Электрлік машиналардың және трансформаторлардың қызуы және салқындауы.
Электрлік машиналардың және трансформаторлардың жасаушы зауыт арнаған жағдайындағы жұмыс режімін номинал деп аталады. Бұндай режім номинал шамалармен сипатталады, машиналардың және трансформаторлардың зауыттық шитінде көрсетіледі. Негізінен электрлік машиналары және трансформаторлары ұзақ жұмыстық режімге арналған, яғни олардың кейбір бөліктері қоршаған ортаның температурасынан асатын арнайы, бірақ жалпы одақтық стандарттардан аспайтын температурада жұмыс істей алады.
Электрлік машиналардың және трансформаторлардың жұмысы кезінде оларды түрлендіретін энергия шығындары пайда болады. Бұл шығындар келесі түрлерден қосылады:
а) электрлік (орамадағы шығындар), орамадағы сымдармен, коллектордағы өтпелі түйіспелерімен немесе түйіспелі сақиналардағы кедергілерімен жүретін токтардың қыздыруы;
б) машиналардың немесе трансформаторлардың ферромагниттік бөліктеріндегі пайда болатын гистерезисті;
в) машиналардың және трансформаторлардың айнымалы магнит өрісінде тұрған бөліктеріндегі құйынды ток шығындары, негізінен гизтерезиске және құйынды ток шығынымен бірге бағаланады, болаттағы шығындар болаттың маркасына, табақшалардың немесе таспалардың қалыңдығына, оқшауламаның сапасына, қайта магниттелу жиілігіне және магниттік индукциясына байланысты;
г) машинаның айналатын бөліктеріндегі айгөлектерде, коллектордағы шеткаларда немесе түйіспелік сақиналарда жүретін қажалулардан болатын механикалық шығындар;
д) машинаның білігінде орналасқан желдеткішті айналдыр шығындары.
Сонымен айтылғандардан басқа магнит өрістерінің және токтардың біркелкі таралмауының нәтижесінен және жоғарғы кернеулерде диэлектрлік қосымша шығындар пайда болады. Электрлік машиналардың және трансформаторлардың жұмысы кезінде пайда болатын энергия шығындары олардың кейбір бөліктерін қыздырып жылуға айналады. Жылу қоршаған ортаға таралуы керек, яғни электрлік машиналардың және трансформаторлардың кейбір бөліктеріндегі температура жіберу шегінен аспауы керек.
Электр машиналары салқындату әдісіне байланысты келесілерге бөлінеді:
а) арнайы салқындату құрылғылары жоқ табиғи салқындатылатын машиналар. Бұндай машиналар қуаты аз, өйткені олардың жылу шығуы аз жиілікте болады.
б) өзін желдететін машиналар, яғни олардың білігіне желдеткіш орнатылады, машинаның роторы айналғанда соратын немесе айдайтын ауаны машинаның ішкі қуысы арқылы айдайды.
Ротордың бойымен салқындататын ауа қай бағытта қозғалып бара жатқанына байланысты негізгі екі желдету жүйесіне радиалды және осьтік болып ажыратылады. Радиалды желдетуде салқындату ортасы ротордың өзекшесін құрайтын болат табақшалардың пакеттерінің арасындағы аралықтар арқылы біліктен ротордың сыртына қарай радиалды бағытта жылжиды. Осьтік желдетуде ротордың өзекшесіне осьтік каналдар жасалады, солар арқылы машинаның біліегі параллель бағытта ауа жіберіледі.
Радиалды желдету жүйесі қиыстырмалық жағынан қарапайым және сенімді, желдетуге деген энергия шығыны аз және жылу беру бірқалыпты. Бірақ ол машина арқылы өтетін ауаның санына қатысты компактілі емес және тұрақты емес. Қуаты аз және орта машиналарда осьтік желдету жақсы нәтиже берді, ал қуаты орташа және үлкен машиналарда – радиалды. Сыртқы суытудағы машиналар, яғни оларда желдеткішпен суыту ауасы құбырлармен жіберіледі. Бұндай салқындатуды үлкен қуаттағы машиналарда пайдаланылады.
Трансформаторларда ауамен және маймен салқындату пайдаланылады.
Құрғақ трансформаторлардағы ораманың және магниттік өткізгіштің қызған бетінің жылуын өтіп жатқан ауаға конвекциялық және сәулелену жолымен береді. Май трансформаторларында жылу энергисын қоршаған ортаға трансформатор орнатылатын металдан жасалған бакқа құйылатын арнайы трансформатор майымен беріледі.
Трансформатор майы жақсы салқындату ортасы және жақсы оқшауламалық материал болып табылады, яғни салыстырмалы азғантай уақыт аралықтарында трансформаторды жоғарғы электрлік мықтылығымен қамтамасыз етеді. Соңғы қасиеті орамалардың және магниттік өткізгіштердің компактілі қиыстырмасын жасауға мүмкіндік береді, ал маймен суытуда активті материалдардың (токтың тығыздығы және магниттік индукциясы) жоғарғы электрмагниттік жүктемелерін пайдалануға мүмкіндік береді және осы материалдардан массасы аз трансформаторлар жасайды.
Сыртқы ортаның әсерінен қорғау тәсіліне қарай ашық, қорғалған, бүркуден қорғалған, судан қорғалған, герметикалық және жарылудан қорғалған орындалымындағы машина болып ажыратылады. Айналатын және ток өткізгіштік бөліктерінде қорғау құрылғылары жоқ болса ашық деп есептеледі. Қорғалған машиналарда арнайы қорғау құрылғылары бар, яғни машинаның ішіне бөгде заттардың кіруіне кедергі келтіретін және ток өткізгіштерін немесе айналу бөліктеріндегі кездейсоқ жанасулардан қорғайды.
Бүркуден қорғалған машиналарда вертикаль 450 дейінгі бұрышта жоғарыдан құлайтын су тамшыларының ішіне тиюден қорғайтын арнайы құрылғылары бар. Судан қорғалған машина деп атқылаған сумен құю сынағына шыдайтын жан-жағынан жабылғанды есептейді.
Герметикалық машинаны суға батырғанда оның тығыз жабылған тұрқы машинаның ішіне ылғалдың енуін болдырмайды. Жарылуға қауіпсіз машина, машинаның ішіндегі газдың жарылуына қарсы тұруы керек және оны сыртқы ортаға бермеуі қажет.