Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғҰмарбек дәукеев атындағЫ


 Орамалардың симметриялық жағдайы



бет11/15
Дата28.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Монтаж РГР2

2.4 Орамалардың симметриялық жағдайы
Негізгі талабы, яғни зәкірдің соңы қанағаттандырылуы қажет, деген мыналардан тұрады, оның тарамдарының параллель ЭҚК зәкірдің кез келген жағдайында тең болуы керек. Олай болмаса, зәкір орамасында машинаның бос жүріс жұмысы кезінде пайда болған ток туады. Бұл ЭҚК айырмашылығынан пайда болған ток, параллель тарамдарды теңдеулік ток деп аталады. Теңдеулік ток зәкір орамасын қыздырып, щеткалардағы токтың тығыздығын көбейтіп коллекторда ұшқындарды туғызады. Теңдеулік тоқтың пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін зәкір орамасының паралель тарамдарының ЭҚК-нің тепе-теңдігіне қол жеткізу керек,  ойықтар санын және зәкір орамасының  коллекторлық пластиналарды таңдағанда белгілі жағдайлар міндетті орындалуы қажет. Бұл жағдайларда зәкір орамасының симметриялық жағдайы деп аталады және олар келесілерден тұрады:
а) барлық ойықтардағы өткізгіштердің саны бірдей болуы қажет,  толық санға теңеседі;
б) параллель тарамдардың әр жұп ойықтар саны бірдей болуы қажет,  толық санға теңеседі;
в) параллель тарамдардың әр жұбының секцияларының сандары бірдей болуы керек, толық санға теңеледі;
г) біркелкі магниттік жағдайда орналасқан параллель тарамдардың бір жұбына жататын секцияның әр жағы параллель тарамдардың басқа жұптарының секциялық жақтарына сәйкес болуы қажет. Сондықтан міндетті түрде, яғни  толық санға теңелуі қажет.
2.5 Теңдеулік жалғаулар
Тұзақты орамадағы машинаны эксплуатациялау тәжірибесі, яғни теңгерімділік токтары симметриялы жағдай орындалғанда да пайда болатынын көрсетеді. Оның себебі – машинаның магнитті ассиметриясы (әртүрлі саңылаулардың біркелкі еместігі, дәл емес жиналудың, станина құймаларындағы қабыршықтар және т.б.). Тұзақты орамада параллель тарамдарының әр жұбы өздерінің жұп полюстерінде орналасқан. Магниттік ассиметрияның әсерінен оларда әртүрлі ЭҚК индукцияланады. Толқынды орамада параллельді тізбектер машинаның барлық полюстерін қамтиды және бұндай құбылыс байқалмайды. Теңгерімділік токтары жүктеменің тоқтарымен қосылып электрлік шығындарды өсіре отырып, параллель тарамдардың біркелкі емес жүктемесін туғызады және ораманың бір параллель тарамынан басқасына щетка арқылы өтеді, нәтижесінде машинаның қалыпты жұмысы кезінде щеткалардағы ток тығыздығы қалыптағыдан жоғары болып коллекторда ұшқындарды тудырады. Яғни теңгерімділік токтары щеткаларда тұйықталмас үшін, қарапайым толқынды орамалар арнайы теңгерімділік жалғауыштармен жабдықталады. Сонымен қатар теориялық түрде бірдей потенциалдарға ие зәкір орамаларына электрлік жалғанады, онда теңгерімділік токтары щеткаларға және оларды жалғайтын шиналарға шықпай ораманың ішінде тұйықталады. Бұл теңгерімділік токтары машинаның симметриалды еместігін азайту үшін ұмтылатын бағыттағы магнит ағынын туғызады. Машинаның магниттік жүйесінің симметриалды еместігін түзейтін теңгерілімді жалғауларды бірінші түрдегі теңгерілімдер деп аталады. Негізінен бұндай теңгерілімдерді бірдей потенциалды коллектор жағындағы нүктелермен жалғанады 2.19 сурет.

Кейде коллекторға қарама-қарсы жағындағы маңдай бөліктерінде жалғанады. Нүктелер саны потенциалға тең, яғни біз оларды  симметриялы орамадан табуға болады.

















а)





б)





a – ораманың жаймаланған сұлбасы; б – коллектор жағынан қарағандағы түрі. 
2.19 сурет - Бірінші түрдегі теңгерімділік жалғау
Екі көрші бір потенциалды нүктелердің арасындағы арақашықтықты коллекторлық бөлінудің санымен немесе бір жұптың тарамына сәйкесті секцияның санымен өлшенгенді потенциалды (теңгерілімді) адым деп аталады.
 бірінші түрдегі теңгерімділік жалғанулардың толық санын, яғни оларды орамада қолдануға болады  Бірақ та бұндай сандағы теңгерімділік жалғанулар тек үлкен қуаттағы машиналарда мысалы, илемдеу стандарындағы электрқозғалтқыштарында қолданылады.
Мысты үнемдеу және машинаның конструкциясын қарапайымдылау мақсатында, зәкір орамасының өткізгіш  кесіндісіне тең кесіндідегі мыс сымындағы толық емес сандағы теңгерлімдер пайдаланылады. Егер қарапайым толқынды орамалар ешқандай теңгерілімді жалғануларды қажет етпейтін болса, онда күрделі толқынды орамалар, тек оларды теңгерілімді жалғанулармен орындағанда ғана жақсы жұмыс істей алады.
Күрделі толқынды орамада оны құрайтын көрші коллекторлық пластиналары әртүрлі қарапайым толқынды орамаларға жатады. Егер әртүрлі орамаларға жататын щеткалардың және коллекторлық пластиналардың арасындағы өтпелі кедергілері тең емес, онда жекеленген толқынды орамалардың токтары да тең емес болады. Токтың бір қалыпсыз таралуы орамалардағы кернеудің тең емес түсуіне әкеледі, нәтижесінде көрші пластиналардың арасындағы кернеудің жоғарылап кетуі мүмкін.
Бұл кемшілікті жою үшін қарапайым толқынды орамалардың, яғни теориялық түрде потенциалдары бірдей нүктелері теңгерілімді сымдармен жалғанады. Коллектордағы кернеудің симметриялы емес таралуын түзететін теңгерілімді жалғануларды екінші ретті теңгерілім деп аталады 2.20 сурет.

2.20 сурет - Күрделі толқынды орамадағы екінші реттік теңгерілім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет