А. Қ. Нұрбанова
Астана қ.
ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Түркі тілдеріндегі соңғы кездері функциялық қызметіне қарай түрлі өзгерістерге
ұшырап, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарып жүрген сөз таптарыньщ бірі – үстеу
сөздер. Жалпы түркі тіл білімінде үстеулер біршама зерттеліп, біраз ғылыми еңбектер
жазылды.
Солардың
ішінде
Л.Н.Харитонов,
С.Фузайлов,
А.Шукюров
және
С.А.Гочияеваларды атап айтуға болады. Ал қазақ тіліндегі үстеулер туралы жан-жақты
зерттеулерді А.Ысқақовтың, Т.Сайрамбаевтың және Ә.Ыбырайымның еңбегінен көре
аламыз.
Үстеу сөз табының өзіндік ерекшелігін, семантикасы мен лексика-грамматикалық
сипатын, үстеу сөзжасамындағы негізгі үдеріс пен сөз жасау тәсілдерін кейінгі жылдары
жарық көрген ғылыми еңбектер біршама ашып көрсетті. Сонымен қатар, үстеулерді
құрамына қарай түбір және туынды деп бөлді. Олардың әрқайсысының өзіне тән негізгі
қасиеттері, сөйлем ішіндегі рөлі талданды. Сол сияқты толық мағыналы үстеу сөздер мен
тек күшті синтаксистік байланыстың ықпалымен сөйлем ішінде үстеу мағынасында
көрінетін сөздердің топтары айқындалды.
Қазіргі түркі тілдері жүйесінде өзге сөз таптары сияқты үстеулер де дербес сөз
табы. Әрбір жекеленген сөз таптарының қалыптасуы, пайда болуы мен өзіндік дамуы бар.
Бұл мақалада сөз таптарының ішінен негізге алып отырған үстеу сөздер бір кездерде
лексика-грамматикалық белгілері мен семантикалық ерекшеліктері айқындалмаған сөз
топтары еді. Бірте-бірте тіл дамыды, онымен қоса тілдің тірегі, негізгі қайнар көзі болып
табылатын жүйесі қатар қалыптасты. Түркі тілдерінің тарихы болып саналатын байырғы
түркі ескерткіштері – жазба тіл нұсқасын танытатын бірден-бір мұра. Аталмыш жазбалар
сол дәуірдің тілдік жүйесінде әбден екшеленіп, белгілі нормаға түскен жүйе ретінде
танылады. Әрбір сөз таптарының табиғаты мен лексика-грамматикалық қасиеттері,
қалыптасу жолдары мен даму кезеңдерін айқындағанда көне түркі тілінің деректеріне
сүйенген дұрыс.
Қазіргі башқұрт тілінде үстеу сөз табы дербес, өзіндік лексикалық, грамматикалық
ерекшеліктерімен сипатталатын категория, ал семантикасы мен құрылымы жағынан сын
есімге жақын, екеуінің арасын ажыратып тұратын негізгі белгі сын есім заттың сынын,
сапасын білдірсе, үстеу қимылдың белгісін, кейде заттың сынын белгісін сипаттайды. [1,
56]. Ал, өзбек тіліндегі үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін, өту дәрежесін
білдіреді. Негізгі морфология-синтаксистік белгісі – түрленбейтіндігі, ал басты лексика-
морфологиялық ерекшелігі түрленуші сөздердің барлығымен қатынасқа түсуі, үстеу өзбек
тілінде семантикалық және синтаксистік көзқарас тұрғысынан шартты, ерекшеліктері мен
қасиеттеріне байланысты грамматикалық құбылыс ретінде толық сипатқа ие болмаған.
Сондықтан да болар үстеу сөз табын басқа сөз таптарынан ажыратып көрсету мүмкіндігі
үнемі оңай бола бермейді, көбінесе қиынға соғады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде «үстеулер морфологиялық жағынан мүлдем өзгермейді
және үстеулер морфологиялық жағынан аздап өзгереді» деген екі жақты пікір
қалыптасқан [2, 68]. Жалпы үстеулердің морфологиялық жағынан түрленбеуі оның негізгі
299
морфологиялық белгісі болып табылады. Сөз өзінің сөз өзгерімдік тұлғаларын жоғалтып,
сөз өзгерім жүйесінен шығып қалса, онда ол үстеуге айналады деп түсіну дағдыға
айналған. Дегенмен бұл өлшемнің түркі тілдеріндегі кейбір үстеулерге біршама қайшы
келетінін айтқымыз келеді. Түркі тіл білімінде кейбір үстеулердің сөзөзгерім тұлғаларын
қабылдап, түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайтын алғаш көрсеткендердің бірі –
А.Н.Боровков болатын. Бұл пікірді біраз түркітанушы ғалымдар қостап, өз еңбектерінде
тілдік фактілермен дәлелдейді. Солардың бірі С.Фузайлов өзбек тіліндегі үстеулердің
бірсыпыра сөзөзгерім қосымшаларын қабылдауы мүмкін екенін айтады. Ондай
үстеулердің морфологиялық құрамына септік тұлғалар, көптік қосымшалары, тәуелділік
қосымшасы және салыстырмалы шырай көрсеткіштері кіреді [3,121]. Бұл морфологиялық
тұлғаларды қабылдаған үстеулердің лексика-семантикалық мағыналары өзгеріп кетеді.
Туынды үстеудің уәждеме сөздері қызметінде бірсыпыра сөз таптары қолданылады.
Олар: сын есім, сан есім, есімдік, етістік, зат есім, үстеу сөздер. Бұған қарап осы сөз
таптарының кез келген сөздері үстеу жасауға уәждеме бола алады деген ой тумауы керек.
Бұл сөз таптарының ішінен үстеудің сөзжасамына уәждеме болуда үлкен талғамдық талап
бар. Ол талғамдык талап мағынамен байланысты, мәселен, уәждеме сөз қызметін сын есім
атқарады дегенмен, кез келген сын есім үстеуге уәждеме бола бермейді. Сын есімдердің
ішінде қатыстық сын есімдер үстеу жасауға уәждеме бола алмайды, ол оның нақтылық
мағынасымен байланысты.
Көркем туындылардағы бұрынғы грамматикалардың барлығында дерлік үстеулер
морфологиялық жағынан өзгермейді деп түсіндіріледі. Дегенмен, үстеулердің түрлі
морфологиялық өзгерістерге ұшырайтынын да айтатын зерттеуші-ғалымдар бар.
Жоғарыда бұл көзқарасты қолдайтын А.К.Боровковтың, С.Фузайловтың және т.б.
ғалымдардың пікірлері келтірілген. Әдеби тіліміздегі қазіргі сөз қолданыстар үстеулердің
кейбір сөзөзгерім қосымшаларын қабылдап, түрлі өзгерістерге ұшырайтынын дәлелдеп
отыр. Кейінгі зерттеулерден аталмыш үдерістің түркі тіл білімінде де дамып, кең
қолданысқа ие болып келе жатқанын байқаймыз.
Біз жоғарыда аталмыш түркітанушы ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып,
оларды қазіргі қазақ тілінің деректерімен салыстыра келе, қазіргі тіліміздегі үстеулер
көптеледі,- деп тұжырымдай аламыз [7,58]. Бұған қолымыздағы деректер мен жоғарыда
келтірілген мысалдарымыз толық дәлел бола алады. Бірінші жағдайда, яғни мезгіл
үстеулерінің көптелуінде, ешқандай заттану үдерісі жоқ, олар қаншалықты көптік жалғау
тұлғасында тұрғанымен, сол өзінің бұрынғы мезгілдік мағынасынан күшейту, айқындап
нақтылай түсу дәрежесіне ие болған. Әсіресе, берілген сөйлемдердегі әнеукүндері,
бүгіндері, бұрындары үстеулері көптелумен қатар тәуелденіп те жұмсалып тұрғаны
белгілі.
Сонда бір сөздің өзінде екі түрлі субстантивтендіретін қосымшалар, яғни әрі көптік,
әрі тәуелдік жалғау жалғанған. Соған қарамастан бұл сөздер ешқандай заттық мағына
беріп тұрған жоқ. Мұндағы бар мағыналық өзгеріс, бұрын қимылдың нақты, белгілі
мезгілін білдіріп тұрған сөздер, енді іс-әрекеттің мезгілін болжаммен, мөлшермен білдіріп
тұр. Екіншіден, бұл қызметте көптік жалғау жеке тұрса да, тәуелдік жалғаудың III
жағымен бірігіп тұрса да үстеулердің басқа сөз таптарымен байланысу формаларына
өзіндік әсер ете алмайды. Жоғарыда берілген сөйлемдердегі кешелер, биылдар, бүгіндері,
бұрындары сөздері өзі қатысты сөздермен пердикаттық қатынасқа түсіп тұр деп айтуға
болмайды. Бұл арада біз олардың тұлғалық ерекшелігінен гөрі мағыналық жағына баса
назар аударудың нәтижесінде қабыса байланысқан сөз тіркестерінің қатарында
қарастырамыз.
Сонымен, мезгіл үстеулері қаншалықты көптеліп келгенімен, олар семантикалық
мағынасы жағынан да, байланысу формасы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да
үстеулік қалпынан алшақтап кете алмайды. Мысалы: Ішің мен сыртың екіұдай салмақ
болса, ұстамдылық керек-ақ, – өзінің қасында отырған Кірпішбай деген жігітке қарап
отырып, Сәнжан лезде ойлады. - Өсіп келе жатқан жас жігіт болар, - деп шамалады. – Төрт
300
түлігі сай, көңілі жай шығар деген оймен біршама отырды. Бұл жігіт өмірде бір рет те
жаңылып, жаңсақ басып көрмеген, мүлдем! Бұл жігіттің жүрер жолы тіпті айқын, барар
жері және белгілі [5].
Ал, екінші жағдайда, яғни кейбір мөлшер және мекен үстеулерінің көптелуі мүлдем
басқаша. Мұнда үстеулер көптік жалғауды қабылдап, біріншіден, заттық мағынаға ие
болса, екіншіден көптік мағынаны да білдіріп тұр. Соған орай, олардың семантикасы да
өзгеріске ұшырайды. Мәселен, Бірталайлары оңбай кетіп еді, енді адам болып келеді.
Қанша шыдарын кім білсін?"- деді. Талайлары мұғалім боп жүрген мектеп директорымен
айтысыпты. Жоғарыдағыларға анау жеп қойған, ішіп қойған, Қодарқұл соны көрсеткен
[5]. Бұрын іс-әрекеттің мөлшерін, мекенін білдіріп тұрған сөздер, енді басқа мағына,
заттық атауды білдіріп, көптік мағына беріп тұр.
Жалпы үстеулердің тәуелденуі екі түрлі жағдайда, таза күйінде және көптеліп барып
тәуелденуі арқылы көрінеді. Үстеулердің осы екі түрлі тұлғада тәуелденуінің арасында
едәуір өзгешеліктер бар. Таза күйінде тәуелденген үстеулер мағыналық топтарына
қарамастан міндетті түрде заттық мағынаға ие болады да, сөйлемде бастауыш қызметінде
жұмсалады. Мысалы: Бүгіні – байлық, ертеңі – берекет. [5].
Сонымен, тәуелдік жалғау үстеу сөзөзгерімі болып табылады. Тілімізде мезгіл,
мекен, мөлшер және қимыл-сын үстеулерінің жиі тәуелденетіні байқалады. Олар тәуелдік
жалғаудың үш жағында да қолданыла береді. Мысалы: Осы тұрғыдан алғанда болашақты
ойлағанда, бүгініміз ұмыт қалмаса екен дейсің. Ертеңіне болмақ, ілгерісі не болмақ.
Біз қолымыздағы деректерді салыстыра келгенде, жіктелетін кейбір мекен үстеулері
мен қимыл-сын үстеулері екенін байқадық. Олар негізінен ашық модальдылықты, соның
ішінде, осы шақтық мағына береді. Мысалы: Мен де осындамын.. Сіз олардың
барлығынан көп ілгерісіз.. Үстеулердің жіктелу үдерісінің қалыптасуына екі түрлі себеп
әсер етіп тұр деп топшылауға болады. Бірінші себеп, үстеулер әуелі көмекші етістіктер
бойынша көмекші етістік түсіп қалып, үстеулер тікелей жіктелу қасиетіне ие тіліміздегі
мекен және кейбір қимыл-сын үстеулері предикаттық қатынаста қолдануға бейім тұрады.
Соған орай, олардың жіктік жалғауды қабылдап, сөйлемде баяндауыштық қызметте
жұмсалуы жиі кездеседі.
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі
жалғанған сөзге әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда
үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі – септік жалғаулары.
Үстеулердің септелуі туралы қазақ тіл білімінде екі түрлі пікір қалыптасқан. Біріншісі,
үстеулердің құрамындағы септік жалғауларды көнеленген форма деп танып, оны үстеу
сөзжасамының бір тәсілі ретінде қарастырады. Ал, тілшілердің екінші бір тобы
үстеулердің құрамындағы септік жалғауларға синхрондық аспектіден қарап, оны түрлену
жүйесі деп есептейді.
ХIХ ғасырдың басынан бастап күні бүгінге дейін үстеудің тарихы, табиғаты және
лексика-грамматикалық ерекшеліктері жайлы көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Соған
қарамастан қазіргі тіл тұрғысынан қарағанда үстеу сөздердің әлі де айтылмай, әлі де
шешілмей келе жатқан мәселелері жеткілікті екені жоғарыда айтылып, нақтыланды.
Яғни, қазақ тіл біліміндегі сөз таптарының бірі – үстеулерді ең бір күрделі әрі даулы
мәселе ретінде қарап, әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деген тұжырымға
тоқтаймыз.
Әдебиеттер
1.
Баскаков А.Н. Словосочетания в современном турецком
языке. — М.: Наука, 1974.
–
185 с.
2.
Ұйықбаев И. Қазақ тіліндегі көрініс категориясы. - Алматы, 1987.
3.
Фузайлов С. Грамматика современного узбекского литературного языка
Москва.- 1989.
4.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (Морфология). - Алматы, 1994.
301
5.
Б.Таңсықбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеудің сөзжасам жүйесі: филол. ғыл.
канд. ... диссертациясы. – Алматы, 2006.
6.
Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1987.
7.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 309
б.8
8.
Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы. –Алматы:
«Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002. – 303 б.
9.
Мергенбаев Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі. – Алматы: Санат, 1994.
10.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы:
Рауан, 1998.
11.
Хасанов Ғ. Септік формаларының үстеу сөз табын
қалыптастыру қабілеті // ҚазМУ Хабаршысы, шығыстану сериясы.
- Алматы: Қазақ университет!, 1999. - №11. -15-23 бб.
А. Ж. Амиржанова
Көкшетау қ.
ТИІМДІ ӘДІС БАРШАҒА ОРТАҚ
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс.
Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, тыңдаушылардың қазақ
тіліне деген қызығушылығын ояту үшін жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады.
Атақты ғалым-әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде:
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу.
Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу.
Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек» деп жазған
1
.
Мемлекеттік тілді үйренудің қажеттілігін бүгінгі күні егемен Қазақстанның кез
келген саналы азаматы түсінеді, толық сезінеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл
саясаты бойынша әрбір азаматтың мемлекеттік тілді тегін үйренуге құқығы бар.
Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуда эстетикалық талғамға сай
безендірілген кабинет, оқытудың әртүрлі құралдары, кестелер, оқулықтар, техникалық
құрал-жабдықтар болуы қажет.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап оқытқанда ғана
біз, мұғалімдер, басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін өз ынтасымен қызыға, түсініп оқуға,
қадірлеуге, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Бүгінгі күні қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес, қалай оқытамыз, оқыту сапасын
қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен
жетістіктер болып табылады. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан,
қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ойын арқылы оқыту
технологиясы, модульдік технология мен сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта
оқыту технологиясы, ақпараттық технология, проблемалық оқыту т.б.
Біздің мақсатымыз – осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып, қолдану. Өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында аудиторияны, яғни курсқа қатысушылар
кімдер екенін ескере отырып, салалық қазақ тілімен қатар, әрбір деңгейге байланысты
ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз. Тиімді технологияны пайдалану барысында
нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың шеңберінде іске асыру керек.
302
Қазіргі білім беру саласында оқытудың ақпараттық технологиялары кеңінен
пайдаланылуда. Сондықтан қосымша газет материалдарымен жұмыс жүргізу де ұтымды
болады. Кез келген газет бетінен алынған еліміздің саясатына байланысты шағын
ақпараттарды аудартқызу – тыңдаушылардың білімдерін тереңдете түседі және олар ел
ішінде болып жатқан жаңалықтармен танысуға мүмкіндік алады. Жаңа ақпараттық
технологиялар – қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.
Оларға басылымдар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен
электрондық жазбалар (аудио-бейне құндақтар) жатады. А.Құрышжанованың «Қазақ тілі
оқулығы»
2
, Ш.Бектұровтың «Қазақша сұхбат» дискі, «Тілашар», «Жаңа толқын»
3
,
мамандықтарға арналған бейне-құндылықтары т.б.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары бар. Түрлі-түсті
иллюстрациялар есте сақтау процесі үшін пайдалы, ал әр сабақта сөйлеу әрекетінің түрлі
түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
Сондықтан компьютерлік технология – білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді
ізденістер қатарына жататын технологиялардың бірі болып табылады.
Мультимедиялық проекторды пайдалана отырып сабақ жүргізу тиімді. Бұл әдісті
жүйелі түрде қолдану қажет және ол оқытушының шеберлігіне де байланысты. Бұл
технологияны пайдаланудың тиімді жақтары: тыңдаушының қызығушылығын ояту,
танымдық қабілетін арттыру, тыңдаушының уақытын үнемдеу, қосымша мәліметтер беру.
Бұл технология қазақ тілін барынша жетік білуге мүмкіндік жасайды.
Келесі қолданылатын әдіс-тәсілдер: модульдік технология мен сын тұрғысынан
ойлау. Бұл тәсіл тіл үйренушілердің ойлау қабілетін дамытады, өз ойын жинақтап, суретті
түрде бейнелеп беруге талпындырады, кластер, Венн диаграммасы арқылы жан-жақты
мағлұмат алуына бағыт береді, жинақтаған пікірін ауызша да, жазбаша да, бейнелеп
көрсету түрінде де салауатты жеткізуіне жол ашады.Топпен және жұппен жұмыс істеу көп
көмегін тигізеді.
Жаңа технологияның өріс алуына орай оқыту үрдісінде «Интерактивті әдістер»
пайда болады. «Интерактивті әдістер» тіркесін тіл үйренушілердің өзара әрекет етуіне
жағдай жасайтын әдістер деп түсінуге болады. Интерактивтік әдістердің мәні – мұғалімнің
басшылығымен тіл үйренушілердің бір-бірімен өзара белсенді байланыста бола отырып
оқу-танымдық нәтижеге жетуі.
М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бүгінгі таңда қазақ тілін
нәтижелі оқытудың тиімді және озық технологиялардың бірі деуге болады
4
. Модульді
қолдануда қазақ тілін оқыту ісіне не кіретінін анықтап, оны белгілі бір жүйеге келтіру іске
асады. Қазақ тілін оқытуда ойын технологиясының, оның ішінде рөлдік ойын
технологиясы өте тиімді деп білемін. Себебі, технология атауының өзі құлаққа жеңіл, әрі
тартымды. Кімді болса да мейлі ол жас бала болса да, ересек адам болса да ынта қоя
кіріседі.
Еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін барынша үйретіп, жаңа технологиялар
бойынша даму үдерісін кеңейту оқытушылар қолында. Тыңдаушылардың білімділігін
қалыптастыру үшін сабақтың жаңа технологиясын іріктеп, оның тиімділігіне көз жеткізіп,
дұрысын пайдалану қажет деп ойлаймын.
Әдебиеттер
1.Байтұрсынов А. Қай әдіс жақсы? //Жаңа мектеп , 1928, №4
2.Құрышжанова А. Қазақ тілі: Оқулық. – Алматы : Print Express, 2008. - 236 б.
3.Бектұров Ш. Қазақша сұхбат, Тілашар, «Жаңа толқын» дискілері
4.Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы, –Алматы, 2002 ж
303
А. Ж. Жармуханова
Астана қ.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗДІГІНЕН ІЗДЕНДІРЕ ОҚЫТУ
Бүгінгі өскелең ұрпаққа ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту, оны қарым-қатынас
құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын оқушы дайындау – бүгінгі күннің басты
талабы. Осы міндетті дұрыс орындау үшін әр сабаққа дұрыс мақсат қоя білу, жоспарлай
білу – ең басты нәрсе.
Ы.Алтынсариннің айтуы бойынша, оқытудың жеке әдіс-тәсілдерінің өзі баланың
білімге құштарлығын оятып, кейіннен өз бетінше білімін жоғарылатуына, ойлана білуіне
әкелуі қажет. Ы.Алтынсарин оқыту міндеттері ретінде оқушының ақыл-ой әрекетін
дамытуды көздеді [1].
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, оқытушының міндеті– оқушы бойында
жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу. Кез келген бала оқу әрекетінде адамзат
баласының өмір бойы жинақтаған тәжірибесін меңгеріп, сонымен қатар,
шығармашылық іс-әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Білім беру үрдісінде проблеманы өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз
қызығушылығын қанағаттандыруға, өз идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Өздігінен іздендіре оқыту – оқушының білімді жаттап орындауы емес, тәжірибеде
қолдана аларлықтай өз бетінше іздене мақсатты саналы меңгеруі. Оқушының өз зерттеуі,
бақылауы арқылы жинаған білімі. Оны оқытудың міндеті деп те айтуға болады. Оған
мүмкіндік жасайтын оқытушы. Оқушының ізденуіне оқытушы жетекші сұрақ-
тапсырмалар арқылы жетелейді. Нұсқаушы болады. Оқытудың мәні мен маңызы да
баланың білімді қажет етуінде. Ол білім алу арқылы өзінің дамығандығын сезінеді.
Білімді өмірлік қажеттігім деп қабылдайды. Сөйтіп, білімге деген құштарлығы молаяды.
Қазақ тілі пәнін оқып білуде оқушы тілдік бірліктерді тану мен терең ойлауға, ойын
мазмұнды жеткізе сөйлеуге, ой бөлісіп, пікірлесуге, қарым-қатынасқа түсуге ыңғайланып,
тәрбиеленеді.
Жалпы оқушыны қазақ тілі пәні бойынша өздігінен іздендіре оқытудың ерекшелігі
төмендегіше сараланады:
оқытушы тапсырманы орындауды міндеттемейді, сол білімді қажет ететіндей
өзектендіріп тапсырма құрастырып, ұсынады;
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
оқушылардың шығармашыл, өмірдің ағымына икемді эмоционалдық жағдайын
қалыптастырып, жандана түсуге шақырады;
оқытушы координаторлық қызметті атқара отырып, ойлау мен талпынысты
ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденушілігін арттыра түседі;
оқушы өзіндік пікір-түйіндер жасап, қорытынды жасай алу деңгейіне жетеді;
әр оқушы әрекетке еніп, өз қажетін ала алады;
оқушының өз ойын ортаға салып талқылай алу, пікірін білдіру мүмкіндігі
туындайды;
оқуға деген ынта пайда болады;
ой бөлісіп, еркін ой, сөз таластыру мүмкіндігі алға шығады;
белгілі тақырып шеңберінде ғана тоқталып қалмайды;
оқушының қызығушылығы, өмірлік тәжірибесі есепке алынады;
ұжыммен, көпшілікпен бірлесе жұмыс жүргізу, қарым-қатынасқа түсу
қабілеттіліктері қалыптасып, арта түседі.
Сонымен, өздігінен іздендіре оқыту қандай ерекшеліктерімен сипатталады. Ең
алдымен, өздігінен іздендіре оқыту – өздік жұмысын орындау ауқымынан кең
дидактикалық категория. Өздігінен іздендіре оқыту – дамыта оқыту жүйесінің бір
тармағы. Мұның негізі – тұлғаның өз бетімен іздену сипатында болуы. Өздігінен іздендіре
304
оқыту – шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізі, оқушы оқу материалдарын өз бетімен
талдап, қойылған қайшылықты мәселелерді шешуде өз бетімен қосымша оқу
материалдарын тауып, бақылап, зерттеп, шығармашылық ізденіспен өзіндік зерттеуі,
қорытынды жасауы, нәтижеге жетуі. Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте өзін-өзі
жетілдіруді төмендегідей түсіндіреді: «Самообразование – объязательный компонент
современного школьного обучения. Оно может развиваться как сопуствующее обучению,
расширяя, дополняя, углубляя изучаемый материал, а может быть и автономно по
отношению к обучению, включаясь в изучение новых, не представленных в учебном
заведении курсов» [2], яғни өздігінен іздендіре оқытудың мәні – оқу материалын жан-
жақты, толық, терең меңгеру.
Өздігінен іздендіре оқыту оқушының оқу материалын кең көлемде, терең меңгеруіне,
жинақтаған білімін өмірде қолдана білуге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге
мүмкіндік жасайды.
Өздігінен іздендіре оқыту – оқытушының жетекшілігімен өз бетінше тапсырманы
орындауы.
Өздігінен іздендіре оқытуда мына мәселелерге баса мән берілуі тиіс:
- оқу материалына сәйкес тапсырма оқушының танымдық қызығушылығын
арттыратындай ынталандыру мақсатын көздеуі тиіс;
- оқу тапсырмасы оқушының алған біліміне сүйенетіндей дәрежеде болуы керек.
Қорытындылай келсек, оқушы өздігінен іздену арқылы теориялық білімді өздігінен
меңгереді, ойлау қабілетін әлеуметтік тәжірибеде жүзеге асыра алады, алған білімін
ақиқат проблемаларды шешуге пайдаланады, түрлі жағдаятта өзін таныта алады,
меңгерілген білім қоғамдағы өмірмен логикалық сабақтастықта, күнделікті өмірде
практикалық қолданыста болады.
Әдебиеттер
1. Алтынсарин, Ы. Таңдамалы шығармалары [Мәтін] / Ы. Алтынсарин. – Алматы :
Қаз.ССР.ҒА, 1955. – 415 б.
2. Педагогический энциклопедический словарь [Текст] / М.: Просвещение, 2002. –
527 с.
Достарыңызбен бөлісу: |