Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет290/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
таралуда. Ол өз кезегінде әлеуметтік қауымдастықтар арасына 
жік түсіріп, еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайтуға кедергі келті-
рері анық. Сонымен, дүниетанымдық дәстүрлерге талдамалық 
жасау, олардың құнды тұстарын анықтау – жастар арасында бой-
күйездік психологияның өрбімеуіне, ұлтаралық қатынастардың 
шиеленіспеуіне теориялық, құндылықтық бағдар ретінде қызмет 
етеді. 
Ғылыми зерттеудің теориялық және қолданбалы ғылыми 
нәтижелерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігінің, мәдениет пен ақпарт министрлігінің барлық 
мекемелері, әртүрлі деңгейдегі еліміздің әкімдіктер өздерінің 
қызметтерінде кеңінен қолдана алады. Бакалаврлер, магистранттар, 
докторанттар және ғылыми қызметкерлер өз еңбектерінде тиімді 
пайдалана алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстан 
Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне, Ұлттық-мәдени орталықтарға, 
әкімшіліктерге, Үкіметке, басқару органдарына пайдасын тигізеді.
Талдамалық баяндаманың қорытындылары мен ғылыми-
практикалық ұсыныстары төмендегідей кейіпте тұжырымдалады:
1. Қазақстанның қазақ хандығы дәуіріндегі этноәлеуметтік 
кеңістігіндегі философиялық ойдың қалыптасуы мен дамуының 
негізгі тарихи кезеңдері анықталды және олардың өзіндік ішкі 
қайшылықтары зерделеуден өткізілді. Әрбір тарихи өтпелі кезең-
дердің өзіндік келбеті көрсетіліп, рухани жетілуді қамтамасыз ететін 
тұлғааралық, әлеуметаралық, мәдени байланыстардың құнды-
лықтық маңыздылықтары, дүниетанымдық дәстүрлері сыни фило-
софиялық пайымдаулардан өткізілді. Талдамалық баяндамада қазақ 
халқы тарихының рационалдық біртұтас дүниетанымдық карти-
насын қалпына келтіруге талпыныс жасалады және қазіргі кезеңде 
қалыптасқан заманауилық ахуалдағы қоғамның рухани даму жо-
лын дербес таңдау мен ұлттық мәдениетті қайта түлетудегі хандық 
дәуіріндегі қазақ қоғамындағы философиялық дәстүрдің маңызы 
көрсетіледі.
2. Түркілік кезең мен қазақ философиялық ойы эволюциясына 
тарихи-философиялық, герменевтикалық талдау жасау арқылы 
тарихи процестегі руханият құбылысының мәндік негіздері мен 
қоғамдық маңызы айқындалды. Сонымен қатар, қазақ тарихи 
болмысына сәйкес келетін дүниетанымдық әмбебаптар ауқымын-
дағы этникалық, діни және азаматтық руханилықтың түпкі астар-
лары орныққандығы пайымдалды. «Қазақтардың дәстүрлі дүниета-
нымының семантикалық діңгегі «құт» ұғымы. Оны «өмірлік 
күш», «өркендеу басы», «өмір нәрі», сонымен қатар байлықпен 


 
295


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет