Электрлік машиналар және трансформаторлар үшін пайдаланылатын материалдар Электр машиналарды және трансформаторларды жасағанда пайдаланылатын материалдарды активті, оқшауламалық және қиыстырмалық деп бөлуге болады.
Активті материалдарға электр машиналардың және трансформаторлардың жұмыс кезіндегі электрмагниттік үрдістердің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін бұндай материалдарға магниттер және өткізгіштер жатады. Өткізгіштік материалдарға, біріншіден, меншікті кедергісі аз мыс жатады. Мыстан түйіспелік сақинаны және коллекторлық пластина пайдаланылады. Электр машиналардың және трансформаторлардың орамалары мыстан, алюминийден, дөңгелек және тік бұрышты кесіндідегі сымдардан жасалады.
Электр машиналардың және трансформаторлардың өзекшелеріне деген магнитті материалдардың негізіне әртүрлі маркадағы (Мемст 802-58) электротехникалық болат пайдаланылады, әріптері және сандары келесілерді білдіреді: Э – электротехникалық болат, әріптен кейінгі бірінші сан – болаттың қоспалық дәрежесі (1 – аз қоспаланған, 2 – орташа қоспаланған, 3 – жоғары қоспаланған, 4 - өте жоғары қоспаланған); екінші саны – болаттың кепілденген электрмагниттік қасиеті (1 – қалыпты, 2 – төмендетілген және 3 – 50 Гц жиіліктегі болаттың меншікті шығының аздығы; 4 – 400 Гц жиіліктегі қалыпты меншікті шығыны; 5 – қалыпты және 6 – 0,01 А/см-ден төмен өрістегі магнит өтімділігінің жоғарлығы; 7 – қалыпты және 8 – 0,1 - ден 1 A/см-ге дейінгі өрістегі магнит өтімділігінің жоғарлығы; 0 – суықтай илемделген болат); саннан кейінгі А әрпі - өте төменгі меншікті шығындар. Мысалға, Э330A болаттың жоғары қоспаланғанын, суықтай илемделгенін, ерекше төменгі меншікті шығындарын білдіреді.
Болаттың магнит өткізгішіндегі шығындар құйынды токтарға және гистерезиске деген шығындардан қосылады. Трансформаторлардың және электр машиналардың магнит өткізгішіндегі құйынды токтарды азайту үшін бір-бірінен оқшауланған жекеленген пластинкалардан жасалады. Оқшауламалық қабатшалар құйынды токтарға үлкен кедергі келтіріп, әрекет ету сферасын шағын телімдерге шектеп, онысымен электр энергиясының шығынын азайтады. Сонымен қатар, магниттік өткізгіштегі құйынды токтарды төмендету үшін қоспалығы жоғары болаттың табақшаларынан құрастырылады, жай болатқа қарағанда меншікті электрлік кедергісі жоғары.
Гизтерезиске және құйынды токтарға деген шығындар
,
мұнда - меншікті шығындар еселігі, болатқа, болат табақшалардың қалыңдығына, жиілікке және максималды магнит индукциясына байланысты, Вт/кг; - магниттік өткізгіштің массасы.
Суықтай илемделген болат ыстықтай илемделгеннен тек азғантай шығындарымен ғана емес, магнит өтімділігінің жоғарлығымен ерекшеленеді, шамасы магнит сызықтарының бағытына байланысты. Суықтай илемделген болаттың илемделу бағытындағы бағытта магниттік өтімділігі жоғары, илемделуі перпендикуляр бағытта магниттік өтімділігі ыстықтай илемделген болаттың магниттік өтімділігінен төмен. Сондықтан электрлік машиналардың және трансформаторлардың магниттік өткізгіштерінің орындалуын, яғни олардың магнит ағыны болат табақшалардың және таспалардың илемдерінің бағыты бойында тұйықталуы қажет. Магнитті өтімділігі жоғары болатты пайдалану магниттік индукцияны жоғарлатуға және магнитті өткізгіштің кесіндісін және оның массасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Оқшауламалық материалдар. Бұл - электрлік машиналардың және трансформаторлардың ең негізгі элементтерінің бірі, яғни олардың жұмыс сенімділігінің деңгейі оқшауламаның сапасына байланысты. Эксплуатациялау жағдайындағы әртүрлі температураның өзгерісінде оқшаулама электрлік машиналардың және трансформаторлардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету керек. Оқшауламалық материалдар (Мемст 8865-70) қыздыруға беріктігіне байланысты келесі температураның шектік кластарына бөлінеді: У – 900С, А – 1050С, Е – 1200С, В – 1300С, F – 1550C, H – 1800C, C – 1800C.
У – класына дымқылданбаған және сұйық оқшауламаға батырылмаған талшықты целлюлозадан немесе жібектен жасалған электрооқшауламалық материалдар және жұмсару температурасы 90-1000C-ден төмен емес полимерлі органикалық оқшауламалар (полиэтилен, полистирол және т.б.) жатады. А – класына дымқылданған немесе сұйық оқшауламаға батырылған, майлы немесе полиамидті лактар негізіндегі эмальсымдардың оқшауламасы, ағаш және қатпарлы ағаш пластиктері целлюлозадан немесе жібектен жасалған талшықты электрлік оқшауламалық материалдар жатады. А класындағы материалдарға сіңдірілетін заттар ретінде трансформатор майы, майлы лактар, битум құрамалары жатады. Е класына құйма құрамдас, поливинилацеталті, полиэфирлі, эпоксидті және полиуретановты негізіндегі эмальды өткізгіштердің оқшауламасы және синтетикалық материалдар жатады. В класына лактармен немесе қызуға шыдамдылығы жоғары шайырмен сіңдірілген органикалық емес (слюда, асбест, талшықты шыны) оқшауламалардың негізінде жасалған электр оқшауламалық материалдар, және де органикалық емес толтырғышты пластмассалар жатады. F класына лактармен немесе шайырмен сіңдірілген, модификацияланған кремнийорганикалық жалғаулардағы органикалық емес оқшауламалардың негізінде жасалған электрлік оқшауламалық материалдар жатады. Н класына кремнийорганикалық лактармен немесе шайырмен сіңдірілген органикалық емес электрлік оқшауламалар жатады. Бұндай материалдардың құрамында қыздыруға беріктігі 1800C төмен органикалық материалдармен байланысы жоқ. С органикалық байланыстыратын құрылғыны пайдаланбай дайындалған органикалық емес материалдарға жатады.
Электр машиналардың және трансформаторлардың орамдарының қиыстырмасы, яғни қыздыру температурасы сәйкес кластағы оқшауламаға арналған шектігінен аспайтындай оларды жақсы суытумен қамтамасыз ету қажет. Электр машиналардың және трансформаторлардың оқшауламасы қалыпты жұмыс кезінде айнымалы электр өрісінен, қысқа уақыттағы асқын кернеуден, эксплуатациялау жағдайынан, жинау үрдісінде пайда болатын механикалық әсерлерден, эксплуатациялау жағдайында және қысқа тұйықталулардан болатын ұзақ әсерлерге шыдауы қажет.
Қиыстырмалық материалдар. Оларды электр машиналардың және трансформаторлардың, яғни негізгі түрде механикалық әсерлерді беруге және қабылдауға қызмет ететін бөліктерін және детальдарын жасауға пайдаланылады. Электр машиналарында шойын, болат, түсті металдар және олардың қорытпалары және пластмассалар қолданылады. Қазіргі уақытта шойынды (қарапайымдылығы, созымдылығы) магниттік қасиеттерінің төмендігіне байланысты магитті өткізгіштер үшін жиі қолданылмайды, болаттың (құйылғанын, созылғанын) тұрақты токтағы машинаның станинасының магниттік өткізгіштері, синхронды машиналардың роторлары және т.б. үшін қолданылады.