6
Рахман Алшанов,
Тұран университетінің ректоры,
экон.ғ.д.
ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН КӚТЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Патша заманында, бұдан екі жарым ғасыр бұрын қазақ
тілінде оқытатын бір-ақ мектеп болған. Оның ӛзі Ыбырай
Алтынсарин ашқан бастауыш мектеп.
Совет дәуірінде қазақ
мектептері, ал техникумдарда,
жоғарғы мектептерде қазақ
бӛлімдері ашыла бастады. Бірақ қазақ мектебінің карқынды
дамуы егемендік жылдарында ғана кең ӛріс алды.
Бұған
бірнеше фактор әсер етті. Мысалы, экономика ӛсіп,
әлеуметтік мәселелерді кеңінен шешуге жол ашылды, барлық
шешімді егемендіктің арқасында ӛзіміз қолымызға алдық.
Бастысы – елдегі халықтың саны,
соның ішінде қазақтың
ӛсуі байқалды.
Қазақша оқитын балалар саны ӛсті. 2019 жылы
шілде айында Қазақстан халқы 18,5 миллион адамнан асты,
оның ішінде қазақтың саны 12,5 млн.-ға жетті (67,6%).
Бүгінде қазақтың саны солтүстіктен басқа барлық ӛңірде
басым. Соның ішінде: Түркістан облысында – 1508,2 мың
қазақ (76,0%), Алматы облысында – 1469,9 мың (72,1%),
Алматыда – 1120,6 мың (60,4%), Нұр-Сұлтан қаласында –
851,9 мың (79%), Шығыс Қазақстан облысында – 834,8 мың
(60,5%), Жамбыл облысында – 818,5 мың (72,7%),
Қызылорда облысында – 764,6 мың (96,3%), Ақтӛбе
облысында – 720,4 мың (82,8%), Қарағанды облысында –
714,1 мың (51,8%), Шымкент қаласында – 676,7 мың
(67,05%), Маңғыстау облысында – 617,1 мың (91%), Атырау
облысында – 586,8 мың (92,6%), Батыс Қазақстан облысында
– 418,0 мың (64,1%), Павлодар облысында – 394,7 мың
(53,4%), Ақмола облысында 379,3 мың (51,4%) қазақ тұрады.
7
Ал әзірге қазақтар аз тұратын ӛңірлер: Солтүстік
Қазақстан облысы – 194,2 мың (35,0%), Қостанай облысы –
355,7 мың (40,7%).
Осылай халық санының ӛсуіне
қарай қазақша оқитын
балалардың саны да ӛсуде. 2008 жылы олардың саны 1546
мың (60,3%) болса, 2018 жылы бұл кӛрсеткіш 2515,9 мың
оқушыға жетті (65,5%). Ең кӛбі Түркістан облысында – 364,7
мың оқушы (77,7%), Алматы облысында – 288,1 мың
(73,0%), Жамбыл облысында – 171,2 мың (72,6%),
Қызылорда облысында – 142,0 мың (91,4%), Шымкент
қаласында – 133,9 мың (66,8%), Алматы қаласында – 125,6
мың (43,6%), Маңғыстау облысында 122,1 мың (86,6%) бала
қазақша оқиды.
Ал ең тӛменгі кӛрсеткіш Солтүстік
Қазақстан облысы
бойынша – 19,7 мың оқушы (27,2%), Қостанай облысында –
43,0 мың (40,0%), Павлодар облысында – 45,8 мың (44,2%),
Ақмола облысында – 59,3 мың оқушы (47,9%).
Қуантатын бір жағдай – осы соңғы он жыл ішінде
қазақша оқитын балалардың саны Ақмола облысында 16,6
мыңға ӛскен, ал Қостанай облысында 13,1
мың оқушы
қосылған.
Достарыңызбен бөлісу: