2.2 Тұзақты орама Қарапайым тұзақты орама. Зәкірдің қарапайым тұзақты орамасын орама деп атайды, оның әр секциясының ұштарын қатар жатқан екі коллекторлық пластиналарға жалғанады 2.8 сурет.
Егер орамаларды жасаған кезде, секциялардың ұштарын коллектордың пластиналарына жалғайды, онда осындай ораманы оң жүрісті немесе қиылыспайтын деп атайды. Орама сол жаққа ығысқан кезде сол жүрісті немесе қиылысатын деп аталады. Сол жүрісті орамалар практикалық қолданыс таппаған, яғни орама сымның шығынын көбейтеді. 2.8 суретте орамаларының адымы көрсетілген, яғни олардың элементарлық ойықтарының санын анықтаймыз.
Бірінші жекеленген адымның арақашықтығын зәкірдің бетімен секцияның бастапқы «Б» және соңғы «С» жақтары арасымен анықталады: - бірден аз шама, толық санмен көрсетілген адымын алып немесе қосып алуға болады.
2.8 сурет - Зәкірдің қарапайым 2.9 сурет - Қарапайым тұзақталған
тұзақты орамасының жаймаланған радиалды сұлбасы: 2p=4; S=K=16 сұлбасы: Б – сымның басы;
А – сымның аяғы, с.с. – соңғы
сым
ораманың екінші жекеленген адымы берілген секцияның соңғы жағының және келесінің бастапқы жағының арасындағы арақашықтығын анықтайды. орамасының нәтижелік адымы берілген бастапқы жағындағы және өзінен кейінгі келесі секциясының арасындағы арақашықтықты анықтайды. коллектордың адымын коллекторлық бөлінулердің, яғни берілген секцияның ұштары жалғанған ортасындағы аралық арақашықтықты анықтайды. Коллектор бойынша адым әрқашан ораманың нәтижелік адымына тең yk=1.
Мысалы: 2.9 суретте қарапайым тұзақты ораманың радиалды сұлбасы көрсетілген, келесі берілгендерімен: 2p=4; S=K=ZЭ=16. Онда Сұлбаны сал-уды жеңілдету үшін ойықтармен және коллектордың, яғни олармен жалғанған секциялық жақтарын біркелкі сандармен белгілеген ыңғайлы. Сұлбаны орындауды секцияны құраудың бірінші қадамына сәйкес, секцияның жақтарын жалғаудан бастайды. Сонымен, секцияның 1 жоғарғы жағын 1 жақтан төрт аралық қашықтықта орналасқан төменгі жағымен және 5 төменгі жағымен жалғануы керек. Бірінші секцияның басын (1 жағын) коллекторлық пластинамен, ал бірінші секциясының соңын (5 төменгі жағымен) – коллекторлық пластинамен жалғайды және онымен 2 секцияның басын жалғайды. Екінші секция 2 және 6 жақтардан құрылған, оның соңын пластинаға жалғанады және т.б. Зәкірдің сағат тілі бағытында айналғанда өткізгіштердегі ЭҚК бағыты (сол қол ережесімен) 2.9 суретте нүктелермен және крестиктермен көрсетілген. Сұлба бойынша ораманы айналғанда, яғни қарастырылып отырған зәкірдің жағдайында оларға бағыты қарсы ЭҚК ие секциялары жалғанған коллекторлық пластиналардың және түйінді нүктелер болып табылатынын анықтауға болады. Бұл коллектордағы пластиналарды барлық орамды секциялардағы ЭҚК-нің бағыты бірдей телімдерге бөледі. Егер пластиналарға щеткаларды орнатса, онда А1 және А2 щеткаларынан сыртқы желінің тогы келеді, олар – оң полюсті, ал В1 және В2 щеткалары – теріс полюсті болып есептеледі. Бірдей полярлықтағы щеткаларды өздерінің арасында параллель жалғанады. Ораманы сипаттау үшін оның секциясының магнит өрісінде қалай орналасқанын және өз араларында қалай жалғанатынын білу қажет. Сұлбада зәкір орамасының цилиндрлік беті жазықтықта бұрылады ынғайлылық түсінігінен машинаның осі бойымен кез келген жерінде кесілген және тік бұрышты болып көрсетіледі. Жоғарыда қарастырылған ораманың жаймаланған сұлбасы 2.10 суретте көрсетілген. Әр щеткадан ораманың екі параллель тарамдары қарама-қарсы жаққа шығады және көрші щеткаларда аяқталады. Секцияның параллель тарамдары полюстердің қатарына жұбымен орналасады және орама екі қабатты болғандықтан, онда әр полюстердің жұбына екі параллель тарамдар келеді. Берілген мысалда, төрт полюсті машинаның орамасы төрт параллель тарамды құрайды, әрқайсысымен бір параллелді тарамның тогы, ал сыртқы тізбекпен - өтеді.
2.10 сурет - Тұзақталған ораманың 2.11 сурет - Тұзақталған ораманың
бір жүрісті жаймаланған сұлбасы: бір жүрісті параллель тарамы
2p=4; S=K=ZЭ=16 Күрделі тұзақталған орама. Күрделі және еселенген бірнеше (m=2, 3, 4…) қарапайым ормалардың үйлесімі ретінде қарастыруға болады. Бұндай ораманы сол сияқты күрделі параллель деп атайды. Қарастырылып отырған орамадағы секцияның және m қарапайым орамалардың коллекторлық пластиналары шеңбер бойында кезектеседі және орамадағы токты бұру үшін міндетті түрде, яғни щетканың ені m коллекторлық бөлінуден кем болмауы керек. Сонымен, m қарапайым орамалар щеткалардың көмегімен параллель қосылады және күрделі тұзақты ораманың параллель тарамдар саны 2a=2pm. Элементарлық ойықтар бойынша нәтижелік адымы және күрделі тұзақты ораманың коллектор бойынша адымы y=yk-m. y1 және y2 адымдары қарапайым тұзақты орама сияқты анықталады. Күрделі орамалардан полюстердің санын көбейтпей тарамдарды алудың мүмкіндігі осы орамалардың ерекшеліктерін құрайды. Оларды зәкір токтары үлкен, төменгі кернеудегі қуатты машиналарда пайдаланылады, мысалға генераторларда электролиз үшін.
2.12 сурет - Күрделі тұзақты ораманың жаймаланған сұлбасы: 2p=4; S=K=18; 2а=2mp=8 Мысалы: 2.12 суретте 2p=4; 5=К=18; m=2 деген тұзақты ораманың жаймаланған сұлбасы көрсетілген. Мұнда y=yk=m=2; y1=18/4-2/4; y1=4; y2=y1-y; y2=4-2; y2=2. Сонымен байқағанымыз, егер K/p жұп санға тең болса, онда осындай күрделі тұзақты ораманы симметриалды, егер K/p жұп емес санға тең болса – симметриалды емес деп аталады. Ораманың жаймаланған сұлбасын тұрғызуды пластинадан және 1 секциядан бастаймыз, барлық жұп емес секциялардан және пластиналардан өтіп пластинаға келіп ораманың бірінші жүрісін тұйықтаймыз. Сонымен, біз зәкірге біріктірілген және параллель жұмыс істейтін, екі жекеленген ораманың жинағына иеміз – бұл күрделі екі рет тұйықталған тұзақты орам. Біздің жағдайда 2a=2*4=8 тарамдар бар. Щеткалардың саны 2p полюстердің санына тең болып қалады, бірақ әр щетканың ені, яғни бір уақытта екі орама да жұмыс істей алатындай болуы керек.