелер 

ерекше  дәлелдеуде.  Басты  мақсат  адамның  бақытын,  оның  армандағы  асыл  ойларын 

баянды  ету,  ертеңгі  дамуына  жол  ашу,  қоғамдық  қарым-қатынастағы  оның  орнын 

үйлестіріп отыру. 

 

 

 



 

Г. В. Матвиевская 

Акмолинская область 

 

РЕЛИГИОЗНЫЙ ЭКСТРЕМИЗМ И МОЛОДЕЖЬ 

 

На  протяжении  многих  столетий  на  территории  Казахстана  мирно  сосуществуют 



многие народы, которые исповедают разные религии. И сегодня наша страна является для 

всего  мира  ярким  примером  государства,  где  царят  межконфессиональное  и 

межэтническое  согласие.  Как  отметил  Лидер  Нации  Н.А.    Назарбаев  в  своём  Послании 

народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан  -2050»  новый  политический  курс 



 

246 


состоявшегося  государства»  :«Гражданский  мир  и  межнациональное  согласие–наша 

главная ценность.  Мир и согласие, диалог культур и религий в нашей многонациональной 

стране справедливо признаны мировым эталоном». Уважение казахского народа к другим 

вероисповеданиям,  толерантность  и  взаимопонимание  стало  объединяющим  фактором, 

главным условием развития стабильности в нашем обществе. Казахстан сегодня является 

признанным  в  глобальном  масштабе  центром  межкультурного  и  межконфессионального 

диалога.  Астана  принимала  участников  четырёх  съездов  лидеров  мировых  и 

традиционных  религий.  Наша  страна  стала  своеобразным  мостом  для  диалога  и 

взаимодействия Востока и Запада, ислама и христианства. Эти встречи стали органичной 

и  действенной  частью  глобального  диалога  между  религиями  современного  мира.  Все 

религии  несут  в  себе  высокие  гуманистические  и  нравственные  ценности.  Проведение 

Съездов  лидеров  мировых  и  традиционных  религий  способствует  продвижению 

глобального диалога между религиями и культурами, углублению и упрочению взаимного 

понимания  и  уважения  между  религиозными  общинами,  сотрудничеству  и 

взаимодействию со всеми международными организациями и структурами, нацеленными 

на продвижение диалога между религиями, культурами и цивилизациями. Растёт интерес 

представителей  различных  слоёв  населения  Казахстана  к  духовной,  в  том  числе–к 

религиозной  составляющей  жизнедеятельности.  В  2011  году  вступил  в  силу  Закон 

Республики  Казахстан  «О  религиозной  деятельности  и  религиозных  объединениях»,  в 

котором  была  признана  историческая  роль  религий  –  ислама  ханафитского  мазхаба  и 

православного христианства в развитии  культуры и духовной жизни народа. В 2012 году 

в  стране  прошла  перерегистрация  религиозных  объединений.  В  настоящее  время  в 

республике  функционируют  3088  религиозных  объединений,  представляющих  17 

конфессии,  которые  получили  правовое  оформление  в  соответствии  с  требованиями 

действующего  Закона.  Реалии  современной  жизни  таковы,  что  не  все,  что  связано  с 

религией,  имеет  положительный  оттенок.  Так  изучение  этой  проблемы  показало,  что  в 

Казахстане увеличилось число граждан, противопоставляющих себя сложившимся устоям 

и  в  целом–государству;  отказ  от  службы  в  армии,  якобы  по  религиозным  мотивам. 

Отдельные люди пытаются политизировать религию, что запрещено Конституцией. Имеет 

место  проникновение  в  нашу  страну  чуждой,  имеющей  деструктивный  потенциал, 

религиозной  идеологии.  Налицо  проявление  со  стороны  некоторой  части  верующих 

людей  агрессии  и  радикализма,  что  ведет  к  религиозному  экстремизму  и  терроризму. 

Религиозная  идея,  облачённая  в  различные  догмы  и  инструкции  к  действию,    может 

выступить как катализатор, особенно в неокрепших умах подрастающего поколения. 

Молодежная среда, как особая группа общества, отличается наибольшей социальной 

активностью  и  поисками  смысла  жизни,  своего  предназначения  с  присущей  только  ей 

особой  восприимчивостью  к  идеологическому  влиянию.  Молодёжь  стала  удобной 

мишенью  для  деструктивной  религиозной  пропаганды,    ищущие  и    пытливые  молодые 

умы  всё  чаще  стали  попадаться  в  хитроустроенные  идеологические  сети  преступных 

элементов.  Говоря  о  молодёжи,  хотелось  бы  отметить,  что  сегодня  удельный  вес 

молодёжи в Казахстане от 14 до 29 лет составляет 27,8 % (более 4,5 миллиона человек). 

Из них 700 тысяч студенты. Именно на молодой возраст приходятся основные социальные 

и  демографические  циклы  человека:  получение  образования,  выбор  профессии, 

формирование  круга  общения,  появления  духовных  принципов  и  ориентиров.  В  этот 

период молодёжь становится особенно уязвимой на предмет чуждого влияния. В борьбе за 

справедливость  молодые  люди  идут  на  очевидные  крайности.  Известно,  что  такие 

экстремистские  организации,  как  «Хизб-ут  -  Тахрир»,  «Джамагат  Моджахедов 

Центральной  Азии»,  «Таблигиджамагат»,  «Джундаль-Халифат»  в  основном  состоят  из 

молодежи.  Во  все  исторические  времена  молодёжь  характеризовалась  как  самая 

мобильная,  обучаемая  и  склонная    к  инновациям  и  реформам  часть  населения.  Сегодня 

только 

образованная, 



современно 

мыслящая, 

интеллектуально 

развитая 

и 

профессионально подготовленная молодёжь может стать важнейшим условием и залогом 



 

247 


качественного,  инновационного  развития  государства.  Великий  просветитель  казахского 

народа  Абай  Кунанбаев  писал,  что  человек–дитя  своего  времени.  Если  он  плох,  то 

виноваты  и  его  современники.  Как  же  сегодня  общество  может  противостоять  влиянию 

экстремизма  на  молодёжь?  Государство  должно  уделять  большое  внимание  воспитанию 

молодёжи,  созданию  благоприятных  условий  для  формирования  физически  и  духовно 

здоровой  полноценной  молодёжной  среды.  Все,  кто  причастен  к  воспитанию 

подрастающего  поколения,  должны  понимать  возрастающую  ответственность  за  наше 

будущее.  Надо  поддерживать  институты  семейного  воспитания,  так  как  именно  в  семье 

закладываются морально–нравственные устои, передается мудрость старшего поколения–

дедов,  бабушек,  отцов  и  матерей.  Школа,  колледж,  институт  продолжают  огромную 

работу, начатую в семье. При этом система образования строится на светских принципах 

и  направлена  на  формирование  всесторонне  и  гармонично  развитого  члена  общества. 

Формирование  активной  жизненной  позиции  позволит  молодому  человеку  научиться 

противостоять  различным  адептам,  сектам,  иметь  свою  точку  зрения.  Так,  учащиеся 

средней  школы  №  5  аула  Акмол  являются  участниками  различных  секций,  кружков, 

центров,  работающих  в  нашей  школе.  Вот  уже  несколько  лет  в  школе  работает  военно-

патриотический  клуб  «Кахарман»,  который  объединяет  ребят  9-11  классов.  Здесь 

проходят встречи с воинами-афганцами, экскурсии в воинскую часть, конкурсы военной, 

авторской  песни.  В  ноябре  2013  года  состоялся  слет  военно-спортивных  клубов 

Целиноградского района, где ребята школы №5 были лучшими. Школа  занимает первые 

места  по  футболу,  баскетболу,  тогыз-кумалаку,  волейболу,  работают  секции  борьбы  и 

бокса.  Десять  лет  работает  в  нашей  школе  филиал  центра  встреч  общества  немцев 

«Видергебурт»,  где  ребята  с  5-9  класс  изучают  традиции  немецкого  народа.  Танцоры 

постигают искусство танца в районном Доме Культуры, с успехом занимаются школьники 

в изостудии «Радуга». Нас радует то, что основная часть молодёжи получает правильное 

воспитание:  она  патриотична  и  духовна,  физически  и  психологически  сильна  и  здорова. 

Но  как  показывает  жизнь,  сегодня,  как  никогда,  духовность  требует  постоянной 

тренировки.  Сейчас,  в  век  повсеместной  технологии  и  интернета,  молодому  человеку 

порой  становится  трудно  сделать  верный  выбор  необходимой  идеи,  религиозной  или 

какой-либо  иной.  Поэтому  не  на  абстрактных  теоретических  построениях,  скучных 

философских или религиозных нотациях, а на живом примере неординарных личностей, 

молодёжь должна  учиться понимать и знать подлинный смысл духовности. Необходимо 

прививать  молодёжи  понимание,  что  высокодуховными  людьми  могут  быть  не  только 

религиозные деятели. У нас в стране много замечательных и уважаемых ученых, врачей, 

педагогов,  военных,  почитание  и  подражание  которым  может    помочь  молодёжи 

определиться  в  поиске  ответов  на  любые  вопросы  бытия.  Имеющие  яркую,  но 

обманчивую внешность спасителя веры, террористы на самом деле являются антигероями. 

За ними скрывается жажда власти, дестабилизации в обществе, а зачастую – психически 

больные  люди.  В  религиозном  отношении    важно  знать,  помнить  и  почитать  традиции 

своего  народа.  Казахская  кочевая  культура  отличалась  своим  синкретизмом  и 

целостностью.  Это  означало,  что  предки  казахов  не  превращали  религию  в  отдельную 

специализированную область или сегмент жизни. Президент Н.А. Назарбаев говорил «…в 

Казахстане  общество  не  отделено  от  религии,  и  поэтому  государство  не  может 

отстраняться  от  регулирования  общественных  отношений  в  этой  сфере».  Обеспечение 

духовной  безопасности  общества,  защита  прав  и  свобод  граждан,  недопущение 

использования религии в экстремистских целях – таковы главные направления политики 

государства  в  сфере  религии.  Большой  вклад  в  развитие  межэтнического  единства  и 

толерантности вносит Ассамблея народа Казахстана, созданная  в 1995 году. На 20 сессии 

Ассамблеи  в  апреле  2013  года,  Н.А.  Назарбаев  так  определяет  её  значение:  «В  новых 

условиях  Ассамблея  должна  стать  по-настоящему  общегражданским,  над  политическим 

общенародным  институтом».  Насаждению  в  обществе  и  умах  молодежи  религиозного 

экстремизма  мы  можем  противостоять  только  казахстанским  патриотизмом.  Только 



 

248 


беззаветная  любовь  к  Родине,  верность  идеалам  независимости  и  государственности, 

почитание  традиций  своего  народа,  память  и  уважение  к  культуре  наших  предков, 

позволит нам сохранить в обществе межконфессиональное согласие и толерантность. На 

13  съезде  НДП  «Нур  Отан»,  обращаясь  к  молодому  поколению,  наш  Президент  сказал: 

«Быть патриотом – это значит искренне любить свою Родину. Верить в себя и свой народ, 

служить обществу». 

 

Литература 



1. Новое поколение. № 4 от 15.01.2013. 

2. Акмолинская правда. № 46 от 27.04.2013. 

3. Акмолинская правда. № 42 от 14.04.2012. 

4. Акмолинская правда. № 45 от 25.04.2013. 

5. Акмолинская правда. № 49 от 07.05.2013. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет