Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғҰмарбек дәукеев атындағЫ


Тұрақты токтағы машинаның құрылғысы және негізгі элементтерінің қиыстырмасы



бет6/15
Дата28.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Монтаж РГР2

1.2 Тұрақты токтағы машинаның құрылғысы және негізгі элементтерінің қиыстырмасы
Қозғалмайтын және қозғалатын бөліктердің арасында саңылау бар. Қозғалмайтын бөлігі 1.6 cурет 3 станинадан, негізгі магнит ағынын тудыруға арналған негізгі полюстерден, коллектордағы щетканың (коммутациясын жақсартуға) ұшқынсыз жұмысына жетуге қызмет атқаратын 2 қосымша полюстерден тұрады. Станинаға болттармен айгөлектің щиттерін, негізгі және қосымша полюсттерін бекітеді.

1.6 сурет - Тұрақты токтағы машинаның қозғалмайтын бөлігі
Негізгі (басты) полюс 1.7, a сурет шпилкалармен тартылған қалыңдығы 0,5-1,0 мм электротехникалық болат табақшалардан жинақталған 4 өзекшеге ие. Өзекшеге 2 қоздыру орамасының екі шарғысы орнатылған. Өзекшенің төменгі бөлігін – полюстің ұшы полюстің центірінен оның ұшына қарай ауа саңылауы өсетіндей қылып орнатылады. Бұл, яғни зәкір реакциясының әсерінен магнит өрісінің бұрмалануын және коммутациялық аумағындағы негізгі өрістің шашырауын төмендету үшін істеледі. Тұрақты токтағы компенсацияланған машинаның полюстік ұштарында компенсациялық орамаларды орналастыру үшін ойықтарды штампылайды. Негізгі полюстер әрқашан жұп, сонымен қатар солтүстік және оңтүстік полюстер кезектеседі, яғни қоздыру орамасының катушкасының полюстері жалғануға жетеді. Барлық катушкалардың полюстері тізбектей жалғанады. Полюстер 1 станинаға болттармен немесе шпилкалармен бекітіледі.









1.7 сурет – Негізгі (а) және қосымша полюстер (б)
Қосымша полюс 1.7, б сурет болаттан дайындалған 1 өзекшеден және кесіндісі тік бұрышты мыс шиналарынан дайындалған 2 орамадан тұрады. Қосымша полюстердің орамасын зәкір орамасымен тізбектей жалғайды, ал полюстерді негізгі полюстердің араларына орнатылады және станинаға болттармен бекітіледі. Қосымша полюстердегі ауа саңылауы негізгілерге қарағанда біршама көбірек. Қосымша полюстердің көлденең кесіндісі тұрық жаққа қарай кеңейеді.
Коллектордың бетімен электрлік түйісуді болдыру үшін, оларға щетка ұстағышқа бекітеді. Щетка ұстағыш 1.8 cурет 1 басу пластинасынан; 2 серіппеден, 3 щеткаға қысымды береді; 4 құрсаудан тұрады.

1.8 сурет - Щетка ұстағыш
Машинаның электр тізбегінің элементтерін щеткаға жалғау үшін иілгіш мыс троспен жабдықталады. Барлық бір полярлықтағы щетка ұстағыштарға бір-бірімен машиналарының шықпаларына жалғанған жинақ шиналарына жалғанады. Щетка ұстағыштарды траверске бекітіледі. Тұрақты зәкір машинасы орамалы зәкір өзекшесінен, коллектордан, желдеткіштен және шарикті айгөлекті немесе роликті айгөлекті біліктен тұрады.
Машинаның зәкір өзекшесі 1.9, a сурет қалыңдығы 0,5 мм электротехникалық болат табақшалардың пакетінен тұрады, яғни құйынды токтардан шығынды азайту үшін оларды бір-бірімен лактайды. Пакет зәкір білігіне престелген және 1 қысқыш шайбалармен сығымдалған күйінде ұсталады.
Машинаның зәкір өзекшесін жақсы салқындату үшін желдеткіш каналдары орнатылған. Әр пакет табақшасы 1.9, б сурет 1 тістерге, 2 ойықтарға және желдеткіш ойықтарға ие. Зәкір орамасының өткізгіштерін өзекшенің пазына төселеді 1.9, в сурет.
 
а) б) в)
а – орамасыз зәкір; б – зәкір өзекшесінің болат табақшасыв – тұрақты токтағы машинаның оралмаған зәкірі
1.9  сурет - Зәкірдің өзекшесі:
Зәкір орамасын коллектордың пластиналарына жалғанады. 1.10 суретте бір-бірінен және зәкір білігінен 4 миканитті төсемдерден және манжеттермен оқшауланған қатты тартылған мыс 7 пластиналардан жиналған коллектор көрсетілген. Коллектор 1 тұрықтан, 2 бұрандалардан, 3 басқыш сақинадан, 4 миканиттік төсемеден тұрады. Монтаждау ыңғайлы және 7 коллектор пластиналарының мықтылығын қамтамасыз ету үшін 6 «қарлығаштың құйрығы» формасында орындалады. Коллекторлық пластиналарды 5 «айыр тәрізділердің» көмегімен зәкір орамасын сымдармен жалғайды, зәкір орамасының, яғни ондағы секция ұштарын төсеу және дәнекерлеу үшін тіліктері бар.
1.11 cуретте тұрақты токтағы машина көрсетілген. 4 өзекшеден және қоздыру орамасының катушкасынан тұратын негізгі полюстерді бұрандамалармен 6 станинаға бекітіледі. Станинаға қарсы жақтарындағы машинаның білігін ұстап тұратын айгөлектердің 7 бүйір щиттері бекітіледі. Машинаның зәкірі 3 өзекшеден, 9 орамадан және 1 коллектордан тұрады. Зәкір білігіне 8 желдеткіш бекітілген, коллекторға қозғалмайтын 2 щетка орнатылған.









1.10 сурет - Коллектордың 1.11 сурет - Тұрақты токтағы
құрылысы машинаның құрылысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет