Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет61/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

Литература

1.Бутенко В.А. Краткий очерк истории русской торговли в связи с историей промышленности / В.А. Бутенко 

// Гермес. Торговля и реклама. - СПб, 1994. - 360 с.

2. Лексис В. Торговля / В. Лексис. - Рига: Наука и жизнь, 1914. - 176 с.

3 .Подсчитано по архивным материалам ЦГА РК.

4. Подсчитано по архивным материалам ГАОО.

5. Положение о государственном промысловом налоге / Сост. Н. Хлебников, И. Пекарский. - СПб, 1902. - 855 с. 

АЙДАРБАЕВА Р.Қ.

т.ғ.к., доцент, 

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ

АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан тарихының өз шешімін күтіп тұрған өзекті мəселелері баршылық. Солардың қатарына 

Қазақстан аймақтарының тарихын терең əрі жан-жақты зерттеу мəселесін де жатқызуға болады. Өйткені 

кең байтақ Отанымыздың толыққанды тарихын жазуда тарихи аймақтану деректерінің маңызды рөл 

атқарары  сөзсіз.  Осы  тұрғыдан  еліміздің  қиыр  шығысында  орналасқан  алтай  қазақтарының  тарихы 

жаңа методологиялық негізде тың зерттеулерді қажет ететін мəселе болып табылады.

Қазірге  кезде  Алтай - төрт  мемлекеттің  (Қазақстан,  Ресей,  Монғолия  жəне  Қытай)  шекаралары 

тоғысқан аймақ. Осы жерлерді көптеген ұлт өкілдері ертеден мекен етіп келеді. Дегенмен, осы төрт 

мемлекеттің  де  аумағын  мекен  ететін  тек  қазақ  халқы  ғана.  Бұл  кездейсоқтық  емес  екендігі  күмəн 


420

тудырмауы  тиіс.  Осы  уақытқа  дейін  Монғолия,  Қытай  жəне  Таулы  Алтай  қазақтарының  тарихына 

арналған біраз зерттеулер жарық көрді. Бірақ сол ғылыми еңбектердің бір кемшілігі - тұтас Алтайды 

мекен еткен қазақтар тарихының бөліп-жарылып, жеке-жеке зерттелуі. Алтайдың əр аймағын мекенде-

ген қазақтар тарихында орын алған оқиғалардың бір-бірімен себеп-салдарлық байланысы бар екендігін 

естен шығармаған абзал. Сондықтан, Алтай қазақтарының толыққанды тарихын жазу үшін жан-жақты 

кешенді зерттеулер жүргізу бүгінгі күн талабы болып табылады.

Алтай қазақтарына арналған ғылыми еңбектердің осал тұстарының бірі – қазақтардың Алтаймен 

тарихи байланыстарының мардымды зерттелмеуі. Бұл жерде барлық заманда тарихы, мəдениеті жəне 

тілінің ортақтығымен топтасқан тайпалар мен халықтар мекен еткені белгілі. Мұны археологиялық, 

этнографиялық,  фольклорлық  жəне  лингвистикалық  деректер  мүлтіксіз  дəлелдеп  береді.  Дегенмен, 

көптеген  жылдар  бойы  бойы  қазақтардың  тарихы  көршілес  халықтардың  тағдырынан,  оның  ішінде 

Алтай  түріктерінің  тағдырынан  бөлектеліп  жеке  қарастырылып  келгені  мəлім.  Тіпті  олар  бір-біріне 

қарама-қарсы қойылып, шаруашылық жəне мəдени байланыстарының сан-алуандылығы тек Ресеймен 

қарым-қатынас шеңберінде ғана жасанды түрде шектеліп отырды. Ендігі жерде, қазақтардың Алтайдың 

түрік халықтарымен этногенетикалық байланыстарын зерттеп, дəлелдеу арқылы осы кемшіліктің ор-

нын толтыру қажеттігі туындап отыр.

Қазақтардың Алтаймен байланысының терең тарихы бар, оның түп-тамыры қола дəуіріне, Андронов 

мəдениеті кезеңіне саяды. Археологиялық деректер сол тайпалар мəдениеті мен қазіргі қазақ мəдениеті 

арасында  көптеген  ортақ  белгілері  бар  екендігін  дəлелдейді.  Зерттеуші  М.  Мұқанов  атап  өткендей, 

егер  сол  көне  дəуір  ескерткіштеріне,  айталық,  қыш  ыдыстардың  ою-өрнектеріне  көз  салып,  оларды 

қазақтардың қазіргі уақыттағы ою өнерімен салыстыратын болсақ, онда олардың адам таң қаларлық 

ұқсастықтары мен ортақ белгілерін табуға болады [1, 3-б.].

Алтай тарихында ерте көшпенділер – сақтар үстемдігі кезеңі айрықша орын алады. Көшпелі мал 

шаруашылығы негізін құраған бірыңғай шаруашылықтың болуы, сақтар мекендеген аймақтар арасын-

да табиғи кедергілердің жоқтығы дала белдеуіндегі тайпалар арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, 

олардың  мəдениетінің  ортақ  белгілерінің  қалыптасуына  жағдай  жасады.  Ежелгі  алтайлық  тайпалар 

өкілдерінің этникалық тегі əзірше беймəлім болғанымен, белгілі археолог-ғалым С.П. Руденко «Таулы 

Алтай тұрғындарының сырт бейнесі қазіргі қазақтар мен қырғыздарға анағұрлым жақын» деп санай-

ды [2, 69-б.].  Бұл  антропологиялық  деректер,  Алтай  қорғандарынан  көне  заманғы  сол  мəдениеттің 

қазіргі Сібір жəне Орта Азия халықтары мəдениетімен айшықты жəне əсерлі байланысына нұсқайтын 

алуан  түрлі  заттардың  табылуына  байланысты  айрықша  маңызға  ие  болады.  Мəселен,  Пазырықтың 

мұздаған  қойнауларынан  шыққан  киіз  текеметтер  қазіргі  қырғыз,  қазақ  жəне  алтайлықтардың  сол 

тектес бұйымдарындағы ою-өрнектерге аса ұқсас болып келеді [3, 130-б.]. Осы аймақты мекен еткен 

көне көшпелі тайпалар шаруашылығының, материалдық мəдениетінің біртектестігі олардың кəсібінен, 

баспаналарынан, тағамдарынан жəне киімдерінен көрініс тапқандығы дəлелденіп отыр [4, 43-51-б.]. 

Осылайша, ежелгі көне дəуірдің жоғарғы жəне таңғажайып бай өнері қазіргі осы аймақты мекен етіп 

отырған тұрғылықты халықтардың ұлттық өнеріне материалдық тұғыр болған. Олар екі жарым мың 

жыл өтсе де, қатты өзгеріп түрленсе де, бұл жерлерде əлі де ғұмырларын жалғастырып, сол халықтардың 

күрделі өткен тарихына, бай мəдени мұрасына куəгер болуда.

Соңғы  жылдары  жоғарыда  аталған  төрт  мемлекеттің  де  аумағында  сақ  дəуірінің  археологиялық 

ескерткіштері  белсенді  зерттеліп  келеді.  Берел,  Үкөк  жəне  т.б.  тарихи  ескерткіштердің  аты  дүние 

жүзіне  мəлім  болды.  Бұл  белгілі  обалар  табылған  жерлер  қазіргі  кезде  екі  мемлекеттің  аумағында 

орналасқанымен,  екеуінің  арасын  тек  ондаған  шақырым  жер  ғана  бөліп  тұр.  Қытай,  монғол  архео-

логтары  да  Алтайдың  ежелгі  ескерткіштерін  зерттеуде  тың  жетістіктерге  жетіп  отыр.  Ендігі  жерде 

қазіргі заманғы шартты шекараны кедергі етпей осы тарихи ескеркіштерді кешенді түрде зерттеп, са-

лыстырмалы талдау жасалатын болса Алтай тарихының жаңа қырларын ашарымыз сөзсіз. Бұл зерт-

теулер Алтайды ертеден мекендеп келе жатқан барлық тұрғылықты халықтардың тарихын зерттеуге 

қосылған сүбелі үлес болар еді.

Алтай қазақтары тарихының аз зерттелген кезеңінің бірі – орта ғасырлық кезең. Біз Алтайдың көк 

түріктердің ата жұрты, алтын бесігі болғанын естен шығармауымыз қажет. Түрік тілдес халықтардың 

түп тамыры, ата тегі болған этносаяси топтар дəл осы жерде пайда болған. Түрік тілдес халықтардың 

əр  қилы  даму  кезеңдеріндегі  этномəдени  байланыстарын  зерттей  келе,  ғалымдар  қазір  де  олардың 

тұрмысында,  тілдерінде,  мəдениетінде  жəне  халық  өнерінде  ұлттық  ерекшеліктермен  қатар  терең 

тарихи  тамыры  бар  ортақ  сипаттардың  нақтылы  өмірде  бар  екендігін  дəлелдейді.  Алтайлықтардың, 

қазақтардың  жəне  қырғыздардың  этникалық  тарихын,  материалдық  жəне  рухани  мəдениетін  салыс-



421

тырмалы түрде сараптау осыны айқын дəлелдейді [5, 45-46-б.; 6, 45,75-б.; 7, 39,125-б.]. Ал олардың 

арасындағы байланыстардың қалыптасқан ортақ географиялық ортасы Алтай болып табылады. 

Алтайлықтар  мен  қазақтардың  этногенетикалық  байланыстары  жөніндегі  деректер  халық  ауыз 

əдебиетінен  де  орын  алған.  Солардың  біреуінде,  Белеуіт  пен  Телеуіт  екі  ағайынды  ата-аналарынан 

айрылып, жетім қалады. Олардан бір бие мен бір мылтық мұраға қалған екен. Тайкескен Шұнақ де-

ген  жерде  мұра  бөліскенде  Белеуітке  бие  тиіп,  Телеуітке  мылтық  бұйырады.  Осы  аңыз  бойынша, 

Белеуіттен қазақтар тарап, олар мал өсіретін болса, ал Телеуіттен алтайлықтар өрбіп, олар аңшылықты 

таңдаған  көрінеді [7, 149-б.].  Жалпы,  сан-алуан  деректерді  зерттей  отыра  түбі  бір  халықтардың  ара 

жігін ашатын емес, қайта оларды жақындастыратын мəселелерге баса назар аударған абзал болар. Сол 

кезде тыңғылықты зерттеуді қажет ететін мəселелердің бірі – қазақтардың Алтаймен этногенетикалық 

байланыстарын анықтау мəселесінің де ақиқаты ашылары анық.

Сонымен қатар, жазба деректердің жүйесіздігі, археологиялық зерттеулердің мардымсыздығы соңғы 

орта ғасырлар кезеңіндегі қазақтардың Алтаймен байланыстары тарихын айқындауды қиындата түседі. 

Осы олқылықтардың орнын толтырмай «қазақтар қай кезден бастап Алтайды мекен ете бастады» деген 

сұраққа толық жауап бере алмайтынымыз белгілі. Ресей ғалымдарының зерттеулеріне сенсек, қазақтар 

Алтайға бертінде – XVIII-XIX ғасырларда ғана орныға бастады, оған дейінгі кезеңдерде олардың ара-

сында  еш  байлыныс  болмады  деген  тезисті  алға  тартады.  Ал 1927 жылы  алтай  қазақтарын  зерттеу 

мақсатында  жұмыс  атқарған  ғылыми  экспедиция  құрамында  болған  С.И.  Руденко  «наймандардың 

бір бөлігі ерте заманнан осы жерде мекендесе, ендігі бір бөлігі XVIII ғасырда жоңғарлар мемлекеті 

жойылған соң көшіп келген деп» мəлімдейді [8, 1-б.].

Қазақ-жоңғар  байланыстарын  зерттеуде  біржақтылық  əлі  де  басым.  Екі  ірі  көшпенді  халықтың 

арасындағы қарым-қатынастарды тек əскери қақтығыстармен ғана шектеп келеміз. Белгілі тарихшы 

М. Мұқанов наймандардың түркілік шығу тегі туралы мəселені зерттей келе «...бірнеше ғасыр бойы 

наймандар  алдымен  монғолдардың,  кейіннен  жоңғарлардың  қоластында  бағынышты  болып  келді. 

Егер олар монғол тектес болса, осынша уақыт аралығында соларға сіңісіп кеткен болар еді. Дегенмен 

олар  өздерінің  тілін,  мəдени  ерекшеліктерін  сақтап  қала  алды»  деген  тұжырым  жасайды.  Осыдан 

қазақтардың  бір  бөлігінің  Жоңғар  мемлекетінің  құрамында  болуын,  соның  ішінде  Алтайды  мекен 

ету  мүмкіндігін  теріске  шығара  алмаймыз.  Тарихшы  К.  Пищулина  да «XVIII ғасырда  қазақтар  мен 

төленгіттер оңтүстік Алтайда аралас-құралас (черезполосица) мекен еткен» деген тұжырым жасайды. 

Ал алтайлық ғалым-этнограф А.П. Потапов XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында төлеңгіттердің бір бөлігін 

жоңғарлар солтүстіктен оңтүстік Алтайға – Бұқтырма өңіріне қоныс аудартты, ол жерде төлеңгіттер мен 

қазақтардың жайылымдары аралас-құралас орналасты деп жазады. Əрине, бұл келтірілген мəліметтер 

мəселенің  басын  толық  ашуға  жеткіліксіз  екендігін  мойындаймыз.  Тарихи  шындықты  жазу  үшін 

бұлтартпайтындай деректер қажет. Сондықтан, Алтайдың орта ғасырлық тарихын ғылыми тұрғыдан 

жан-жақты зерттеу арқылы көптеген мəселелердің бетін ашарымыз күмəн тудырмауы қажет.

Орыс  отарлауы  кезеңіндегі  алтай  қазақтарының  тарихы  əлі  де  толық  зерттелмеген.  Əсіресе, XIX 

ғасырдың ортасынан бастап олардың өмірінде орын алған оқиғалардың аса ауыр зардаптары болды. 

Қазақ жерлерінің орыс шаруалары мен казак əскерлері пайдасына тартып алынуы жаппай миграцияның 

басталуына түрткі болғаны белгілі. Жүздеген қазақ ауылдары ауа көшіп, Қытай мен Таулы Алтайға 

қоныс  аударуға  мəжбүр  болды.  Сондықтан,  көрші  мемлекеттер  аумағында  өмір  сүріп  жатқан  қазақ 

диаспоралары тарихын сол кезеңде қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында болған оқиғалармен тікелей 

байланыста зерттемесек тарихи шындықтың беті ашылмайды. Көтеріліп отырған мəселелерге кешенді 

зерттеулер қажеттігі осыдан да келіп туындайды.

Соңғы жылдары «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде шетел мұрағаттарын ел тарихына қатысты 

5000-ға жуық маңызды құжаттар əкелінді. Солардың қатарына қытай мұрағаттарынан алынған дерек-

терді де жатқызуға болады. Осы қарастырып отырған мəселеге байланысты Абылай хан мен Цянь Лунь 

арасындағы хаттар аса маңызды мəліметтер береді. Жалпы, XVIII ғасырда Абылай ханнның Алтай, 

Тарбағатай жерлері үшін Қытаймен күресі көпшілікке мəлім. Император Цянь Луньге жазған хатта-

рында Абылай хан Жоңғар хандығы құлағаннан кейін қазақтардың бір бөлігінің шығысқа қарай түріле 

көшуін олардың бір кездері айрылып қалған атамекендеріне қайтып оралуы деп түсіндіреді. Тарихи 

құжаттар бойынша Қытай жағы бұл жерлердің жоңғарлардан мұраға қалғандығын алға тартқанымен, 

бұл аймақтарда қазақтардың бұрыннан мекендегенін мойындауға мəжбүр болды деп айтуға негіз бар 

сияқты.


Алтай қазақтары тарихын зерттеудегі тағы бір өзекті мəселе «диаспора» жəне «ирредента» мəселесі 

төңірегінде.  Алтайдың  оңтүстік  сілемдері,  Бұқтырма  аймақтарында  қазақтардың  ерте  кезден  мекен-

дегені  туралы  азды-көпті  деректер  болғанымен,  солтүстікте – Таулы  Алтай  аумағына  қазақтар XIX 


422

ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қоныс  аударып  келе  бастады.  Қазіргі  кезде  Таулы  Алтайда 

қазақтар  жиі  қоныстанған  аймақтардың  бірі – Қосағаш  ауданы.  Мұндағы  қазақтар  тұрған  жеріне 

қарай - Жазатыр қазақтары, Шүй бойы қазақтары болып - екіге бөлінеді. Зерттеуші Г. Меңдіқұлова 

қазақтардың осы тобын ирредентаға жатқызуға болады деген тұжырым жасайды. Алайда, бұл мəселе 

əлі де зерттеуді, нақты дəлелдерді талап етеді деп ойлаймын. 

Нақты  зерттелмеген  мəселелердің  бірі – XX ғасырдың 20-30 жылдары  Қазақстанның  қиыр 

шығысында Ойратиямен шекараны анықтау мəселесі. Қазіргі аты дүние жүзіне мəлім Үкөк жерлерінің 

30-жылдардың басына дейін Семей облысы құрамында болып келгенін көпшілік біле бермейді. Кеңес 

өкіметінің кереғар саясаты нəтижесінде халық наразылығы шегіне жетіп тұрған кезде, Ойратия өкілдері 

жер дауын көтеріп, оны өз пайдасына шешуге əрекеттер жасауға кіріседі. Жер дауының басты нысаны 

– Жазатыр алқабы болды. Жазатыр арқылы Қазақстан Монғолиямен тікелей шекаралас болып, онымен 

тура сауда-саттық жүргізіп тұрған. Айырбас сауда орталығы Катонқарағай ауылында орналасқан бо-

латын. Осыған байланысты Қосағаш жəне Катонқарағай ауылдары арасында Монғолиямен сауда жа-

сау үшін бақталастық та болды. Жазатыр Ойратия қоластына өткен жағдайда Қазақстан Монғолиямен 

шекаралық сауда жасау мүмкіншілігінен айрылатын. Сондықтан Ойратия жағы даудың өз пайдасына 

шешілуіне бар күш-жігерін салды. Осы оқиғалар нəтижесінде Қазақстан өз жерінің бір бөлігінен ғана 

айрылып қойған жоқ, Монғолиямен тікелей байланыстың үзілуіне байланысты Катонқарағай ауылы 

айырбас-сауда орталығы ретінде маңызын жоғалтты [9]. 

Қорыта келе, Алтай қазақтары тарихына байланысты көптеген мəселелердің əлі де басы ашық екен-

дігін мойындауымыз қажет. Тарихилық тұрғыдан дұрыс баға беру үшін осы мəселе төңірегінде зерттеу 

жүргізіп жатқан тарихшылардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру абзал. 



Əдебиеттер

1. Мұканов М.С. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы: Атамұра-Қазақтан, 1994. - 80 б.

2. Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. – М.-Л., 1953. – 403 с.

3. Народы Сибири. Этнографические очерки. – М.-Л., 1956. -1046 с.

4.  Потапов  Л.П.  Особенности  материальной  культуры  казахов,  обусловленные  кочевым  образом  жизни // 

Сборник музея антропологии и этнографии. Т.12. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1949. - 498 с.

5. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе: Кыргызстан, 1990 

(переизд.1971).- 480 с.

6. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX-начало XX вв.). – 

Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1968. -255 с.

7. Потапов Л.П. Этнический состав и происхождение алтайцев. Историко-этнографический очерк. / Отв. ред. 

А.П. Окладников. – Л.: Наука, 1969. – 196 с.

8. Руденко С. И. Очерк быта северо-восточных казахов // Казаки. Сборник статей археологических отрядов 

казахских степей. –Вып. 15. –Л.: АН СССР, 1930.

9. Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатының Зырян бөлімшесі (ШҚО ММ Зб), 6-қ., 1-т., 95. 151-іс.


423

МАЗМҰНЫ

СОДЕРЖАНИЕ

Н. ЫБЫРАЙЫМ. Құттықтау сөз! ...................................................................................................................3

СЫДЫКОВ Е.Б. Поздравительная речь! .......................................................................................................4

ПЛЕНАРЛЫҚ МƏЖІЛІС

ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ

АБЖАНОВ Х.М. Периодизация истории Отечества и национальной государственности как 

приоритетное направление разработки «Отан тарихы» .........................................................................5



МАРТЫНОВ А.И. Археология и исторический процесс в степной Евразии (Вопросы методологии) ...8

ДАНИЛОВИЧ В.В. Белорусская государственность:  исторические и национальные формы, 

терминология и периодизация .................................................................................................................13



ЛИПКИН М.А. Опыт работы над 6-томной «Всемирной историей» в институте 

всеобщей истории РАН  ...........................................................................................................................19



АСЫЛБЕК М.Х. О структуре и некоторых вопросах колониального и советского периодов 

мнотомника «История Казахстана с древнейших времен до наших дней» ........................................22



ИСМАГУЛОВ О. Освещение узловых вопросов антропологического, этнокультурного и 

этнолингивистического развития в многотомной истории казахского народа ..................................27



ОМАРБЕКОВ Т. Халық тарихын кезеңдеудің өзекті мəселелері ..............................................................34

ИЗМАИЛОВ И.Л. Цивилизационный подход к тюркской истории ..........................................................37

БАТЫРБАЕВА Ш.Д., ТУРСУНОВА Э.Т. Историческая наука Кыргызстана в условиях 

инфоорматизации общества: тенденции и перспективы ......................................................................46



ДЕРБИСАЛИ А.Б. Источники по истории Казахстана в контексте новых парадигм и инноваций ......52

ЖУМАГУЛОВ К.Т. Гунны и великое переселение народов, как начало нового этапа во 

всемирной истории ...................................................................................................................................55



ЗАРДЫХАН ҚИНАЯТҰЛЫ. Тарихты дəуірлеудің теориялық, методологиялық кейбір мəселелері .....59

АБУСЕИТОВА М.Х. Новые подходы и концепции к проблемам написания «Истории Казахстана»   .62

АЖИГАЛИ С.Е. Казахская этнографическая школа 2-й половины ХХ века: 

достижения и проблема обнародования результатов............................................................................69



ШƏЛЕКЕНОВ У.Х. Қазақ тарихын евроцентрлік көзқарастан тазартайық .............................................79

ТАЙМАГАМБЕТОВ Ж.К. Периодизация, хронология и корреляция палеолита Казахстана 

с памятниками прилегающих регионов ..................................................................................................80



МАЖИТОВ С.Ф. Инновационный контекст истории Казахстана нового времени .................................85

АЛДАЖУМАНОВ К.С. Голод 1931-1933 годов в Казахстане: проблемы истории и методологии .......94

АБУЕВ К.К. Хан Абылай:некоторые проблемные вопросы биографии ................................................101

СЕКЦИЯЛЫҚ МƏЖІЛІСТЕР

Бірінші секция / Первая секция

«ОТАН ТАРИХЫ» КӨПТОМДЫҒЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

ИТОГИ И ЗАДАЧИ ПОДГОТОВКИ МНОГОТОМНИКА «ОТАН ТАРИХЫ»

ИСМАГУЛОВ О., ИСМАГУЛОВА А. Отечественная история казахского народа и 

ее научно-воспитательная значимость .................................................................................................105



ХАФИЗОВА К.ШПроблемы исследования международных отношений казахских ханств ..............107

КУШКУМБАЕВ А.К. Об отдельных проблемах Казахстанской исторической науки  .........................112

ҚАРАЖАН Қ.С. Тың жəне тыңайған жерлерді жаппай игеру жылдарындағы Қазақстанға 

қоныс аудару жəне оның салдары .........................................................................................................117



БЕКНАЗАРОВ Р.А. Торговля и извозничество казахов середины XIX - начала XX вв.: 

на материалах Западного Казахстана ...................................................................................................122



ҚАРАСАЕВ Ғ.М. Алтай аймағы көне ескерткіштерінің тарихы зерттеушілер еңбегінде ....................127

МҰХАТОВА О.Х. Отандық тарих төл ауызша тарих айту деректері бойынша жазылуы тиіс ..............133

ТҰРСҰН Х. Алаш һəм Түркістан ................................................................................................................136

ЕЖЕНХАН Б. XVIII ғасырдың екінші жартысында шығыстағы қазақтардың атажұртына 

оралу тарихына қатысты тың дереккөздері .........................................................................................144



КАЛЫШ А.Б. Досуговая культура казахов-репатриантов Западного Казахстана  ...............................148

СМАГУЛОВА С.О. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық жəне шетелдік көмек ұйымдары .....152

424

ТӨЛЕБАЕВ Т.Ə. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» көптомдығының 

құрылымы туралы ...................................................................................................................................156



НУРТАЗИНА Н.Д. Отечественная история в контексте истории тюркского мира: 

новые подходы к периодизации в свете осмысления процессов дезинтеграции и 

цивилизационного кризиса XVI-XIX вв. ..............................................................................................161

МАХАЕВА А.Ш. Түркістан өлкесі халықтарының патшалық ресейдің үстемдігі тұсындағы 

өзара байланыстары тарихын зерттеудің теориялық-метолологиялық астары ................................172



АХМЕТОВА Л.С. 125 стрелковый полк в бресткой крепости и Казахстан 22 июня 1941 г..................176

БАЙҒҰНАҚОВ Д.С. Ежелгі Қазақстан тарихын кезеңдестірудің тарихнамасы ....................................184

СЫЗДЫҚОВ С.М. Қазақстан тарихын дəуірлеудің жаңа ұстанымдары мəселесі бойынша 

түрік кезеңін дəуірлеудің жаңа жобасы ................................................................................................188



ЖОЛДАСБАЕВ С. Қазақтың ертедегі астаналары ....................................................................................190

ЖАКИШЕВА С.А. Концепты информационного общества и их влияние на практику 

исторического исследования .................................................................................................................203



САРТҚОЖАҰЛЫ Қ. Байырғы түрік археографиясының практикалық жəне теориялық мəселелері 

хақында ....................................................................................................................................................214



ХАЛИДУЛЛИН Г.Х. Аграрная политика советского государства в отношении казахских шаруа в 

условиях сельского хозяйства в 1917-1940 гг. .....................................................................................218



ЖҮГЕНБАЕВА Г.С. Шежіре – қазақ тарихын танудың əдіснамалық тұғыры .......................................228

ТҰРСЫНХАН ЗƏКЕНҰЛЫ. Күлтегін жəне оның заманы: «мəңгілік ел» мұраты .................................236

АЛПЫСБЕС М.А. Шежірелердегі діни сарын, мұсылмандық дəстүр ....................................................240

ЖАНБОСИНОВА А.С. Краеведение: истоки и задачи .............................................................................246

ШАЛЕКЕНОВ М.У. История Казахстана – проблемы и преспективы ...................................................250

ИСМАҒҰЛОВ Ұ.Ш. Отан тарихын оқып игерудің кейбір теориялық-методологиялық мəселелері ...251

НАПИЛ БАЗЫЛХАН. Қазақстанның ортағасырлық тарихнамасы: көне түрік дəуіріне 

байланысты кейбір терминологиялық мəселелер ................................................................................255



ЕСҚАЛИЕВ С.А. ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс тарихнамасы: 

теориялық-методологиялық мəселелері ...............................................................................................264



АТЫГАЕВ Н.А., ДЖАНДОСОВА З.А. Сведения « ‘Āлам-āрā-йи шāх Исмā‘ūл» о 

казахах и казахском ханстве XVI века .................................................................................................273



KAPEKOVA G.A., NESSIPBAEVA K.R. The mysteries of an ornament .......................................................283

МАМЫТОВА С.Н. Становление и развитие предпринимательства в казахстане во второй 

половине XIX – начале ХХ веков: Историографическая и теоретико-методологическая 

ретроспектива ..........................................................................................................................................290

СУТЕЕВА Х.А. 1917 жылға дейінгі Ресей əскери тарихнамасына жаңаша көзқарас ............................298

РҮСТЕМОВ С.К. Жетісу өңіріндегі жергілікті халықтың босқыншылығы: себебі мен нəтижесі .......305

ПАНКОВСКАЯ Г.И. Историко - демографические особенности формирования состава 

городского населения Восточного Казахстана в конце XIX - начале XX вв. ...................................313



НУРЖАНОВ А.А. Ритуально-календарные праздники в эпоху древности и средневековья ...............317

ЗАКИРЬЯНОВ А.К., ОМАРБАЕВ Ы.Қ. Ордабасы құрылтайының ел мүддесіндегі орны мен 

маңызы .....................................................................................................................................................322



ЖУМАН Г. Некоторые вопросы этнокультурного взаимодействия на примере обустройства 

поселений и жилищ аулие-атинцев на рубеже XIX – XX вв. .............................................................325



КЫДЫРБЕКУЛЫ Д.Б. Проблемы внедрения информационных технологий в 

гуманитарных науках .............................................................................................................................330



ТӨЛЕУБАЕВА К.М. Бала тəрбиесіне байланысты ырым-жоралғылар ...................................................332

ИЗБАСАРОВА Г. Отражение в архивных источниках периода правления В.А. Перовского ..............336

ОРЫНБАЕВА Г.У. К истории кочевого и полукочевого хозяйства аридных зон Казахстана 

во 2-й половине XIX – начале XX вв. ...................................................................................................342



АСАНОВА С.А. Большевизм и казахская культура ..................................................................................351

ЧИЛИКОВА Е.В. Краеведение Казахстана: к истории изучения ............................................................355

ДАЛАЕВА Т.Т. Интернет-технологии в преподавании истории в вузе ...................................................362

ТАЙМАСОВ С.У. Этнические и религиозные связи казахов и башкир до конца XVIII века ..............365

ТАЙМАСОВ С.У. Участие казахов в антиколониальной борьбе башкир XVII-XVIII веков  ..............372

ИГИБАЕВ С.К. Национально-освободительная борьба казахов в историографии ...............................375

ҚОЖАМЖАРОВА Д.П. Сыр өңіріне Хиуа хандығының ықпалы ...........................................................388

425

НЕСИПБАЕВА Ж.Ж. История древнего и средневекового Казахстана в зеркале 

псевдонаучного знания (обзор интернет-источников) ........................................................................392



ƏЛМЕНБЕТОВА Ү.А. Жазба жəне шежіре деректер - тарихтың қайнар көзі ........................................397

ӨТЕНИЯЗОВ С.К. Қазақстан тарихының осы күнгі көкейтесті проблемалары ...................................403

МУРАТКАЗИН М.М. 1917-1945 жылдардағы Өскемен қалалық аймағындағы индустрияландыру 

саясатының жүргізілу барысы ...............................................................................................................407



АХМЕТОВА Г.М. О проблемах и перспективах изучения экономической истории Казахстана .........410

АЙДАРБАЕВА Р.Қ. Алтай қазақтары тарихының кейбір мəселелері .....................................................419

 «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ:

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР МЕН ДƏУІРЛЕУ 

ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ»

Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция



МАТЕРИАЛДАРЫ

Алматы қ., 18 сəуір 2013 ж.



МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции



«ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА: 

ИННОВАЦИОННЫЕ КОНЦЕПЦИИ И ПЕРИОДИЗАЦИЯ 

КАК ПРИОРИТЕТ НАУЧНОГО ПОЗНАНИЯ»

г. Алматы,  18 апреля 2013г.



COLLECTION OF MATERIALS 

of the Іnternatіonal scіentіfіc conference



«HISTORY OF KAZAKHSTAN: 

INNOVATION CONCEPTS AND PERIODIZATION 

AS A PRIORITY OF SCIENTIFIC KNOWLEDGE»

Almaty, Aprіl 18, 2013



ИБ № 126

Пішімі 84х108/8. Көлемі 26,75 б.т.

Офсеттік қағаз. Таралымы 100 дана. 

Тапсырыс берушінің файлдарынан «Елтаным баспасы»-ның

баспаханасында басылды. Алматы қ-сы, Сейфуллин д-лы, 352.

Тел.: +7(701)-698-25-49. E-mail: eltanym@mail.ru




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет