Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
Дата02.01.2017
өлшемі0,53 Mb.
#1025

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Еуразия гуманитарлық институты 

 

 

 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА 



КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ 

ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ  

 

 

 

 

 

Астана 

 

Мазмұны 

 

 



 

Төлқұжат……………………………………………………………………..... 

 



1. 



Кредиттік технологияның негізгі ережелері………………………….......... 

 



2. 

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар……………………………………......... 

 



3. 



Оқытудың кредиттік технологиясындағы білім беру оқу бағдарламасы 

мен оқу жоспары ……………………………………................................... 

 

 



4. 

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісі..........................  

5. 


Модульдік  білім беру бағдарламасын қалыптастыру.................................  

14 


 

 

 



 

 


Төлқұжат 

 

Атауы:



  

Еуразия гуманитарлық институтында кредиттік оқыту технологиясы бойынша 

оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі  

Әзірлеменің негіздемелері:  

-

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  (өзгертулерімен  және 



толықтыруларымен).

 

2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ;



 

-

 



Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты, 

Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 

2012 


жылғы 

23 


тамыздағы 

№ 

1080 



қаулысымен   бекітілген;

 

-



 

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі, 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2011  жылғы  «20»  

сәуірдегі 

№ 

152 


бұйрығымен 

бекітілген 

(өзгертулерімен 

және 


толықтыруларымен;  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

2014 жылғы «2» маусымдағы № 198 бұйрығы);

 

-

 



Жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың    үлгеріміне  ағымдық  бақылау, 

аралық  және  қорытынды  аттестаттау  өткізудің  Үлгі  ережесі,  Қазақстан 

Республикасы    Білім  және  ғылым  министрінің    2008  жылғы  18  наурыздағы          

№ 125 бұйрығымен бекітілген (ҚР БжҒМ-ның  2010 жылғы  13 сәуірдегі  № 168, 

2011  жылғы    16  наурызда    №  94  бұйрықтарымен  енгізілген  өзгертулерімен 

қоса);


 

-

 



Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнында білім алатындардың академиялық 

ұтқырлығы  тұжырымдамасы,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  2011  жылғы  19  қаңтардағы  кеңейтілген  Алқа  мәжілісі  аясында 

ректорлар басқосуында талқыланып мақұлданған. 

 

 

Әзірлеген: 



 

 Білім сапасы мониторингі және менеджменті бөлімі;

  

 Тіркеу бөлімі. 



 

Қолданысқа 

енгізіледі 

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 

 

 

Қайта қарау мерзімділігі         2 жылда бір рет                  



 

  

 



 

 

 

 

1. Кредиттік оқыту технологиясының негізгі ережелері 

  

1.1  Ереже  Еуразия  гуманитарлық  институтында  кредиттік  оқыту  технологиясы 

бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерін реттейді.  

1.2  Ұлттық  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім  беру 

ұйымдарының  білім  алушылары  мен  оқытушыларының  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету, 

сондай-ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  және  білім  берудің  барлық  деңгейлерінің 

сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру  ұйымдарында  бірыңғай  кредиттік 

оқыту технологиясы іске асырылады. 

1.3 Кредиттік оқыту технологиясы  білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы 

көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім 

алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде 

жүзеге асырылады. 

1.4 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  кезінде  оқу  жұмысының  еңбек 



сыйымдылығының  есебі  кредит  арқылы  өлшенетін  оқытылатын  материалдың  көлемі 

бойынша жүзеге асырылады.  

1.5  Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша 

бұрын  меңгерілген  кредиттердің  өспелі  есебін  білдіретін  жинақтаушы  болып 

табылады. 

1.6   


 

2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар  

Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 

1) академиялық дәреже  – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті 

оқу  бағдарламаларын  меңгерген    білім  алушыларға  білім  беру  ұйымдары 

тағайындайтын дәреже;   

2) академиялық  еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау 

бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес 

анықтау  үшін  және  білім  алушылардың,  оқытушылардың  шығармашылық  дамуына 

және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау 

мақсатында  білім  беру  қызметін  ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын  білім  беру  процесі 

субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;    

3)  академиялық  кезең  -  үш  нысанның  біреуін  таңдайтын  өз  білім  беру 

ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан; 

4)  академиялық  күнтізбе  -  оқу  жылы  бойына  демалыс  күндерін  (каникулдар 

мен  мерекелерді)  көрсете  отырып,  оқу  және  бақылау  іс-шараларын,  кәсіби  

практикаларды өткізу күнтізбесі; 

5)  академиялық  мобильдік  –  білім  алушыларды  немесе  оқытушы-

зерттеушілерді  белгілі  бір  академиялық  кезеңге:  семестр  немесе  оқу  жылына  өзге 

жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  игерген  білім  бағдарламаларын 

міндетті  түрде  кредит  түрінде  сынақ  ретінде  тапсыра  отырып  өз  ЖОО-сында  немесе 

өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;    

6)  академиялық  сағат  -  кесте  бойынша  оқу  сабақтардың  (аудиториялық 

жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың 

оқытушымен байланыс жұмысының уақыты; 


7)  белсенді  үлестірмелі  материалдар  (БҮМ)  -  білім  алушының  тақырыпты 

шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу  сабақтарында  таратылатын  көрнекі 

безендірілген  материалдар  (дәріс  тезистері,  сілтемелер,  слайдтар,  мысалдар, 

глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар); 

8)  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау    -  білім  алушының  емтихан  

сессиясы  кезеңінде  бір  пәннің  толық  көлемін  немесе  бір  бөлігінің  мазмұнын  аяқтап 

болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;  

9)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  -  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандартында  қарастырылған  оқу  пәндерінің  игеру  дәрежесін 

немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;  

10)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігі  -  білім  алушылардың  оқу 

үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, 

іскерліктері мен дағдылары, құзыреті; 

11)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -    жоғары  оқу 

орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы 

(ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;  

12)    білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  -  БӨЖ)  - өз  бетінше 

оқуға  берілген,  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен  және  ұсынымдармен  қамтамасыз 

етілген, тест,  бақылау  жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп 

берулер  түрінде  бақыланатын  тақырыптардың  нақты  тізбесі  бойынша  жасалатын 

жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - 

СӨЖ),  магистранттың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  -  МӨЖ)  және  докторанттың 

өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің  барлық көлемі  білім 

алушылардан  күнсайын    өзіндік  жұмыстарды        талап  ететін    тапсырмалармен  

расталады;  

13)  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  –  академиялық  кезең 

ішінде,  оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда 

білім алушылардың  білімін  оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;  

14) білім алушының академиялық рейтингі  – аралық аттестаттау нәтижелері 

бойынша  жасалатын  білім  алушының  оқу  бағдарлама  пәнін  игеру  деңгейінің  сандық 

көрсеткіші;  

15) білім  беру  бағдарламаларын  модульдік  негізде  құрастыру -  білім беру 

бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымын  оқытудың  мақсатына  сай  білім 

алушының  кәсіби  құзыреттілігінің  жиынтығы  болатын  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 

тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы; 

16)  Еуропалық  трансферт  (аударым)  және  несиелік  жинақтау  жүйесі 



(ECTS)  -  білім  беру  траекториясы,  оқу  орны  және  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда  білім 

алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит  мен бағаларын  қоса  алғанда) салыстыру 

және  қайта  сынақтан  өткізуде  пайдаланылатын  білім  беру  бағдарламалары 

компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;     

17)  жеке  оқу  жоспары    -  білім  алушымен  ҮОЖ  және  элективті  пәндердің 

каталогы  негізінде  эдвайзердің  көмегімен  әрбір  оқу  жылына  дербес  жасалатын  оқу  

жоспары; 

18)  кредит    –  білім  алушының  /  оқытушының  оқу  жұмысы  көлемін  өлшейтін 

сәйкестендірілген бірлігі;   


19)    кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 

жұмысы  көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы, 

білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  дербес  жоспарлауы 

негізінде оқыту; 

20)  қорытынды  бақылау  –  емтихан  түріндегі  аралық  аттестаттау  кезеңінде 

жүргізілген  оқу  пәні  бағдарламасын  бағалау  сапасының  мақсатын  игеру,  білім 

алушылардың  оқудағы  жетістігін  бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер 

барысында  пәндер  оқытылатын  болса,  онда  оқытылған  нақты  академиялық  кезеңде, 

пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;  

21)  межелік  бақылау  –   бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім 

алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 

22)      модуль  –  білім  алушылардың  білімі,  білігі,  дағдысы  және  құзыреттілігі 

бағалау  критерийлеріне  сәйкес  келетін  нақты  тұжырымдалған,  дербес,  білім  беру 

нәтижелері  тұрғысынан  аяқталған  білім  беру  бағдарламаларының  құрылымдық 

элементі; 

             23)  модульдік  оқыту  -  білім  беру  бағдарламаларын,  оқу  жоспары  мен  оқу 

пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі; 

24)    оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  – 

халықаралық  тәжірибеде  қабылданған  әріптік  жүйедегі  сандық  эквивалентіне  сәйкес 

келетін  және  білім  алушылардың  рейтінгін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін    балл 

түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі; 

25) оқу жұмыс жоспары - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу 

жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат

26)  оқу модулі – білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай 

қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру 

бағдарламасының құрылымдық элементі; 

27) оқу  пәнiне  жазылу – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір  тәртіппен 

алдын ала жазу рәсімі;  

28)  оқу  үлгерімінің  орташа  балы  (GРА)  –  (ағымдық  оқу  кезеңі  бойынша 

кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық  аттестаттау  пәндерінің  балдық  бағасының  

сандық эквиваленті  мен кредиттер сомасының  қатынасы)   білім алушының таңдаған 

бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған 

орташа бағасы; 

29)  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының  өзіндік 



жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОБӨЖ)  –  бекітілген  кесте  бойынша  оқытушының 

басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының  аудиториядан  тыс  жұмысы;  білім 

алушының  санатына  қарай  ол:  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  студенттің 

өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОСӨЖ),  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін 

магистранттың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОМӨЖ)    және  оқытушының 

басшылығымен  жүргізілетін  докторанттардың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОДӨЖ) 

болып бөлінеді; 

30)  Офис  регистратор

 

-  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық 



тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның 

академиялық  рейтингісіне  есеп  жасауды  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін 

академиялық  қызмет; 


31)  пәндер  бағдарламасы  -  оқитын  пәннің  сипаттамасын,  мақсаттары  мен 

міндеттерін,  оның  қысқаша  мазмұнын,  оның    үйренуі  тақырыбы  мен  ұзақтығын, 

өзіндік  жұмыс  тапсырмаларын,  кеңес  беру  уақытын,    білім  алушылардың    білімін 

тексеру  кестесін,  оқытушы  талаптарын,  бағалау  өлшемдерін    қамтитын  оқу 

бағдарламасы және  әдебиеттер тізімі;  

 

32)  пәннің  сипаттамасы    -  пәннің  мазмұнын,  мақсаттары  мен  міндеттерін, 



қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады); 

     33) постреквизиттер   - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін 

меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер; 

     34)  пререквизиттер  -  оқылатын  пәнді  игеру  үшін  қажетті  білім,  икемділіктер 

мен дағдыларды қамтитын пәндер; 

 

35)  транскрипт  –  білімді  бағалаудың          сандық  және  әріптік  жүйесі  бойынша 



кредиттері  мен  бағалары  көрсетілген  тиісті  кезеңде  өтілген  пәндердің  тізбесі  бар  

құжат; 


36)  тьютор  –    студенттің  нақты  пәнді  игеруі  бойынша    академиялық  кеңесші 

рөлін атқаратын  оқытушы; 

37)  эдвайзер  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық 

тәлімгерінің  қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына  (жеке  оқу 

жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне 

ықпал ететін оқытушы

38) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы 

енгізетін  таңдау  бойынша,  білім  алушылардың  жеке  дайындығын  көрсететін 

әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу 

орындарында  ғылыми  мектеп  пайда  болатын  қажеттiліктерін  есепке  алатын   

компонентке кiретiн оқу пәндерi. 

Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін 

ұйымдастырудың негізгі   міндеттері: 

1) білім көлемін біріздендіру; 

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 

3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 

4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау 

рәсімдері негізінде анықтау болып табылады; 

5)  оқу  үдерісін  ұйымдастыруға  қажетті  атрибуттармен  қамтамасыз  ету 

(бөлмелер,  ғылыми  және  оқу  зертханалары,  компьютерлік  кластар,  шығыс  және 

әдістемелік  материалдар,  практика  орындары,  кітапхана,  асхана  және  буфеттер, 

медпункт, т.б. ); 

6)  мамандықтардың  білім  беру  бағдарламаларының  барлық  пәндерін  игеруі 

және  мемлекеттік  стандарттарға,  диплом  берудің  мемлекеттік  үлгілеріне  сәйкес 

мамандықтар  бойынша  оқуын  аяқтаған  соң    академиялық  дәреже  алуы  үшін  әр  білім 

алушыны барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. 



 

3. Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің білім беру 

бағдарламалары және оқу жоспарлары 

 


3.1  Білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  тиісті  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттарымен  белгіленеді  және  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламалары арқылы іске асырылады. 

3.2    ЕАГИ-де оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді: 

1) үлгілік оқу жоспарлары; 

2) оқу жұмыс жоспарлары

3) жеке оқу жоспарлары. 

3.3  Оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  әрбір  оқу  пәніне  әріптік  және 

сандық  белгілердегі  тиісті  кодты  беруді  қарастыратын  пәндерін  кодтаудың  бірыңғай 

жүйесі пайдаланылады. 

3.4  ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

ҮОЖ-да  міндетті  компоненттегі  әрбір  оқу  пәнінің  еңбексыйымдылығы 

кредиттермен  анықталады,  ал  таңдау  бойынша  компонент  кредиттердің  жалпы 

санымен көрсетіледі. 

3.5    ОЖЖ-да  әрбір  оқу  пәнінің  тізбесі  және  міндетті  компонент  пен  таңдау 

бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен,  

оқу сабақтарының түрі және бақылау нысандарымен анықталады. 

3.6  ОЖЖ-ны  оқу  жылына    әзірленеді  және  ғылыми  (педагогикалық)  кеңестің 

шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 

ОЖЖ  оқытушының  оқу  жұмысының  еңбексыйымдылығын  есептеу  үшін  негіз 

болып табылады. 

3.7  ОЖЖ-ның  және  ЖОЖ-ның  нысанын,  құрылымын  және  әзірлеу  тәртібін 

білім беру ұйымы дербес айқындайды. 

            3.8  ЖОЖ әрбір білім алушының  жеке білім траекториясын бөлек айқындайды. 

3.9    ЖОЖ-ны  үш  данада  факультет  деканы  (бөлім  басшысы)  бекітеді:  бірі  - 

деканатта  (бөлімде)  сақталады  және  ол  білім  алушының  кәсіптік  оқу 

бағдарламалардың  орындауына  және  меңгеруіне  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  негіз 

болады,  екіншісі  -  аралық  аттестаттауды  ұйымдастыру  үшін  офис  Регистратор, 

үшіншісі - білім алушыға тапсырылады. 

3.10 Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу 

пәндерінің  жүйелі  қысқаша  сипатталған  тізбесін  көрсететін  элективті  пәндердің 

каталогы (ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі 

тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, 

дағдылары,  және  біліктіліктері)  көрсетілген  пәнді  сипаттайтын  қысқаша  суреттемесі 

беріледі. 

Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін 

көрсетіледі.  ЭОК  білім  алушыларға  элективті  оқу  пәндерді  баламалы  таңдау 

мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

3.11  Институт  оқу  үдерісін  ақпараттық  көздермен  толық  көлемде  қамтамасыз 

етеді:  оқулықтар,  оқу  құралдары,  оқу  пәндері  бойынша  әдістемелік  құралдар  және 

әзірленімдер,  көп  таратылатын  материалдар  және  өзіндік  жұмыстар  жөніндегі 

нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік. 

Әрбір  білім  алушы  оқудың  барлық  кезеңінде  анықтамалық-жолсілтегіштермен 

қамтамасыз етеді. 

  

4. Кредиттік оқыту технологиясы  бойынша оқу үдерісі 


 

4.1  Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін 

ұйымдастырудың негізгі   міндеттері: 

1) білім көлемін біріздендіру; 

2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 

3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 

4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау 

рәсімдері негізінде анықтау болып табылады. 

4.2  Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді: 

1)  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  әрбір  пән  бойынша  еңбек  шығынын 

бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу; 

2)  білім  алушылардың  жеке  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  тікелей  қатысуын 

қамтамасыз  ететін  элективтік  пәндердің  каталогына  енгізілген  таңдауы  бойынша 

пәндерді олардың таңдау еркіндігі; 

3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 

4)  білім  алушылардың  білім  траекториясын  таңдауына  ықпал  ететін 

эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту; 

5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану; 

6)  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім  алушылардың  өзіндік 

жұмыстарын жандандыру; 

7)  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  факультетке  (бөлімге)  және  кафедраларға 

академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 

8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті 

оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 

9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері; 

10)  әрбір  оқу  пәні  бойынша  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін 

бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. 

4.3  Институтта  бір  оқу  жылының  шеңберіндегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 

ректор  бекітетін  академиялық  күнтізбе  Ғылыми  кеңестің  шешімі  негізінде  іске  

асырылады. 

4.4  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңдерінен, 

демалыстардан және  практикалардан тұрады.  

ЕАГИ-де академиялық кезең ұзақтығы  15 апта.  

Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.   

Білім  алушыларға  әр  бір  академиялық  кезеңнен  каникулдар  беріледі,  оқу 

жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем емес.  

4.5  Бітірушілер    курсын  есепке  алмағанда,  ұзақтығы  6  аптаны  құрайтын 

қосымша  оқыту  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  академиялық  қарызды  немесе  оқу 

жоспарларындағы  айырмашылықты  жою,  өзге  ЖОО-лармен  келісе  отырып  оқу 

пәндерін  оқу  және  білім  алушылардың  өз  ЖОО-сында  міндетті  түрде  қайта  сынақ 

тапсыра отырып несиелерді игеру, үлгерімнің орташа балын көтеру (GPA) үшін жазғы 

семестр ұйымдастырылады.   

4.6  Профессор-оқытушылық  құрамның    педагогикалық  жүктемесін  жоспарлау 

«Еуразия  гуманитарлық  институты  профессор-оқытушы  құрамының  жұмыс  уақытын 

жоспарлау және бюджет есебі туралы» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. 


Бір  академиялық  сағат  дәрісханалық  сағаттың  50  минутына  тең.  Студиялық 

және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар 

үшін  академиялық  сағат  тиісінше  75  минутқа    тең,  немесе  зертханалық  сабақтар  мен 

дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут. 

Білім  алушылардың  практикасының  барлық  түрлерінің,  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының  бір  академиялық  сағаты,  қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  50 

минутқа тең.   

4.7  Оқу  жұмысының  көлемін  жоспарлау  кезінде  бір  кредит  төмендегідей  оқу 

жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең:  

аптасына  1  сағат  бойынша  тең  бөлінген  семестр  түріндегі  академиялық  кезең 

бойында білім алушының дәрісханалық жұмысы;   

білім алушылардың кәсiби және зерттеу практикасы кезеңдерінде оқытушымен 

жұмыстары; 

білім  алушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  кезеңдерінде  оқытушымен 

жұмыстары;  

білім  алушылардың  дипломдық  (жобалар),  магистрлік  немесе  докторлық 

диссертация жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары;   

білім  алушылардың  дайындық  және  мамандық  бойынша    мемлекеттік 

емтихандарын (кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары. 

4.8  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың  ұзақтығымен 

және  оқу  жұмыстарының  әр  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен  жүретін  оқу 

сағаттарының көлемдерімен (50 минуттан) анықталады. 

Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең 

болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары 

тиісінше  БӨЖ  сағаттарымен  толығады,  осылайша  білім  алушының  семестр  түріндегі 

академиялық  кезеңінің  бір  аптасындағы  бір  кредит  жиынтық  оқу  жүктемесі 

бакалавриатта 3, тиісінше салалық, ғылыми және педагогикалық магистратурада  4, 5 

сағатқа және докторантурада 7 сағатқа тең болады.  

БӨЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді. 

Әрбір  практиканың  академиялық  сағаты  (оқудан  басқа)  білім  алушылардың 

қосымша  жұмыстарының  оқу  сағаттарына  сәйкес  жүргізіледі:  педагогикалық 

практикаға – 1 сағат, өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 

сағат.   

Әрбір  академиялық  сағат  білім  алушылардың  (магистранттың,  доктаранттың) 

ғылыми-зерттеу  (зерттеу-тәжірибе)  жұмыстарының,  магистрлік  және  докторлық 

диссертациялардың орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа жүргізіледі.    

Қорытынды  аттестаттаудың  әр  академиялық  сағаты    білім  алушының  диплом 

жұмысы (жобасы)  кезіндегі оқытушымен байланысу жұмыстарын немесе білім алушы 

мен  оқытушының  мемлекеттік  емтихан  тапсыруға  дайындығы  не  тапсыру  кезіндегі 

оқытушымен  жұмысының  оқу  сағаттарын  білдіреді.  Білім  алушының  қорытынды 

аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӨЖ  6 сағатқа жүргізіледі. 

4.9 Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып 

табылады.  Олар  оқу,  педагогикалық,  өндірістік  және  диплом  алдындағы  болып 

бөлінеді.  Кәсіби  пратиканың  барлық  түрлерінің  жалпы  көлемінің  құрылуы    6  кредит   

құрайды.  


4.10 Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік 

уақыты практикаға бір апта ішінде 30 сағатқа (жұмыс аптасының 5 күнінде 6 сағаттан) 

тең  екендігі  бойынша  анықталады.    Апта  санын  есептеу  үшін  кредиттегі  практика 

көлемі  оқу  сағаттарындағы  пратиканың  тиiстi  түрiнiң  еңбек  сыйымдылығына 

көбейтіледі  және    білім  алушының  апта  iшiндегі  практика  жұмысының  ұзақтығына, 

яғни 30 сағатқа бөлінеді. 

Практиканың  1  кредитінің  ұзақтығы  15  сағатты  құрайтын  болғандықтан      (50 

минуттан),  оқу  практикасына  30  сағат  (50  минуттан)  педагогикалық  практикаға  75 

сағат  (50  минуттан)  өндірістік  практикаға  және  зерттеу  практикасына  120  сағат  (50 

минуттан),  онда  практика  ұзақтығына  сәйкес  аптасына  1  кредитті:  0,5  апта  оқу 

практикасына, педагогикалық практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға және 

зерттеу практикасына 4 апта. 

4.11 

Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттауды  жоспарлау  және 



магистранттар  мен  докторанттардың  аптадағы  ғылыми-зерттеу  (зерттеу-тәжірибе) 

жұмысы  білім  алушылардың  54  сағатқа  (күніне  9  сағат,  БӨЖ-ді  қосқанда  жұмыс 

аптасының  6  күні)  тең  апта  ішіндегі  нормативтік  жұмыс  уақытына  байланысты 

анықталды.   

4.12  Қорытынды  аттестаттаудың  1  кредиті  105  (15х7)  сағатқа,  яғни  2  аптаға 

сәйкес келеді. Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс 

сағаты және БӨЖ-дің 90 сағаты.  

Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  (кешендік  емтиханға)  дайындыққа 

және тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі.   

4.13  Оқу  сабақтары  басым  түрде  белсенді  шығармашылық  нысандарда 

жүргізіледі  (кейс-стади,  іскерлік  ойындар,  тренингтер,  диспуттар,  дөңгелек  үстелдер, 

семинарлар). 

4.14  Кредиттік  технологияны  оқыту  кезінде    оқу  сабақтарының  кестесін,  оқу 

пәнін  оқытушы  құрайды,  жеке  бiлiм  беру  траекториясын  қамтамасыз  етуде  және 

оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы  қорытынды жасайды. 

Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады: 

1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-

ден 19.00-ге дейін;  

2) сырттай білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 16.00-ден 21.00-ге дейін.   

4.15    Оқытылатын    пәндерді  және  оқытушыларды  таңдауды  қамтамасыз    ету 

мақсатында кредиттік  технологиямен  оқитындардың  оқу  сабақтарының кестесі  оқу 

пәндері мен оқытушылар шамасына  қарап  құрастырылады. 

Академиялық  лектер  және  топтардың  толықтығы  белгіленеді.  аталған  пәнге 

және  аталған  оқытушысына    жазылған  білім  алушылардың  саны  жеткілікті  және 

жеткілікті  денгейге  жетістіктер  оның    табыстылығының      болу  қағидасы  бойынша 

қалыптасады.   

Академиялық  лектердің  және    топтардың  толығуы  «Еуразия  гуманитарлық 

институты профессор-оқытушы құрамының жұмыс  уақытын жоспарлау және бюджет 

есебі туралы» ережесінемен дербес анықталады. 

4.16  Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге 

бөлінеді:  оқытушының  жетекшілігімен  орындалатын  өзіндік  жұмыс  (ОБӨЖ)  және 

бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ). 



БӨЖ-дің  барлық  көлемі  білім  алушылардан  күнделікті  өзіндік  жұмысты  талап 

ететін тапсырмалармен расталады.  

4.17 Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның 

өзіндік білім беруі арқылы анықталады.   

ОБӨЖ  білім  алушылардың  оқытушымен  байланыстылығы    дәрісханадан  тыс 

жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке 

графика бойынша орындалады. 

Оқу  бағдарламаларына  ең  қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмаларының  орындалуы, 

курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа 

да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.   

4.18  Пәнді  оқуға  білім  алушыларды  тіркеуді  (Еnrоllmеnt)  офис  Регистратор  

ұйымдастырады  және  «Пәнді  оқуға  білім  алушыларды  тіркеу  ережелеріне»  сай 

жүргізіледі.  Сонымен  қатар,  әдістемелік-ұйымдастыру  және  консультациялық 

жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады. 

4.19    Кредиттік  технология  бойынша  оқу  білім  алушылардың  білім  беру  

бағдарламасын  дербес  жоспарлауына,  оқудың  жеке  траекториясын    таңдауына,  

өздігінен  білім  алу  деңгейін  арттыру  уәждемесіне негізделген. 

Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында: 

1)  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 

ережелерімен танысуы; 

2)  оқу  пәндеріне  тіркелудің  және  ЖОЖ-ға  өзгерістер  енгізудің  белгіленген 

мерзімдерін сақтауы; 

3)  білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  оқу  жылында  белгіленген 

кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс. 

4.20  Білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету  үшін 

жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи 

алады.  

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  жекелеген  пәндерді 

оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында  екіжақты шарт жасалады. 

4.21  Егерде  білім  алушы  жеке  пәндерді  басқа  білім  беру  ұйымдарында  пән 

бойынша  аралық  аттестаттаудан  өткен  соң  өзінің  білім  беру  ұйымына  емтихан 

ведомосын  (немесе  транскрипт)  емтихан  бойынша  бағалау  нұсқаулығымен  қоса,  пән 

бойынша  және  игерген  кредиттер  санының    қорытынды  бағаларын  деканатқа 

(бөлімшеге) көрсетеді.  

4.22  Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі,  іскерлігі,  дағдылары мен 

құзыреті) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық  шкала бойынша  және төрт 

балдық  жүйе  бойынша  сандық  эквивалентке  сәйкес  әріптік  жүйемен  бағаланады  (оң 

бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 

4.23  Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  жүйесін  ұйымдастыру 

оқу  жұмысы  жөніндегі  білім  беру  ұйымы  басшысының  орынбасарына  бағынатын, 

офис Регистраторы жүзеге асырады. 

  Офис  регистратор  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  тарихын  оқу 

кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Ережеге 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады.  

Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.  



4.24 Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы 

бағасына  сәйкес  үлгерімінің  барлық  түрлерін  жүргізеді  (ағымдағы  орташа 

арифметикалық  бағасы  және  аралық  бақылау).  Сонымен  қатар  білім  алушының 

оқудағы  жетістіктері,  орындаған  тапсырмалары  ережеге  100  балдық  көрсеткішпен 

бағаланады.  

4.25 Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау 

бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем 

құраса  қорытынды  баға  дәрежесі  студенттің  оқу  пәні  бағдарламасын  меңгергендігі. 

Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың 

кемінде 30 пайызын құрайды. 

4.26  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен 

игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының  транскриптіне 

жазылады. 

Білім  алушылар  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлықсыз» 

деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.  

4.27  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  көтеру  мақсатында  осы  

аралық аттестаттау  кезеңінде  қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

4.28  Оң  бағаны  алу  үшін  білім  алушылар  келесі  академиялық  кезеңдердің 

бірінде  немесе  жазғы  семестрде      ақылы  түрде  сол    пән  бойынша  оқу  жұмыс 

жоспарында  қарастырылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып,    рұқсат  алады 

және қорытынды бақылау тапсырады. 

4.29 Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен  және 

оқытудың  барлық  бағдарламаларын  игеру  үшін    білім  беру  ұйымының  орнатылған 

кредиттер санымен есептелінеді.  

Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе 

оқу  жылы  ЖОЖ  болып  табылады.  Сонымен  қатар  оқыту  құны  білім  алушыға 

жоспарланған ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады.  

4.30  Аралық  аттестаттаудың  қорытындылары  бойынша  барлық  емтихандарын 

«А»,  «А-»,  «В+»,  «В-»  бағаға  тапсырған  жағдайда,  мемлекеттік  білім  беру  гранты 

бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады. 

4.31 Офис регистратор оқу жылының  қорытындысы бойынша жаздық    семестр 

нәтижелерін  есепке  ала  отырып,  білім  алушылардың    оқу  жетістіктері  деңгейінің 

ортасалмақ бағасы болатын орташа балын (GPA) есептейді. 

4.32  Курстан  курсқа  көшіру  үшін  өту  балын  –  білім  алушыны  келесі  курсқа 

көшіруге  рұқсат  беретін  өту  балын  курстар  бөлінісінде  жоғары  оқу  орындары  дербес 

белгілейді.  

4.33  Толық  көлемде      курс      бағдарламасынан      өткен,        өту  балының    жинай   

алмаған    білім    алушыларға     өзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)   жоғарылатуы   

үшін        жазғы  семестрде  белгілі  бір  пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын 

«Қазақстан  тарихы»    пәнінен  басқа)  белгіленген  тәртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта 

оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі. 

4.34  Оқу  жылының  қорытындылары  бойынша      жаздық        семестр     

нәтижелерін  есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар  оқу курсын 

қайта оқуға қалдырылады. 



Оқу курсына қайта қалдырылған  білім алушылар   бұрын қабылданған жеке оқу 

жоспары немесе  жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке 

оқу жоспарын жасайды. 

4.35  Қайта  оқу  курсына  қалдырылған  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  

бойынша оқитын білім алушы әрі қарай  оқу кезеңіне  білім беру грантынан айрылады. 

4.36  Білім  алушыны  көшіру,  қайта  оқуға  қабылдау  және  академиялық 

демалыстан шығу кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады. 

4.37  Бакалаврларды  даярлау  бойынша  білім  беру  үдерісін  аяқтаудың  негізгі 

критериясы  студенттің  теориялық  оқытудың  кемінде  129  кредитін  игеруі,  сондай-ақ 

практиканың кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға,  жазуға және қорғауға  

кемінде  2  кредитті  (жоба)  және  мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға 

дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып табылады. 

4.38 

Жоғары  кәсіптік  білім  беру  бағдарламасын  және  қорытынды 



аттестаттаудан  өткен  білім  алушыға  тиісті  «бакалавр»  академиялық  дәрежесі  және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игерген білім алушыға   білікті 

«магистр»  дәрежесі    және  (PhD)  философия  докторы  ғылыми  дәрежесі  немесе  сала 

бойынша  доктор  дәрежесі  мемлекеттік  үлгідегі  қосымшамен    (транскрипт)  диплом 

беріледі.  

4.39    Емтихандар  мен  сараланған  сынақтарды  А,  А-,  В-,  В,  В+    деген  бағаға 

тапсырған  және  оқытудың  барлық  кезеңінде  үлгерімінің  орташа  балы  3,5-ке  тең 

мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  «А»,  «А-»  деген  бағаға 

тапсырған  бакалавриат  және  арнайы  жоғары  білім  беру  бағдарламалары    бойынша 

оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда  

үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. 

 

5. Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру 



 

         5.1  Модульдік  оқытудың  әдіснамалық  негізі  ретінде  модульдік  білім  беру 

бағдарламаларын  әзірлеу  принциптері,  әдістемесі  және  тәртібі  саналады. 

         Оқыту  нәтижелерінің  тиімділігіне  кешенді  тәсілдерді  сақтау  арқылы  қол 

жеткізуге  болады.  Модульдік  принцип  бойынша  білім  беру  бағдарламалары  да,  оқу 

жоспарлары 

мен 

оқу 


пәндері 

де 


құрастырылады. 

       5.2  Оқыту  нәтижелері  білім  берудің  деңгейіне  сәйкес  Дублин  дескрипторлары 

негізінде  анықталады  және  құзыреттілік  арқылы  көрінеді.  Бұл  ретте  оқытудың  бес 

негізгі нәтижесі көрсетіледі:  

- білім және түсіну;  

- білім мен түсінгенін қолдану;  

- пікір айтуды қалыптастыру;  

- коммуникативтік мүмкіндіктер;  

- оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік. 

       Оқыту  нәтижелері  барлық  бағдарлама  бойынша  да,  жеке  модуль  мен  жеке  пән 

бойынша да анықталады. 

       5.3  Модульдік  оқытудың  мазмұны  дегеніміз  оқытудың  мазмұнын  жеке 

ұйымдастыру-әдістемелік  модульдерге  айналдыру  болып  табылады.  Олардың 

мазмұны  мен  көлемі  дидактикалық  мақсаттарға,  білім  алушылардың  бейіндік  және 

деңгейлік 

саралануына 

қарай 

өзгеріп 


отыруы 

мүмкін. 


       Модульдердің  бірігуі  білім  алушылардың  белгілі  санаттарының  оқуы  (және 

өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін 



талап  етілетін  нақты  оқу  материалын  таңдау  және  құрастыру  еркіндігі  мен 

икемділігінің 

қажетті 

деңгейін 

қамтамасыз 

етеді. 


     5.4 Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар: 

      1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың 

мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері; 

      2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім 

алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі; 

      3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік 

тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету; 

      4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі; 

      5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-

шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі; 

      6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта 

оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады. 

      5.5  Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, 

яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің 

мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы 

мүмкін. 


      5.6  «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін 

білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді. 

      «Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы 

деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен 

кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.  

      5.7  Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік 

моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан 

кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына 

қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді. 

      5.8 Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, 

білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен 

дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді 

(әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) 

қамтиды. 

      5.9  Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді: 

      1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы 

білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру; 

      2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау; 

      3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, 

магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру 

бағдарламаларын есепке ала отырып); 

      4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның 

материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық 

базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін 

әзірлеу; 

      5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда 

әкімшілік-басқару қызметін іске асыру. 

      5.10  Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер 

бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін 

білдіреді. 

      5.11 Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 

және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу 

пәндерін қамтиды. 

      5.12  Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және 



магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен 

мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне 

қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге 

жатуы мүмкін. 

      5.13  Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің 

жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады. 

      5.14  Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту 

пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және 

вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің 

қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады. 

      Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді: 

      А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады; 

      В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады; 

      С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады. 

      5.15  Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді: 

      1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени 

құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық 

(кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ 

жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан 

әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды; 

      2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы 

білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан 

ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) 

шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға 

бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін 

қамтиды; 

      3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы 

жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және 

т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды; 

      5.16  Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді 

қамтиды: 

      1) білім беру бағдарламасының атауы; 

      2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD 

докторантура); 

      3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының 

бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер: 

      ана тілі саласында; 

      шет тілдері саласында; 

      іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық; 

      компьютерлік; 

      оқу; 

      әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық); 

      кәсіпкерлік, экономикалық; 

      мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, 

(шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным); 

      4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық 

кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль 

компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және 

атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау 

бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге 

қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім 

беру бағдарламасының мазмұны; 



      5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің 

көлемін көрсететін жиынтық кестесі. 

      5.17 Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың 

қажетті білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші 

модульдер, бөлімдер) құрылады. 

      Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың 

дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды 

ақпараттық функциялардан босатады

      5.18  Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды: 

      1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі; 

      2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі 

(пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын 

талаптар; 

      3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың 

қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың 

жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның 

ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі); 

      4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін 

бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың 

саясаты мен рәсімі); 

      5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі. 

      5.19 Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер 

қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, 

тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір 

болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін. 

      5.20  Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің 

пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық 

модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының 

моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін 

қамтиды. 

      5.21 Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша 

кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан 

нысанында өткізіледі. 

      Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына 

негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша 

қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып 

табылады. 

      Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – 

оқу пәні бойынша да жеке қойылады. 

      5.22 Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың 

барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып 

табылады.  

      Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз 

деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу 

пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар 

бұл пәнді оқымайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Кредиттік оқыту технологиясы 



бойынша оқу үдерісін 

ұйымдастыру ережесіне 

1-қосымша 

  

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық 



жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың 

әріптік жүйесі 

  

Әріптік жүйе 



бойынша бағалау 

Балдардың 

сандық 

эквиваленті 



Пайыздық 

мазмұны 


Дәстүрлі жүйе 

бойынша бағалау 

А 

4,0 


95-100 

Өте жақсы 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет