Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Жанар Абитова, 
Абай атындағы Республикалық
мамандандырылған дарынды балаларға
арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта
мектеп-интернатының қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА КӚРКЕМ ШЫҒАРМА 
ОҚЫТУДА АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
атты мақаласында әдебиеті мен мәдениетін, салт пен 
дәстүрін, әдет пен ғұрпын, ұлттық құндылықтарын ұлықтап 
ӛскен, елдің ертеңін ойлайтын танымы мол, талантты, 
бәсекеге қабілетті ӛскелең ұрпақ тәрбиелеуді алдымызға 
мақсат етіп қойды.
Ағартушы педагог Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың 
тағдыры, келешекте қандай ел болуы да мектебінің қандай 
негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, 
берік һәм ӛз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра 
білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», – 
деген еді. Бүгінде қазақ жанына үйлесетін мектеп бейнесіне 
айналған 
республикадағы 
қазақ 
мектептерінің 
қара 
шаңырағы – Алматы қаласындағы Абай атындағы 
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға 
арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта 
мектеп-интернаттың (бұдан әрі – мектеп-интернат) жалпы 
білім беретін ӛзге де білім отауларына берер тағылымы да, 
тәлімі де ӛзгеше. Ӛйткені бұл білім ордасының тарихы – бір 
ғана мектептің немесе білім мекемесінің ӛзімен-ӛзі 
тұйықталып шаң басып қалған соқпағы емес, алдыңғы 
толқын ағаларды кейінгі толқын інілерге жалғайтын 


85 
керуенді, кӛшті ұрпақтар жолы. Біздің мектебіміз әлдеқашан 
мектеп дейтін қатардағы мемлекеттік мекемеден тұтас бір 
ұлттың қаймағын дайындап шығаратын қасиетті қара 
шаңырағына айналған. Сол себепті де біз осы мектепте оқып 
шыққан айтулы азаматтар мен толағай тұлғаларды есімізге 
түсіріп, санамалай бастағанда-ақ, оның қаншалықты 
абыройлы, қаншалықты киелі екенін сезіне түсеміз.
Олай дейтін себебіміз – шәкірттеріне құнарлы білім 
нәрі мен ӛнегелі тәрбиені сусындатқан мектеп-интернат 
қабырғасынан 1957 жылдан бері елімізге еңбегі сіңген қоғам, 
мемлекет қайраткерлері, ӛнер адамдары, журналистика 
саласының майталмандары түлеп ұшты. Мектеп-интернат 
түлектері – генерал-лейтенант Ә.Ш.Шаяхметов, композитор, 
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев, ҚР Бас 
прокуратурасы 
аппарат 
басшысының 
орынбасары 
О.С.Нұрділдә, «Нұр Отан» партиясы тӛрағасының бірінші 
орынбасары қызметін атқарған М.Әшімбаев, «Егемен 
Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының 
Басқарма тӛрағасы Дархан Қыдырәлі, ҚР Президентінің 
Баспасӛз хатшысы Айдос Үкібай, Қазақстан Жазушылар 
одағының мүшесі, айтыскер ақын Серік Қалиев, «КТК»
телеарнасының журналисі Г.Б.Әбіқай, «ТАС КРЕДИТ» 
ЖШС Бас директоры Д.Тастекеев, «Хабар» агенттігі» Ақ 
телеарнасының продюссері және тележүргізуші Мәдәлі 
Мейрамгүл, эстрада жұлдыздары – Тоқтар Серік, Тамара 
Асар, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Ақбота Керімбекова, 
т.б. азаматтар ӛзінің кәсіби саласында ел дамуы жолында 
аянбай қызмет етіп келе жатыр.
Мектеп-интернат білім беруді оқушының бойында ӛз 
тарихына, Отанына, әдебиеті мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімін қалыптастыруға негіздей отырып, дарынды баланың 
қабілетін жан-жақты ашуға бағыттайды. Ал бұл қабілеттің 
қайнар бұлағы кӛркем шығармамен достасудан басталады. 
Мектеп-интернат оқушылардың кітап оқып қана қоймай, 
оқушылармен талдануына, ӛмірінде қолдануына аса кӛп 


86 
кӛңіл бӛледі. Кӛркем шығарманы оқуға баулу бірнеше 
сатыдан тұрады. Оның алғашқы баспалдағы таңғы жиын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет