Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты


ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ 

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Әдебиет  –  ұлттың  жүрегіне  апарар  жол,  ал  әдебиет  пәнін  оқу  мен  оқыту  ісі  –  ұлт 



азаматын, яғни тұлғаны қалыптастыру ілімінің аса маңызды арнасы. Бүгінде әдебиет пәні 

еліміз  көлеміндегі  білім  беру  жүйесінің  әр  сатысында  мемлекеттік  стандарттарға  сәйкес 

белгіленген  бағдарламалар  көлемінде  оқытылып  келеді.  Жоғары  оқу  орындарының 

филология  факультеттерінің  студенттері  әдебиеттану  ғылымының  үш  саласы  бойынша, 

атап айтқанда, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны, әдебиеттің  тарихы бойынша жан-

жақты дәріс тыңдайды. Болашақ әдебиетші мамандарға ұлттық әдебиет тарихының әрбір 

кезеңі  жөнінде,  халық  ауыз  әдебиетінің  мұралары  төңірегінде  мол  әрі  жан-жақты 

мағлұмат  беріледі.  Бір  сөзбен  айтқанда,  әдебиетші  мамандар  даярлау  бағытындағы 

салаларда бұл іс белгілі бір дәрежеде жолға қойылған деп айтуға болады. 

Дегенмен,  тұтас  ұлт  мүддесі  тұрғысынан  алғанда,  әдебиет  пәнінің,  әдеби  көркем 

мұраларымыздың  оқу  бағдарламаларына  енуі  мен  оқытылуы  талап  деңгейінде  деп  айта 

алмаймыз.  Ең  алдымен,  қандай  халықтың  болсын  тұтас  табиғатын  түсіну  үшін  оның 

бойындағы үш түрлі қазына көзін міндетті түрде игеру қажет дер едік. Дәлірек айтқанда, 

сол ұлттың тілін білу, екінші - сол халықтың тарихымен танысу, үшіншіден, оның көркем 

әдеби  мұрасын  ұғына  білу  керек.  Бұл  үшеуінің  бірі  кем  болса,  сол  халық  туралы 

түсінігіміздің де орта болғаны. 

Түптеп  келгенде,  қазақ  әдебиетін  оқу,  әдеби  шығармаларды  білу  –  өзін  қазақ 

ұлтының перзентімін деген әрбір азаматтың, мейлі ол қандай мамандықтың иесі болсын, 

қасиетті міндеті болуы тиіс. Ал оны жүзеге асыру үшін не істеу қажет? 

Біздің  пайымдауымызша,  қазақ  әдебиеті  пәні  жоғары  оқу  орындарындағы  барлық 

мамандықтардың  мемлекеттік  стандарттары  мен  типтік  бағдарламаларына  еніп, 

студенттерге  оқытылуға  тиіс.  Олай  дейтініміз,  бүгінде  республика  аумағындағы  барлық 

жоғары білім жүйесінде қазақ тілі, Қазақстан тарихы оқытылады. Ал елдің атын айқындап 

тұрған ұлттың бүкіл рухани әлемін бейнелейтін оның аса бай әдебиеті неге ұмыт қалуға 

тиіс?  Мейлі  инженер  болсын,  мейлі  дәрігер,  мейлі  ауыл  шаруашылығы  маманы  болсын, 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орнында  білім  алған  республика  азаматының  қай-қайсысы  да 

ұлттық  әдебиеттегі  елеулі,  шоқтықты  шығармаларды  білуге  тиіс  емес  пе?  Кім-кім  де 

күндердің бір күнінде шет елдерге шығып, бөтен ортаға тап  болғандай жағдай туса қазақ 

ұлтының өкілі ретінде өзінің Алпамысы мен Қобыландысын білмей тұрса, Әуезовті әрең 

танып,  Мүсірепов  пен  Мұқановтар  мұрасынан  мақрұм  болса,  кімнің  намысына  көлеңке 

түседі?  

Ал  мұндай  жағдай  дәл  бүгінгі  таңда  өзінікінен  гөрі  өзгенің  тіліне  жүйрік 

азаматтарымыздың басында күн сайын болмаса да күнара кездесіп жатқанын да жүрегіміз 

сезеді.  Неге  екенін,  адамзат  баласының  тарихында  өз  ұлтының  тілін  ұмыту,  туған 

әдебиетін  білмеу  тек  біздің  маңдайымызда  ғана  бар  секілді  көрінеді.  Бұл  дегеніңіз  өз 

анаңызбен  тілдесе алмаумен, аналық махаббатын сезіне алмаумен бара-бар қасірет екені 

анық.  

Олай  болса,  жоғары  оқу  орындарында  білім  алып  жатқан  әрбір  азаматқа  қазақ 



әдебиеті пәні оқытылып, сонау ауыз әдебиетінен бастау алатын ұлттық әдеби қазынамыз 

жөнінде міндетті түрде мәлімет берілуі қажет.  

Өкінішке  орай,  бір  кезде  әженің  тәтті  ертегісін  тыңдап,  ауыз  әдебиетіне  мектеп 

жасынан  қанығып  келетін  жас  талаптардың  саны  жылдан  жылға  азайып  келеді.  Тіпті 

университеттің  филология  факультетіне    келіп  түсіп  жатқан  талапкер  жастардың 


 

13 


қатарында  да  осындай  ұрпақ  өкілдерін  кездестіргенде  намысыңызға  шоқ  түскендей 

болады.  Ал  бұл  кеселдің  түп-төркініне  үңілсеңіз,  тағы  да  сол  әдебиет  пәнінің  өз 

дәрежесінде оқытылмауы алдыңыздан шығады. 

Әдебиет  пәнін  оқытуды  жолға  қоюға  кедергі  боларлық  бір  жайт  мемлекеттік 

стандарттар  мен  типтік  бағдарламалар  түзу  кезінде  байқалып  жатады.  Әдетте,  бұл 

құжаттарды  мамандық  иелері,  тілшілер  мен  әдебиетшілер  әзірлейді.  Әзірленген  жоба 

арнайы құрылған құзыретті  комиссияның талқысына түсіп, одан оң  баға  алған жағдайда 

барып  бекітіледі.  Жоғарыда  аталған  қазақ  әдебиетін  оқытудың  сағаттық  көлемі  мен 

мазмұнындағы ұлттық мүдде қажеттігімен сәйкес келмей жататын кереғар мәселелер дәл 

осы талқылау мен бекіту кезінде бой көтереді. Талқылау жұмысына филологтермен қатар, 

әрине,  басқа  мамандықтың  өкілдері,  өзге  тілде  білім  алған  азаматтар  да  қатысады. 

Өкінішке орай, солардың көпшілігі әдебиет пәнін тек қана кітап оқу дәрежесіндегі дүние 

деп қабылдайды. Яғни, әдебиетті оқыту ісін өздерінің әр кезде оқыған бірлі-жарым көркем 

шығармасы деп қана түсінеді. Ал көркем әдебиеттің жалпы  тәрбиелік мәнін, оның ғылым 

ретіндегі  маңызын,  адамның  жан  дүниесі  мен  ақыл-ой  парасатын  қалыптастырудағы 

өлшеусіз мазмұнын назардан тыс қалдырады.  

Білім беру жүйесіндегі барлық буындардағы қазақ әдебиеті пәнін оқыту тек лекция, 

немесе  түрлі  формадағы  сабақ  өткізу  шеңберінде  қалып  қоймауға  тиіс.  Жас  ұрпаққа 

әдеби-эстетикалық  тәрбие  берудің  аясы  мұнан  әлдеқайда  кең.  Әсіресе,  әртүрлі  формада 

ұйымдастырылатын әдеби кештердің маңызы айрықша.  

Өз тәжірибемізге сүйеніп айтар болсақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетте көп жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан  Сәкен Сейфуллин атындағы 

әдеби бірлестік студенттердің ортасына еліміздің көрнекті ақын-жазушыларын, әдебиетші 

ғалымдарын  шақырып  кездесулер  өткізеді,  немесе  белгілі  бір  тақырыптар  төңірегінде 

әдеби  пікірталас-диспуттар  ұйымдастырып  жатады.  Болашақ  әдебиетші  мамандар 

даярлауға аталмыш шаралардың қосар үлесі аса зор екені байқалады.  

Біріншіден, жастар тікелей қаламгердің өзін көреді, әдеби шығармашылықтың қыр-

сыры жөніндегі әңгімесіне қанығады, екіншіден, лекция, семинар кезінде алған теориялық 

білімдеріне  тиянақ  табады.  Ал,  үшіншіден,    жас  талапкерлердің  қиялына  қозғау  түсіп, 

еліктеу сезімі оянады, жазу өнеріне, шығармашылыққа талпынады. 

Көп  жылдардан  бері  мұнда  жазу-сызуға  икемі  бар  ақын  студенттердің  өздерінің 

әдеби  кештерін  өткізуді  тәжірибеге  енген.  Өткен  ғасырдың  90-шы  жылдарында 

республика көлемінде алғаш қолға алынған бұл шаралардың жастарға әдеби-эстетикалық 

тәрбие  берудегі,  оларды  шығармашылық  өнерге  баулудағы  маңызы  айрықша  болды. 

Университет  қабырғасында  жүріп,  осындай  әдеби-шығармашылық  мектептен  өткен 

бірқатар жастар бүгінде көпке танымал  ақын-жазушылар қатарында аталып жүр.  

Қазақ  әдебиетін  оқыту  мәселесінің  тиімділігін  арттыру,  сапасын  жақсарту  ісінде 

назар  аударылуға  тиіс  мәселелердің  бірі  –  жастардың  жазу  дағдысын  жетілдіру. 

Жасыратыны  жоқ,  бүгінгі  жастардың  дені  жазуға  келгенде  сауатсыз.  Грамматикалық 

қағидаларды,  орфографиялық  қалыптарды,  емле  ережелерін  былай  қойғанда,  қарапайым 

сөз  қолданыстарында  жіберілетін  әріп  қателерінің  өзі  кейде  көз  сүріндіріп  жатады.    Тіл 

заңдылықтарын  оқытудағы  негізгі  материал  әдеби  шығарма  болғандықтан  (кейде  біз  тіл 

мен  әдебиетті  біріне-бірі  қатыссыз  екі  бөлек  дүние  деп  қараймыз?)  бұл  қателіктердің 

төркіні де әдебиет пәнін оқыту тәсілдерін жетілдіру ісіне тіреліп жатады.  

Біздіңше,  көркем  шығарма  негізінде  диктант,  мазмұндама,  шығарма  жаздыру  ісін 

мейлінше кеңінен қолдана отырып сауаттылықты арттыруға қол жеткізуге болады.  

Білікті  тұлға  қалыптастыру  үшін  жас  ұрпақтың  әдебиетке,  көркем  шығарма  оқуға 

қызығушылығын тудыру, ынтасын арттыру қажеттігі аса зор. Бір сөзбен айтқанда, жоғары 

оқу  орындарындағы    қазақ  әдебиеті  пәнін  оқыту  процесі  барысында  жас  ұрпақтың 

жазбаша сауаттылығымен қатар, ойлау жүйесін, ой-түсініктерін қорыта баяндау қабілетін 

және мәдениетті сөйлеу мен жазу машығын қалыптастыратын жазба жұмыстарын  кеңінен 

пайдаланып отыру қажет. 



 

14 


Тұтастай  алғанда,  әдебиет  пәні  –  келешек  ұрпақтың  көркемдік-эстетикалық 

көзқарасын,  рухани  жағынан  кемел  жан  дүниесін  қалыптастырудың  бірден-бір  қуатты 

құралы.  Ұлттық  мемлекетіміздің  іргетасын  нығайтып,  халықтық  мұрат-мақсаттарымызға 

жету  жолында  алға  қадам  басқан  бүгінгі  таңда  қазақ  әдебиеті  пәнінің  осыншалық  зор 

тәрбиелік  ролін  мейлінше  тиімділікпен  пайдалана  білуіміз  қажет.  Ал  ондай  тиімділікке 

қол  жеткізудің  айқын  да  сара  жолы  ұлттық  әдебиеттің  тарихы  мен  бүгінгі  жай-күйін 

мемлекеттік  білім  жүйесінің  барлық  орындарында  тереңдеп  әрі  сапалы  оқытуға    қол 

жеткізу.  Сонда  ғана  болашақ  ұрпақтың  санасына  сәуле  түсіп,  жаны  бай,  өресі  биік  бола 

бермек. 

 

 



 

 

Б. С. Сарсекеев 



доктор педагогических наук, профессор, 

заведующий кафедрой педагогики 

Евразийского гуманитарного института, 

г. Астана 

 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ РАЗВИТИЯ ЛИЧНОСТИ 



ШКОЛЬНИКА СРЕДСТВАМИ УЧЕБНИКА 

 

В школьной практике применение учебников доминирует над другими материально-



педагогическими  средствами.  Это  обуславливает  исследование  педагогических  условий 

развития личности школьника средствами учебника и его методического обеспечения. 

Перечислим проблемы школьных учебников истории:  

1.  Проблема  заключается  в  отсутствии  единого  педагогического  взгляда  на  смысл 

исторического  образования.  Изучение  истории  по-разному  понимаются  учеными  и 

педагогами.  Одни  считают,  что  достаточно  ввести  в  стандарты  и  программы  новый 

материал,  другие  пытаются  дополнить  содержание  учебников  истории  новыми 

сведениями, третьи говорят о необходимости введения новых предметов.  

2. Авторы учебников  абсолютизируют роль содержания истории, оставляя в стороне 

формирование  важных  качеств  личности,  необходимых  выпускнику  школы  в  реальной 



жизни  после  ее  окончания.  Следует  отметить,  что  в  условиях  отсутствия  теории  отбора 

содержания  выбор  материалов  зачастую  носит  субъективный  характер,  с  установкой  на 

сообщение готовых знаний. 

3.  Такой  подход  обуславливает  тенденцию  подавления  содержанием  методики 



преподавания. Анализ структуры учебников истории показывает, что в них преобладают 

текстовые  компоненты,  доминирующим  является  повествовательно-описательные 

тексты,  занимающие  70-90  процентов  от  общего  объема  учебника.  Другие  структурные 

компоненты учебника используются эпизодически.  

4. Общим недостатком современных учебников истории является слабо выраженная 



воспитательная  направленность,  излишняя  теоретическая  усложненность  в  ущерб 

живому образному материалу. Содержание учебников носит схематический характер, без 

сюжетов, связанных с жизнью людей разных слоев.  

Информация  преподносится  без  постановки  проблем,  деятельность  учащихся 

сводится  к  восприятию,  осмыслению,  запоминанию  и  воспроизведению  учебного 

материала, что культивирует воспроизводящее мышление.  

5.  Основной  трудностью,  с  которой  сталкиваются  авторы,  остается  педагогическая 



переработка  научных  данных.  Авторы  учитывают  содержание,  которое  должно  быть 

усвоено,  но  не  учитывают  время,  которое  необходимо  для  усвоения  отобранного 

материала.  Проблемы  кроются  в  способах  раскрытия  учебного  содержания,  системе 

формирования научных знаний, языке и стиле изложения учебного материала.  



 

15 


Теперь рассмотрим возможные пути решения названных проблем. 

1.  Мы  придерживаемся  точки  зрения,  что  количественные  изменения  в  виде 

дополнения  ГОСО,  программ  и  учебников  новыми  историческими  материалами  или 

введение  дополнительных  предметов  не  дадут  эффекта,  так  как приобретение  знаний  не 

освобождает учащихся от вопроса претворения этих знаний в последующей общественной 

жизни.   

В  основу  содержательной  адекватности  исторической  подготовки  школьника  мы 

предлагаем  взять  концептуальное  понятие  «историческая  компетентность»,  которая 

представляется  нам  как  индивидуально-личностный  результат  образования  школьника, 

выражающийся в сформированности опыта решения проблем на основе освоенных в ходе 

обучения компетенции. Поэтому подготовку  учебника необходимо начинать не со сбора 

материалов,  а  с  составления  списка  ключевых  компетенций  выпускника  школы, 

формирование которых необходимо вести на предметном уровне с 5 по 11 класс.  

2.  Тогда  в  соответствии  с  определенными  компетенциями  автор  сможет 

структурировать  содержание  образования  с  учетом  задачи  формирования  качеств 

личности, необходимых выпускнику школы в последующей жизни

В  учебнике,  подготовленном  на  компетентностной  основе,  внимание  уделяется 



видам  деятельности  субъекта  образования,  который  должен  научиться  применять 

определенный вид деятельности к различным объектам обучения. 

3.  Нельзя  игнорировать  опосредованное  влияние  текста  на  способ  мышления 

человека и его мировоззрение. Забывая большинство дат и имен, отбрасывая все оценки 

учебника, ученик усваивает модель мышления и стиль, заданные учебником.  

Решение  проблемы  соотношения  содержания  и  методов  обучения  видится  нам  в 

скрытых возможностях учебника, которые лежат как в текстовых, так и во внетекстовых 

компонентах. Любой  учебник, независимо от предметного содержания, может  не только 

предоставлять информацию, но и способствовать развитию разнообразных способностей 

и компетенции учащихся: развивать наблюдательность, вкус к изучению нового; изучать 

окружающий  мир,  людей,  документы;  читать,  анализировать  и  интерпретировать 

документы, сравнивать информацию, классифицировать и преобразовывать ее; делиться с 

другими  тем,  что  узнал,  а  также  тем,  каким  образом  добыты  знания;  применять  на 

практике полученную информацию, связанную с повседневной жизнью [1, с. 129]. 

4.  Проблемы  учебника  истории  мы  рассматриваем  во  взаимосвязи  с  требованиями 

психолого-педагогической  науки.  Главным  критерием  является  характер  мыслительной 

деятельности.  Это  обуславливает  построение  учебника  на  основе  интерактивного 

диалога, структурирования содержания таким образом, чтобы учащиеся могли определить 

логику  процесса  усвоения,  которая  строится  по  схеме:  восприятие  -  понимание  - 

осмысление  -  запоминание  -  применение  -  обобщение  -  систематизация.  Учебник  может 

быть основанием для построения проекта организации всего учебного процесса. Для этого 

следует  отойти  от  схемы  конструирования  содержания  истории  на  фактах  военно-

политического  характера,  не  подменять  связное  изложение  гражданской  истории 

цифровыми  и  статистическими  данными,  географическими  наименованиями,  фактами  и 

событиями.  Учебник  выиграет  если  заменить  авторский  монолог  на  диалог  и  вместо 

абстрактных  носителей  политических  принципов  показать  историческую  личность  как 

человека  с  их  переживаниями,  духовными  ценностями,  мотивами  поступков,  с 

реализованными и нереализованными мечтами и чаяниями.  

5. Учебник должен быть инструментом организации учебной деятельности учителя 

и  учащихся.  Для  этого  основные  элементы  учебника  необходимо  структурировать  в 

логике  деятельности  учащихся,  с  учетом  особенности  усвоения  учебного  материала, 

соблюдением  баланса  между  получаемой  информацией  и  видами  деятельности, 

развивающими у учащихся способность к самостоятельному обучению [1, с. 158-161]. 

Расчеты  учебного  плана,  где  произведен  расчет  часов  по  предмету,  должен  быть 

связан с определением времени необходимых ученику на выполнение учебных программ.  


 

16 


Ввиду  ограниченности  объема  учебника  часть  его  функции  можно    перенести  на 

разделы  учебно-методического  комплекса:  методическое  пособие,  рабочую  тетрадь  на 

печатной  основе,  хрестоматию.  Смысл  такой  структуры  состоит  в  том,  чтобы 

предоставить  учащимся  возможности  создавать  свою  образовательную    продукцию, 

обеспечении  развития  их  способности  к  самоорганизации,  сознательной  учебно-

познавательной деятельности. 

Таким  образом,  конструирование  учебника  должно  идти  через  совершенствование 

традиционного  учебника  посредством  замены  содержащихся  в  них  информативно-

теоретических вопросов на творческие и продуктивные задания и дополнения различными 

вариантами  трактовок  культурно-исторических  событий.  Объем  учебного  материала, 

структура учебника должна соответствовать количеству отводимых на их изучение часов, 

а  учебники  строятся  на  основе  единства  теоретического  и  практического  материала  с 

целью формирования разных компетенций учащихся, создавать возможности для учителя 

управлять деятельностью ученика.  

 

Литература 



1  Франсуа-Мари  Жерар.  Ксавье  Рожье.  Разработка  и  анализ  школьных  учебников. 

Пер. с франц. АВ ОVО, 1998. - 372 с. 

 

 

 



 

Д. Қамзабекұлы 

филология ғылымдарының докторы, профессор, 

ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, 

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры, 

Астана қаласы 

 

ҚАСЫМ ТЫНЫСТАНҰЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ 

 

XX  ғасырдың  20-жылдарындағы  Түркiстанның  рухани  дамуындағы  үлкен  белес  – 



«Талап»  атты  қазақ-қырғыз  мәдениетiн  көркейтушiлер  қауымының  дүниеге  келуi  едi. 

Төңкерістен  кейінгі  аса  қиын  кезде,  тағдырлар  сапырылысында  туған  бұл  ұйым  рухани 

қажеттіліктен туды деуге толық негіз бар. Бұған «Талап» Жарғысы куәлік бере алады [1]. 

«Талап»  1922  жылы  4  желтоқсанда  Ташкентте  ресми  жұмысқа  кiрiстi.  Қауымның 

төрағасы  –  Халел  Досмұхамедұлы,  басқарма  мүшелерi:  А.Е.Шмидт,  И.Тоқтабайұлы, 

М.Есболұлы,  М.Тынышбайұлы,  М.Әуезұлы,  Қ.Тыныстанұлы.  Бұдан  басқа  ұйым 

жұмысына  қатысқандар:  Ә.Диваев,  М.Жұмабайұлы,  Н.Архангельский,  К.Жәленұлы. 

Аталған  қауым  1923  жылы  16  наурызда  Алматыда  (Түркiстанға  кiрген)  бөлiмшесiн 

ашады.  Мұнда  И.Арабайұлы,  Б.Сүлейұлы,  Қ.Басымұлы,  Ж.Бәрiбайұлы,  Қ.Сармолдаұлы, 

Ш.Сарыбайұлы, А.Розыбақиев қызмет атқарады. Аталған есiмдерден көрiнiп отырғандай, 

жалпы қауым (бөлiмшесi де кiредi) басшылығында қазақтармен қоса екi еуропалық азамат 

(Шмидт,  Архангельский),  екi  қырғыз  зиялысы  (И.Арабайұлы,  Қ.Тыныстанұлы),  бiр 

түркiстандық башқұрт оқығаны (Ә.Диваев), бiр ұйғыр қайраткерi (А.Розыбақиев) болған. 

Әлбетте,  бұл  арыстарды  “Талаптың”  тазалығы,  ғалымдығы,  жалпы  шығармашылдығы 

топтастырды.  Қауым  жарғысында  мынандай  мақсаттар  көзделдi:  әдеби  тiл  мен 

терминологияны  жүйелеу,  өнердi  зерттеу,  тарихты  тексеру,  мектеп  саласын  реттеу, 

оқығандар мен ақын-жазушыларға, өнерпаздарға жәрдемдесу. Осыны жүзеге асыру үшiн 

ол  төмендегi  iстердi  атқармақ  болды:  пiкiрталас,  ашық  дәрiс  ұйымдастыру,  ел-елге 

экспедиция шығару, көрме жасақтау, ескi қолжазбаларды жинап, ауызша деректi (әдебиет, 

өнер, тарихқа қатысты) хатқа түсiру, өнер бәйгесiн ұйымдастыру, маман әзiрлеу, т.б. 



 

17 


«Ақ  жол»  (Ташкент)  газетiнде  20-жылдардың  басында  жарияланған  материалдарға 

қарағанда, “Талаптың” көздеген мақсаты тек қағаз жүзiнде қалмаған. Ол қаншама мәдени 

шаралар  өткiзген.  Соның  iшiнде  Түркiстанда  (Ташкент)  А.Байтұрсынұлы  мерейтойын 

өткiзiп,  баспасөз  бетiнде  Ахмет  тұлғасына  сабақтастырып,  ғылым  мен  бiлiмдi 

насихаттауы,  Ыбырай  мен  Абайға  қатысты  шығармашылық  кештер  мен  ежелгi  Тұран 

тарихы  мен  түрiк-моңғол  дәуiрiне  байланысты  дәрiстер  ұйымдастыруы,  оқулық  пен 

танымдық  кiтаптарды  зиялыларға  тапсырыс  берiп,  жаздыртып  бастыртуы  –  руханият 

тарихы  орайындағы  айрықша  факт  деп  есептеймiз.  Бағдары  беймәлiм  большевизм 

тұсында  осыншама  iстiң  атқарылуын  –  бұрынғы  елшiлдiк  рухтың  жоғалмағандығымен, 

негiзгi  (алаш)  ағартушылықтың  инерциялы  қарымымен  түсiндiре  аламыз.  Әрине,  билiк 

басындағы  азаматтардан  көмек  болмаса,  “Талаптың”  мұндай  жемiстi  жұмыс  жасауы 

қиынға соғар едi. Осы ретте “Ақ жол” газетi 1922 жылдың қыркүйегiнен бастап (“Талап” 

осыдан  екi  айдан  соң  құрылғанын  ескерiңiз)  Түркiстан  халық  комиссарлары  кеңесiнiң 

(ХКК)  төрағасы  болған  Т.Рысқұлұлы  бұл  ұйымға  нақты  әрi  тұрақты  жәрдем  көрсетiп 

тұрғанын  жазады  [2].  Әрине,  Түркiстан  ХКК  тек  қазақ-қырғыз  мәдениет  қауымын  ғана 

қамқорлыққа  алмаған,  сонымен  бiрге  өзбектiң  “Шарқ  мағрифына”,  түркiменнiң  Бiлiм 

комиссиясына  көмектескен.  Мұндай  игi  ықпал  Түркiстандағы  билiк  тұтқасында  қызмет 

еткен  С.Қожанұлы  тарапынан  да  көрсетiлген.  Ол  тiптi  “Талапқа”  келiп,  ағарту  iсiнiң 

проблемасы туралы баяндама да жасаған. 

Шынтуайтында,  20-жылдардағы  әдеби-тарихи  үдерісті  саралай  қарасақ,  “Талап” 

Түркiстанның  мәдени-рухани  кеңiстiгiнде  мол  iс  атқарды:  Абай  мен  Мағжан  жинағын 

жариялауға ұйытқа болды, “Ақ жол” газетiн нағыз ел газетi ете алды, ғылыми-танымдық 

бағыттағы  “Шолпан”,  “Сана,  “Сәуле”  журналдарын  шығарды.  Ең  бастысы,  саяси  ахуал 

өте  ауыр  кезде  Алаш  зиялыларын  Түркiстанға  жинап,    бәрiне  қызмет  тауып  беруге 

жәрдемдестi.  Сөйтiп  большевизмнiң  ызбарына  қарамай  шығармашылық  атмосфера 

туғызды.  Халелдiң  ең  таңдаулы  зерттеулерi  осында  туды,  Мағжан  мен  Қасымның 

сыршыл, тағылымды туындылары осында өмiрге келдi, Мұхтар да осында бұрынғы әдеби 

әлеуетiн  одан  әрi  дамытты,  Қошке  де  осында  өзiн  ғалым,  жазушы  ретiнде  танытты. 

Абдолла,  Даниял,  тағы  басқалар  туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Түркiстанның 

Шымкентiне  аялдаған  Жүсiпбек  шығармашылығы  да  екiншi  тынысын  алды.  Сондай-ақ 

тәжiрибелi азаматтардан: Мiржақыптың “Ақ жолды” дұрыс бағытқа салуын, Мұхаметжан 

мен  Санжардың  отандық  тарих  ғылымын  жетiлдiруiн,  Нәзiрдiң  түрiк  халықтары 

мәдениетiн, тiлiн жаңаша жүйелеуiн, Мырзағазының отаршылдық зардабы мәнiне үңiлуiн 

– айрықша қызметi дер едiк. 

Әдебиет  пен  мәдениет  iсiнде  “Талаптың”  қандай  бағыт  ұстанғанын  оның  төрағасы 

Х.Досмұхамедұлының мына пайымдарынан аңғаруға болады: 1. “Халықтың құлқы, мiнезi, 

ойы  заманындағы  әдебиетiнен  бiлiнедi.  Әдебиет  –  халықтың  түрлi  қимылдарының 

айнасы” [3, 107]. 2. “Қазақ әлеуметшiлдiгiнiң (ұлт мәселесiн осылай айтуға мәжбүр болған 

–  Д.Қ.)  өткенiн  жөндеп  түсiнiп,  әзiргi  қалпын  анық  көрiп,  кемiсiн  болжай  бiлу  –  көп 

қазаққа  көз  болған,  мәдениет  жолына  көшбасшы  болған,  “молдаға  оқып  тәрбие  алған, 

ордаға кiрiп жол көрген” оқыған зиялыларымыздың  мiндетi”  [446, 110]. 3. “Қазақ жазба 

әдебиетiнiң негiзiн салғандар – мұсылманша бiлiм алған  сауатты ақындар. Ендеше жазба 

әдебиетiнiң алғашқы үлгiлерiн халық поэзиясының дiни және ғибраттық түрлерiн iздеген 

жөн”  [3,  132].  4.  “Сингармонизм  –  түрiк  тiлiнiң  айрықша  өзiне  бiткен  қасиетi.  Түрiк 

тiлдерiнiң көбi (Ыстамбұл түрiктерi, Қазан ноғайы, сарт-өзбек, тағы талайлар) түрiк емес 

халықтардың  сөзiн  көп  алғандықтан,  жат  жұрттарға  көп  араласқандықтан,  осы  айрықша 

қасиетiнен  айырылып  қалып  отыр.  …Тiлдi  бұзбай  ұстарту,  шеберлету,  байыту  – 

ақындардың  мойындарына  артылған  зор  борыш”  [3,  139-144].  5.  “Түркиядағы…  қолдан 

келгенше  түп  (оригинал)  кiтаптың  суретiн  сақтауға  ыждағат  қылғандықты  (әңгiме  түрiк 

жазба ескерткiштерi туралы – Д.Қ.) …көрiп, бiздiң қуанышымыз екi есе болып отыр” [3, 

155-156].  


 

18 


Тумысынан  ұлтының  ағаруы  мен  дамуын  түркі  халықтарының  дамуымен 

сабақтастықта  қараған  жас  қырғыз  оқығаны  Қасым  Тыныстанұлы  да  «Талап»  мұратын 

түсінуге көп даярлықпен келді. Ол 1920 жылы жазған «Алашқа» атты өлеңінде: 

 

Алашым, кандай эди бурунгы шак, 



Ол кандай кара туман ортагы тап? 

Бул заман – окуу-билим заманасы, 

Иске кир, белиңди буу, бекем устап! 

 

деп [4, 18], жаңа заманның алымы мен шалымын айқын түсінді. 

  Қырғыз  ғалымы  А.Болпанова  Қасым  дүниетанымының  қалыптасуына  байланысты 

ойын  былай  тұжырымдайды:  «Освоив  идеи  партии  «Алаш»,  К.Тыныстанов,  можно 

сказать,  именно  на  этом  этапе  своей  жизни  окончательно  сформировал  свои  основные 

жизненные принципы, которых он будет придерживаться в дальнейшем. С этого периода 

они  сводились  к  сохранению  чести  и  достоинства,  а  также  честности  по  отношению  к 

самому себе» [5, 44]. 

Көрнекті  Алаш  қайраткері,  қырғыз  ұлты  елшілдік  қозғалысының  көшбасшысы 

Тыныстанұлы  Қасым  (1901-1937)  сол  уақыттағы  аумақтық  бөлініс  бойынша,  Түркістан 

генерал-губернаторлығына  қарасты  Жетісу  облысы  Пржевальский  уезі  Шоқтал 

болысының  Шырпықты  ауылында  (қазіргі  Қырғызстанның  Ыстықкөл  облысы)  туған  [5, 

16]. 

Қасымды  алғаш  әліпбиді  (арабша)  өз  әкесі  Тыныстан  үйретеді.  Бұдан  кейін  ол 



Қаракөлдегі  орыс-түзем  школына  түсуге  бақ  сынайды.  Бұған  өтпеген  соң,  Қаракөлдегі 

өзбек жәдит мектебіне кіреді.  

Алғаш  мұсылманша  хат  танығаннан  кейін,  орыс  тілін  жекелеген  мұғалімдерден 

үйренген.  Мұнан  соң  Сазановкадағы  (кейін  Ананьево)  орыс  мектеп-интернатына 

қабылданады. 

1916 жылы қырғыздар патша өкіметіне қарсы көтеріліп, қатты қырғынға ұшырайды. 

Сөйтіп осы ұлттың көп бөлігі Қытай асады. Бұл жағдай Қасым отбасын айналып өтпейді. 

Ол отбасымен және ағайындарымен шығыс Түркістанның Құлжа маңайын паналайды. 

Қырғыз қырғыны мен олардың Қытай асуы мәселесі  Ресей империясы астанасында 

қызу  талқыланады.  Оған  ұйытқы  болған  Ә.Бөкейхан  бастаған  Алаш  зиялылары  еді. 

Ақыры бұл мәселе ескі және жаңа үкіметтен оң шешімін тапқан соң, ауған қырғыздарға өз 

жеріне  қайтуға  рұқсат  етіледі.  Елмен  бірге  1917  жылы  желтоқсанда  Қасым  да  Отанына 

оралады.  Ол  Ыстықкөлдің  солтүстігіндегі  Тепке  ауылында  тұратын  нағашыларына 

аялдайды.  Сонан  соң  оқу  іздеп  Қаракөлге  барып,  1919  жылы  кыркүйекте  Қарқара-Кеген 

арқылы Алматы асады. 

1919  жылы  республикадағы  жергілікті  ұлт  мамандарын  даярлау  жоспарына  сәйкес, 

ол  Түркістан  кеңестік  автономиясының  орталығына  курсқа,  жұмысшы  факультетіне 

жіберіледі.  1921  жылы  Ташкенттегі  өлкелік  Қазақ-қырғыз  халық  ағарту  институтына 

түседі.  Осында  1924  жылға  дейін  оқиды.  Осы  тұста  бүгінгі  қырғыз  зерттеушілері  біле 

бермейтін  Қ.Тыныстановтың  айрықша  шығармашылық  өмірбаяны  басталады.  Қырғыз 

азаматы  жоғарыда  аталған  «Талап»  мәдениетті  көркейтушілер  ұйымының  басқарма 

мүшесі  болып  сайланады.  Ол  қазақ  зиялыларына  еліктеп  және  солардың  кеңесімен 

«Қырғыз  әліпбиін»  жаза  бастайды.  Сонымен  бірге  жаңа  заманның  көркемөнер  жанры  – 

драматургияда  бағын  сынайды:  «Әлімқұл»  атты  қырғызша  тұңғыш  пьесаны  өмірге 

әкеледі.  Тағы  бір  айрықша  дәлел,  Қасымның  алғашқы  өлеңдері  қазақтың  «Жаңа  өріс» 

газетінде басылады (мұны қырғыз зерттеушілері «Өріс» деп қате жазып жүр) [4, 9].  

1924  жылы  Ташкентте  Түркістан  мемлекеттік  баспасынан  Қ.Тыныстанұлының 

«Қырғыз тілінің хрестоматиясы» атты алғашқы педагогикалық еңбегі жарық көреді. 1925 

жылдың  басында  ол  К.К.Юдахинмен  бірігіп  орыс  графикасының  негізінде  қырғыз 

әліпбиінің  алғашқы  нұсқасын  жасайды.  Ғалым  осы  жобасын  1926  жылы  Бакуде  өткен 



 

19 


түріктанушылардың І съезіне ұсынады, бірақ ол қаралмайды. Осы басқосуда ғалым «Жаңа 

алфавитті  түзудің  негізгі  принциптері»  атты  баяндама  жасайды.  1926  жылы  Мәскеудің 

«Күншығыс»  баспасынан  қайраткердің  «Ересектер  үшін  әліпби»  атты  еңбегі  жарық 

көреді.  Мұнан  кейін  ғалым  бірыңғай  сол  кез  үшін  іргелі  зерттеулер  жасаумен  болады: 

Қырғызстан  астанасынан  1927  жылы  «Қырғыз  тілінің  грамматикасы»,  1934  жылы 

«Қырғыз әдеби тілінің жаңа орфографиясының жобасы», «Қырғыз тілінің морфологиясы», 

1936 жылы «Қырғыз тілінің синтаксисі» атты кітаптар жариялайды. 

Қ.Тыныстанұлы  26  жасында  Қырғыз  АСР-інің  халық  ағарту  комиссары  болып 

тағайындалады.  Оның  алғашқы  жыр  кітабы  «Касым  ырларынын  жыйнагы»  деген  атпен 

Мәскеудің  «Күншығыс»  баспасынан  1925  жылы  жарық  көрді.  Оның  алғысөзін  Қырғыз 

ғылым  комиссиясының  мүшесі  Б.Даниярұлы  жазған.  Мәскеу  жинағына  ақынның  1920 

жылдан  бастап  жазған  өлеңдері  енген.  1932  жылы  жазған  «Академиялық  кештер»  атты 

пьесасы «идеалистік ұстанымы үшін» кезінде қатты сыналғанға ұқсайды.  

1935  жылы  Фрунзеде  «Манас»  жырына  байланысты  тұңғыш  бүкілодақтық 

конференция  өтеді.  Оның  жұмысына  Е.Поливанов,  М.Әуезов  т.б.  ғалымдар  қатысады. 

Осы  ғылыми  жиында  Қ.Тыныстанұлы  манастанудың  жаңа  міндеттері  туралы  баяндама 

жасайды.  Ғалымның  осы  және  бұған  дейінгі  шынайы,  ғылыми,  елшіл  пайымы  саяси 

қуғын-сүргін  жылдары  алдынан  шықты.  Оған  «ұлтшыл,  кеңестік  ұлт  саясатына  қарсы, 

пантюркист» деген айыптар тақты. 1937 жылы 1 тамызда ұсталып, 1938 жылы 6 қарашада 

өлім жазасына кесілді [6, 21]... 

Қасымның қырғыз тілі мен әдебиетін теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан 

да  (ақын,  жазушы  ретінде)  зерделеуі,  байытуы,  дамытуы  –  оның  тұлғалық  орнын 

айқындай түседі. 

Ғалым жан-тәнімен өркендеу бағытындағы түркі дүниесінің ықпалдастығын қолдап, 

қырғыз  мәдениетінің  даралық  қасиетін,  ерекшелігін  айқындауға  тырысты.  1924  жылы 

Қырғыз  автономиялық  облысы  төңкеріс  комитетінің  шешімімен  Халыққа  білім  беру 

бөлімінің жанынан Академиялық орталық ашылады. Оның төрағалығына – И.Арабайұлы, 

орынбасарлығына – Қ.Тыныстанұлы, хатшылығына – К.Юдахин тағайындалады.  

Академиялық  орталық  жаңа  өкімет  талап  етіп  отырған  оқу-әдістемелік  еңбектерді 

жазумен  бірге  қырғыз  тілін,  әдебиетін,  этнографиясын,  өнерін,  мәдениетін  т.б.  жүйелеу 

бойынша  орасан  зор  кешенді  жұмыстар  атқарады.  Қасым  шешен  тұлға,  шебер 

ұйымдастырушы  ретінде  көзге  түседі.  Сонымен  бірге  ол  әліпбиге  реформа  жасап, 

жаңашыл  алфавит  қабылдау  идеясының  басында  жүреді.  1925  жылы  25-27  мамырда 

Пішпекте  өткен  Ғылыми-педагогикалық  съезде  Қ.Тыныстанұлы  «Араб  әліпбиінен 

еуропалық  алфавиттің  біріне  көшу  туралы»  мәселені  күн  тәртібіне  шығарады.  Осы 

ғылыми жиынан кейін қайраткер-ғалым «Жаңа әліпби достары» атты ерікті қоғам құрып, 

өзі  соның  төрағасы  болады.  Әрине,  осы  үдеріс  сол  уақыттағы  жаңа  заман  талғамынан 

туындап жатқан ой-аңсарлар жиынтығы еді. 

Сол  себепті  де  Қ.Тыныстанұлы  Баку  қаласында  1926  жылы  26  ақпан  –  5  наурыз 

аралығында  өткен  Түркітану  съезіне  мол  даярлықпен  барып,  қатысып  қайтты.  Баяндама 

жасап,  ойларын  съезд  бюллетенінде  жариялады.  Енді  оның  есімі  кеңестік  және  түркі 

республика ғалымдарының қатарында айтылатын болды.  

Қ.Тыныстанұлының  тіл  ғылымы  мен  практикасы  саласындағы  жұмыстары 

салаланып,  ол  енді  Орталық  Азияда  тұрып  жатқан  ұйғыр  және  дұңған  диаспорасы 

алфавитін жасау ісінің басында тұрды. 

Қырғыз АССР халық ағарту комиссары қызметінде болған жылдары Қасым қырғыз 

руханиятына  көп  табыс  әкелді.  1928  жылы  бір  топ  пікірлестерімен  «Жаңа  мәдениет 

жолында» атты ғылыми-әдістемелік журнал шығарды. Қырғызстанның Ферғана аумағын 

(бүгінгі  Ош,  Жалалабад  облыстары)  этнографиясын  терең  зерттеу  бағытында  арнайы 

экспедиция ұйымдастырды. Мектеп оқушылары үшін ғылыми негіздегі қырғыз алфавитін, 

фонетикасын,  морфологиясын,  синтаксисін  қамтыған  оқулықтар  даярлады.  Әдеби  бюро 


 

20 


жұмысын  жандандырды.  Қырғыздың  терминология  жүйесін  қалыптастырды.  Қырғыз 

мемлекеттік өлкетану мұражайының негізін қалады. 

Қ.Тыныстанұлы  қырғыз  тілінің  байлығын  танытатын  100  мыңға  жуық  сөздік  қор 

жинап,  соның  ішінде  орыс-қырғыз  түсіндірме  сөздігі  үшін  60  мыңдай  сөзді  жүйелегені 

елеулі ғылыми ізденісін көрсетеді.  

Ғалым Е.Д.Поливановтың жазбаларына қарағанда, Қ.Тыныстанұлы тілдік ойлау мен 

морфонологияға байланысты біршама жаңалықтар ашқан. 

Мәдени  мұраны  жинау,  жүйелеу  және  жариялау  бағытында  ғалым  1925  жылдан 

бастап «Манас» жыры нұсқаларын іздестіруді бастайды. Белгілі манасшылар С.Оразбақов 

пен  С.Қаралаевқа  жолығып,  көп  дүние  жазып  алады.  Осының  негізінде  өзі  1931  жылы 

«Манас» атты пьеса жазады.  

Әдеби мұралардың мәтінтану мәселесі де Қ.Тыныстанұлының назарында болады. Ол 

Молда Нияздың «Датқа айым» туындысын жан-жақты қарастырады [6, 42]. 

1930 жылы Қасым денсаулық жағдайына байланысты комиссарлық қызметтен босап, 

емделеді.  1931  жылдан  Қырғызстан  Мәдениет  құрылысы  институтына  орналасады. 

Қайраткер 1932-1935 жылдары осы ғылыми-зерттеу институтын басқарады. Мұнда бұрын 

бастаған  жұмыстарын  ғылыми  негізде  қайта  жалғастырып,  қырғыз  тілі  мен  мәдениетін, 

дұнған  тілі  мен  мәдениетін  кешенді  зерттеу  үшін  бағдарламалар,  әдістемелер, 

нұсқаулықтар жазады. 

Бір  айта  кетер  факт,  Қасым  да  Халел  Досмұхамедұлы  секілді  20-30  жылдары 

Академиялық орталық пен Ғылым комиссиясын басқарады. Олар басқарған мәдени ұйым 

–  рухани  салаға  пролеткульт  сияқты  солақай  ағымдар  бас-көзге  қарамай  төпелеп, 

араласқан кезде “қара бұлтты сейiлтушi” күш бола алды.  

Әрине,  қайраткерлердiң  елшіл  пайымдары  “Талап”  мақсатынан  туындады  деу 

орайсыз емес. Шындығына келсек, бұл ұйымның көздегенi мұнан да ауқымды едi. Бiрақ 

“теңiз  тамшысынан  танылады”  дегендей,  Халел  мен  Қасымның  үздiк  ойлары 

ғылымилыққа,  нақтылыққа  ұмтылған  қазақ    және  қырғыз  руханиятының  бағдарын 

байыптайды.  

Бүгінгі  ресми  деректерге  қарағанда,  Қ.Тыныстанұлы  1925  жылы  Қырғыз  АССР 

Халық  ағарту  комиссариаты  жанындағы  Ғылыми  комиссиясының  төрағасы,  ал  30-

жылдары мүшесі болған.  

Бiздiң  ойымызша,  20-жылдары  Түркiстан  республикасында  әр  деңгейде  басшылық 

қызмет атқарған Т.Рысқұлұлы, С.Қожанұлы, Н.Төреқұлұлы сынды азаматтардың  бәрi де 

Қасымның ғылыми әлеуетiн қадiрлеп, оған қырғыз руханиятының жауапты iстерiн сенiп 

тапсырған. Ол Х.Досмұхамедұлының да сенiм үдесiнен шыққан.  

20-жылдардағы  Алаш  қайраткерінiң  (ішінде  Қ.Тыныстанұлы  да  бар)  айтулы  iсiн 

айғақтайтын  бiр  құжат  Ташкент  мұрағаттарының  iшiнде  сақталып  қалыпты.  Ол 

“Түркiстан  мемлекеттiк  университетiн  түрiктендiру  туралы”  (“О  тюркизации 

Туркестанского государственного университета”) деп аталады [7].  

Бұл  –  1923  жылы  21  ақпанда  Түркiстан  республикасы  ХАК  жанындағы  Ғылыми 

Кеңес пен Ғылыми Комиссияның бiрiгiп шығарған қаулысының ныспысы. Қаулы 9 баптан 

тұрады.  Оның  негiзгi  түйiндерi:  1.  Түркiстан  университетiнде  дәрiс,  iс-қағаз  жүргiзудi 

түрiк  тiлiне  көшiрудiң  уақытын  анықтау;  2.  Жергiлiктi  тiлдердiң  дәрежесiн  көтеру, 

қызметкерлерге оның бiрiн меңгерудi мiндеттеу; 3. Жергiлiктi ұлт студенттерiн ғылымға 

тартудың  жағдайын  жасау;  4.  Жергiлiктi  мамандарды  шетелге  iссапарға  жiберу;  5. 

Еуропалықтардың  жергiлiктi  тiлдi  үйренуiне  мүмкiндiк  туғызу;  6.  Түрiк  тiлiндегi  дәрiстi 

ынталандыру;  7.  Басқа  ұлт  студенттерi  үшiн    әр  курс  сайын    жергiлiктi  тiлдiң  бiрiнен 

сынақ тапсыруды кiргiзу; 8. Жергiлiктi ұлт студенттерi көбеюi үшiн мектеп iсiн жүйелеу; 

9. Студент қабылдарда мұсылмандарға жеңiлдiк беру. 

Қаулы мазмұнынан аңғарылғандай, Ғылыми Комиссия мен Ғылыми Кеңес Түркiстан 

халықтарының  жалпы  тiлiн  “түрiк”  деп  алған.  (Ол  кезде  Түркiстан  халықтарының 

алфавитiнде,  белгiлi  дәрежеде  ресми  жазбаларында  бүгiнгiдей  аса  алшақтық  болмаған). 



 

21 


Бұл  –  бiр.  Екiншi,  бiлiм,  ағарту  проблемасын  шешуде  Мәскеуге  тәуелсiз  ой  байқалады 

(Аталған  қаулыны  қабылдар  алдында  Халелдiң  орынбасары  профессор  Е.Д.Поливанов 

осы  мәселе  туралы  баяндама  жасаған.  Ендеше  мұны  “түрiктiк  томаға-тұйықтық”  деуге 

болмас).  

Қаулыдағы  шетелге  қатысты  бап  елеулi  деуге  болады.  1922  жылдың  жазында 

Түркiстан  мен  Бұхара  республикаларынан  алпысқа  жуық  студент  Германияға  оқуға 

жiберiлгенi  мәлiм.  Оның  iшiнде  қазақ  балалары  да  бар-тын.  1923  жылы  қыркүйекте 

арнайы  iссапармен  Германияда  болып  қайтқан  Т.Рысқұлұлы:  “Бiздiң  студенттер  онда 

пайдалы  iстi  үйренiп  жатыр.  Бұйырса,  олар  елiмiздi  алған  бiлiмiмен  өркендетедi”,-деп 

жазған  едi  [8].  Бiр  ескерер  факт:  1922  жылы  тамызда  Қазақстан  республикасының 

қайраткер  жастары  (  С.Садуақасұлы,  Ә.Байдiлдаұлы,  Е.Алдоңғарұлы)  30  азаматты 

Еуропаға оқуға жiберудi өтiнiп, “жоғары жаққа” хат жолдаған  [9]. Бiрақ Киробком мұны 

қанағаттандырмаған.  Мiне,  осы  әр  аймақта  байқалған  шетелге  ұмтылуларға  себеп 

болмады деу сенiмсiз. Егер большевизм жеңiсiнен кейiнгi ахуалдың ортақтығын ескерсек, 

бұл себеп те бiр болып шығады.  

Ендi себепке назар аударалық.  

Бiрiншi  себеп:  дүниенi  дүр  сiлкiндiрген  төңкерiстен  соңғы  5  жылда  бұрынғы  өз 

ретiмен  келе  жатқан  демократиялық  iзденiстердi  ұмыту  мүмкiн  емес  едi.  Сондықтан 

мылтық даусы басылғанда Жапония, Швеция моделi туралы iзгi арман қайта жанданды. 

 Екiншi  себеп:  20-жылдары  кеңес  өкiметi  мен  Түркия  арасында  жақсы  байланыс 

орнады. Мәскеу мен Түркiстанға Стамбұлдан келушiлер жиiледi. Ал, осы Түркия Еуропа 

елдерi  iшiнде  Германиямен  дұрыс  қарым-қатынаста  едi.  Олай  болса,  нейтралды  жерде 

түрiк халықтарының кездесуi – ең бiрiншi бодан қауымға пайдалы болатын.  

Үшiншi  себеп:  Еуропаға  ұмтылудың  саяси  астары  болмағанның  өзiнде,  жаңа  заман 

оқуын тәжiрибесiз Ресейден алғаннан гөрi, тәжiрибелi шетелден алу қай жағынан келсек 

те  тиiмдi-тiн.    Сонымен  себеп  ортақ  болса  да,  оң  тiлекке  (Еуропаға  бару)  қол  жеткiзуге 

Түркiстанның  нәтиже  шығарып  (студент  жiберуi),  Қазақстанның  ұмтылысты  тыюы  – 

алаш, жалпы түрiк зиялыларының Ташкент кезеңiн айшықты етедi.  

Жаңа  заманға  сай  iзденiстiң  қажеттiгi  “Талап”  қауымының  басқарма  мүшесi,  өз 

ұлтын  алаштың  бiр  тармағы  деп  есептеген  қырғыз  зиялысы  Қасым  Тыныстанұлының 

“Алашқа” атты өлеңiнде былайша көрiнiс тауыпты: 

 

…Бир убакыт кара туман алды шулгап, 



Өткөнге жете алмадык колду булгап. 

Көздөн жаш, жондон таяк арыган жок, 

Сагындык замананы өткөн жыргап. 

 

…Орнады заман келип мындай баска, 

Дейди ол: өткөн күнүң ойдан таста, 

Сен жаман, мен жаксымын деген сөз жок, 

Бипбирдей, мына даурен, кары-жаска. 

 

 

Ырас-ак, жаксы заман, ниети кең: 

Кары жас, аел, эркек – баарына тең. 

Бирдей деп окуу окумай бекер жатма 

Баскага окумасаң болорсуң жем   [4, 17-18].  

 

Аса сыршыл, нәзiк сезiмдi Қасым Мағжан секiлдi, ретi келгенде қанды қыздыратын, 



халықты  өрлiк  пен  ерлiкке  үгiттейтiн  шығармалар  да  жазыпты.  20-жылдардың  басында 

туған сондай бiр өлеңi “Жастарға” деп аталады. Мұнда ақын ел рухының қандай болмағы 

жастарға байланысты екенiн айта келiп: 

 


 

22 


Оян, жастар, ойлан жастар! 

Ал колуңа тууңды. 

Кең өрүсти шубап айнал, 

Сакта ел мен журтыңды. 

Тулпар минип, туйди устаган, 

Өткен жок па эрлериң? 

Сен кемсинбе, үндемейсиң? 

Мына келди жерлериң,- 

 

дейдi [4, 22]. Ал, ендi Алаш жазушысы Ж.Аймауытұлының “Елес” әңгiмесiнiң идеясымен 



(“не  толғандырады,  соны  жаз!”)  үндес  Қ.Тыныстанұлының  “Калемге”  (Қаламға)  атты 

өлеңiнiң түйiнi мынандай: 

 

Эселек күнүң туман, эркиң жатта, 

Боору эрип, имерилбес айткан датка. 

Жайың бар кайык минген, калтылдаган, 

Каның төк, кайгыр, калем, термел, жатпа! [4, 78]. 

 

Қасым  жырларында  кәрi  тарих  та  (“Манастын  күмбөзү”),  аруақ  та  (“Аруак”)  ел 



көштен  қалмаса,  шарқ  ұрып  бақыт  iздесе  деп,  ұрпағы  үшiн  қам  жейдi.  Халқының 

құлағанын көргенде –  қайғырады, қайраттанғанын байқағанда – “тыныш табады”. 

 

Сай-сайдан чымырканып кулатып таш, 

Омкоруп кедерги кылган  талаш. 

Башталып Ала-Тоодон Чүйгө карай, 

Күзгүдөй суусу тунук агат Талас. 

Таластын так боюнда чоң күмбөз бар, 

Көргөнгө ой түшүргөн кайгы аралаш. 

Урматтуу көз жаш менен ал күмбөзгө 

Коюлган өткөн күндө баатыр Манас... [4,98]. 

 

 «Манастың  күмбезі»  өлеңі  –  тарих  пен  тағдырды  таразылау  және  бүгінге  өткеннің 



көзімен қарау, жақсы істен тағылым алу, иманмен тазалану айнасы. 

Ақын  өлеңдерiндегi  табиғилық  ұлт  және  оның  әдебиетiне  қатысты  ойларында  да 

көрiнедi. “Шакирт” (Шәкiрт) атты өлеңiнде ол: 

 

Китаптың барлык каты түсүп көзге, 



Ой кирмей көкирекке онан өзгө. 

Жүректи жарып чыккан назик “сүйүү”, 

Байланып “улт” деп жазган жалгыз сөзге. 

 

Шетинен бир китаптың ашып көрүп, 

“Экен,-деп, - адабият” алды бөлүп. 

Тексерип эң түпкүрүн карап көрсө, 

Тереңнен багыт алып кеткен өрүп,- 

 

деп жазады [4, 36]. Сөз жоқ, бұл шәкiрт – жай шәкiрт емес, әдебиетке бой һәм ой алдырған 

жан. Тәлiм-тәрбиенiң уызына жарыған оның түйсiгi “ұлт жаны – әдебиет” екенiн жазбай 

таниды. Сондықтан да өзi үшiн де, ұлт үшiн де руханияттың тереңiне бойлап, тұнығынан 

су iшуге бел буады.  


 

23 


Жалпы  ХХ  ғасыр  басындағы  қоғамдық-саяси  тауқыметтерден  кейін  ақын-

жазушылар халық басындағы хәлді теңізде адасқан қайыққа, толқынға тұншыққан адамға 

теңеп жатты. Алаш ақыны Мағжан Жұмабайұлы шығармаларында: 

 

Дарияға дауыл қуып кiрген кеме –  



Еркi жоқ, толқын айдап жүрген неме,- 

 

деген бейне [10, 97], немесе: 



 

Өмiр – теңiз, жоқ оның түбi, шетi, 

Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын бетi,- 

 

деген [10, 151] сурет бар.  



Осыған ұқсайтын бейненi Қасым Тыныстанұлы жырларынан да көремiз: 

 

Боолукту эл мойнуна заман салмак, 



Эл жүгүн эр аркалап мойнуна алмак. 

Замана жел кутурткан жиндей толкун, 

Калаксыз кайык сүзмек, эрк талашмак [4, 80].  

 

Бiздiң  ойымызша,  Ташкент  –  Түркiстан  орталығы  болып  тұрған  шақта  түрiк 



халықтарынан  шыққан  ақын-жазушылар  бiр-бiрiнiң  жазғандарымен  әжептәуiр  таныс 

болған.  Айталық,  Мағжан  мен  Қасым  бiр  мәдени  ұйымның  (“Талап”)  басқарма  мүшесi 

болғанын  iлгерiде  сөз  еттiк,  ал  түрiк  халықтары  тiлiндегi  (қазақ,  ұйғыр)  алматылық 

санаулы  басылымдарда  жарияланған  қазақ,  қырғыз,  ұйғыр  өлеңiн  баспасөз  бен  бiлiмге 

қатысы бар зиялылар оқымауы мүмкiн емес. Осы ретте түркiмен ғалымы К.Джумаевтың 

мына  пiкiрiн  ескерген  жөн:  “20-жылдардың  басында…  Түркiменстан  азаматтары 

әзiрбайжан,  өзбек,  татар  және  басқа  түрiк  тiлдерiндегi  әдеби  туындыларды  түпнұсқадан 

оқыды. …Түркiменнiң “Түркмен или” атты тұңғыш журналы Ташкентте жарық көрдi” [11, 

12].  

Мiне,  мұндай  мәдени-рухани  кеңiстiктiң  ортақтастығы  кеңес  билiгiндегi  түркі 



халықтары әдебиетiн бiр арнадан табылуға мүмкiндiк жасады: төңкерiс рухы алып келген 

ұраншыл, насихатшыл әдебиет те қалыптаса бердi, бұрынғы үрдiсiн тереңдеткен сыршыл, 

мұңшыл  әдебиет  те  дами  бердi.  Әрине,  әдеби  орта  мен  халыққа  соңғысы  түсiнiктi  едi. 

Өйткенi,  Мұстафа  Шоқай  айтқандай:  “Әдебиет  аяққа  қарай  тiгiлетiн  етiк  емес.  Әдеби 

шығармалар инсан (адам – Д.Қ.) баласының iзгi көзқарастарынан туындайды. Сол үшiн де 

ол сырттан болатын қысымдар мен қарсылықтарға төзе алмайды” [12, 165].  

Мәдени ықпалдастық проблемасын жанымен түсiнген осы қайраткердiң  (М.Шоқай) 

пiкiрi  тұрғысынан  келсек,  большевиктер  билiгiндегi  түркі  халықтарының  “iзгi 

көзқарасын”  былайша  топтау  ақылға  сыйымды:  1.  жалпы  езгi,  хұқықсыздық  атаулыдан 

құтылу  –  еркiндiк,  “өз  қолын  өз  аузына  жеткiзу”  мұратын  орындау;  2.  жәдитшiлдiктi 

салаландырып,  елдiң  жаппай  сауатын  ашу  –  “адамзат  игiлiгi  адамзатқа  ортақ” 

дүниетанымын  орнықтыру; 3. қым-қуыт кезде азаттығыңа өш жауға қарсы бiрiгiп (түрiк, 

мұсылман) амал жасау. 

Біз осы шындықты Қ.Тыныстанұлы шығармашылығынан анық аңғарамыз. 

Жапон  ғалымы  Тосака  Дзюан:  “Тарихи  үдерістің  жай  тәртiптi  ретпен  орналасудан 

айырмасы  –  оның  шындығында  процесс,  өзгерiс  екендiгiнде.  Осы  мағынада  болған  мен 

болатынның  арасында  белгiлi  бiр  үзiлiссiз  байланыс  орнығады”,  -  деп  жазғанындай  [13, 

147],  бағыт-бағдары  анықталмаған  күрделi  әдеби-тарихи  үдерісте  Қасым  сынды  қалам 

қайраткері  өз  ақыл-ойын,  бiлiгiн  ескi  мен  жаңаның  өрелi  тұсын  бiрiктiру  жолындағы 

дәнекерлiкке жұмсады. 



 

24 


Осы  дәнекерлік  пен  сабақтастық  бүгінгі  Тәуелсіз  Қырғызстан  руханиятының  берік 

ұстыны болып отыр дей аламыз. 

 

Әдебиеттер 



1.«Талап»  қазақ-қырғыз  мәдениетiн  көркейтушiлер  қауымының  жолы  //  кітапта: 

Қамзабекұлы Д. Руханият. – Алматы: Бiлiм, 1997. – 272 б. 

2.«Талапқа» Совнаркомның көмегi // Ақ жол, 1923 жыл, 12 февраль 

3.Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы –  Избранное. – Алматы: Ана тiлi, 1998.-  3 84 б. 

4.Тыныстанов К. Касым ырларынын жыйнагы - Сборник стихов Касыма.  – Бишкек: 

Кыргызский государстванный Национальный университет, 2001. – 157 с. 

5.Болпанова  А.  Касым  Тыныстанов  –  ученый  и  государственный  деятель 

Кыргызстана. – Каракол: ИГУ, 2011. - 178 с. 

6.Джаныбеков  Ч.  Касым  Тыныстанов:  жизнь  и  творчество.  –  Бишкек:  «Бийиктик», 

2003. - 220 с. 

7.ӨР ОМА. - 34 қор, 1-тiзiм, 1587-iс, 5-6 парақ. 

8.Рыскулов Т. Наши студенты в Германии // Туркестанская правда, 1923, 2 декабря 

9.ҚР ОМА. 81-қор, 1-тiзiм, 468-iс, 18-19 парақ. 

10.


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет