Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
198
Ұлтты  сүю,  кісілік  деңгейге  дейін  көтерілу,  туған  халқының 
мүддесі  үшін  құрбандыққа  баруға  әзірлік  –  Мағжан  Жұма баев-
тың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған «Педаго гика» оқулы-
ғын да ол: «Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік 
тілеу,  пайда  келтіріп  зиян  келтірмеуді»  әрбір  адамның  қасиетті 
борышы ретінде атап көрсетеді [4, 128 б.].
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының 
ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат – бодандық бұғауында 
жаншылған  елін  құлдықтан  құтқару,  өзге  өркениетті  елдер 
қатарына  қосу  болғаны  белгілі.  Мағжан  да  осы  мұратты  жүзеге 
асырудың жолдарын іздеп, басын тауға да, тасқа да соққан.
Бірде:
«Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кем қалмайық, ойланайық,
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ», –
деп, отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге 
бермей, сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады [3, 28 
б.]. Енді бірде:
«Ескіше тұрып егеспе,
Заман – түлкі, тазы бол
Базарша дүкен құр енді», –
деп  халықты  сауданың  тілін  білуге,  қазіргі  тілмен  айтқанда,  на-
рықтық экономика заңдарын меңгеруге шақырады [3, 67 б.]. Ал 
мына өлеңінде ақын:
«Кітап әпер, оқысын, балаң қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей азаматтың тобына!» – 
деп,  қазақ  ұлтының  әлемдік  өркениет  көшіне  қосылуының  жо-
лын өнер-білімнен, жас ұрпақты өзге елдердегі замандастарымен 
бәсекеге түсе алатындай етіп тәрбиелеу ісінен іздейді [3, 23 б.].

199 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Мағжан ақынның осы ойларының қай-қайсысы да дәл бүгін-
гі заманымыз үшін де маңызды. Мәселен, қазіргі әлемдік қаржы 
мен ақпарат ағынына шекарамызды ашып, мол мүмкіндік беру, 
адами аралас-құраластықты ынталандыру өркениетті елдер ара-
сында тең құқықты өмір сүрудің басты шартына айналған жаңа 
ғасырда  кең  байтақ  жерімізді  қалай  сақтап  қаламыз?  Бір  жағы-
нан,  ұлттық  қазақы  қалпымызды  жоғалтпау,  өзге  мәдениет тер 
ықпалымен  жұтылып  кетпеу,  екінші  жағынан,  әлем  елдерімен 
тығыз саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени қарым-қатынас-
ты дамыту мүмкін бе?
Дәл осы мәселелердің жауабы бұдан бір ғасырға жуық уақыт 
бұрын Мағжанды да толғандырыпты. Сәби шағынан кең байтақ 
қазақ даласының сұлулығын түйсініп, бұла табиғатпен етене ара-
ласып  өскен,  қазақ  дала  өркениетінің  бел  перзенті  Мағжанның 
ауылға  деген  махаббаты  қазіргі  біздің  бойымыздағы  сезімнен 
кем болды деп айта алмаспыз, сірә! Керісінше, қаладағы тұрмыс, 
қалалықтардың  мінез-құлқы  әуелгіде  ақынды  қатты  шошын-
дыра ды емес пе:
«Айналасы – тұман, түн...
Дем алысы – от, түтін.
Жарқ-жұрқ етер көздері.
Сөзі у-шу, ың да жың,
Сасық ауа ауыр тым.
Тұншықтым ғой, құдай-ай!..» [3, 71 б.].
Осы  Мағжан,  қалалықтардың  мінез-құлқының  бәрінен 
жасандылықтың  белгісін  байқаған,  далалықтардың  табиғи  бұла 
се зімінің ұлылығын асқақтата жырлаған ақын енді келіп «жеріңді 
сақтағың  келсе,  қала  сал»,  «бір  жерге  жиылып  қалада  тұр»  деп 
үндеу тастайды халқына.
«Урбанизация» әлемнің барлық халықтары басынан өткерген 
процесс. Әлеуметтік зардаптарына қарамастан, бұл процесс қа-
зіргі  заманғы  жеке  ұлттардың  дербес  мемлекет  құруы  ісіндегі 
болмай  қоймайтын  құбылыс  болып  саналады.  Өз  мемлекетін 
екі ғасырдан соң қайта құрған қазақ халқының «қалалықтануы», 
яғни Қазақстандағы орташа қалалардың «қазақтану» процесі қа-
зір дің өзінде жүріп жатыр. Тек бұл процесс ешқандай жүйесіз, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
200
әлеу-меттік зерттеу орталықтарының назарынан тыс, мемлекеттік 
бағдарламасыз жүруде. Сондықтан да оның әлеуметтік зардапта-
ры  (ауылдан  келгендердің  қара  базар  маңындағы  арзан  жұмыс 
күшіне  айналуы,  қылмыстық  топтарға  қосылуы,  нашақорлық, 
жезөкшелік, т. б.) күрт асқынып кетті. Сондықтан «Ауыл жылы» іс-
шараларының аясында ауыл жастарының жаңа мамандықтарды 
меңгеруіне жәрдемдесу, оларды нысаналы түрде өндіріс орында-
рына жұмысқа тарту, баспанамен қамтамасыз ету, т. б. шаралар 
да жүзеге асырылуы қажет.
Жалпы қазақтардың «қалалықтануы» немесе қалалардың «қа-
зақылануы» дербес мемлекеттігін орнатқан ұлт мүддесінің айқын 
бедерленуіне  қажетті  шарттардың  бірі.  Мысалы,  еліміз  ішіндегі 
қазіргі саяси кеңістікте, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құ ралдары-
ның  бетінде,  әр  түрлі  жиындарда  қазақ  ұлтының  мүддесін  көз-
деген топтардың үні неге бәсең? Мұның себебі мынада: кез келген 
елде, кез келген заманда үлкен саясат үлкен қалаларда жа салады, 
содан да қалалықтар ең ықпалды әлеуметтік топ болып табылады. 
Еліміздегі мемлекетті құрушы ұлт болып саналатын қазақ халқы 
өкілдерінің қалалықтар арасында сандық басымды лыққа ие бол-
мауы ұлттық мүдденің батыл білдірілмеуінің себебі болып отыр. 
Қазірдің өзінде бел ала бастаған қалалардың «қаза қылану» процесі 
бұл олқылықтың орнын толтырып, әлем нің барлық мемлекеттері 
үшін қалыпты жағдайдың біздің елімізде де орнығуына жеткізеді. 
Бұдан  бір  ғасырға  жуық  уақыт  бұрын  Мағ жан  айтқан  «жеріңді 
сақтағың келсе, қала сал, қалаға жинал» де ген ойдың мәні, міне, 
осында.
Ал ақынның екінші өлеңіндегі «базарша дүкен құр енді» де-
ген  ойын  тура  мағынасында  «саудамен  айналыс»  деген  сөз  ре-
тінде  қабылдау  жеткіліксіз.  Мағжан  бұл  жерде  қазақ  халқының 
іскерлік, ілкімділік қабілеттерді меңгеру қажеттігі туралы айтып 
отыр. Сондай-ақ, ақынның «малды аяма оқу-білім жолына, өнер 
алып басқалармен қатар бол, қосыл бірдей адамзаттың тобына» 
деген ойының да мән-маңызы күні бүгінге дейін төмендеген жоқ 
[3, 23 б.]. Керісінше, дәл қазіргі таңдағы ұлтымыз алдындағы ең 
маңызды мәселенің өзі осы болып тұр.
Ақынның ұшқыр қиялы бірде туған халқының өткендегі даңқ-
ты  тарихын  шарласа,  енді  бірде  жарқын  болашағын  болжай ды. 
Сол болашаққа жету жолдарын аласұрып іздейді.

201 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
«Келешек» пенен «кеше» – анық,
«бүгін» деген бір бу ғой», – 
деп  өз  заманының  күрделі  құбылыстарын  ой  елегінен  өткізіп 
байқаған  ақын  елдің  болашағы,  ең  алдымен,  зиялы  қауымның 
бірлігі  мен  оның  өкілдерінің  іс-әрекетіне  байланысты  деген  тұ-
жырымға тоқталады [3, 184 б.]. Содан да ол:
«Азамат! Анау қазақ қаным десең,
Ұжмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, ібіліс бол да у алып бер,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең», –
деп, бүкіл зиялы қауымға жар салады [3, 58 б.].
Жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
өз тарихи миссиясын абыроймен атқарып шыққаны анық. Олар 
пат шалық және кеңестік отарлаушылардың дүлей күші алдында 
төтеп бере алмағанына қарамастан сол замандағы қазақ қоғамы-
ның  ең  ықпалды  саяси-әлеуметтік  күші  бола  білді.  Олар  қоғам-
дағы мұндай беделге қалай ие болған? Осыдан бір ғасырға жуық 
уақыт  бұрынғы  қазақ  зиялылары  иеленген  тегеурін  олардың 
бүгінгі ізбасарларында неге жоқ? Бұл да қазіргі қоғамтанушы ла-
рымыз назарына әлі күнге дейін іліге қоймаған жаңа мәселелер.
Біздің  ойымызша,  жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы 
кәсіби қазақ зиялыларының ел құрметіне бөленуіне, ең алдымен, 
олардың  бойындағы  туған  халқы  үшін  құрбандыққа  шалынуға 
даяр  шы найы  ұлтжандылық  пен  отаншылдық  қасиеттің 
барлығы және осы қасиетті көпші ліктің анық сезінуі негіз болған. 
Мағжанның абақтыда жатып:
«Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім,
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер
Істей берсін қолдарынан келгенін» –
деп жазғанындай ұлтжандылық, ұлттық мүддеге қалтқысыз адал-
дық  сол  замандағы  қазақ  зиялыларының  көпшілігіне  тән  және 
оларды топтастырған қасиет еді [3, 164 б.]. Бұл – бір.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
202
Болашақ қатерді алдын ала көре білу, артында ғасырлар бойы 
өш-пейтін  ұлағатты  өсиет  қалдыру,  сірә,  шынайы  даналықтың 
көрінісі  болса  керек.  Мағжан  ақынның  артында  қалған  мұрасы 
арасында бүгінгі біздің заманымыздың қордаланған проблемала-
рымен астасып жатқан ойлары мол-ақ. Солардың бірі – ана тілінің 
тағдырына қатысты.
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» –
деп, бұған да шүкіршілік еткен ақын ана тілінің сақталуын ұлттың 
өмір  сүруімен  тікелей  байланыстырады  [3,  59-60  бб.].  Ол  тілді, 
ұлтты бір-бірінен бөлуге болмайтындығын, тіл мен ұлт ажырамас 
біртұтас екенін, оның бірінің жойылуы екіншісінің де күйреуіне 
алып келетіндігін өзінің «Педагогикасында» қадай айтады: «Тілсіз 
ұлт,  тілінен  айырылған  ұлт,  дүниеде  ұлт  болып  жасай  ал мақ 
емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт 
– тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын 
көрсетеді» [4, 115 б.]. Мағжанның ойынша, ұлттық тіл жәй қарым-
қатынас  құралы  ғана  емес,  ол  сол  ұлттың,  оның  тарихы  мен 
мәдениетінің  өзіндік  және  бірегей  болмысын  танытады.  Ол  бұл 
туралы  өз  ойын  былайша  тұжырымдайды:  «Бір  ұлттың  тілінде 
сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп 
тұрады. Қазақ тілінде қазақтың... асықпайтын, саспайтын сабыр-
лы мінезі – бәрі көрініп тұр» [4, 115 б.].
Мағжан Жұмабаев – тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік пробле-
маларымен шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың 
кең даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:
«Адамзат баласына енді көштім:
Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,
Дүние де жақсылықтан аман-дағы» [3, 30 б.].
Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі 
қайшы лықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, 

203 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
жиырма  бірінші  ғасырдың  басында  олар  әлдеқайда  күрделене 
түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті мен әлсіз, бай мен кедей қалай 
бейбіт  қатар  өмір  сүре  алады?  Күштінің  әлсізді  жем  қылуы,  өз 
мүддесіне  пайдалануы,  өз  ықпалында  ұстауы  өзгермейтін  заң 
ба  әлде?  Бүгінгі  жаһандану  заманында  талай  елдің  алдында 
тұрған  осынау  сауалдардың  жауабы  кезінде  Мағжан  ақынды  да 
толғандырыпты.  Қандай  жауап  тапқан  дейсіздер  ғой.  Ол,  міне, 
мынау:
«Күшсіздер де тырыссын, қатар болсын!» –
Дедім де, жөнелдім мен қолым сермей!» [3, 31 б.]
Қалай  «тырысады»,  қалай  «қатар  болады»?  Әрине,  өзін-
өзі  дамыту,  содан  соң  бір-бірімен  бірігу  арқылы.  Мағжанның 
жұрт тың  бәрі  айтып  жүрген  «түркішілдік»  идеясы,  яғни  түркі 
халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы, міне, осы-
дан шыққан.
«Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...» – [3, 37 б.]
деп,  сонау  замандарда  ықпалымен  жарты  әлемді  қалтыратқан 
түркі халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан соң, әркімге 
бодан  болып  кеткенін  күйіне  жырлаған  ақын,  ендігі  әлемдегі 
күштілермен  теңесудің  бірден-бір  жолы  сол  бірлікті  қалпына 
келтіру деп біледі:
«Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
лайық па құл боп тұру? Жүр, кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа» [3, 55 б.].

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
204
Алтай  –  түркі  халықтарының  бір  алтын  бесігі,  өз  тарихын-
да  мың  өліп,  мың  тірілген  ұлысқа  пана  болған,  жойылып  бара 
жатқан  тәуелсіз  елдігін  сан  мәрте  қайтадан  қалпына  келтіруге 
қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер 
де,  тіпті,  Шыңғыс  хан  да  сол  Алтайдан  шығып,  әлемнің  жарты-
сын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі 
жұртының жадына түсіріп, «күштілермен қатар болғымыз келсе 
қайта бірігейік» деп жар салады. 
Ақынның  бұл  ұлы  арманы  Кеңес  одағы  ыдырап,  әлем  кар-
тасында  түркі  халықтарының  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттері  пай-
да  болғаннан  кейін  ғана  жүзеге  аса  бастағаны  белгілі.  Түркі 
халықтарының бүгінгі өзара саяси, экономикалық және мәдени – 
рухани қарым-қатынастарының даму қарқыны жаман емес.
Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі 
жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та қастерлі екі 
мекені бар. Оның бірі – жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі – 
Түркістан. Мағжан өзінің «Түркістан» өлеңінде былай дейді:
«Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой» [3, 173 б.].
Шынында да, Түркістан екі дүниенің – Шығыс пен Батыс тың 
рухани есігі ғой. Бұл тек қана ақынның жеке тұжырымы емес, бар-
ша түркі баласының санасына мықтап орныққан түсіні гі. Себебі, 
дәл осы қалада жеке үлгі-өнегесімен барша түркі жұр тын ис лам 
біліміне,  сопылық  іліміне  ұйытқан,  бұдан  кейінгі  танымы  мен 
түсінігін қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қы луетке 
түсіп, Хақ дидарын көруді, яғни дүниенің ақиқа тына же туді мұрат 
тұтқан Қожа Ахмет Иасауи тұрған. Себебі, дәл осы қалада ақтық 
аманаттары  орындалған  аруақты  ата-бабаларымыз  жерленген. 
Мұнда  ақыл-парасатымен  болашақ ты  болжаған  даналарымыз, 
қаһарымен алыс-жақын көршілерін қал ты ратқан әміршілеріміз, 
қаһармандығымен  кең-байтақ  елін  көз  алартқан  дұшпандардан 
қорғап қалған атақты батырларымыз бақилық орнын тапқан. 
Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы «он ойланып, жүз толған-
ған» қазақ ақыны бірте-бірте әлемдік ойшылдар қатарына көте-
ріліп, жалпыадамзаттық проблемаларға өзінше үн қатады. Адам-

205 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
дардың  жаппай  пайда  қууы,  өнер-білімнің  өзін  пайда  табудың, 
біреуге зорлық жасаудың құралына айналдыру – адамзатты апат-
қа  соқтыратын  жол  екенін  Мағжан  сол  кезде-ақ  сезінген.  Пай-
дакүнемдік  рациональдық  ойлауға  негізделген  Батыс  өрке ние ті 
ақынды  қатты  шошындырады.  Шығыс  философиясындағы  се-
зімдік таным әдісі, пайдалылыққа емес, руханилыққа басымдық 
беру дәстүрі Мағжанды қатты қызық тырған. Әлемді апаттан құт-
қаратын Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп есептейді ақын:
«Мұндарларды адасқан,
Айырылып естен шатасқан
Күншығыстың жолына
Салайық, шетсің демейік,
Аямайық көмейік
Күншығыстың нұрына...» [3, 53 б.]
«Таспен атқанды, аспен ат» деп, қатігез адамның өзін мейірім 
шуағымен  қайта  тәрбиелеп  алуға  болатынына  сенетін  қа зақ 
халқының  ұлы  гуманистік  рухын  бойына  сіңіріп  өскен  Мағ жан 
әлемді  меңдіген  «өзімшілдік»  дертін  де  мейіріммен,  рухани лық 
нұрымен ғана жеңу қажет дейді.
Біз қазір төрткүл дүниенің Батысы мен Шығысы, Солтүстігі 
мен  Оң-түстігі  арасындағы  тайталастың  тым  өршіп  кеткенінің 
куә сі  болып  отырмыз.  Не  жасаса  да  пайдалылық  принципін 
ғана  ұстанған  АҚШ  пен  Батыс  әлем  байлығының  басым  бөлігін 
бауырына  басып  қана  қоймай,  ғылым  мен  техниканың  бар-
ша  жетістіктерімен  мұздай  жарақтанып  алып,  енді  жұмыр 
жер  бетіндегі  адамзатты  бірегейлендіруді  көздеген  жаһандану 
процесін бастап кетті.
Әрине, жер бетіндегі адамзат қауымы біртұтас. Бірақ олардың 
ұстанатын діни сенімі де, ділі де, дүниетанымы да, ойлау машығы 
да сан алуан. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұты-
лып кетпей, өзіндік ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Оған ық-
палды да өзімшіл АҚШ пен Батыс бой берер емес. Бүкіл әлемге 
әлеу меттік құрылым туралы өз түсінігін, өзіндік ойлау машығын 
таңғысы келеді. 
Ал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасыр бұ рын-ақ 
бұл тайталастың басты қаруы – Батысты Шығыстың «мейі ріміне, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
206
руханилық  нұрына»  бөлеу  деп  айтып  кеткен.  Мағжан  ақынның 
бүгінгі тәуелсіз Отаны – Қазақстан дәл осы бағыт-тың, Батыс пен 
Шығыс арасында өркениеттік сұхбат арқы лы рухани келісім мен 
татулық орнату ісінің орталығына айналып келеді.
Ұлт – ұлыс – жалпы адамзат қауымындағы саяси-әлеуметтік 
мәселелер  туралы  тереңнен  ой  толғаған  Мағжан  ақын  әлемдегі 
барлық  дау-жанжал  мен  қайшылықтардың  түп  тамыры  жеке 
адамда,  оның  бойындағы  ізгілік  пен  зұлымдықтықтың  арақа ты-
насында жатыр деген тұжырымға келеді.
Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұм-
тылыс пен жамандықтан бойын аулақ салу тән, «ізгілікке ұмтылу, 
жауыздықтан  безу  адамның  жаратылысының  өзінде  бар  нәрсе» 
деп  есептейді  [4,  134  б.].  Мағжанның  пікірі  бойынша,  «махаб-
бат»  және  «ізгілік»  сөздерінің  мазмұны  өте  жақын,  өйткені  сүю 
ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты 
өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. 
Адам  бақыты,  біріншіден,  анаға,  одан  кейін  жақынына,  Отаны-
на сүйіс пеншілігіне, екін-шіден, ұлт пен адамзаттың жай-күйіне 
тәуелді. Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің қыз-
метінде өз ұлты мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады. Ой 
еркіндігі  Мағжан  дүниетанымының  басты  принциптерінің  бірі. 
Еркіндік  адамның  өз  ойы  мен  ісі  үшін  жауапкершілікте  екенін 
білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бір ге өмір 
сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұр-
лым терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары.
Мағжан  тылсым  табиғатпен  іштей  тілдесе  және  сұхбаттаса 
отырып, оның сұлулығының алдында басын иеді: 
«Көкке тиген биік тау,
Құшақтасып тұманмен,
Ақырын ескен жылы жел,
Маужыратып тербетіп»
                    * * *
«Сылдыр-сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды-толқын қуады» [3, 136 б.]
Мағжан  қазақ  халқының  шынайы  өкілі  ретінде  әлемді,  та-
рихты, кеңістікті «адам мен адам», «адам мен қоғам» және «адам 

207 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
мен  табиғат»  арасындағы  үйлесім  арқылы  бейнелейді.  Ұлы  ой-
шыл  адамның  жан  дүниесіне  керекті  бірден  бір  қасиет  –  қиял-
дың қалыптасуына жағдай тудыратын оның қоршаған ортасы деп 
санаған.  Адам  халықтың  мүддесі  тұрғысынан  шынайы  қиял дай 
білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман мен қиял адамды жақ-
сы лыққа, ізгілікке жетелейді.
Мағжанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, 
табиғаттың  сұлулығын  көру  қабілеті,  терең  ойлау  мен  қиялдың 
ұшқырлығы күрделі таным процесі арқылы жүреді. Ақын жал-
пы  «таным»  деген  ұғымды  әртүрлі  әдемі  түстерден  рақат  алу, 
табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан 
алуандылығынан ерекше әсер алу деп түсінеді. Сұлулықты сезіну 
адам ның өмірге деген қызығушылығын, даналыққа құштар лығын, 
қабілетін арттырады. Ол эстетикалық талғамы бар адам ның бар-
лық  уақытта  жамандықтан  жиреніп,  ізгіліктің,  жақсылық тың 
қажеттілігін сезіне білетін-дігін баса айтады: «Сұлулық сезім дері 
адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көрік-
сіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздық-
тан тиылуына көп көмек көрсетеді» [4, 132 б.].
Ақын табиғат жайлы былай толғанады: «Үлбіреген гүл, күңі-
ренген  орман,  сылдыраған  су,  былдыраған  бұлақ,  шексіз-шетсіз 
қара-көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу зат-
тары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, 
күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда 
сұлулық толқындарын туғызады» [4, 131 б.].
Мағжанның  философиялық  көзқарасы  бойынша,  жан 
дегеніміз әлемді тануға бейім әрі адамның ерік күш-жігерін өзіне 
аудару,  әдемі  буын,  тамаша  дыбыс,  ғажап  түрмен  (пішінмен) 
ләззаттану.  Жан  жамандыққа  жиіркеніш  сезіммен  қарап, 
жақсылық қа,  ізгілікке  қарай  талпынады.  Философ-ақын  адам 
үшін жанның қаншалықты мәнді екені жайында: «Адамзат дене 
һәм жан аталған екі бөлімнен тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, 
яғни  жан,  адамзат  үшін  аса  қадірлі  болады,  дұрысын  айтқанда, 
адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға береді» деп 
жазады [4, 131 б.].
Мағжанның  ойынша,  жан  дегеніміз  оның  көріну 
формаларының жиынтығы емес, ол құпия қалпында қалады. Тек 
тіл ғана жан құпиясына жақындай түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ  халқының  дәстүрлі  дүниетанымы  арнасында  Мағжан 
жанды, көбінесе, жүрек бейнесінде жырлайды:

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
208
«Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ,
Жүйрік жүрек сұр өмірде байланбақ.
Шын адам сол – ылғи шаттық жырымен,
Жүрек қалай қуса, солай айдалмақ» [3, 131 б.].
Өз  жүрегінің  қалауымен,  жан-дүниесінің  тілегімен  ғұмыр 
кешкен адам ғана бақытты дейді ақын. Бірақ Мағжан ғұмыр кеш-
кен заман ақынның өз жүрек қалауымен өмір сүруіне мүмкіндік 
бермеп еді. Содан да ол:
«Уланды жүрек, жан күйді,
Ішім толған қызыл шоқ.
Не себептен, тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға – жоқ», –
деп күңіренеді, бұл пәнидегі өз ғұмырының, жалпы адамзат тір-
шілігінің мәніне ой жібереді [3, 57 б.].
Жалпы  адам  өмірінің  мәні,  өмір  мен  өлім  проблемасы  – 
философиядағы мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, қазақ фи-
лософиясында бұл тақырып терең зерделенген. Мысалға, өлімді 
өнердің күшімен кідірткен Қорқыт Ата ұлағатының өзі – әлемдік 
философиядағы мәңгілік проблеманың өзгеше шешімі болып та-
былады.
Ал,  Мағжан  «Қорқыт»  поэмасын  жазып,  философиядағы 
өмір мен өлім тақырыбын өзінше қозғайды:
«Әншейін өмір деген ермек үшін,
Күні ертең соғар жүрек өлмек үшін.
Ойланып қалай ғана уланбассың,
Берілсе адамға өмір өлмек үшін» [3, 222 б.].
Иә,  адам  –  жер  бетінің  қонағы.  Қазақ  халқы  бұл  ақиқатты 
«өзекті  жанға  бір  өлім»  деп  қысқа  да  нұсқа  тұжырымдаған. 
Ал  Мағжан  болса,  өлімді  –  адамның  жер  бетіндегі  ғұмырының 
аяқталуы деп қана емес, мәңгілік мекеніне аттануы деп баға лайды. 
Ажал адамның:
«Өлгені емес, жерді тастап кеткені,
Шын бақытқа ерте бастан жеткені» [3, 230 б.].

209 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет