күміс жəне мыс теңгелер Сырдария бойындағы жəне Еділ бойындағы қалалардан табылған. Отырар
қаласына жүргізіліп жатқан қазба зерттеу жұмысының кезінде Сығанақтың теңгеханасынан 1371-1372
жылдары шыққан 12 тал теңгелер табылған. Мұндай теңгелер Еділдің орта ағысындағы жəне Кама
бойындағы қалалардан 1380-1400жылдары соғылған теңгелер табылған. Ал Қазан уезінің Сосновка
ауылының жанындағы № 197 қоймадан (кладтан) Сығанақта 1375-1376жж жасалған күміс теңгелер
табылған. Алтын Орданың астанасы Сарай қаласына 1996-2000жж жүргізілген археологиялық зерттеу
жұмыстарының кезінде табылған теңгелерді ішінде Сығанақта шығарылған күміс теңгелер шыққан.
Бірақ та жазуын оқу мүмкін болмаған.
Мұндай дəлелдерді көптеп келтіруге болады. Теңгелердің əр жердегі қалалардан табылуы
Сығанақ қаласының дүниенің төрт бұрышымен сауда қарым-қатынасын үзбей жүргізіп отырғанын
байқатады. Сондықтан да Фазлаллах ибн Рузбиханның Сығанақ қаласы Дешті Қыпшақтардың аста-
насы болды деп бекер айтпаған. Соңғы кездегі Отырар мен Құйрықтөбе қалаларынан табылған мыс
теңгелердің ХV ғасырдың соңында ХVІ ғасырдың басында Сығанақта шығарылғанын көрсетеді.
Жазуын оқуға мүмкіндік болмағанымен жасалу жағы мен формасының ұқсастығы ақшаның Сығанақта
шығарылғандығына ешбір күмəн тұғызбайтындығын Р.З.Бурнашева дəлелдер келтіре отырып жазған
200
(Р.З.Бурнашева. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в ХV- ХVІІвв. Туркестан, 2006,
216б.) Ал бұл мезгіл Сығанақтың Қазақ хандығының астанасы болған кез.
ХVІ ғасырдың аяғында жазба деректерде Бұқар ханы Абдаллах ханға қарсы көтеріліс кезін-
де Сығанақта жəне оның аймағындағы тұрғындар қазақ сұлтандарына қосылып оларға өздерінің
бағыныштылығын білдіріп Өгізтаудағы (Қаратаудың оңтүстік жағындағы қазақтар тұрған қала)
қазақтарға барып, одан Түркістанға, одан Сауранға барып бірін-бірі қолдап өзбек ханына қарсылықтарын
білдірген. Ал Сығанақ қаласынан табылған құжаттардың ішінде қала маңында тұратын халықтың
құрамы түркілерден жəне қазақтардан тұрады, олар мал жəне жер шаруашылығымен қатар айналысады
деген хабарлар шаруашылықтың мұндай түрімен ХІІ ғасырдан бері қарай қыпшақтардың Сығанақты
алған кезінен жалғасып келе жатқандығы байқалады. Ал ХVІ ғасырдың аяғынан бастап Оңтүстік
Қазақстанның жəне оның аумағындағы қалалардың Қазақ хандығының қарамағына өтуі астананың
Түркістан қаласына 1598 жылы өткендігін көрсетеді.
Сонымен қорытындылай келгенде Сығанақ қаласы алғаш Қыпшақ хандығының одан кейін Ақ
Орданың, бұдан соң Қазақ хандығының саяси əкімшілк, мəдени-экономикалық, əскери қорғаныс
орталығы болған.
Бүгінгі таңда атын мəңгі сақтап қалу үшін қаладан ашылған мешіт-медресеге, Ерзен ханның кесе-
несіне( мавзолейге), Сунақ атаның сағанасына, қаланың қақпасына қайта жаңғырту жасап, ашық аспан
астындағы мұражай жасау ісін тездетсе жөн болар еді.
Түркістан. Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан өз кезіндегі атақты қалалардың бірі.
Қала VІІІғ. жазба деректерде Шавғар деп аталған. Ал ІХ-Хғғ араб, парсы деректерінде көптеп кезде-
седі. Бұл деректерде қала аты Шавгар деп жазылса, одан Сауранға дейін бір күндік жол десе Кедерден
(Отырар) Шавгарға дейін бір күндік жол дейді. Ат Табари өзінің «Тарих» еңбегінде Шавгар халқы
135/755ж толық мұсылман болды деп жазады. Ал-Макдисидің хабарына қарағанда Шавгар қорғанмен
қоршалған үлкен қала мешіті базардың шетінде орналасқан. Ал Ибн Иакут Шавгар түріктердің қаласы
деп жазады. Насаб-нама дерегі бойынша Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласына Сайрамнан келген.
Хорезмшахы ХІІІ ғ Яссада Мухаммед ибн Текеш өз атынан күміс теңге соқтырған.
Ал ХІІ ғ. бастап біз жоғарыда атап өткен атақты Қожа Ахмет Иассауидің құрметіне байланыс-
ты Иассауи атала бастайды. Бұл атаудың одан ары беки түсуіне себеп болған – Əмір Темірдің Қожа
Ахмет Иассауидің басына арнап тұрғызған күмбезі еді. Жазба деректерге қарағанда қала Есім ханның
кезінде (1596ж) Қазақ хандығының астанасына айналады. Қала жаңа құрылған қазақ хандығының
саяси, діни жəне экономикалық орталығына айналған. Түркістан өзінің атақты кесенесінде Қазақ
хандығының көрнекті хандары Есім, Жолбарыс, Ондан сұлтан (Шығай ханның баласы) Аблай хан,
қаздауысты Қазыбек би т.б көптеген қайраткерлер жерленген, пантеонға айналған қала. Сырдарияның
орта ағысындағы барлық қалалар Қазақ хандығының құрамына кірген кезден бастап оның орталығы
Яссы-Түркістан қаласы ірі сауда орталығына жəне қолөнер бұйымдарының орталығына айналған қала
болып табылады.
«Бахр-ал-асрардың» авторы Махмуд ибн Валидің жазуына қарағанда қарапайым жəй халық Яссы
қаласын Сакси деп атаса керек. Осы деректе Есім ханның ставкасы болғандығы жазылса бұл дерек
Абулғазыханның өзін Есім ханның қонақ еткен кезін жазуынан жəне толық хабардар боламыз. Қожа
Ахмед Ясауи кесенесінің алдына Есім ханға кесене тұрғызылған оның жанына Ондан сұлтанға ескерт-
кіш орнатылған ол бірақ сақталмаған. Бұл жерге ең алғашқы қазақ ханы Жəнібектің қызы Аманбикенің
басына 1519ж қойылған ескерткіш, құлпытас табылған. Бұл хабарлар Түркістан қаласының ХVғ ба-
сында ақ қазақ хандығының қарамағында болғандығын көрсетеді.
Түркістан қазақ хандығының астанасы ретінде басқа елдердің елшілері келіп саяси қарым-қатынас
жөнінде пікір алысқан. Сондай елшіліктердің бірі 1694 жылы Тəуке ханға келген орыс елшілері болған.
Қалада қазақ хандығының басшыларының кеңесі-жиыны жиі болып тұрған. Олар туралы іс-қағаздар
(документтер) сақталған.
Түркістанда қазақ хандарының сайлауы өтетін жер болған. Мəселен 1737 жылы Абулмамбетті,
1771жы Абылайды да ақ киізге отырғызып хан сайланған. Қалада жыл сайын хандықтың бас жиыны
құрылтай өткізілетін болған. Сондықтан қала хандықтың саяси жəне діни орталығы болып Орта Азия
мұсылмандары мен жартылай көшпелі халықтардың екінші Меккесі болып саналған.
ХІVғ. Шараф ад-Дина Ийездидің «Зафар наме» де Яссы аты кездеседі, онда Шейх Ходжа Ахмет
Ясевидің кесенесін Əмір Темір салғызған дейді. Осы кезден бастап Түркістан ортағасыр деректерде
Яссы деп аталады. Қожа АхметЯсаға (Түркістанға) 17 жасында келген деп біз жоғарыда айттық. Яса бұл
кезде Шавгардың бір үлкен кенті болған. Бұл кезде қаланың аты Ясауи аталмаған. Қожа Ахмет Ясауи
аты ол жерленгеннен кейін аталған. Ахмет өзінің жырларында əділдікті, тыныштықты, білімділікті
201
жырлап ел ішінде оның ақылғойлігімен аты шыға бастаған. Ахмет айтқан деген қанатты, ғибратты,
діни өсиетті насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды. Қожа Ахмет өзінің бір бəйітінде:
Құл Қожа Ахмет əрбір сөздің дертке дəрмен,
Тəліптерге (шəкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айтқан пəрменімен,
Пəрмен болса, өлгенше жырласам мен –
деп даналық сөздерінің 4400 жол екендігін ескерткен. Алайда ақынның даналық сөздерінің тұп
нұсқасы бізге толық жетпеген. Бізге жеткен нұсқасы ХV-ХVІІғғ көшірілген.
Қожа Ахмет 1157 жылдар шамасында 63 жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан
əрі өмір сүруім күпірлік» деп Аллаға құлшылықпен бір кісілік жер асты жертөле мешітін салдырып
сонда он жылдан астам ғұмыр өткізген. Сол жылдардың ішінде өзінің атақты «Хикметін» (Даналық
сөздерін) жазған. Сөйтіп қала ХІІІғ. Ясауи аталып аты шыққан. Сонымен бұл қалада Жамал ад-Дин Саид
Түркістани, Шайх Ахмет Түркістани, Мұхаммед Бақи Қарнаки (Түркістани),Хазиз Бақи Түркістани,
Даут Түркістани, Бақи Мұхаммед Түркістани, Молла шаһ Хаким Түркістани, сияқты ғалым адамдар-
мен қаланың аты бүкіл Орта Азия мен Қазақстанға белгілі болған.
XV-XVII ғғ тарихи еңбектерде, шежірелерде Камал ад-Дин Али Бинай «Шайбани наме», Мухаммед
Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Фазлаллах ибн Рузбихан т.б. еңбектерде Түркістан аты көптеп кез-
деседі.
Түркістан жазба деректердің хабарына қарағанда қазақтардың ата-тегінен қазақ хандығына мұра
болып қалған жер. Жəнібек ханның атасы Ұрыс хан Сырдария бойындағы қалаларға иелік еткен. Барақ
хан Ұлықбекке жазған хатында Сыр бойындағы жəне Түркістан аймағындағы қалалардың өзінің атасы
Ұрыс ханға қарағандығын жаза келіп енді олардың барлығы заң бойынша жəне əдеттік құқық бойынша
өзіне қарайтындығын жазған. Өтеміс қажы «Шыңғыс-наме» де Ұрыс ханның атақты хан болғандығы
айта келіп оның бүкіл Түркістан аймағына билік жүргізгендігін жазады. Сөйтіп жоғарыда көрсетілген
жерлердегі қалалар Қазақ хандығының құрамында қалып оның астанасы Сығанақтан өтіп Түркістанға
ауысқан. 1998 жылы қаланың 1500 жылдығы атап өтілді. Алайда бұл мəселе археологиялық зерттеу-
лерге қарағанда əлі толық анықталмаған тəрізді. Археолог профессор М.Елеуұлы Түркістан қаласына
2000 жылдан артық болмаса кем емес десе археолог Е.А.Смағүұлов қалаға 1500 жыл деп пікір айтады.
Осы пікір бойынша қаланың 1500 жылдығы тойланған еді. Дегенмен əлі ғылыми зерттеулер дəл қай
ғасырда қала іргесінің қаланғандығы туралы анықталуын нақты ғылыми дəлелденер деп ойлаймыз.
Əзірше осы көрсетілген мерзім ішінде қаланың халқымыздың өсіп өркендеуіне тигізген жақсылығын
атап өтудің өзі үлкен жетістік. Осы тойдың кіріспе сөзін ашқан ел басымыз Н.Назарбаев өзінің сөзінде
«Исі түркі жұртының шаңырағында отырған қазақ халқының байтақ даласында қалалар аз болмаған...
Сол қалалардың ішінде баяғы замандағы Иассының одан бергідегі Түркістанның қазақ баласы үшін
қадыр-қасиеті де орныда өзгеше. Өйткені ол біздің бұрынғы мен бүгінімізді, кешегіміз бен бүгінімізді
жалғап тұрған алтын көпір іспетті» десе ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев
Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тəңір берген несібі ғой
деп шаттана жырлаған. Сол Түркістанымыз өткен халқымыздың да, бүгінгі халқымыздың да, ке-
лешек ұрпақтарымыздың да рухани астанасы. Оның қазандығында асулы тұрған той қазаны еліміздің
рəмізі. Ол еліміздің егеменділігінің қара шаңырағының ошағына асылған отты шуағымыздың берекесі
мен мерекесі.
Сарайшық. Қазақ жерінің ортағасырлық кездегі аты белгілі астана болған қалалардың бірі
Сарайшық қаласы. Бұл қала туралы ибн Батута өзіннің «Саяхат» жол жазбасында былай дейді. «Біз
Сарайдан шыққаннан 10 күннен кейін Сарайшық деген қалаға келдік. Сараджук, джук –кішкене қала
деген сөз дейді. Қала Ұлысу өзеннің бойына орналасқан біз одан Бағдаттан қайықпен өткен сияқты
өттік... Біздің бұдан былайғы саяхатымыз арбаға шегілген түйемен жалғасты». Қала Атырау қаласынан
50 км жерде Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Өз кезіндегі атақты қаланың бұл күнде
бұзылған, төбе-төбе болып орны ғана жатыр. Қала ХІ ғ араб тарихшыларының еңбектеріне қарағанда
алғашқы ортағасырдағы өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтерген. Ал бұл қаланы Орталық
қазақстанның батысқа қарай жылжыған қыпшақтар салған елді мекен еді.Абулғазы ханның жазуы
бойынша қала Бату ханның кезінде 1227-1255 жылдары салынып өмір сүрген. Сарайшық қаласы,
Жошы ұлысының кезінде оның қабырғасы қалана бастаған. Бұл ұлыс кейін Алтын Орда аталған. Қала
осы Орданында астанасы болған. Сондықтан қалада үлкен империяны басқаратын администрациялық
202
ғимараттар салынған. Ал оларды қамтамасыз ету үшін əр түрлі қызметкерлер, саудагерлер, қолөнер
т.б. үй-жай, сауда орталығы қоғамдық қызмет орындары салынып қала жылдан жылға өсіп кеңейе
берген. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойына салынуы одан жылдан жылға гүлденуіне үлкен себебін
тигізген.Археологиялық зерттеулерге қарағанда қалада алғаш соғылған теңге Баты ханның немересі
Менгу Темірдің кезі 1266-1282жж. Ол қаланың ең төменгі мəдени қабатынан табылған. З.Самашевтің
зерттеуі бойынша Бердібек, Өзбек, Жəнібек хандардың соқтырған алтын, күміс, мыс теңгелері көптеп
табылған. Ғалым оларды жеке кітап етіп жариялаған. Егер ол кітаппен таныссаңыз Алтын, Ақ Ордамен
қазақ хандығының Сарайшықта болған тарихымен жақсы таныс боласыз.
Сарайшық Европамен Азияның арасын қосып жатқан стратегиялық маңызы зор, жол бойына
орналасқан қала болды. Қала арқылы Алтын Орданың Еділ бойындағы астаналары Сарай-бату, Сарай-
Беркеден шыққан керуендер Хорезм қалаларын басып Иран, Индия, Қытай жерлеріне жол тартатын.
Осы жолмен аталған елдерден керуендер кері қайтып, Сарайшық екі ортаны байланыстырып тұрған
көпір сияқты болған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Сарай мен Сарайшықтың арасындағы
сауда жолының бойында Үргеніш қаласына дейінгі аралықта кереуен сарайлары салынып олардың
жанында құдықтар қазылған. ХІІІ- XІVғғ бұл аралықтағы жол шығыс пен батысты қосып тұрған басты
жол болған. Қалада қымбат əсем сарайлар, монша, мешіт, медреселер т.б. көркем ғимараттар салынған.
Оларды əр елдерден алып келген атақты талантты архитекторлар салған. Қаланың тұрғын үйлеріне қыш
трубалармен су тартылған мəдениетті қала болған. Қаланың көшелері түзу, кең, келген қонақтардың
орналасуына өте ыңғайлы, алаңдары дем алуға жəйлы өте əсем салынған қала. Қаланы қоршап жатқан
қорғаны болмаған ол қаланың кеңеюіне мүмкіндік беріп отырған.
З.Самашевтің қалаға жүргізген археологиялық зерттеу жұмысы қаланың үш кезеңдегі өмірін
анықтаған. Қаланың алғашқы кезіндегі оң жылдықтарда орталығы шикі кірпіштен тұрғызылған
құрылыс жүйелері белгілі болса, одан оңтүстік жағына қарай қараүйлермен (киіз үйлер) біртіндеп
жеңіл каркасный тұрақ жайлармен қала кеңейе бастаған. Қаланың бұл бөлігі өзеннің бойымен ұзарған.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда ол 300м. Бұдан кейінгі он жылдықтарға қарағанда ол бірнеше есе
үлкейген. Ал екінші кезеңі 1330 ж басталды. Бұл кезде қаланың дамып гүлдене бастаған кезі. Қалада
кірпіштен салынған ғимараттар көбейіп ол Жайық пен Аралдың арасында қаланың кеңейіп оған тама-
ша бір сəн беріп тұрғандай көрініс берген. Ал қаланың үшінші гүлденген кезі ол XІVғ екінші жартысы
Алайда нумизматикалық материалдарға қарағанда қала ХVғ бірінші жартысында əлсірей бастайды.
Оның басты себебі Алтын Орданың əулеттік тақталастар еді. Ол Жошы əулетінің ұрпақтары Шайбан,
Тоқа-Темір, Орда-Ежен ұрпақтарының арасындағы талас.
XV-XVIғғ қаланың топографиясы өзгеріске ұшырайды. Қаланың орталық бөлігі кішірейіп оның
көлемі оңтүстік шығысқа қарай өзгереді (смещается) ол Жайықтан бөлініп шыққан өзеннің бір
саласының əсерінен болған. Соңғы 200 жыл ішінде Жайық өзінің басты бағытынан бірнеше рет өзгеріп,
əр жылы көктемде судың көбейген кезінде қаланың мəдени қабаттарын шайып отырды, соңғы кез-
де қаланың 600х600м-дей ғана орны сақталуда. Қаланы сақтау жəне оған зерттеу жұмысын жүргізу
мəселесін ак.Ə.Х.Марғұлан 1950ж көтерген. Алайда бұл мəселе əлі де қолға алынбай жұр.
Қалаға 1996-2000 жж. т.ғ.д. археолог З.Самашев зерттеу жұмыстарын жүргізіп қаланың біраз жерін
ашып алғашқы дəуірдің үй-жайларын жəне екінші кезеңнің кірпіштен тұрғызылған үйлердің орындарын
ашып көптеген керамикалық, нумизматикалық материалдар т.б. қолөнер бұйымдарын тауып қаланың
мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық жағын дəлелдеген (З.Самашев, Р.Бурнашева. Сарайшық тиын-
дары. А., 2006)
З.Самашев қаладан табылған керамикалық ыдыстардан қола т.б. заттардағы жазуларға қарап
тұрғындардың сауаттылықтарының өте жоғары болғандығын дəлелдеген. Мəселен Жүсіп Баласағұн
поэмасынан күбі көзеге бір шумақ жазылған. Қазба жұмысының кезінде Иран, Индия, Қытай сияқты
т.б. елдерден əкелінетін ыдыстар, керемет сəнді жасалған бұымдар табылған.
Қаланың үшінші кезеңдегі өмірі XV-XVIғғ өткен. Бұл кезде қаланың топографиясында үлкен
өзегерістер болған. Жайық бойымен салынған үй-жайлар мүлде қаңырап бос қалады. Тұрғындар қаланың
оңтүстік жағына қоныстана бастаған. Ал қалада 1549ж болған Сегизмунд Герберштейн қаланың Жайық
өзенінің сол жағында тұрғанын картада көрсеткен, бұл кезде қаланы Сейдақтың басқарғанын жазады.
Ал қалада 1558 ж болған ағылшын саудагері Антоний Дженкинсонда С.Герберштейннің жазғанындай
қаланың сол жағалауда тұрғанын жазады.
XVғ аяғында Сарайшық қаласы Ноғай ордасының астанасы болған. Алайда XVIғ басында Қасым
ханның Қазақ хандығының басына келуі (1511-1521) оның қазақ жерлерін өзінің қол астына қаратуы,
солтүстік Қазақстан жерлерін өзіне қаратып Сарайшықты өзіне астана етіп осы қалаға келіп тұрды,
203
Қасымхан Сарайшықта қайтыс болып осында жерленген. Қасымханнан кейін оның оның мұрагері
Хақназар кезінде 1538-1580 жж 1568ж Сарайшық қаласы қазақ хандығының құрамына қайта енеді.
Сарайшық қаласы талай тауқыметті жағдайларды басынан өткізіп, бүгінгі ұрпаққа төбе болып жетіп
отыр. Оның тарихи кезеңдерін білу елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігімізді тудыратыны сөзсіз.
Оның сол қалған төбесін сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
Бүгінгі Астана қаласының орнында жəне оның аймағында халқымыздың этникалық жағынан не-
гізгі ұйытқы болған атақты Қимақ-Қыпшақ тайпаларының өсіп-өркендеген жері. Х-ХІғғ. араб жазба
деректеріне қарағанда бұл аймақта олардың он алты қаласы болған. Шығыстанушы, көрнекті тарихшы
Болат Көмековтің пікіріне сүйенсек, олардың ішіндегі қимақтардың астанасы болған үлкен қаласы
Карантия болған. Сол сияқты Дамурия Сараус, Дахлан, Банжар, Ханауш, Астур деген ірі қалалар да
аталады. Алайда, бұл қалалар археологиялық жағынан əлі анықталмай отыр. Сондықтан да бұл аймақ
зерттелсе, олардың табылуы сөзсіз.
Жезқазған – Ұлытау аймағында академик Əлкей Марғұлан зерттеулерінде Ордабазар, Болған-Ана,
Сарайлы, Торайлы, Басқамыр, Аяққамыр сияқты қалалар белгілі. Бұл қалалар да осы күнге дейін зерт-
телінбей отыр. Қалалар өз кезінде қайнаған өмірдің өзегі болған. Бұлар анықталса заман тұрғысынан
бой көтере бастаған Астана қаласына тигізер пайдасы зор болмақ.
Қорытындылай келгенде, жерімізде астана болған қалалар ғасырлар бойы халықтың ой-санасының
өсуіне, оның əлеуметтік-экономикалық, мəдениет жағынан дамуына əсерін тигізіп отырған. Бүгінгі
таңдағы Астана қаласының келешек ұрпақтарды тəрбиелеуде өзінің тарихи орнының биік болары хақ.
Астанамыздың еркін дамуына барлық мүмкіндіктері бар. Соны ұлтымыз ұғынып, жастар сезініп, оның
жан-жақты өркендеуіне өздерінің үлестерін қосулары керек.
ЖАКИШЕВА С.А.
ВНС ИИЭ, д.и.н. проф.
КОНЦЕПТЫ ИНФОРМАЦИОННОГО ОБЩЕСТВА И ИХ ВЛИЯНИЕ НА ПРАКТИКУ
ИСТОРИЧЕСКОГО ИССЛЕДОВАНИЯ
Более полувека в научном сообществе, в официальных государственных документах, на обыденном
уровне находят широкое употребление такие «родовые» и опосредованные понятия теории инфор-
мации, как «информация» и «информационные процессы», «новые информационные технологии» и
«информатизация общества», «информационное общество» и/или «постиндустриальное общество».
До сих пор не прекращаются дискуссии об адекватном значении и функциональной нагрузке этих по-
нятий, включающие бесконечную вариативность научных выводов и множественность интерпретаций
в этом вопросе. Более того, за полувековой период диалектика стремительно изменяющихся социаль-
ных явлений и процессов диктует пересмотр различных трактовок сер. и к. ХХ в., явно устаревших в
первом десятилетии ХХI в., разработку новых интерпретаций, адекватных постоянно возникающим
инновационным реалиям в обществе.
Неоднозначную оценку, прежде всего, вызывает понятие, которым сегодня определяют современ-
ное общество. Его называют информационным и/или постиндустриальным обществом, технотронным
обществом, обществом знаний (knowledge-basedsociety), когнитивным или открытым обществом. Эта
ситуация связана с плюрализмом концепций, разработанных еще во второй половине ХХ в. представи-
телями различных научных направлений средствами технологического, экономического, политичес-
кого и социального дискурсов. В основе практически всех этих концепций лежит методологический
принцип триадичности «традиционное общество – индустриальное общество – постиндустриальное
общество» Д. Белла и так называемая трехсекторная модель общественного производства – «первич-
ный сектор (сельское хозяйство) – вторичный (промышленность) и третичный (сфера услуг)», разрабо-
танная в конце 40-х годов ХХ в. американским экономистом К. Кларком в работе «Экономика в 1960
г.» и французским обществоведом Ж. Фурастье в книге «Великая надежда XX в.» [1; 2, с. 15].
Собственно основы концепции информационного общества и идеологические предпосылки теоре-
тического осмысления развития социума во второй половине ХХ в. были заложены в конце 1950-х гг.
в работах американского экономиста – одного из первых исследователей информационного сектора
экономики США – Ф. Махлупа [2] и японского этносоциолога Т. Умесао (заслуга во введении самого
термина «информационное общество» приписывается профессору Токийского технологического уни-
верситета Ю. Хаяши) [3, р. 18]. Квинтэссенцией их аналитических выкладок стало понимание того, что
204
конечным продуктом на рынке информационных услуг является знание, что информация и знания ста-
новятся мощным социальным, экономическим и политическим фактором, способным конкурировать
и даже доминировать над традиционными экономическими структурами, системами политического и
хозяйственного управления. Подобной позиции придерживался и известный американский экономист
М. Порат [4, р. 15-17].
Вначале 1960-х гг. процессы «информационного метаболизма», получившие импульс в связи с «ин-
формационным взрывом» середины ХХ в., начали оказывать серьезное влияние на все сферы социаль-
ной жизни США, Японии и стран Западной Европы, представители научного истеблишмента США
озаботились существенными различиями американского и европейского капитализма середины ХХ
столетия от классического индустриального капитализма, еще описанного К. Марксом и существо-
вавшего до Великого Кризиса 1929-1933 гг. По инициативе Американской академии гуманитарных и
точных наук была создана комиссия под руководством Дэниела Белла, которой было поручено проана-
лизировать текущее состояние и ведущие тенденции развития страны в ближайшие десятилетия. Отчет
был опубликован в 1967 г., а в 1973 г. вышло в свет фундаментальное издание «Грядущее постин-
дустриальное общество» [5], в котором был использован оригинальный методологический прием, так
называемый «осевой принцип», который явился своеобразным критерием систематизации развития
общества. В отличие от марксизма, который формирует понятия «феодализм», «капитализм» и «соци-
ализм» и располагает их вдоль оси, за которую приняты отношения собственности, Д. Белл понятия
«индустриальное общество» и «постиндустриальное общество» разместил как концептуальные ряды
вдоль оси, за основу которой он принял производство и виды используемых знаний. Д. Белл предпо-
ложил, что, если главными чертами индустриального общества являются капитал и труд, то в постин-
дустриальном – информация и знания. Таким образом, Д. Белл предложил рассматривать историю как
процесс развития общества от доиндустриального – через индустриальное – к постиндустриальному, в
которых информация и знания играют определяющую роль.
Известный социальный философ Элвин Тоффлер, прославившийся своей концепцией трех волн,
оценивая общество, в котором информация и информационные ресурсы начинают занимают централь-
ное место, предложил называть его «супериндустриальным» и трактовать как компьютерно-информа-
ционную цивилизацию третьей волны в истории человеческого развития.
В 60-е-70-е гг. практически параллельно начинают разрабатываться не только экономические и тех-
нологические, но социологические и социально-философские концепции, предлагающие различные
варианты объяснения социокультурной реальности.
Импульс к конвергенции информационного общества с постиндустриальным придал японский уче-
ный Й. Масуда, который в работе «Информационное общество как постиндустриальное общество» вы-
сказал утверждение, что информационная революция влечет за собой общественные перемены, кото-
рые вызывают трансформацию современной системы в новый тип человеческого общества [6, р. 77].
В 1980 г. Д. Белл представил научной обществености свой вариант конвергенции идей постиндус-
триализма и информационного общества в книге «Социальные рамки информационного общества».
Выражение «информационное общество» у Д. Белла определяет новое название для постиндустри-
ального общества, подчеркивающее не его положение в последовательности ступеней общественного
развития – после индустриального общества, а основу определения его социальной структуры – ин-
формацию [5, с. 58-59]. В этой работе Д. Белл придает ведущее положение информации, включен-
ной в функционирование научного знания и получаемой благодаря такому знанию, подчеркивая, что
информационное общество обладает всеми характеристиками постиндустриального общества. По его
мнению, в XXI в. «... решающее значение для экономической и социальной жизни, для способов про-
изводства знаний, а также для характера трудовой деятельности человека приобретет становление но-
вого социального уклада, зиждущегося на телекоммуникациях» [7, с. 59].
В настоящее время концепция информационного общества одобрена на межгосударственном по-
литическом уровне (Окинавская хартия глобального инфомационного общества) и реализуется в та-
ких наиболее развитых странах мира, как США, Великобритания, Канада, Франция, Япония, ФРГ,
Малайзия и др, а в качестве основополагающей сегодня принята следующая трактовка понятия «ин-
формационное общество» – это концепция постиндустриального общества; новая историческая фаза в
развитии человеческого общества цивилизации, в которой главными продуктами производства явля-
ются информация и знания [9]. Что же касается сущности понятия «постиндустриальное общество»,
то необходимо подчеркнуть ее наиболее базисные концептуальные характеристики, позволяющие про-
тивопоставить постиндустриальное общество индустриальному и доиндустриальному (также называ-
емому традиционным), которые отображены в таблице 1.
205
Достарыңызбен бөлісу: |