Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғҰмарбек дәукеев атындағЫ



бет14/15
Дата28.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Монтаж РГР2

3.2 Машинаның магниттелу сипаттамасы
Тік бұрышты координатарда тұрғызылған байланыс машинаның магниттелу қисығы немесе магниттік сипаттамасы деп аталады 3.6 сурет. Бастапқы бөлігінде магниттелу сипаттамасы түзу сызықты сипаттамаға ие болды, өйткені азғантай мәндегі ағында  машинаның болаты аз қанығады және магниттелу күші ағынды саңылау арқылы өткізуге шығындалады. Қисықтың түзу сызықты бөлігінің жалғасы әртүрлі мәндегі ағынның саңылауға деген магниттелу күшін ерекшелеуге, тәуелділігін алуға мүмкіндік береді. Магнит ағыны магниттелу күшінің көп бөлігі ағынды болаттың телімдері арқылы өткізуге шығындалады. Магниттелу күшінің бұл бөлігі  кесіндісіне сәйкес келеді.  қатынасы бойынша, яғни қанығу коэффициенті деп аталатын, онымен берілген ағынның мәнінде  машинаның магнит тізбегінің қанығу деңгейін білуге болады. Қанығатын магнит тізбегіндегі машинаны жасау тиімсіз, бұндай жағдайда материалдарды толық пайдаланбай машина ауыр салмақты болып қалады. 










3.6 сурет - Магниттелу сипаттамасы


Магнитті тізбектің артық қанығуы да тиімсіз, өйткені бұл жағдайда мыстың немесе алюминийдің үлкен шығындағы және қоздыруға деген қуаттының үлкен шығындағы қуатты қоздыру орамасын жасауды қажет етеді. Осы себептерден электрлік машиналарды номинал режімде жеткілікті қанығуда жасайды. Сонымен жұмыс нүктесі магниттік сипаттамада бірнеше жоғары жатыр. Негізінен  ал кейбір жағдайларда 
4 Тұрақты токтағы машина зәкірінің реакциясы
4.1 Зәкір реакциясы туралы түсінік
Машина бос жүріс режімінде жұмыс істеп тұрғанда, яғни зәкір орамасында токтың болмаған кезінде, машинаның негізгі  ағынын жасайтын жалғыз қорек көзі ретінде магниттеуші күш болып табылады. Электрлік машина жүктеме кезінде бірнеше орамадан (зәкірдің, қосымша полюстердің, тізбектелген қоздырудың және компенсациялық) тұратын зәкір тізбегінде ток пайда болады, сонымен негізгі магнит ағынынан басқа зәкір орама тізбегінің магнит өрісі бар. Сондықтан ауа саңылауындағы магнит ағыны және машинаның жүктемелік кезінде магнит өрісінің кеңістікте таралуы полюстердің және зәкір тізбегінде әсер етуші магниттеуші күштерінің бірігуімен анықталатын болады. Сондықтан машинаның жүктемелік жұмысы кезінде болатын магнит ағынын магниттеуші күштердің нәтижесінен пайда болған нәтижелік ағын ретінде қарастыруға болады. Зәкірдің магниттеуші күші негізгі полюстердің магниттеуші күшіне әсерін зәкір реакциясы деп аталады. Бұл құбылысты сараптауда қосу әдісін пайдаланамыз, ол үшін полюстердің негізгі өрісін және зәкір өрісінің таралуын жеке тұрғызамыз, содан кейін машинаның нәтижелік магнит өрісін біріктіреміз. Егер қосқан кезде машинаның параметрлері өзгермейтін болса, бұл әдіс дұрыс нәтиже береді. Бұндай параметрлерге машинаның тізбегінің қанығу дәрежесі болып табылады, оны тұрақты шама деп есептейміз. Зәкірдің магниттелу күшінің өрнегін шығару үшін сызықтық жүктеме туралы түсінік енгізіледі. Ол үшін тісті зәкір есептік ауа саңылауындағы және зәкірдің бойымен өткізгіштердің қабатымен біркелкі таралған тегіс жағдайға келтіріледі.
Зәкірдің сызықтық жүктемесі деп зәкір шеңберінің 1 см ұзындығына келетін сымдардың санын айтамыз  мұнда - ораманың барлық өткізгіштерінің саны;  - зәкір орамасының өткізгіштеріндегі ток;  - зәкірдің диаметрі.
Екі полюсті машинаның бос жүріс кезіндегі негізгі ағынның таралуы 4.1, а суретте көрсетілген, негізгі полюстердің осьтік сызығына  қатысты және кеңістікте өзгеріссіз қалыпта орын алған геометриялық бейтарапына қатысты симметриялы сипаттамаға ие. Полюстің үстіндегі саңылаудағы магниттік индукцияның таралуы трапециалды қисықты көрсетеді 4.1, б сурет.
Зәкірді сағат бағытында айналдырғанда оның орамасында ЭҚК пайда болады, бағыты 4.1 а суретте крестермен және нүктелермен көрсетілген, бірақ зәкір орамасында ток болмайды, өйткені тізбек ажыратулы.
4.2 а суретте зәкірдің магнит өрісінің таралуы көрсетілген. Машина қоздырылмаған, ал зәкір қозғалыссыз:   Щеткаларды геометриялық бейтарап сызықтар бойынша қоямыз және оларға қандай да бір сырттан тұрақты токтағы қорек көзінен әкелінеді, яғни 4.1 а суретте көрсетілген орамадағы тарамдар тогының бағыты ЭҚК бағытымен сәйкес келеді. Бұл жағдайда зәкір өрісінің магнит сызықтары бағытын бұранда ережесі, яғни зәкірдің сол жағынан шығады және оң жағынан кіреді бойынша зәкір орамасының өткізгіштеріндегі токтың бағытын пайдаланып анықтаймыз. Өйткені магнит сызықтары солтүстік полюстен шығып және оңтүстіктен
шығады, онда зәкірдің сол жағы солтүстік, ал оң жағы – оңтүстік полярлыққа ие. Бұндай зәкірдің өрісінің көлденең өрісі деп аталады және зәкірдің көлденең магниттеуші күшімен  анықталады. 4.2, б суретте көрінетіндей, яғни зәкір электрмагнит ретінде көрсетілген, оның осі щетканың сызығымен дәлме-дәл келеді. Зәкірдің геометриялық бейтарап сызығының магниттеуші күші максималды мәнге ие, өйткені сәйкес магнит сызығы үлкен токты қамтиды (1 қисық), бірақ та зәкір ағынындағы магниттік индукциясы бұл нүктелерде азғантай мәнге ие (2 қисық), бұл зәкір ағынына деген полюс аралық кеістігіндегі магниттік кедергінің өсуімен түсіндіріледі. Зәкір өрісінің магниттік индукциясының графигі ер-тоқым тәрізді түрге ие, полюстердің ортасында индукция нөлге тең, ал полюстердің ұштықтарының шеттерінде ең үлкен мәнге жетеді.









Зәкірдің магнит өрісі (а) және зәкір өрісінің индукциясының магниттеуші күшінің қисығы (б)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет