8
жылы 403,8 баланы құраса, 2018 жылы орта есеппен алғанда
бір мектепте 662,6 бала оқыды деген сӛз. Демек, бір қазақ
мектебіндегі балалардың саны он жылдың ішінде 258,8
оқушыға ӛскен. Бұл кӛрсеткіштер мектептердің ірілендіріліп,
қосылып,
жаңа
үлкен
мектептер
ашылып,
шағын
мектептердің азайғанын кӛрсетеді.
Қазақ мектептерінің ең кӛбі Түркістан облысында –
705, Алматы облысында – 441, ШҚО-да – 344, Жамбыл
облысында – 314, Қызылорда облысында – 273, Ақтӛбеде –
263, Батыс Қазақстан облысында – 257, Қарағанды
облысында – 230, Ақмола облысында – 160, Павлодар
облысында – 140, Атырау облысында – 138, Маңғыстау
облысында – 130, Қостанай облысында – 120, Солтүстік
Қазақстан облысында – 118, Алматы қаласында – 76,
Шымкент қаласында – 57, Нұр-Сұлтанда – 31.
Он жылда сегіз ӛңірде қазақ мектептерінің саны 181-ге
ӛскен. Алматы облысында 48 мектеп қосылған, Маңғыстау
облысында – 31, Алматы қаласында – 25, Шымкент
қаласында – 24, Түркістан облысында – 22.
Осы мерзімде тоғыз ӛңірде 193 шағын қазақ мектебі
қысқартылған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында –
38 мектеп, Ақтӛбе облысында – 35, Батыс Қазақстан
облысында – 32, Солтүстік Қазақстан облысында – 29,
Қостанай облысында 22-ге азайған.
Достарыңызбен бөлісу: