Испиджаб. Қараханидтер кезінде атақты қаланың бірі Испиджаб болды. Қала Сайрам деген аты-
мен де белгілі. Хғ. өмір сүрген араб ғалымы Ал Истахридің жазуына қарағанда «Сапиджаб аумағы бір
фарсангке тең (5-6шақырым)» үлкен қала, ішінде мешіт-медресе, өте көркем салынған жұма мешіті, та-
маша салынған əмірлердің сарайлары, бір жағында абақтысы да бар» деп қалаға толық суреттеме бер-
ген. Қаланың орталығы, оны айналдыра салған шахристан, рабад, ортасынан өзен ағып жатқандығы,
оның қалаға тамаша көрік беріп, бау-бақша өндіруге пайдасы зор екендігін керемет суреттеп жазған
араб деректері толық бейнелеп көрсетеді. Шахристанға сырттан келген елшілер немесе саудагерлер
өздеріне арналған қақпамен кіретін болған. Міне, сол кездің өзінде қалаға келудің тəртібі орныққан.
Ал, келген қонақтар өздеріне тиісті сауда алаңында, тиісті қонақ үйінде жататын болған. Деректерде
қала өзінің қарамағындағы Бадхекет, Субаникет, Тараз, Атлах, Шельджи, Кедер (Отырар), Сүткент,
Шавғар, Собран (Сауран), Весидж сияқты қалалармен тікелей байланысты болған. Қала тұрғындары
түркі жəне парсы тілінде сөйлеген. Ол мұсылман дінінің орталығы болған. Мұнда ғұлама бабамыз
Қожа Ахмед Иасауи 1093 ж. дүниеге келген. Бұл қалада оның əкесі Ибраһим мен шешесі Қарашаш
жатыр. Ибраһим да көрнекті мұсылман дінінің өкілі еді. Бұлардың ұлы Қожа Ахмед Ясауиде осы
Испиджабта 1093 немесе 1099 ж. туған. Араб, парсы жазба деректеріне қарағанда Ахметтің əкесі сауат-
ты көзі ашық адам болған. Ахметке кішкентай кезінен араб, парсы тілдерін үйреткен, Исфаған, бағдат
шаһарларынан ұстаздар жалдап оқытқан.. Ол 16 жасында шығыс поэзиясын, əдебиетін, философиясын
жетік меңгерген. Он жеті жасында 17 жасында өзі де өлең жаза бастайды. Ол өз жырларын өз ана тілін-
де түрік тілінде жазған. Ахсметтің Түркістанға қашан, қай жылы кеткендігі белгісіз. Бірақта ғылыми
зерттеулерге қарағанда 17 жасында Түркістанға кеткен.
Археолог ғалымдардың зерттеулері бойынша Сайрам қаласының орны ежелгі Испиджаб қаласының
орны деп дəлелдейді. Қала сауда жолының бойына орналасқан, қала мұсылман дінінің орталығы
болған, осы жерден дінің далалы аудандарға тез тарауға ыңғайлы болған. Б.ж. 766 ж. ислам дінінің
насихаттаушылары Исқақ баб, Əбдіжəлел баб, Əбдірахым баб мыңдаған ерікті көмекшілерімен
Сайрам, Созақ, Тараз т.б. қалаларға мұсылман дінін таратқан. Сондықтан ел аузында Сайрамда сансыз
баб, Түркістанда əулие баб деген сөз бекер айтылмаған. Сайрам туралы жазба деректерде дін тара-
ту б.д. VІІ ғ. басы. Сол себептен бұл аймақ араб, түрік, қытай деректерінде ірі саяси, экономикалық,
стратегиялық орталық болып табылған. Саяхатшы Сюань-Цзянның (629ж) кітабында қала Сайрам-
Ақсудың бойында. Ежелгі Сайрам Оңтүстік Қазақстанда б.з. VІІ ғ. қасиетті кітабы «Авестада» Сайрам
елі, Сайрам жері деп аталған. Ал ХІғ Махмұд Қашғаридің еңбегінде Испиджаб деп аталады. Қаланың
аты қаладан шыққан атақты Ахмал əл Испиджаби, Əбу-л-Хасан əл-испиджаби, Əли əл-Испиджаби
ғалымдарымен белгілі. Ғалым Əбсаттар Дербісəлиевтің зерттеуіне қарағанда Əбу-лХасан Испиджаби
Сайрам медреселерінің бірінде ұстаздық еткен ғалым.Ал Хғ аль-Истахри еңбегінде қала шикі кірпі-
шпен тұрғызылған, базары толған жеміс, қолөнер бұйымдары басқа да қажетті бұйымдар өте көп.
Аумағында көптеген қалалар мен қыстақ-кенттер алып жатыр. Олар Манкент, Газгерт, Харлуг т.б.
Аумағы тұрғындарға тығыз орналасқан. Қала іші жəне оның аумағы жартылай көшпелі түркілермен
көбейген. Олар VІ- VІІІ ғғ бұнда келген соғдылармен араласып кеткен. Жазба деректерде Баласағұн
тұрғындары түрікшеде, соғдышада сөйлетінін «Мединат Аль-Байда» жазба деректерінде. Тараз
жəне Аққала (Сайрам С.Ж.) тұрғындары да түрік тілінде сөйлейді. Осы кезде (VІІІ-Х ғғ) қалалардың
тұрғындары ислам дінін қабылдап оған табынатын. Қалаларда салынған ғимараттардың көпшілігі
мешіттер мен ғибадатханалар болған. Өлген адамдарды мұсылманша жерлейтін болған. Көп жағдайда
арабша жазу қолданысқа кіре бастаған. ІХ-Х ғғ қалаларда өнер дами бастаған, сонымен қатар көзе
ыдыстарды сырлап əшекейлеу өнері дами бастайды. Сайрам (Испиджаб) жер шаруашылығының даму
орталығы бола бастайды. Моңғол шапқыншылығы қарсаңында қала гүлденген өңірдің бірі болған,
алайда шапқыншылық бұл жағдайды мүлде талқанын шығарған деп жазған атақты жағрафиялық
сөздікте «Муджала-ал Булданда». Сондай жағдайға қарамастан Испиджап қаласының өзінің көркін
сақтап қалғандығы туралы қытай монахы өзінің 1221 ж. қалада болып оның əлі де болса үлкен екен-
дігіне еліне қайтқан кезінде өзінің шəкіртімен 1223 ж таңданғанын жазады. Ал қалада ХV-ХVІ ғ болған
ибн Рузбихан қаланың басты бөлігі биік қорғанмен қоршалғанын жазған. Қаланың тастан қаланған
қорғандарының ХІХғ аяғына-ХХ ғ басына дейін сақталған. Хғ деректеріне қарасақ қаланың бір-бірі-
не қарама-қарсы 4-қақпасының орны олардың көшелерінің жобасы көрініп жатыр. Олар өз кезінде
195
Нуджикент, Фар, Сайнарасы, Бухар деп аталған. ХХ ғ. қаланың солтүстік қақпасы Бельдарбаза деп
аталған, ал оңтүстік қақпасы Базар деп аталса, шығыс жақтағы қақпасы Қарамұртын, батыс қақпасы
Шымкент деп аталған. Қала ортағасырда түркілердің басты бір саяси орталығы болса, бүгінгі күні де
өзінің басты бір орталық қала екендігін, маңызын жоймаған қала–кенттерінің бірі болып сақталған.
Қаланың басты көшелерінің қиылысқан жерінде ХІХғ салынған жұма мешіттің орны сақталған. Ол өз
кезінде өзінің құрылыс жүйесінің əсемдігімен көз тартқан.
Отырар. Оңтүстік Қазақстанда қалалық отырықшылық өмірдің дамыған жер екендігі ежелгі
дəуірлерден-ақ белгілі. Алайда, бұл мəселе əлі толық зерттеліп біткен жоқ. Сондай бір отырықшылықтың
отаны болған жер Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасы болып табылады. Бұл аймақта үлкенді-кішілі
жүзден астам қалалар бар. Олардың ішінде тарихи астаналық маңыздысы – Отырар қаласы. Бұл қаланың
астыңғы мəдени қабаты Қаңлы мемлекетінің Битянь, одан кейінгі кезі тюрколог С.Г.Кляшторныйдың
түрік деректері бойынша Турарбанд немесе кангу Тарбанд, Тарбанд қаласы болған.
ІХ-Хғ. өмір сүрген араб ғалымдары Əл-Истахри, Ибн-Хаукил, Əл-Макдиси т.б. Отырар қаласы
туралы көптеген мағлұматтар қалдырған. Қаланың əлемге белгілі болған ұлы ғұлама ғалым бабамыз
Əбу Насыр əл-Фарабидің дүниеге келуі. Ғалым жас кезінде осы қаланың медреселерінің бірінде білім
алған. Осы жерде айта кететін жəне бір мəселе, біз осы уақытқа дейін Отырар қаласынан тек бір ғана
Əбу Насыр əл-Фарабиді ғана білуші едік. Ғұлама ғалым Əбсаттар Дербісəлиевтің зерттеуіне қарағанда
Отырардан шыққан жəне отызға жуық Əл-Фараби сияқты ғұлама ғалымдардың бар болғандығы мəлім
болды. Қала Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы қазіргі Отырар ауданының орталығы
Отырар, ол Темір станциясының оңтүстік батыс жағында 8 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға
құйылатын жерінен 6-7 км жерде.
Қаланың қазіргі сақталған жобасы бесбұрышты төбе биіктігі 18м жалпы аумағы 20гектар, көлемі
оңтүстік жағы 38м, оңтүстік батыс бағыты 145м, батыс жағы 400м, шығХфысы 350м. Қала қорғаныс
үшін ені 2,5м қорғанмен қоршалған. Қазіргі кезде толық құлап қалған орны жатыр, қорғанда
мұнараларыда болған. Қорған сыртында кеңдігі 10-15м кейін су толтырған шұңқыр (ров) болған.
Қалаға кіретін үш қақпасы болған. Қаланың топографиялық жүйесінің бізге жеткен кезі XV-XVIII ғғ
мезгілі. Қаланың орталық жүйесі (цитаделі) шамамен айтқанда үш бұрышты жалпақ төбе қаланың ор-
тасында жатыр (220х220х230м). Қаланың орталық цитаделі мен шахристан бөлігін айнала 150 га раба-
ды қоршап жатыр. Оны қоршаған қорғандардың тек кейбір бөліктерінің бұзындылары ғана байқалады.
Өз кезіндегі қаланың қорғаныс жүйелері мезгілдің ұзақтығынан жəне сыртқы жау шапқандырынан
жермен жексен болған.
Қаланың орнына атақты археолог ғалымдарымыз К.Ақышев, К.М.Байпаков, Л.Б.Ерзаковичтер 20
жылға жуық зерттеу жұмысын жүргізіп, үлкен үш кітап шығарды. Бұл еңбекте қаланың екі мыңға
жуық ғұмыры баяндалады. Қала туралы жазба деректерде оның өркендеген кезі Қараханидтер дəуірі
деп көрсетсе, ол археологиялық материалдармен толық дəлелденген. Қазба жұмысының барысында
үлкен мешіт, Бердібектің сарайы ашылған. Ал қаланың оңтүстік жағынан көзешілердің шеберханасы,
қаланың батыс жағынан 700-800м жерден кірпіш күйдіретін ошақ орны, солтүстік-батыс жағынан екі
шығыс моншаның орны, қаланың батыс жағындағы күйдірілген кірпіштен жасалған қақпасының орны,
қала ішінен қала тұрғындарының 2,3,4,5 бөлмелі үйлердің орындары көшелері ашылған. Бүгінгі таңда
осы ашылған құрылыс жүйелерін Республикамыздың қайта жөндеу ұжымы (Казреставрация) ашық
аспан астындағы мұражай жасау үшін жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сарай монша мешіт жөндеуден
өтіп жасалып қойған.
Қаланың VІІ-VІІІ ғғ мəдени қабаты оның орта ғасырдың алғашқы кезінің өзінде қалалық қалпының
қалыптасқан мезгілін толық байқатады. Ал ІХ-ХІІғғ кезі Оңтүстік Қазақстандағы қалалық өмірдің
дамыған мезгілін көрсетеді. Бұл кезде көне қалалар дамып, жаңа қалалар пайда болады. Отырар
қаласының көлемі шахристан рабадымен қоса есептегенде 200 га жетеді. Бұл кезде қалада көптеген
қоғамдық құрылыс жүйелер салынады. Мəселен қаланың батыс жағындағы рабадында екі шығыс монша
салынған. ІХ-ХІІ ғғ мезгілді көрсететін ыдыстарға қарағанда оларды жасаған, күйдірген гончар пештері
қаланың ішінде де рабадында да жасалған. Көптеген əйнектен жасалған ыдыстар, əшекей бұйымдар
табылған. Алайда қаланың осындай гүлденген кезі моңғол шапқыншылығынан бүлінген. Қала тек
ХІІІ ғ. екінші жартысынан қайта жандана бастаған, ірі сауда орталығына айналған, теңге шығару
орталығы болған. Бұдан шыққан теңгелер бүкіл Орталық Азияның қалаларындағы сауда айналысында
жүрген. ХІV ғ екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан Əмір Темірдің державасының құрамына ененді.
Əмір Темір Отырар қаласының бір сарайында 1405 ж. қаза болған. Əмір Темір Отырар қаласының ба-
тыс жағында Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбабқа кесене тұрғызған.
XVI-XVIII ғғ қаланың мəдени қабаттары екі дəуірді көрсетеді, астыңғы ХVI-XVII ғғ көрсетсе, үстіңгі
196
XVII соңы мен XVIII ғ көрсетеді. Бұл кезде қала көшелерінің бағыттарымен үйлердің жобаларының
өзгермегендігін байқатады. ХVI-XVII ғғ қалада 6-7 мың тұрғындар өмір сүрген. Олар қазіргі Түркістан
жəне Шымкент қалаларына қоныс аударған. Өзінің басынан 2000 жылдан аса ғұмыр өткезген Отырар
қаласы қазіргі кезде ашық аспан астындағы мұражайға айналып көненің көзі жаңаның жұрнағы болып
жатыр. Қаланың бұл көрінісі егеменді еліміздің жастарына елін, жерін сүйетін отанға деген тəрбиелік
маңызы өте зор.
Сауран ортағасырлық қалалардың ішінде қазақ хандығының қол астында болған атақты, көрнекті
қалалардың бірі. Қала Түркістан қаласының батысында 35-40 км қашықтықта, темір жолдың сол
жағында 30 разъезден 8 км жерде орналасқан. Қаланың бүгінгі сақталған түрі оңтүстік-батыстан,
солтүстік-шығысқа созылып жатқан көпбұрышты төбе. Көлемі оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығысқа
қарай 800 м, ал солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 550 м. Қаланың ішкі жағы сыртқы жағына
қарағанда 1,5-2 м биік, ол ішкі жағына салынған үй-жайлардың бұзылған орындарының əсерінен
болған биіктік, қаланың қорғаны қалындығы 30 м топырақ үйіндімен (вал) қоршалған, оның үстінен
шикі кірпіштен жəне пахсадан қорған тұрғызылған, олар берік болу үшін біріннен кейін бірі алмас-
тырып отырған. Қорғанның биіктігі үйіндімен (валмен) есептегенде 6м. Қорғанда 4 мұнарасы (баш-
ня) жартылай сақталған. Қорғанды айналдыра тереңдігі 3-4 м келетін шұңқыр (ров) қазылып су-
мен толтырылған. Мұндай қорғаныс қорғанның оң жағына жасалмаған. Қаланың солтүстік-шығыс
жағындағы қақпаның кеңдігі 15-18 м. Қаланы 1867 ж П.И.Лерх зерттесе, ал 1947 ж А.Н.Бернштам
зерттеген. А.Н.Бернштам қаланың үстінен жинастырған материалдар бойынша ІХ-ХVІІ ғғ өмір сүрген
деп жорамалдаған. Археологиялық зерттеулерге жəне жазба деректерге қарағанда қала суармалы жер
шаруашылығымен айналысқан. Қаланың айналасында оны дəлелдейтіндей үй-жайлардың орындары
сақталған. Бұл туралы «Шараф-наме-ий шахи» хабарлайды. Бұл деректе қала аумағында бау-бақша
да болған. Алайда Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевичте қала маңынан жер шаруашылығын білдіретіндей
Сырдариядан арық тартылмаған деп жазады. Ал Васифидің жазуына қарағанда қаладан бір фарсах
(6-7 км) жерде екі қатар кəріз (жер асты су тарту тəсілі) тартылып жер айдап егін егіліп, бау-бақша
өсірілген, ал археолог Е.Смағұловтың зерттеуі бойынша үш қатар кəріз тартылған. Кəріз Қаратаудың
етегінде ортағасырлық қамал қала Мыртөбеден басталады. Кəрізді Мир-и Араб деген адам Индиядан
200 құл жалдап жасатқан. Ал Сауран қаласы алғашқы кезде Қаратаудан ағатын суы шағын үш тау
өзенімен су алған тəрізді. Олар Тастақсай, Ақсай, Майдантал. Бұл өзендерден су тек көктем айларында
ағып жазда су мүлде ақпай қалады.
Кəріз туралы Е.Смағұловтың «Көне Сауран» деген кітабын қараңыз. (А., 2011, 61-71-бб.). ХVІғ
жер асты кəрізімен су тартылып қаланың жер өңдеумен айналысуы экономикалық жағынан өрлей
бастағандығын көрсетеді.
Еліміз тəуелсіздігін алғаннан бастап, əсіресе, «Мəдени мұра» бағдарламасының қабылдануы қаланы
зерттеуге орасан көңіл бөліп отыр. Бұл мақсатты іске асыруда Ə.Х.Марғұлан атындағы Археология
институтының төрағасы акад. К.М.Байпаков, институттың аға ғылыми қызеткері Е.Смағұлов, Түркістан
мемлекеттік музейдің аға ғылыми қызметкері М.Тұяқбаев т.б. археологтар соңғы он жылда қалада
жемісті ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Əсіресе қаланың шығыс жағындағы қақпасын ашуда
М.Елеуовтің енбегін атап өтуге болса, ал оны қайта қалпына келтіруде М.Тұяқбаевтың ерекше еңбегін
атап өтуге болады. Ал қаланың орталық алаңында жұма мешітін, медересесін ашып оны қайта қалпына
келтіруге зор еңбек еткен Е.Смағұлов пен А.Ержігітованың зор еңбектерін атап өтуге болады. Ал қайта
жөндеуді басқарып жұмысты іске асыруда Қазақ қайта жөндеу ұжымының төрағасы Қ.Тұяқбаевтың
еңбегі ерекше. Сонымен Сауран қаласының басты ашылған ғимараттарын ашық аспан астындағы
мұражай ашуға дайын деп айтуға болады. Ал қаланың тарихи жағдайына тоқталатын болсақ бұл қалада
талай тарихи тауқыметтерді басынан кешірген қала. Қаланы алғаш арабтар ауызша сақталған ХІ-
ХІІ ғғ. деректерден жазып алынған. Алғаш қала «Сулхан» деген атпен белгілі болған. Қалада
мұсылмандар мен дінсіздер арасында қиян-кескі шайқас болған. Осы шайқастан кейін ескі қаланы
қайта салады. Түріктер қаланы Сауран деп атайды.
Жағрафия ғалымы Иакут өзінің ХІІІ ғ жазылған «Елдер сөздігі» кітабында шекарада тұрған Сауран
қаласы Испиджаб тəрізді харадж төлемейтін қаланың бірі деп жазған. Ал екінші бір ғалым ал-Макдиси
«Сауран үлкен қала ол 7-қорғанмен қоршалған, шекарада гуздар мен кимактарға қарсы тұрған қамал
қала деп жазады. Ал екінші бір жерде Сауран, Испиджаб құрамына кіретін қала дейді. 967 жылы
ибн Хаукаль өзінің «Книга путей и стран» атты еңбегінде «Сауран гуздардың жиналып бітім тура-
лы келісім жасап жəне сауда, бейбіт туралы келісімге келетін бекіністі қала». Осындай деректерге
қарағанда кейбір зерттеушілер тек Сауран емес бүкіл Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен
197
Арыс өзенінің оң жағалауындағы қалалардан Таразға дейінгі қалалардың барлығы Оғыз мемлекетінің
Жабғұының қол астына қараған дейді.
ХІ ғ басында Сауран жəне оның аймағы Фараб жəне Испиджаб басқа да Оңтүстік қазақстандағы
қалалар Қараханид мемлекетінің қарамағында болған, бұл кезде Орта Азияның көптеген жерлеріде
бағынған.
1207/1208 жж Хорезм шахтың жаулап алған қалаларының ішінде жəне 1219/20 жж Шыңғыс хан-
ның жаулап алған қалаларының арасында Сауранның аты кездеспейді. Бұған қарағанда қала ешбір
қарсылық көрсетпей берілген деген ой туады. Сондықтан қала ешбір бұзылмай жақсы сақталған.
ХІІІ ғ. екінші жартысынан бастап Ақ Орданың Алтын Ордадан ерекшелене бастаған кезінен оның ас-
танасы болған. Аноним Искандердің хабарына қарағанда бұл қалада 1320 ж Ақ Орданың басқарушысы
Сасы-бұқа баласы Ерзан хан (1320-1345) Сауранда, Отырарда, Сығанақта көптеген мешіт, ханака, мед-
реселер салдырған. 1548 ж. қаланы Жəнібек ханның баласы Жиренше сұлтан басқарған. Бұл қалада
Мұхаммед Шайбанидтер қолына бірнеше рет түсіп, Қасым ханның қолына қайта қараған. Қаланың
тұрғындары қаланың қақпасын өздері ашып қаланың кілтін Қасым ханға беріп ханды қалаға кіргізген.
Осы кезден бастап Сауран қаласы қазақ хандығының қарамағына біржола өткен.
Сығанақ. Сырдарияның орталық ағысында орналасқан өз кезінде қыпшақтардың (ХІ-ХV) одан кейін
Ақ Орданың, одан кейін қазақ хандығының астанасы болған атақты қалалардың бірі – Сығанақ. Қала
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының жерінде ХVI ғ. атақты тарихшы Өзбек ханы Мұхаммад
Шайбани ханның хатшысы Фазал Ибн Рузбихан Сығанақ қаласының жанынан Дешті Қыпшақ баста-
лады дейді. Сонымен бірге Ол Сығанақты Дешті Қыпшақтың астанасы деп жазады. Олар (қыпшақтар
–С.Ж.) бұл қалада сауда жұмысының дамуына ылғи да қызу араласады дейді. Шындығында қыпшақтар
мен қимақтар Сығанақ қаласында жəне оның аймағында тұрақты тұрған.
Х ғ. атақты араб жағрафиятанушы, ғалым Ал-Идриси Сырдария бойындағы ғұндардың (оғыздардың
– С.Ж.) қалаларының көптігін жаза келіп, олардың ішіндегі Сауран, Сүткент, Сығанақ қалаларын ірі
қалалар еді, ал, Сығанақ нағыз сауданың қайнаған ортасы деп ерекше көрсеткен. Сығанақ қаласынан
зиялы білімді ғалымдарда шыққан: Шайқы баба Сығанаки алғаш Хорезмде тұрса кейін осы сығанақта
тұрған, біраз жыл Жент қаласында да тұрған. Бұл қаладан Хусам ад Дин ас Сығанаки осы ғалымның
үлкен атасы Һисамиддин де (1132-1199) өмір сүрген. Бұл ғалым өзінің атақты діни шығармалары
«Нихая» мен «Хидая» кітаптарын осы қалада жазған. Бұл еңбектерді оның немересі Хусамаддин тал-
дау жасаған.
Жерімізде мемлекеттік ұжымның пайда болуы б.д.д. ғұн, сақ, үйсін, қаңлы дəуірінен басталып, түркі
дəуірінде өркендей түскенін тарихтан білсек, ал қазақ атты мемлекеттің пайда болуы оның астанасы
Сығанақ белгілі болғанын ХІVғасырдың 30-40 жылдарынан білеміз. Сонда қазақ елінің алғашқы аста-
насы Сырдарияның орталық ағысында оң жағында 20 км қашықтықта орналасқан Сығанақ қаласының
астаналық қала болғанына міне 670-680 жылдар шамасында болып отыр.
Ал бұл мерзімге қарағанда Егеменді еліміздің Ақ ордасы тұрғызылған Астанамызға бар жоғы 10
жыл болды, ол осы жылдың ішінде көрсе көз тойматйтын, сөз етсе сөз жетпейтін əсемде сəнді қалаға
айналып отыр. Əлейім солай болғай ел аман, жұрт тыныш болып Астанамыз гүлдене берсе екен деп
Сығанақ қаласының жасындай жасқа келіп, одан да ұзақ ғұмыр кешсе, екен деп тілейміз. Бірақта
Сығанақ қаласының басынан өткен кейбір қиын зұлмат жағдайларды көрмесе екен.
Араб жазба деректерінде қала Х ғасырдың соңғы кезінен белгілі болса, ал атақты түрік тіл білімінің
ғылыми негізін қалаушы Махмуд Қашғаридің (ХІ ғ) еңбегінде Сығанақ деген атымен белгілі.
Қытай деректеріне қарағанда қала тұрған жер б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ Қаңлы мемлекетінің бес облысының бірі
Фуму жері болған. Ол қазіргі Жаңақорған мен Қазалы аудандарының аралығы. Ал қала Жаңақорған
кентінің Солтүстік батыс жағында 40 км жерде орналасқан. Бұл дерекке қарағанда Сығанақ қаласының
алғашқы кезі б.д.д. сол қаңлылардың кезінен басталды ма деген ой туғызады. Əзірше қалаға жүргізіліп
жатқан археологиялық зерттеу жұмысы қаланың мəдени қабатын зерттеуде алты метрлік тереңдікке
түсті. Соңғы тереңдікте алынған материалдар қаланы моңғол шапқыншылығы болған мерзімді
көрсетеді.
Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың ІІ жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуімен байланыс-
ты олардың орталық қаласына айналды. Егер бұл кезбен есептесек, қаланың қазақ елінің астана-
сы болғандығын 1000 жылдан астам деп есептеуге болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда
аймаққа қыпшықтардың келуіне байланысты мұндағы оғыздар оңтүстік батысқа қарай жылжып ке-
теді. Ал Сырдың орта жəне төменгі ағысына Қыпшақ хандығы орналасады. Ибн Рузбихан Сығанақ
қаласы «аймақтың солтүстік жағындағы жердің жанаттың шеті» деп сипаттаса, қала Дешті Қыпшақтың
шекаралық бекеті бүкіл əлемге аумағының кеңдігімен, қауіпсіз əрі тыныш болуымен даңқы шыққан
198
дейді. Деректерге қарағанда Сығанақ Түркістанның ірі сауда орталығы болса, қала тау өзендері мен
жəне Сырдариядан тартылған арықтармен суландырылып егіншіліктің де орталығы болған (С.Ж.).
Қыпшақтар ХІІ ғ. Хорезм мемлекетімен жəне Орта Азияның қалаларымен байланыс жасап, сауда-
саттық дамып, қала экономикалық жағынан дами бастайды. Алайда ХІІІ ғасырдың басында моғол
шапқыншылығының əсерінен қала мүлде талқандалады. Қала тұрғындарын қырғынға ұшыратады.
Отырардан кейінгі аса бүліншілікке ұшыраған қала Сығанақ болған. Оның басты себебі, қаланы
алуға келген Жошы хан өзінің елшісін жіберіп, өз еріктерімен берілсе қала тұрғындарына ешбір
қиямет жасамайтындығын айтқызады. Жошы хан жіберген елші Хасан қожа деген түрік болған. Оны
Сығанақтықтар сатқын деп өлтіріп қояды. Бұған ыза болған Жошы хан 7- күн шабуыл жасап, қаланы
1219 жылы алып оған ойран салған. Жазба деректердегі хабарларда қаланың тұрғындарын түгелдей
қырғызған. Алайда екінші бір деректерде Жошы хан қаланың əкімі етіп, Хасан қожаның ұлын сай-
лап қояды. Бұл хабарға қарағанда, қаланың тұрғындары түгелдей қырылмаған. Сол шапқыншылықтың
салдарынан қала өз қалпына 80 жылға жуық келе алмаған. Оны қаланың жүз жылдан астам уақыт
ешбір жазба деректерде кездеспеуінен де байқауға болады. Археологиялық зерттеулердің материал-
дарына қарағанда қала ХIV ғасырдың басында қайта жандана бастаған. Бұл кез Ақ Орданың ханы
болған Ерзен ханның кезі, белгісіз автор Искендірдің дерегіне қарағанда Ерзен хан қалаларға мешіт,
медреселер салдырған. Өзі Сығанақта қаза болып, осы қалаға жерленген. Міне осы Ерзеннің кезінде
қалада ақша (теңге) шығарылып, сауда жұмысы жанданған. Сығанақта да мешіт, ханака (ғибадатхана)
медреселер салынған. Қаладан табылған теңгелерге қарағанда Ұрыс ханның кезінде жаңа Сығанақта
ақша шығарылған (Иштван Вашари. Отан тарихы №2(242). Бұл дерекке қарағанда ескі Сығанақтың
шығыс жағындағы қақпасының алдынан 70-80м жерден жаңа Сығанақ бой көтерген. Қазіргі кезде биік
екі төбе болып жатқан қаланың үстіне Һисамиддин (Сунақ атаға) «сунақтықтар» ескерткіш орнатқан.
Жаңа қаланы зерттеуге мүмкіндік болмай отыр. Келешекте Хусамиддін бабаның (Һисимиддиннің не-
мересі) ғибадатханасы тұрғызылып біткенде һисамиддин бабаны да сол жерге қою керек. Сонда баба
мен немересі бірге жататын болады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанында құрылған Сығанақ
археологиялық экспедициясы (САЭ) қалада жүргізіп жатқан ғылыми жұмыстарының материалдары-
на қарағанда қаланың экономикалық жағынан дамуы ХIV ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай
дамығандығын дəлелдеп отыр. Оның басты дəлелі екі мешіт пен сағананың ашылуы. Ал қаланың
солтүстік батыс жағынан Ерзен ханның кесенесінің (мавзолейінің) табылуы. Бұл ғимараттарға 2008
жылдан бастап ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары басталды.
ХIV ғасырдың соңғы ширегінде Əмір Темірдің араласуымен Ақ Орданың басына Тоқтамысты хан
етіп отырғызған, Сығанақта Тоқтамыс өз атынан 1380,1383 жылдары ақша шығарған. Ақ Орданың
ханы болған Ерзен ханнан бастап Мұбарак, Ұрыс, Тоқтамыс хандар кезінде Сығанақ астана болып
тұрғанда одан ақша шығарылып сауда-саттықтың орталығы болған.
ХV ғасырдың басында жазба деректерде Сығанақ қаласының аты жиі-жиі кездесіп отырады. Бұл
кезде қала Əмір Темірдің немересі Ұлықбектің қол астында біраз жылдар болғандығы хабарлана-
ды. Бірақта Барақ хан Ұлықбекке жіберілген елшілерінде «Менің атам Ұрыс хан Сығанақта тұрып
сонда əр түрлі ғимараттар салғызып, қаланы өзіне астана еткен, сондықтан оның жайылымдықтары
да заң бойынша да, əдеттік құқық бойынша да маған тиесілі» дейді. Бұған қарсы болған Ұлықбек
Бараққа қарсы соғысып, жеңіліс табады. Барақ Сыр бойындағы қалаларға ие болады. Оңтүстік де-
шті Қыпшақты жəне Ақ Орданың астанасы Сығанақты біржолата өзінің қарамағына алады. Алайда
Барақ ханның аяқ астынан белгісіз жағдайда қаза болуы Сығанақ қаласы уақытша Шайбани ұрпағы
Əбілқайыр (1428-1468жж) ханның қол астына өтуге мəжбүр болады. Хан Сығанақтың əкімі етіп Мане
оғланды тағайындаған. Енді осы кезден бастап Ұрыс ханның ұрпақтарымен Əбілқайыр ханның неме-
ресі Мұхамед Шайбани (1500-1510жж) ханның арасында Ақ Орданың билігі үшін де, Сығанақ үшін
де талас-тартыс басталады. Қала бірнеше рет қолдан-қолға өтіп экономикалық жағынан нашарлай
бастайды. Қала үшін тартыстың бір сəті жазба деректерде сақталған. Мəселен Қазақ ханы Бұрындық
Сығанақты алуға келгенде қаланың əкімі Қазы Садыр ал Ислам тағы да басқа қаланың көрнекті адам-
дары жиылып ақылдасып бұл қала бұрыннан Бұрындық ханның ата-бабаларының қолында болған,
сондықтан қаланы оған берсек тыныштық болады деп, қақпасын ашып кілтін Бұрындық ханға береді.
Міне осы кезден бастап Сығанақ қаласы қайтадан қазақ хандығының астанасына біржолата айналады.
ХVІ ғасырдың басында Фазлаллах ибн Рузбиханның хабарына қарағанда Сығанақ қаласы
қыпшақтардың астанасы болған. Сығанақ базарына базар күндерінде 500 түйе түсіп кешке дейін бір
түйе қалмай сатылып кететін сауда дамыған үлкен қала деп жазады. Ал басқа ірі қара мен ұсақ малдың
қанша болғандығына есебі болмаған. Сонда бұл хабар соңғы орта ғасырдағы қазақ хандығының
199
дəуірлей бастаған кезіндегі қаланың аты шыққан кезі. Ал Сығанақтың ХІ-ХІІ ғасырлардағы орта
ғасырдың орта кезіндегі Қыпшақ хандығының кезіндегі хандықтың астансы болғаннан бері есептей-
тін болсақ, қыпшақ тайпасы қазақ халқының негізгі этникалық құрамының бірі. Олай болса, Сығанақ
қаласы халқымыздың халық болып қалыптасуына да мемлекет болып құрылуына да алғашқы басты бір
астанасы болғандығында ешбір дау болуы мүмкін емес.Фазлаллах ибн Рузбиханның Сығанақ қаласына
беретін сипаттамасында қала Дешті Қыпшақтықтардың солтүстік жағында орналасқан өте жайлы,
адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала еді дейді. Қала орналасқан аймақтың өзі табиғи жағынан
да адам баласының тіршілікке қажетті барлық мүмкіндіктерді пайдалануға, егін шаруашылығына да,
мал өсіруге де қолайлығын жазады. Қаланың суландыру жүйесін Сейхун (Сырдария) өзенінен Тұман
тайпасынынң адамдары Тұман арығынан оман (канал) тартылып, қала аймағының көкала бау-бақшаға
оралып жатқанын көрсеңіз, бұл жалғандағы бір бейіште жүргендей сезінесіз (Жолдасбаев С.Тұман
тайпалары қазған Тұман арық //Отан тарихы №2,2012). Ал қаланың аймағындағы орман тоғайы
халқын отын суынан таршылық көрсетпейді. Оның ішінде жайылып жүрген аң-құстардың молдығы
молшылықтың белгісіндей. Сығанақтықтар ет керек болса, бірдемнің ішінде мойындарына садақтарын
асынып барып бір ақбөкенді атып келіп қажеттіліктерін тындырады. Керек болса қысқы еттерін аңның
етінен дайындап сүрлеп алады. Олар үшін аң еті өте арзан. Ақбөкен дегенде қалаға қазба жүргізіліп
жатқан жерден ақбөкеннің бас сүйектері, асықтары өте көп кездеседі. Əсіресе мүйіздерін аралап
сыртқы қабығын алып тастап ішіндегі өзегінен дəрі жасағандары да байқалады. Оны «мускус» деп
атаған. Мұндай тəсілдер Қаратаудың солтүстігіндегі қалаларды қазғанда да толық байқалады. Қалаға
Дешті Қыпшақтан Ходжа-Тархан жақтан көптеген бұйымдар, мал əкелінеді, əсіресе семіз қой, жылқы,
түйелер, құндыз, тиіннен жасалған ішіктер, керемет мықты ақ қайыннан жасалған садақтар, жібек мата-
лар т.б. қымбат заттар əкелінді. Түркістан, Мавереннахрдан, шығыстан Қашқар саудагерлері де қалаға
қымбат бағалы заттарын əкеліп қыпшақтармен айырбас сауда да қызу түрде жүргізіледі. Сауда кезінде
ешбір талас-тартыс болмайды. Қала тұрғындары онша көп емес олардың арасында садақтарын мойын-
дарына асынып алған əскери адамдар, олар тыныштықты сақтап жүргендер. Көпшілігі қазақтар оларда
əркімнің бір-біріне қарым-қатынастарының дұрыс болуына тілектестік білідіріп жүргендер. Жалпы
қалаға жан-жақтан əр түрлі елдерден саудаға байланысты адамдардың көптеп келуіне қарамастан,
қалада тыныштық сақталып, адамдарға өмір сүруіне өте қолайлы болған.
Рузбиханның хабары бойынша қалада қазақтар туралы айтуы алғаш рет баяндалады. Бұдан
Жəнібек пен Керейдің Жетісу аймағынан оралып Ақ Орда билігін өз қолдарына алып Сығанақта билік
жүргізгендерін көреміз. Сондықтан да екі ханның ұрпақтары мен Əбілхайыр ханның немересі Мұхамед
Шайбани ханның арасында шайқастар ХVІ ғасырдың соңына дейін болып Сыр бойындағы қалалар
қолдан-қолға өтіп ақыр соңында қазақтардың қолына біржола қарап Мұхамед Шайбани ұрпақтары
Орта Азияға біржола ауып тынады. Бұл кез ХVІ ғасырдың басы 1510 жылы Мұхамед Шайбани хан өзін
қолдайтын түркі тілдес ру тайпаларымен Самарқандты басып алып, сонда түпкілікті орналасып Өзбек
хандығын құрады. Ал Ақ Орданың ата билігін Барақтың ұрпақтары қазақ хандары Керей мен Жəнібек
жалғастырып кетеді.
Қазақ хандығының əлемге əйгілі бола бастағандығын Сығанақ қаласынан шыққан теңгелердің
археологиялық зерттеу кезінде дүние жүзінің төрт бұрышынан табылғанын көреміз. Теңгетану
ғылымының маманы Ə.Х.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері
Р.З.Бурнашеваның зерттеуіне қарағанда ХІV ғасырдың соңғы кезіндегі Сығанақтан шығарылған
Достарыңызбен бөлісу: |