Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғҰмарбек дәукеев атындағЫ



бет10/15
Дата28.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Монтаж РГР2

2.3 Толқынды орама
Қарапайым толқынды орама. Қарапайым толқынды (тізбектелген) орама әртүрлі полюстерде тұрған секцияларды тізбектеп жалғап алынады. Толқынды ораманың ұштары бір-бірінен коллектор орамасының  2.13 сурет адымына алшақтатылған коллектордың пластиналарына жалғанады. Зәкір бойынша бір айналымына, яғни машина қанша полюстерге ие болса, сонша секцияны тізбектей жалғайды. Сонымен, зәкір орамасының бойымен айналып, айналым басталған жердің қасындағы коллектордың пластинасына келеді.









б.а. – зәкір бойынша ораманың бірінші айналымы; е. а. – екінші айналым; с.с. – ораманың соңғы сымы.
2.13 сурет - Қарапайым толқынды ораманың құру сұлбасы
Содан кейін екінші, үшінші және келесі айналымдар жасалады, барлық сымдар өзара бір тұйықталған орамаға жалғанбайынша, соңын бірінші коллектордың пластинасына жалғанады. Осындай ораманы сол жүрісті деп аталады. Егер ось пластина бірінші тұрғанның оң жағында орналасса онда ораманы оң жүрісті деп аталады. Оң жүрісті орамаға орама сымының үлкен шығынын қажет етеді. Қарапайым толқынды ораманың сипаттамалық қасиетіне, яғни оның параллель тарамдары полюстердің санына тең емес және әрқашан екіге тең 2a=2. Толқынды ораманың нәтижелік адымы жекеленген yжәне y2 адымдардың y=y1+y2 қосындысына тең. Әр параллель тарамның секциясы машинаның барлық полюстеріне біркелкі таралған. Мұндай орамада тек екі щетканы пайдаланып қана шектеуге болатын еді. Бірақ та бұл жағдайда ораманың симетриалдығы бұзылар еді, яғни параллель тарамдар секцияларының саны әртүрлі болар еді. Сондықтан машинаға негізінен полюстердің саны қанша болса, сонша щеткалар орнатылады, бұл әр щеткаға келетін токтың шамасын азайтуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда тек екі щетка орнатылады, яғни қарауға және щеткаларды барлық бойындағыны емес, тек оның бөлігін ғана ауыстыруға қолайлы. Қарапайым толқынды ораманың коллектор бойынша адымы міндетті түрде толық санға тең болуы қажет. Егер бұл жағдай орындалмаса электрлік ойықтарының саны коллекторға бір секцияны жалғау жолымен азайтылады. Бұндай секцияны «өлі» секция деп аталады.
Секциясы «өлі» толқынды ораманың жаймаланған сұлбасы 2.14 суретте көрсетілген.

2.14 сурет - Секциясы «өлі» толқынды ораманың жаймаланған сұлбасы









2.15 сурет - Қарапайым толқынды 2.16 сурет- Ораманың жаймаланған
ораманың радиалды сұлбасы сұлбасы: 2p=4; S=k=15
Бірақ та ораманың симметриалды болмауы секциясы «өлі» зонасындағы коммутациялық жағдайында кейбір қиындықтар туғызады, сондықтан қуатты машиналарда коммутациясының кернеулік жағдайында секциясы «өлі» толқынды ораманы пайдаланбаған дұрыс.
Мысалы: 2.15 суретте, мына берілгендері бойынша 2p=4; S=K=15 қарапайым толқынды ораманың толқынды ораманың радиалды сұлбасы көрсетілген. Орамаларды жасағанда коллекторлық пластинаны 1 cекцияның басын 1 ойыққа, ол ойықтың соңын 1+3=4 және коллекторлық пластинаға ; осыдан  секцияның басынан  ойығына барамыз, ол  ойықтың соңынан коллекторлық машинаға  және с.с. біз араларын жалғаймыз. Сол ораманың сұлбасы жаймаланған түрде 2.16 суретте көрсетілген. Секциялары щеткаларымен қысқа тұйықталғаны жуан сызықтармен көрсетілген. Сонымен полюстердің саны  болса да, тек екі параллель тарамдарға иеміз. Ораманың ішімен токтың жүру сұлбасы немесе тарамдар сұлбасы 2.17 суретте көрсетілген. Сонымен әр толқынды ораманың тарамдары барлық полюстер арқылы өтеді, онда полюстер ағынының теңсіздігі ЭҚК және параллель тарамдарының токтарының теңсіздігін тудырмайды. Сондықтан қарапайым толқынды орама теңдеулік жалғануларды қажет етпейді.

2.17 сурет - Толқынды ораманың параллель тарамдары
Күрделі толқынды орама. Күрделі толқынды орама бір зәкірдің ойықтарына орнатылған бірнеше қарапайым толқынды ораманы көрсетеді. Әр қарапайым толқынды орама екі параллель тарамға ие, онда күрделі толқынды ораманың параллель тарамдарының саны  болады, мұнда - күрделі толқынды ораманың берілгендерін құрайтын қарапайым толқынды ораманың саны. Бұл орамалар өз араларында теңдеулік жалғанулармен және коллекторлық щеткалармен параллель жалғанады. Щеткалармен жабылатын пластиналардың саны а параллель тарамдары жұбының саны көп болғаны дұрыс. Коллектор бойынша ораманың адымы .

2.18 сурет - Екі жүрісті екі рет тұйықталған толқынды ораманың сұлбасы: 
Күрделі толқынды ораманы орындағанда зәкірдің  тізбектей жалғанған секцияларын бір айналғаннан кейін секцияның соңын басқа қарапайым орамалардың секцияларын төсеу үшін бос орын қалдырып тұрған алғашқы  пластинадан кейін тұрған коллекторлық пластинаға жалғанады. Күрделі толқынды орама бір рет қысқа тұйықталған болуы мүмкін, яғни бір қарапайым орама басқасының жалғасы болады және көп ретті қысқа тұйықталғанда әр қарапайым орама өзіне тұйықталады.
Мысалы: 2.18 суретте ;  төрт полюсті машинаның екі жүрісті екі рет тұйықталған толқынды ораманың сұлбасы көрсетілген.
Ораманың сұлбасын құруда  коллектордың пластинасынан басталады. Бірінші айналымнан кейін,  және  секцияларын жалғайды, тоғызыншы секцияның соңын  коллектордың пластинасымен жалғайды, бірінші пластинаға екі коллектордың бөлінуіне жетпейді. Барлық жұп емес секциялардың және коллекторлық пластиналардың сұлбасы бойынша жалғанады, сонымен қатар тұйықталған бір жүрісті орама алынады. Екі орама щеткалардың көмегімен параллель жалғанған және екі рет тұйықталған екі жүрісті толқынды ораманы құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет