Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты


-Бөлім. VI – XIV ғасырлардағы Қазақстан



Pdf көрінісі
бет28/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

3-Бөлім. VI – XIV ғасырлардағы Қазақстан

Бірінші тарау. Əуелгі ортағасырлық мемлекеттер – түрк қағанаттары 

1.Түрк қағанаты

2. Шығыс Түрк жəне Батыс Түрк қағанаттары

3.Түргеш қағанаты

4.Оғыз қағанаты

5.Кимек қағанаты

6.Қарлық мемлекеті

Екінші тарау. Дамыған ортағасырлық мемлекеттер

1.Қарахандар мемлекеті

2.Ұлыстық мемлекеттер: наймандар, керейіттер, жалайырлар


189

3.Қыпшақ хандығы

Үшінші тарау. XIII - XIV ғасырлардағы Қазақстан

Шыңғыс хан шапқыншылығы

Алтын Орда. 

Ақ Орда


Моғолистан.

Əбілхайыр хандығы

Төртінші тарау. VI – XII ғасырлардағы Қазақстанның мəдениеті

1.Ұлы Жібек Жолы

2.Қала мəдениеті

3.Көшпелі жəне отырықшы жер өңдеу шаруашылықтарының дамуы мен өзара ықпалдастығы

4. Əлеуметтік даму

5.Материалдық мəдениет

6.Рухани мəдениет

Бесінші тарау. Түрк этногенезі мен антропологиясы

1.Түрк этногенезі

2. Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы 

Бірінші, қарастырып отырған түрк дəуіріне бөлім ретінде «VI – XIV ғасырлардағы Қазақстан» де-

ген атау ыңғайлы деп санадық. Қазақстан тарихының 4-томдығында 3-бөлім: «Ертедегі жəне дамыған 

ортағасырлық мемлекеттер» деп берілген [4,295]. «Ертедегі» жəне «дамыған» деген сөздерді біз тек 

тараулардың  атына  ғана  қолдандық.  Сонда  бұл  сөздер  төрт  томдықтағыдай  бөлім  мен  тарау  ата-

уларында  қайтала  бермейді.  Бөлім  атауы  тараудан  өзгеше,  бірақ  бəрінің  басын  біріктіруі  тиіс  жəне 

хронологиялық  шектері  де  белгіленуі  қажет.  Сондықтан,  бөлімнің  атауында  ғасырларды  көрсеттік. 

Сөйтіп, бөлімнің атауы «VI – XIV ғасырлардағы Қазақстан», яғни нақтырақ болып шығады.

Бірінші  тараудың  атын  «Əуелгі  ортағасырлық  мемлекеттер – түрк  қағанаттары»  деп  бердік. 

Өйткені бұл кездегі мемлекеттер қағанат атауымен тарих сахнасына шыққан болатын. Сондықтан, бір 

жағынан «қағанат» термині «мемлекет» сөзіне анықтауыш ретінде қызмет етеді. Бұл тарауда бұрыңғы 

4-томдықтан  айырмашылығы  «Түрк  қағанаты»  тармақшасы  еңгізіліп,  бірінші  тұр.  Бұлай  ету  заңды. 

Өйткені  тарих  сахнасына  алғашқы  мемлекеттік  деңгейде  шыққаны  «Түрк  қағанаты»  екені  белгілі. 

Бірақ,  оны  қысқа  уақыт  қана  өмір  сүрді  деп  атамай  кетуге  болмайды.  Екіншіден,  қазіргі  кезде  бұл 

алғашқы мемлекет екендігін кейіңгі ғылыми зерттеулер көз жеткізген. Сондықтан, мұнда деректер де, 

айтылатын мəселелер де жеткілікті. 

Сонымен  қатар, 4-томдықтан  тағы  бір  айырмашылық – бірінші  тараудың 2-тармақшасының  ата-

уында «Шығыс Түрк қағанаты мен Батыс Түрк қағанаты» қатар көрсетілген. Бұлай етудің де мəні бар. 

Біріншіден, Батыс Түрк қағанаты Шығыс Түрк қағанатына ылғи да тəуелді болды жəне бірінсіз - бірін 

бөлек қарастыру қиын. Сонымен қатар, шығыс түрктерінің көбісі кейін қазақ халқының қалыптасуына 

қатысқандығын есте ұстау керек. Сондықтан, параграфта Шығыс Түрк қағанатын аталғаны дұрыс деп 

есептейміз.

Бұрыңғы көптомдардағы сияқты арабтарға жеке параграф арналған жоқ. Өйткені арабтармен қарым-

қатынас  мəселелері  бірінші  тараудың 2,3,4,5 тармақшаларының  бəрінде  жəне  мəдениетке  арналған 

төртінші тарауда да айтылатындықтан оған жеке параграф арнаудың қажеті болмады. 

«Дамыған  ортағасырлық  мемлекеттер»  деп  аталатын  екінші  тараудың 2-тармақшасын  «Ұлыстық 

мемлекеттер:  наймандар,  керейіттер,  жалайырлар»  деп  бердік.  Бұрын  ол  ру-тайпалардың  атаулары 

ғана берілетін Қараңыз: [2,408]. Тарихта белгілі болғандай, ол тайпалақ бірлестіктер өздерінің дамуы 

барысында ұлыстық мемлекет құрғаны белгілі. Сондықтан бұл атау, бір жағынан, оларда мемлекетік 

құрылымының болғандығын білдірсе, екіншіден, олардың «ұлыс» түріндегі мемлекетінің ерекшелігін 

де көрсете алады.

Қазақстан тарихының түрк дəуірін XIV – ғасырмен аяқтау қажеттілігі байқалады. Өйткені, екінші 

кезең – Шыңғыс хан жорығынан кейін құрылған, аты моңғолдық болғанымен заты, мазмұны – түркілік 

Алтын  Орда  мен  оның  бөлшектенуі  нəтижесінде  пайда  болған  ұлыстық  мемлекеттердің  құрылуына 

əкелді жəне қазіргі түрк тілдес халықтардың қалыптасуына мүмкіндік туғызған Еуразия кеңістігіндегі 

бүтіндей жаңа мемлекеттік құрылымдар «архитектурасының» негізін қалап берді. 

Бұрыңғы 4-томдықта  бұл  бөлім  бойынша  мəдениет  пен  шаруашылық-тардың  дамуы  екі  тарауда 

қайталанған.  Бір  түрк  кезеңі  болғандықтан  бұл  мəселелерді  екі  тарауда  қайталануын  қажетсіз  деп 

тауып, қойылған мəселелерді VI – XIV ғасырлар бойы үздіксіз, эволюциялық даму процесінде, яғни 



190

проблемалық тұрғыдан қарастырған жөн деп санаймыз. Бұл бір жағынан қайталануды болдырмауға да 

мүмкіндік береді.

Сонымен  қатар,  Қазақстанда  таза  көшпелі  мəдениет  қана  болмағандақтан,  тарау  атауларында 

«көшпелі» деген сөзді жиі қолданудан бас тарттық, тек оны 4-ші тараудың 3 тармақшасының атауын-

да, яғни «Көшпелі жəне отырықшы жер өңдеу шаруашылықтарының дамуы мен өзара ықпалдастығы» 

тіркесінде қолдандық. 

Осы дəуір бойынша бұрыңғы көп томдықтарға қарағанда бір айыр-машылық, ол «түрк этногенезі» 

параграфының еңгізілуі. Ол сол кезеңдегі «антропология» мəселесімен бірге 5 тарауға кіргізілді. Бұрын, 

əрине,  бір  жағынан,  Кеңес  дəуірдің  «саяси  инерциясы»  болғандықтан,  екінші  жағынан,  бұл  мəселе 

жеткілікті тұрғыда зерттелмегендіктен көптомдықта арнайы қойылмаған. Қазіргі кезде, түркі кеңістігі 

бұрыңғы ҚСРО-дан тəуелсіздік алған елдер есебінен əлемде қуатты қауымдастыққа айналғандықтан 

жəне бұл саладағы кейіңгі зерттеулердің қомақты жетістіктеріне байланысты түрк этногенезі мəселесін 

арнайы қоюдың кезі келді деп есептейміз.

Сонымен, ұсынылып отырған жобаны негіздей келе, 10-томдық Қазақст-ан тарихын жазуды қолға 

алып отырған Тарих жəне этнология институты ұжымына сəттілік тілей отырып, тарихшы қауым бұл 

жобаға өз пікірлерін біл-діреді деген сенімдеміз.

Əдебиеттер

1 Яковец Ю.В. История цивилизаций. - М., 1997. - 352 б.

2 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Төрт томдық. 1-том. -Алматы: «Атамұра»,1996.-544 б.

3.История Казахстана: народы и культуры. - Алматы,2001. - 608 б.

4 Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. - Астана: Күлтегін, 2007. - 360 б.

ЖОЛДАСБАЕВ С.

т.ғ.д., профессор Қ.А. Ясауи атын. ХҚТУ

Археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры

ҚАЗАҚТЫҢ ЕРТЕДЕГІ АСТАНАЛАРЫ

Жеріміздегі отырықшылық өмірдің алғашқы кезі б.д.д. ІІ-І м.ж. қола дəуіріндегі рулық қоғамдық 

құрылыстан  басталғандығы  археологиялық  зерттеулерден  белгілі.  Ол  біртіндеп  өсіп-өркендеудің 

нəтижесінде қалалық дəрежеге дейін көтерілген. Мəселен, көрсетілген мезгілде бір жерге салынған 40-

50-ден астам тұрақты тайпалар қонысының табылуы, сол жерден металл қорытатын ошақ орындардың, 

одан  металл  ағып  шығатын  түтікшелерінің,  металл  қалыпшалардың  табылуы  жəй  ғана  басталған 

отырықшылықты  көрсетіп  қоймай  «өркениетті»  өмірдің  өз  жерімізде  болғанын  дəйектейді.  Осы 

«өркениетті» өмір Атасу, Мыржық, Ақмола сияқты т.б. Сарыарқаның төскейінде дамығанын еске алсақ, 

бүгінгі  Астана  қаласының  сол  төскейге  қайта  оралуы  тегін  болмаса  керек  деп,  жақсылыққа  жоруға 

болады.  Ылайым  солай  болғай,  сол  металл  қорытудың  қарапайым  түрінен  бүгінгі  күрделі  түріне  өз 

халқымыз жетсе екен. Сол ата-бабаларымыздың əруақтары қолдаса екен деп кейде армандайсың.

Тайпалық  дəрежеден  елдік-халықтық  биікке  көтерілудің  белгісі  б.д.д.  ІІІ-ІІ  ғасырлардағы  үйсін, 

қаңлы мемлекеттерінен бері қарай болған десек артық айтқан болмаймыз.

Қытай жазба деректеріндегі «үйсін го», «қаңлы го» деген сөздер «үйсін мемлекеті», «қаңлы мем-

лекеті»  деген  ұғымды  білдірсе,  олардың  астанасы  Шығу,  Битянь  деген  қалалары  белгілі  болған. 

Мəселен Үйсін күн биінің ордасы Шығу қаласы, онда қытай елінің саяхатшысы Чжан-Цзян ұзақ жыл-

дар тұрған делінсе, ал, қаңлы бектерінің тұратын жерін «Ұлық орны» (Люени немесе Битянь) қаласы 

деп те атаған. Шығу қаласы жужандардың шапқыншылығынан қираған. Қала шамамен алғанда Шу 

бойында орналасқан. Əзірше, дəл қай жер екендігі белгісіз. Ал, қаңлы мемлекетінің астанасы жапон 

ғалымы  Сираторидың  жазуы  бойынша  Түркістан  қаласынан  алыс  емес.  Бұл  пікірді  шығыстанушы-

тюрколог ғалым С.Г.Кляшторный да растайды. Ол түркі деректеріне сүйене отырып, қазіргі Отырар 

қаласын  бұрынғы  Қанғу-тарбанд,  Тарбынд  деп  жазады.  Археологиялық  зерттеу  жұмыстар  қаланың 

алғашқы кезінің тұрақты қоныс жайларының заттай ескерткіштеріне сүйеніп, шындығында VII-VIII ғғ. 

түркі дəуірінде де қаланың болғанын дəлелдеген. Қытай деректеріне қарағанда Шығу, Битянь қалалары 

б.д.д. ІІІ-І ғғ. арасында Қытай елімен қарым-қатынас өте жақсы дамығанын көрсетсе ал, б.д. алғашқы 

кезінен бастап шығыстан келген алғашқы ғұндардың, одан кейін түркі тайпаларының қарсылығына 

ұшырайды. 


191

Цянь Ханышу деген қытай деректеріне қарағанда б.д. бұрынғы 53-52 жылдары ғұндар таққа таласып 

екіге бөлінген. Чжи-Чжи тəңірқұт (хан) бастаған ғұндар қаңлы мемлекетінің билеушісінің шақыруымен 

Талас бойына келіп орналасады. Б.ж.с. дейінгі 42-41 жж Чжи-Чжи парсылардың көмегімен ағаштан 

қала салған, осы қала Талас бойындағы қазіргі айтылып жүрген «Тараз» қаласының бастауы болуы 

мүмкін. Қаланы үйсіндердің күнбиінің Қытайдан шақыртқан Чан-Тянь бастаған қалын қол келіп б.ж.с. 

дейінгі 36 жылы  талқандап  Чжи-Чжи  тəңірқұтты  өлтірген.  Осы  хабарлар  Тараз  қаласының  осыдан 

2000 жыл бұрын салына бастағанын дəлелдейді.

Тараз аумағына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нəтижесі жаңа тас, қола жəне 

темір  дəуірінің  кезінде  адамдардың  тұрақты  өмір  сүргендерін  дəлелдейтін  материалдарда  анықтай 

түседі. Ескі Тараз қаласында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары қаланың ең алғашқы мəдени 

қабатынан  табылған  көзе  ыдыстары  мен  зергерлік  бұйымдар,  сүйектен  жасалған  жебе  ұштарының 

б.д.д. І м.ж. соңында жасалғандығы дəлелденген. Осы мəдени қабаттың үстіңгі мəдени қабатынан б.д. 

І-ІІ ғасырларында жасалған теңгеде табылған (Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. А-А.,1972, с.28-

29). Бұл археологиялық материалдар қаланың алғашқы тіршілік тұрмысынан хабар берсе ал теңгенің 

табылуы көне шаһардан Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда орталығы болғандығын айғақтайды.

Тараз туралы көптеген деректерді ортағасырда өмір сүрген жағрафия, тарих, саяхатшы ғалымдардың 

еңбектерінен білеміз. Солардың бірі Қытай елінің саяхатшысы Сюань-Цяньнің жазуындағы «Таластан 

айнала төңірегінде 8 лиден-9 ли шамасында. Мұнда сан алуан елден келетін көпестер дамылдап, əр 

түрлі тауарлармен сауда жасайды» (Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе. Известия АН КазССР, серия 

истории, археологии и этнологии. Вып.3, 1960, с.9). Бұдан арда үш ғасыр өткен соң Ибн Хаукал өзінің 

қалдырған еңбегінде «Тараз мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын жері» десе Макдиси «Тараз 

бау-бақшалы, тұрғыны көп, аумағы үлкен, жан-жағына ор қазып, бекініс жасалған төрт қақпалы, гүлге 

оралған айшықты қала. Қақпа алдында əйдік өзен ағады, шаһардың бір бөлігі оның арғы бетінде өзенге 

көпір  салған  базардың  қақ  ортасында  соборлы  мешіті  орналасқан»  деп  жазады  (Волин  С.Сведения 

арабских источников о долине р.Талас и смежных районах. ТИИАЭ.т.5. А-А.,1960, с.73-83). Бұл дере-

ктер Тараз қаласының Ұлы жібек жолының бойында орналасқанын айдан анық дəлелдей түседі.

Тараз. Жерімізде қалалық өмірдің дамуы VI-VIIІғғ басталса, ХІІғ. өзінің астаналық қалалар гүлдену 

шегіне  жеткен.  Алғашқы  астаналық  қалалардың  бірі  Талас  өзенінің  бойындағы – Тараз.  Əрине,  өз 

кезінде  бұл  қаланың  Талас  аталғандығында  күмəн  болуы  мүмкін  емес.  Олай  болуы – қала  Талас 

өзенінің бойында орналасқан. Түркі жазба деректерінде Аргу-Талас, Алтун-Талас улуш, Талас улуш 

болып кездеседі. Талас қаласының Тараз болып аталуында басты бір себеп, қаланың 893 жылы Иран 

шахы Исмаил Саманидің жаулап алған кезден шығыс поэзиясының жұлдыздары Фирдоуси, Рудаки, 

Омар Хайям т.б. шығармаларында арқау болып, солардың жырлары арқылы тараз атауы бүкіл əлемге 

тарайды. Ал Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде Яни-Талас, Янги-Талас деп 

аталған бұл қала 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақтабан шұбырынды» кезінде қираған. 

Тұңғыш  ғалымымыз  Шоқан  Уəлиханов  өзінің  «Аблай»  атты  мақаласында  ұлы  ханның 1774 жылы 

Талас өзенінің жағасында қала салғызғанын жазады. Бұл қала Əулие ата деп аталған. Қаланың қайта 

көтерілуіне Абылай ханның да əсері тиген тəрізді.

Қаланың аты VІ ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл əлемге аян бола бастайды. 568 ж. Ұлы қаған 

Сизабул Византий императоры Юстинианның елшісі Земарх Киликийскийді қабылдап, Иранға қарсы 

одақ  құрған.  Қалада  Қытай,  Индия  сияқты  атақты  елдердің  елшілері  болып,  түрлі  қарым-қатынас 

мəселелері жайында əңгіме-дүкен құрған. Бұл деректерден байқалатыны, қаланың басқа елдермен са-

яси қатынаста жақсы болғандығын байқатады. Қаланың гүлденген кезі Х-ХІІ ғғ. Оның басты көрінісі 

сəулет өнерінің биік шоқтығы есебінде сақталған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан күмбездерінің 

құрылыс жүйелері. Ал, қаланың ішкі-сыртқы құрылыс жүйелері – мешіт-медреселер, шығыс монша-

сы, сауда алаңдары - өз кезіндегі мəдениеттің жоғары болғандығын дəлелдейді. Сонымен бірге білім-

ғылымның да ордасы болған. Атақты Махмуд ибн Əли Ат-Тарази, Əбу Таһир Мухаммед Ат-Тарази, 

Шами Тарази сияқты ғұлама ғалымдар да шыққан.. Қаланың аймағында – Хамукет, Атлах, Барысхан, 

Жубаникент, Жікіл, Мерке, Құлан сияқты кіші қалалар да болған. Бұлар Талас аймағындағы қалалық 

өмірдің дамыған кезін байқатады. Екіншіден, қаланың дамуы Талас аңғарының гүлденуі суармалы жер 

шаруашылығымен айналасуында жатыр.

ХVІІІ ғ аяғында ХІХ ғасырмен ХХ ғасырдың басында Əулиеата қаласының басынан талай күйзеліс 

пен күңіреністі, гүлденіуі мен сөнудің тарихи қиыншылықтарын бастан өткізген. Қала бірде Қоқан бір-

де Хиуа хандықтарының қолдарынан қолдарына көшіп қорлық көрсе, соңында патша өкіметінің қолына 

көшіп таршылық замандардың тар тақиясын киген. Қала 1936 жылы Қазақстан Компартиясының бірін-

ші  басшысы  Мирзоянның  есімінде  аталған.  Ол  халық  жауы  болып  ұсталып  кеткен  соң,  қалаға  ұлы 



192

жырау бабамыз Жамбылдың аты берілген Тарихи тəуелсіздігіміздің күні туып əділетті қалпына кел-

тіру мақсатында 1997 жылы Елбасы қалаға ежелгі Тараз атын қайтару туралы Жарлық шығарды. Осы 

жарлық бойынша Қазақстан басшыларының ұсынысына орай ЮНЕСКО Тараздың 2000 жылдық тойын 

атап өту туралы шешім қабылдаған. 2000 жылы қаланың екі мың жылдығы атап өтілді.

Суяб. Батыс Түрік, Түргеш қағанаттарының (VI-VII ғғ) астанасы болған бас қаланың бірі – Суяб. 

Қала археологиялық жағынан қай жерде екендігі толық ашылған жоқ, мəселе талас. Жазба деректердің 

көрсетуіне  қарағанда,  бұл  қала  да  осы  Тараздан  алыс  емес.  Шу  өзенінің  аңғарында.  Академик 

В.В.Бартольдтың пікірі бойынша қала Ыстықкөлдің батысында десе, археолог А.Н.Бернштам қырғыз 

жеріндегі Чон-Кемин аңғарында дейді, ал археолог Л.Р.Кызласов Ақбешім- Суяб Ұлы Жібек жолының 

бойында  десе,  қазақ  археологы  К.М.Байпаковта  Ақбешім  деген  қала  орыны  Суяб,  ал  Бурана  деген 

қала орнын Баласағұн деген тұжырым ұсынады. Түргеш қағаны Үшлік өзінің Шудың солтүстік батыс 

жағындағы  ордасын  Суябқа  көшіріп  оны  үлкен  орда  деп  атаған. 629 жылы  Индиядан  Жетісу  жері-

не  саяхат  жасаған  буддизмнің  паломнигі  Сюань-Цзянь  Суй  Шу  өзенінің  бойында  Суяб  қаласында 

болғандығын оның аумағы 6-7ли екендігін, ал қалада əр түрлі тілде сөйлесетін адамдар өмір сүретіндігін 

жазады. Қала туралы ескі Тан династиясының тарихында 677 ж хабар кездеседі. 748 ж Ван Чжень-Сунь 

Шығыс Түркістанға əскери жорық жасап қаланың қорғанын бұзып қалаға будда храмын салғызады. 

Қытайдың  қала  өміріне  араласуы 751 ж  Тараз  қаласына  жақын  жердегі  Атлах  қаласының  түбінде 

түріктердің жеңісінен кейін біржолата тоқтаған. 766 ж Суябты қарлұқтар жаулап алады. VІІІғ. Суяб 

қаласы  туралы  мұсылман  деректерінде  көптеп  кездеседі.  Қалада 20 мың  адамнан  артық  тұрғындар 

тұратындығы хабарланады. 



Баласағұн. Х-ХІІ ғғ атақты Қараханид мемлекетінің астанасы Баласағұн мен Суяб қалалары бір-

біріне  жақын  орналасқан  деген  ой  тұғызады.  Ал,  профессор  У.Шəлекенов  Баласағұн  қаласын  Ақсу 

өзенінің (Жамбыл обл.) бойындағы Ақтөбе деген ескі қаланың орнымен байланыстырады. Осы қаладан 

табылған күбі көзенің аузындағы сынықтармен түбі жағындағы көне түркі, араб жəне соғды жазуымен 

жазылған  жазулар 1972-1974жж  табылып  осы  уақытқа  дейін  дұрыс  оқылмай  КазГу-дің  археология 

жəне этнология музейінде жатқан жазуды Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универстетінің 

түркология  институтының  көрнекті  көне  түркі  тілінің  маманы  филология  ғылымдарының  кандида-

ты доцент О.Бекжан оқып үлкен жаңалық ашқан. Мұндағы басты мəселе профессор У.Х.Шəлекенов 

Баласағұн  қаласы  деп  зерттеп  жүрген  Ақтөбенің  шын  мəнінде  Баласағұн  қаласы  болып  анықталуы. 

Күбі көзенің ернеуіне жазылған 5-ші жəне 6-шы жолындағы жазуда Баласағұн ұлы балық (қала), не-

месе Баласағұн орталық қала деп жазылған. Ол жазу қаланың Орталық мешіттің алдындағы қала ту-

ралы мағлұматтар. Бұл жазу көптен бері қала орнының белгісіз жəне ғалымдар арасында талас болып 

жүргенін ай бетіндегі таңбадай анықталды (О.Бекжан. Ақтөбе қала жұртынан табылған Баласағұн ата-

уы. Түркология. №4, Түркістан, 2012.9-29-бб). Бұл астана болған қалалардың орындары əлі де болса 

толық  зерттеуді  қажет  етіп  жүрген  мəселе.  Алайда,  бұл  қалалар  туралы  жазба  деректерде  басқа  ел-

дермен олардың саяси жəне мəдени қарым-қатынастары туралы мағлұматтар жиі кездеседі. Əсіресе, 

Тан дəуірінің деректерінде Қытай өзінің ықпалын күшейтуге əрекет жасаған. Қарлұқ қағандығының 

кезінде  бұл  мəселе  күшейе  бастаған.  Оны  Қытай  елінің  саясатшылары  қағандықтың  ішкі  істеріне 

араласа бастағаннан толық байқалады. Бұл мəселе тек 751 жылы Тараз қаласының маңындағы Атлах 

қаласының түбінде түріктер мен арабтардың бірігіп, қытайлықтарға берген соққысынан кейін су сеп-

кендей тыйыла бастаған.

Баласағұн қаласының атақты үлкен қала болғандығы туралы түрік тілінің маманы, ұлы ғұлама ғалым 

М.Қашқари да, араб ғалымы Əл-Макдиси де жазған. М.Қашқари Баласағұнды Құз-Ұлыш, Құз Урду 

деп атағандығын жазса, оның аймағында қаған салғызған Шу Орда, Күз-Орда сияқты тұрақты мекен-

жайлары болған. Баласағұн қаласының аты өзінен шыққан ғұлама ғалымдар Жүсіп Баласағұни, Əбу 

Əбд Алла Əл-Баласағұнилармен де белгілі. Ал, қала өз аймағындағы ірі қалалар Жаңакент, Ордакент, 

Шігілбалық,  Қашу  сияқты  қалалармен  байланысты  болған.  Хғ.  аяғында  ал-Макдисидің  хабарына 

қарағанда Баласағұн шағын ғана қала болған.

1130 ж Баласағұн қаласын қарақытайлар жаулап алады, ал оларды 1210 ж Хорезм шахы Мухаммед 

талқандайды. Бұл жағдайды пайдаланған қала тұрғындары қарқытайларға алым-салық төлеуден бас 

тартады.  Қарақытайлар  қаланы  екінші  рет  шабуылмен  алып  тұрғындарды  қырғынға  ұшыратады. 

Деректердің  хабарына  қарағанда 47 мың  адам  қырғынға  ұшыраған. 1218 жылы  қаланы  моңғолдар 

ешбір қарсылықсыз жаулап алған, бұл жағдай қалаға Гобалық деген атау берген, ол жуас жақсы қала 

деген мағына. Бұдан кейін қала туралы ешбір дерек кездеспейді. Қала туралы дерек ХVІІ ғ өмір сүрген 

Махмуд ибн Валидің жағрапиялық еңбегі «Бахр ал-Асрарда» (Море тайн) Түркістан қалаларының ішін-

дегі атақты қалалардың бірі, моңғолдарға дейін қала тұрғындары таза мұсылман болды. Одан көптеген 



193

ғалымдар  шыққан.  Ғалым  Мустауфидің  жазуына  қарағанда  қала 6-7 климатта  орналасқан,  аумағы 

өте үлкен, климаты өте суық десе, ал кейбір жылнамаларда қаланың қорғанының ені 2,5 гяза болған 

деп  жазған.  Ал  қалада 40 соборлы  үлкен  мешіт  жəне  күнде  табынатын 200 шағын  мешіттер  болса 

20 ғибадатхана 10 медресе болған. Қаланы зерттеуші профессор У.Х.Шəлекенов Баласағұн қаласында 

бір  миллионға  жуық  адам  тұрған  деп  өзінің  бір  есебінде  айтатыны  есімізде.  Мына  жазба  дерек-

терге  қарағанда  профессордің  хабарын  шын  мəнінде  рас  па  деген  ой  келеді.  Қала  моңғолдардың 

шапқыншылыққа  ұшыратпаған  қаланының  сол  қалпында  сақталуына  мүмкіндік  беріп  алғашқы 

ортағасырдың соңғы кезіне (ХІІ-ХІІІ ғғ) дейін жақсы өмір сүрген. Жалпы зерттеуші ғалымдардың пікір-

леріне қарағанда Баласағұн VІІІ ғ. ортасынан белгілі. Ортағасырдағы жағрапия ғалымдардың Жетісу 

кенттерінің арасында Беклиг (Беклилиг) деп аталса, ал соғдылықтар бойынша Семекна Кентінің иесі 

Бадан-Сангу деген атақпен аталған, ал түрікше Инал тегін атағы, оның 3000 əскері болса, ал қала-кент 

7000  əскер  шығара  алған.  Сөйтіп  Беклиг  кенті  –Баласағұн  қаласы  болып  табылады.  Беклиг  сөзінің 

мағынасы  түрік  тілінен  балық,  ал  бұл  сөз  қала  дегенді  білдіреді.  Баласағұн  сөзінің  топонимикалық 

жағынан  қарасақ,  сөздің  екі  бөліктен  тұратындығын  байқаймыз:  бала,  сагун,  бала-балық-беклиг 

(қала-беклиг), ал сагун - əскери басқарушы атағы, атақ түрік басқарушылардың тағы басқа Орта Азия 

халықтарының арасында кең тараған сөз.

Баласағұн  сөзінің  Ақтөбе-Баласағұн  қаласынан  табылған  күбі  көзенің  мойнындағы  жазудың 

«Баласағұн ұлы балық» деген сөздің ІХ ғ жазылуы Баласағұн сөзінің жəне қаланың астана болуы бұл 

кезден əлде қайда бұрын пайда болғанын дəлелдейді.



Алмалы. Сонымен қатар Қараханид мемлекетінің кезінде Оңтүстік шығыс Қазақстанның жерін-

де  атақты  Алмалы  (қазіргі  Алматы),  Талхиз  (қазіргі  Талғар),  Қайлық  (Қапал  ауданының  жерінде) 

сияқты атақты қалалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан еді. Осы қалалардың ішінде Алмалы 

қаласы туралы алғашқы деректі Шараф-Ад-Дин Əлидің жазуынан – 1390 ж. Əмір Темірдің моғол жері-

не  жасаған  жорығы  кезінде  Алмалы  деген  елді  мекенді  басып  өткендігі  айтылады.  Сонымен  қатар 

Бабурнамада Алмалық, Таразкент қалаларын моңғолдар қиратты деген деректерден XIV-XV ғғ. қазіргі 

Алматының орнында ортағасырлық Алмалы қаласының болғандығын байқау қиын емес. Қаланы ХІІІ 

ғ.  өз  көздерімен  көрген  адамдардың  айтуына  қарағанда  қаланың  көлемі 25 км  шамасында  болған. 

Қаланың мұндай дəрежеге жетіуне он жыл емес жүздеген жылдарда өсіп-үлкейген. Ал, археологиялық 

зерттеу жұмыстарына қарағанда, археолог К.Байпаковтың пікірі бойынша бұл жерде алғашқы қалалық 

отрықшылық  Х-ХІІІ  ғғ.  дамыған  деп  көрсетеді.  Оның  басты  көрсеткіші  қалаға  жүргізілген  қазба 

жұмысының  кезінде 1978 ж.  бұрыңғы  шекара  училищесінің  аумағынан  екі  күміс  теңге  табылған. 

Шығыстанушылар бұл теңгелер ХІІІ ғ Алматы қаласының орнында ақша шығарған орын болған деп 

анықтаса, ал 1990ж бір-біріне ұқсас екі күміс теңгенің біреуінде «Алмату» деген сөз жазылғандығын 

ешбір қиындықсыз оқуға болатындығын дəлелдеген. Демек теңгелердің ХІІІ ғ. жасалғандығы қаланың 

бұл  кезден  əлдеқайда  бұрын  пайда  болғанын  ешбір  күмəн  тудырмайды.  Археологиялық  зерттеулер 

Жетісу аймағында феодализм негізінде қалыптасқан əлеуметтік тіршіліктің күшейе бастаған уақыты 

Түрік қағанаты кезі (VI-XIII). Бұл кезде Жетісуда орхон жазуы қалыптасып, бірнеше қаланың аты шыға 

бастайды. Қарлық, Қараханид мемлекеттерінің кезінде қалалық мəдениетінің дамыған мезгілі. Əсіресе 

Шағатай  ұлысының  орталығы  болған  Алмалы  қаласы  тез  өркендеген.  Қала  туралы  Жамал  Қарши 

Жувейни,  Мухаммед  Хайдарлар  өз  еңбектерінде  жазған.  Мухаммед  Хайдар  Алмалық  қаласының 

тұрған орнын Алматы қаласы тұрған орны деп ашық жазған. Европалық карталардың координаттары 

жазылған, онда Орталық Азияда Ұлы Жібек жолының бойында бай Алмалы қаласының тұрғандығы 

оның  Шағатай  ұлысының  орталығы  деп  жазылған  деп  хабарлайды.  Ал  кейбір  тарихи  хроникаларда 

Алмалы түрік қағаны Озар Тоғрул ханның ордасы болған (В.В.Бартольд. Собр.соч. т.ІІ, 2, с. 295-296) 

деген хабар кездеседі. Жувейни Озар деп жазса Жамал Қарши Бузар деп жазған. Жувейнидің хаба-

рына қарағанда Алмалыққа алғаш рет шабуыл жасаған найман ханы Күшлік. 1211-1218 жж арасын-

да  бірнеше  рет  шабуыл  жасап  ала-алмайды.  Күшлік  Озарды  аң  аулауға  шақырып  оны  өлтіріп 1218 

ж  бар  əскерін  алып  кетеді.  Жебе  Озардың  орнына  оның  баласы  Сығанақ  тегінді  Алмалыққа  əкім 

етіп  отырғызған.  Алмалық  қаласы  моңғолдар  келгенге  дейін  өзінің  аймағындағы 8-9 қалалармен 

экономикалық байланыс жасап олардың орталық астанасы болған. Бұл жағдай Шағатай хандарының 

кезінде одан əрі дамыған, бұл кезде олар өз аттарынан ақша шығарып басқа ммелекеттермен байла-

нысты күшейткен.. Жувейнидің жазуына қарағанда Шағатайдың Алмалықтың төңірегінде екі ордасы 

болған бірі қысқы ордасы Іле бойында, екіншісі жазғы орда Аққұс бұл Іленің таулы жерінде болған. 

Шағатай хандары 200жыл бойы осы Іле бойында отырып билесе керек. ХIV ғ 1-жартысында (1321) 

Шағатай хандығы əлсіреп батыс-шығыс болып екіге бөлінеді. Батыс бөлігі Самарқанды орталық етсе, 

Шығыс бөлігі Алмалықты орталық етеді. Алайда XIV ғ екінші жартысында 1370 Əмір Темірдің жау-


194

лауынан талқандалып Алмалық қаласы жермен жексен болады. Ал, XV ғ. екінші жартысында Жəнібек 

пен  Керей  хандар  бұл  аймаққа  қазақ  хандығының  туын  тіккен  кезде  жергілікті  ру  тайпалары  қазақ 

хандарын  қолдап,  толығымен  солардың  жағына  шығады.  Сондықтан  да  мұндағы  Моғол  хандығы 

XVІ  ғ.  алғашқы  кезінен  бастап,  өзінің  қолдаушыларынан  айырылған  соң  Шығыс  Түркістанға  қарай 

ойысқан еді. Осы кезден бастап Алматы қаласы дами бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет