Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата20.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#4554
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

 
 
3.7 «Дене шынықтыру» білім саласы  
 
Дене шынықтыру  
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.  
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  адамның  танымдық  белсенділігінің 
дамуына бағытталған.  
Оқу  бағдарламасының  мазмұны  оқушы,  қоғам  мен  жанұя  сұраныстарын 
ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.  
Оқыту мақсаты:  

 
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-
қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың  дене  мәдениетін 
қалыптастыру;  

 
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;  

 
салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану.  
Оқыту міндеттері:  

 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;  

 
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт 
түрлерінің  іс-қимыл  әдістері  мен  техникасы  арқылы  қимылдық  тәжірибені 
байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;  

 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;  

 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;  

 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.  
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).  
«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің  мазмұны  адамның  таным 
белсенділігінің  дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және  қауіпсіздік  техникасын 
қадағалау  мен  талап  етудің  ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде 
оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене 
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.  
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға 
айқындалған  маңызы  бар базалық  спорт  түрлерінен  (жүзу,  шаңғымен жарысу, 
спорттық  ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика) 
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  және  Қазақстандағы 

95 
 
дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын  «Ұлттық  ойындар» 
тақырыбы берілген.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:  

 
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің 
материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы;  

 
«Гимнастика»  тарауын  («Жалпы  дамытатын  жаттығулар»  және 
«Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау 
міндетті емес;  

 
мұғалім  қай  сыныпта  болмасын  балалардың  даярлығы  мен  сабақтың 
нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;  

 
оқушылардың  тактикалық  ойлауын  дамытуға,  дене  қасиеттерін 
тәрбиелеуге  әсерін  ескере  отырып,  ең  оңтайлы  қозғалыс  ойындарының 
мазмұны болуы қажет;  

 
оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;  

 
дене  шынықтыру  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады: а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы 
бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері.  
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында  оларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін.  
«Денсаулық  күні»  оқу  жылы  ішінде  3-4  рет  каникул  кезінде 
ұйымдастырылады.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады.  
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылған (
www.nnpcfk.kz
).  
Үлгілік  оқу  жоспарына  (ҚР  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім 
берудің  үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8 
қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР  БҒМ 2013 жылғы 
25  шілдедегі №  296  бұйрығына) сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-
сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағаттан, оқу жылы ішінде әр 
сыныпта 102 сағаттан құрайды.  
 
 

96 
 
4 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері  
 
4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы  
 
Оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  мектептерге  арналған  «Қазақ  тілі» 
пәні  
Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, 
бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауы  Қазақстан  дамуындағы  аса  маңызды 
межелерді анықтап берді.  
Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. 
Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып 
жүр.  «Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев 
зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек.  Мектеп  түлектері 
қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі 
оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау 
машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.  
Елбасымыз  өз  сөзінде  «...  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты 
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. 
Ендігі  ұрпақ  -  Мәңгілік  қазақтың  перзенті.  Қазақ  елінің  Ұлттық  Идеясы  – 
«Мәңгілік  Ел»  -  деп,  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы 
керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан 
бүгінгі  ұрпақ  үшін  ұлттық  идея  айқын,  ендігі  міндет  болашағымызға  бағдар 
ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету. 
 
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
ұлттық  жоспардың  басты  мақсаттарының  бірі  –  оқыту  методологиясы  мен 
мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған 
білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде 
пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:  
- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);  
- ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп 
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);  
- коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша 
қарым-қатынас жасау);  
- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);  
-  тұлғалық  (  өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  қажетті  білім,  білік, 
дағдыларды  игеру,  болашақ  өзі  таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның 
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);  
-  азаматтық  (қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  тарихы,  мәдениеті,  ділі,  тілін 
терең  меңгеріп,  Қазақстанның  өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық  парызын 
түсінуі);  
-  технологиялық  (әр  азамат  өз  мамндығына  қарай  ақпараттық 
технологияларды,  сандық  технологияны,  білім  беру  технологияларын  сауатты 
пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік 
құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.  
Еліміздің  білім  беру  жүйесі  тілді  оқытуды  дүниежүзілік  стандарттық 

97 
 
үлгілерге  жақындастыруды  және  оларды  жүзеге  асырудың  тиімді  жолдарын 
іздестіруді  міндеттейді.  Осыған  сәйкес  10-11-сыныптардағы  қазақ  тілі  пәні 
тілдің  танымдық,  коммуникативтік,  кумулятивтік,  экспрессивтік  т.б. 
қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгертуді көздейді.  
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  қазақ  тілін  оқытудың  мақсаттары 
мен  міндеттері  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 
бағыттардың ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған.  
Пәнді  оқытудың  басты  мақсаты:  ұлттық  және  әлемдік  құндылықтарды 
салыстыра  түйін  жасай  алатын,  ҚР  халықтары  мен  әлемдік  қоғамдастықтың 
мәдениетін 
игерген, 
қоғамда 
қолдануын 
талап 
етілетін 
тілдердің 
коммуникативтік  құзыреттіліктерін  игерген  Тұлғаның  даралануы  мен 
әлеуметтенуіне 
мүмкіндік 
жасайтын 
тілдің 
лексика-фразеологиялық, 
грамматика-стилистикалық,  мәдени-этикалық  және  шешендік  нормаларын 
меңгерту,  жоғары  деңгейде  күрделендірілген  түрлі  жанрдағы  мәтінді 
салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік 
бірліктерді  қолдана  алу  біліктілігін  арттыру,  ғылым  негіздері  мен  жаңа 
технологияларды  мақсатқа  сай  қолдану  әдістерін  игерту,  тілдік  бірліктерді 
сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.  
Пәнді оқытудың міндеттері:  

 
қазақ  тілінің  байырғы  тіл  екендігін  тіл  дамуындағы  кезеңдерді  оқыту 
арқылы меңгерту;  

 
қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;  

 
сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, 
синтаксистік жүйелерді меңгерту;  

 
тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;  

 
тілдік құзыреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;  

 
стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;  

 
сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;  

 
ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;  

 
сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;  

 
шешендік 
өнердің 
тұлға 
қалыптастырудағы 
және 
тұлғаны 
әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;  

 
шешендік  өнердің  адамның  мінез-құлқын  тәрбиелеудегі  күшін  таныту; 
пікірталас мәдениетіне төселдіру;  

 
мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту;  

 
тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;  

 
ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;  

 
зерттеу  және  шығармашылық  әдістерді  тиімді  қолдану  біліктілігін 
қалыптастыру;  

 
сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа 
сай қолдана білуге жеткізу;  

 
шешендіктің  дамуына  қойылатын  алғы  шарттарды  өмірден  алынған 
фактілер бойынша негіздеу;  

 
қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;  

98 
 

 
тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;  

 
ұлттық  құндылықтар  мен  әлемдік  адамзаттық  құндылықтарды 
салыстыра пайымдату;  

 
әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  шешендікпен  дұрыс  бағалауға 
төселдіру;  

 
қоғамға  жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  және  заңды 
бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты 
сендірудің тәсілдерін меңгерту.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағытта  сөз  мәдениеті  және  шешендік  тілдің 
жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған.  
Жаратылыстану-математикалық  бағытта  оқушылар  сөз  мәдениеті  мен 
шешендік  өнердің  талаптарын  білуге  ұмтылады.  Сөз  мәдениетінің  нормалары 
өзіндік  мені  қалыптасып  келе  жатқан  жастың  тілдің  қатысымдық  қызметін 
орнымен пайдалануға, кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.  
Оқыту  үдерісінде  «Қазақ  тілі»  пәні  төмендегі  оқу  пәндерімен  тығыз 
байланыста оқытылады:  
1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;  
тіл – әдебиеттің бірінші элементі; қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген 
көркем  туынды;  әдеби  шығарма  тіл  үшін  құнды  материал  болып  саналады, 
көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын 
ажырата білу, әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, 
көркемдік  тәрбие  беру,  әдеби  шығармаларды  талдау  арқылы  сөз  мәдениетіне 
үйрету көзделеді;  
2)  «Қазақстан  тарихымен»:  Қазақстан  тарихы  пәнімен  байланыстырып 
оқыту  оқушының  тілді  ұлттық  құндылық  ретінде  тануына  мүмкіндік  береді; 
тілді  тарихпен  байланыстыра  оқыту  ұлттық  дүниетанымға  негізделген  білім 
қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді; қазақ тілінің пайда 
болуы,  дамып  жетілуі  оның  тарихымен  тығыз  байланыста  болғандықтан, 
оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;  
3)  Жаратылыстану  циклі  пәндерімен:  тілдік  материалдардың  мазмұны 
жаратылыстану  пәндерінің  мазмұнымен  тікелей  байланыста  болады; 
биологиямен  байланыстыру  тілді  жанды  құбылыс  ретінде  тануға  мүмкіндік 
береді; басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен 
тығыз байланысты; тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;  

дыбыстау 
мүшелерінің 
қатысы 
тұрғысынан 
физиологиямен, 
компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;  
-  танымдық  бағытта  берілетін  материалдар  жаратылыстану  пәндерінің 
мазмұнымен  тікелей  байланыста  болғандықтан,  оқушылардың  дүниетанымын 
қалыптастырады.  
Оқушылардың  тілдік  біліктілігін  одан  әрі  жетілдіре  түсу  және  сөйлеу 
мәдениетінің  ерекшеліктеріне  сай  сөйлесім  дағдыларын  жетілдіру,  пікірталас 
әдебін  меңгерту  мақсатында  арнайы  курстар  ұйымдастырылады.  Мысалы,  10-
сыныпта:  «Сөз  байлығы»;  «Тілдік  норма  және  стиль»,  «Этнолингвистикалық 
атаулар  сыры»,  «Сөз  мәдениетінің  негіздері»;  11-сыныпта:  «Ұлттық 
шешендіктанудың  алғашқы  бастаулары»,  «Шешендік  сөз  –  шеберлік  өрнегі», 

99 
 
«Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-
тақырыптарды алуға болады.  
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартында  ұсынылған  үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  оқу  жүктемесінің 
көлемі.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыт:  10-сынып  –  аптасына  2  сағат,  оқу 
жылында – 68 сағат; 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.  
Жаратылыстану-математикалық  бағыт:  10-сынып  –  аптасына  1  сағат, 
оқу жылында – 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;  
Әрбір  тоқсанда  алынатын  бақылау  жұмысының  (тест,  эссе,  диктант,  т.б.) 
саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.  
 
Оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  мектептерге  арналған  «Қазақ 
әдебиеті» пәні  
Мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  нығайтып,  халықтың  қымбат  қазынасын  – 
әдеби-мәдени 
мұраларды 
жандандырып, 
ұлттық 
тектілікті 
сақтау,  
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  жолындағы  маңызды  жұмыстар  білім 
мекемелерімен тығыз байланысты.  
Әдеби дамуды зерделеуде, көркем туындылардың тақырыптық, мазмұндық 
сипаттарын  танытуда  жаңа  көзқарастар  басшылыққа  алынуы  тиіс.  Көркем 
әдебиеттің  табиғатына  тән  басты  сипаттарды  негізге  ала  отырып,  берілетін 
білім  мазмұнын  салмағын  арттыру  және  мәдени  құндылықтарды  ұғындыру, 
ұлттық  тіл  байлығы  мен  ұлттық  дүниетанымды  терең  меңгеруіне  жол  ашып, 
бағыт  беру,  эстетикалық  көзқарастарын  қалыптастыру  –  әдебиет  пәнін 
оқытудағы басты ұстаным болып табылады.  
Әдебиет  –  сөз  өнерi,  халықтың  сана-сезiмiн,  көркемдiк  ойлау  қабiлетiн 
байытатын рухани дүние, халықтың айшықты сөзбен кестелеп, асыл ойлармен 
зерлеген  баға  жетпес  бай  қазынасы,  тарихы.  Оқытудың  жаңа  талаптарына  сай 
мазмұндық,  құрылымдық  және  әдістемелік  жағынан  жаңартылған  оқу 
бағдарламасында ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық 
байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, 
оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілген.  
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптардың білім мазмұнында 
қамтылған  ақын-жазушылар  шығармашылығы  хронологиялық  сипатта 
ұсынылған.  Соған  сәйкес  ХІХ-ХХ  ғасырдағы  көрнекті  ақын-жазушылардың 
шығармашылығы және  тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілерін 
оқыту  көзделеді.  Тәуелсіздік  кезеңіндегі  шығармалар  осы  кезеңнің  тарихи-
әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін 
де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастырылуы тиіс.  
Әдебиеттiң  теориялық  мәселелерi,  әдебиеттанудың  салалары,  әдеби 
ағымдар мен бағыттар, көркем шығарманы талдау әдістері, әдеби шығарманың 
болмыс-бітімі,  ұлттық  мәдениет,  әдебиет  және  көркемдік  шындық,  әдебиеттiң 
өзге  ғылымдармен  байланысы,  қазiргi  әдебиеттегi  проблемалық  мәселелер, 
оқырман мәдениеті, сөз өнерi және шығармашылық үдеріс, қаламгер стилі өзек 
етiлiп, көркем шығармашылық туралы жүйелі ұғым қалыптастырылады.  

100 
 
Ал жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ әдебиетi бағдарламасы 
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттың  бiлiм  мазмұнын  толық  қамтиды.  Тек 
бөлінген сағат санының аздығына байланысты  ақын-жазушылардың өмiрi мен 
шығармашылығына тоқталу тек шолу түрiнде болады.  
«Қазақ  әдебиетi»  пәнінің  оқыту  мақсаты  -  қазақ  халқының  сан  ғасырлық 
тарихын,  дәстүрін,  өнерін,  әдебиеті  мен  мәдениетін  ұлттық  құндылық  ретінде 
бағалап,  құрметтей  білетін,  көркем  шығармада  бейнеленетін  қоғамдық-
әлеуметтік  құбылысты  көркемдік  тұрғыда  қабылдауға  қажетті  білім,  білік, 
дағдыларын  меңгерген,  әдебиетті  өмірмен  байланыстыра  қабылдай  алатын, 
қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  талаптарға  сәйкес  өзіндік  белсенділік  көрсете 
алатын,  азаматтық  көзқарасы  айқын,  адамгершілік,  елжандылық  қасиеттерді 
бойына жинақтаған интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара тұлға тәрбиелеу деп 
айқындалып, оқыту міндеттері:  

 
әдебиеттің  ұлттық  ерекшелігін,  көркем  шығармалардағы  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрдің бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын ұғындыру;  

 
оқушыларға әдебиеттің өнердің бір түрі екендігін танытып, әдеби білім 
мазмұнын жүйелі меңгеруді ұйымдастыру;  

 
көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, 
эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;  

 
оқушылардың  көркем  шығарма  оқу  әрекеттерін,  образбен  ойлау 
қабілеттерін  өзіндік  ізденіс  шығармаларымен  жетілдіріп,  олардың  сөз  өнерін 
рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;  

 
ойын  еркін,  шешен  жеткізе  алу,  әдеби-теориялық  білімін  жазба 
жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру деп белгілеген.  
Оқу  бағдарламасын  мұғалімнің  шығармашылықпен  жетілдіруіне  шек 
қойылмайды.  Бағдарламада  сыныптық  оқуға,  сондай-ақ  қосымша  және 
сыныптан  тыс  оқуға  ұсынылған  көркем  туындылар  тізімі  берілген. 
Оқушылардың  өзіндік  атқаратын  жұмыстарының  түрлері  де  белгіленген. 
Әдебиетті  өмірмен  байланыстыра  оқыту,  әдеби  шығарманың  тәрбиелік  мәнін 
тиімді  пайдалану,  шәкірттердің  көркем  шығарманы  өз  беттерімен  оқуға 
қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, 
таным  әдісіне  үйрету  пән  мұғалімінің  жүйелі  жүргізетін  іс-әрекеті  болып 
табылады.  
Оқыту  үдерісінде  «Қазақ  әдебиеті»  пәні  төмендегі  оқу  пәндерімен  тығыз 
байланыста оқытылады:  
«Қазақ  тілі»:  филологиялық  ғылым  салаларын  байланыстыра  оқыту 
үздіксіз,  жүйелі  жүргізіледі,  бұл  арқылы  оқушылардың  сөйлеу  қабілеттерін 
дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;  
«Қазақстан  тарихы»:  әдебиет  пен  тарихты  байланыстыру  оқушылардың 
тарихи  шындықты  көркем  шығармада  бейнелеу  ерекшеліктерін  түсіну 
дағдыларын қалыптастырады және оқушылар нақты мәліметтерді талдай алуға, 
өзіндік баға беруге үйренеді;  
«География»:  көркем  шығармада  бейнеленген,  суреттелген  немесе 
оқиғалар  өрбіген  жердің  географиялық  ерекшеліктерін  автор  көзімен  көруге, 

101 
 
оны өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;  
«Музыка»:  әдеби  шығарма  мен  музыканының  ішкі  иірімдерін  салыстыра 
алуға  дағдыланады,  әннің  идеялық-көркемдік  және  эстетикалық  маңызын, 
ұлттық ән-әуендегі мазмұны мен талғамын түсінуге мүмкіндік береді;  
«Бейнелеу  өнері»:  әдебиет сабақтарында  бейнелеу  өнерінің  туындыларын 
пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы суреттелген 
мәселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды.  
Оқу  үдерісінде  оқушылардың  ой-өрiсiн  өсiрiп,  оларға  әдебиеттің  ұлттық 
мәдени  мұра,  тiршiлiктiң  өзегi,  дүниетанымның  көзi  екендiгiн  сезiндiру  үшін 
педагогикалық  технологиялармен  қатар  ақпараттық  технология  ресурстарын, 
мультимедиалық  құралдарды,  ғаламтор  материалдарын,  бейнероликтерді, 
электронды  оқулықтарды  кеңінен  қолдану  тиімді.  Мұғалім  оқушының 
ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет.  
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес пәннің оқу жүктемесінің көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:  
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.  
жаратылыстану-математика бағыты бойынша:  
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.  
Пәнді  оқытудың  вариативті  бөлігі  қосымша  оқу  бағдарламасы  арқылы 
білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  шеңберінде  жүзеге 
асады.  
 
«Русский язык» в школах с нерусским языком обучения  
Соответственно «Общеевропейским компетенциям владения иностранным 
языком:  изучение,  преподавание,  оценка»  в  2014-2015  учебном  году  в  10-11 
классах  определяется  уровень  В2:  понимание  общего  содержания  сложных 
текстов  на  абстрактные  и  конкретные  темы,  в  том  числе  узкоспециальных 
текстов;  владение  достаточно  быстрой  и  спонтанной  речью,  умение 
беспрепятственно  общаться  с  носителями  языка  без  особых  затруднений  для 
любой  из  сторон;  умение  делать  четкие,  подробные  сообщения  на  различные 
темы и изложить свой взгляд на основную проблему, показать преимущество и 
недостатки разных мнений. В соответствии с государственной задачей развития 
полиязычия  в  Казахстане  овладение  русским  языком  должно  соответствовать 
среднему  уровню  –  3  подуровень  (В  2.1  -  В  2.2)  –  10  класс  и  послесреднему 
уровню  (В  2)  –  11  класс.  В  11  классах  с  углубленным  изучением  языков 
возможно  (не  обязательно)  достижение  уровня  С1:  понимание  объемных 
сложных  текстов  на  различную  тематику,  распознавание  скрытого  значения, 
владение  спонтанной  речью  в  быстром  темпе,  отсутствие  затруднений  с 
подбором  слов  и  выражений;  гибкое  и  эффективное  использование  языка  для 
общения в научной и профессиональной деятельности; умение создать точное, 
детальное,  хорошо  выстроенное  сообщение  на  сложные  темы,  владение 
моделями организации текста, средствами связи и объединением его элементов.  
 

102 
 
Основная  цель  обучения  предмету  «Русский  язык»  в  старших  классах  с 
казахским, уйгурским, узбекским, таджикским языками обучения:  

 
совершенствование 
коммуникативной 
компетенции 
учащихся, 
основанной  на  закреплении  норм  русского  литературного  языка,  правил 
употребления  семантически  связанных  языковых  единиц  в  речевой 
деятельности  и  ориентированной  на  ситуации  общественно-политической, 
экономической, культурной, профессиональной жизни общества;  

 
воспитание  на  основе  тематического  содержания  речевого  материала 
языковой  личности,  придерживающейся  активной  гражданской  позиции, 
ориентирующейся  на  нравственно-духовные  ценности  казахстанского 
общества, проявляющей толерантное отношение к другим культурам, готовой к 
сохранению 
и 
приумножению 
природного 
богатства, 
ведущей 
и 
пропагандирующей  здоровый  образ  жизни,  стремящейся  к  созидательному 
труду, обладающей технологической культурой.  
Соответственно  предложенному  в  государственном  общеобязательном 
стандарте образования Республики Казахстан в школах с казахским, узбекским, 
уйгурским, таджикским языками обучения предмет «Русский язык» изучается в 
10-11  классах  общественно-гуманитарного  направления  –  по  2  часа  в  неделю 
(объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык»: 10 класс 
(ОГН)  –  68  часов;  11  класс  (ОГН)  –  68  часов);  естественно-математического 
направления – по 1 часу в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по 
предмету «Русский язык» составляет: в 10 классе ЕМН – в неделю 1 час , всего 
– 34 часа; в 11 классе ЕМН – в неделю 1 час , всего – 34 часа).  
Структура  программного  материала  определяется  стратегическими 
линиями  формирования  важных  функциональных  умений  учащихся  школ  с 
казахским  языком  обучения,  для  которых  русский  язык  будет  служить 
средством межнационального общения в научной, официально-деловой сферах 
и  сфере  повседневной  коммуникации,  средством  получения  информации, 
средством  познания  культуры  русского  народа.  Итогом  обучения  русскому 
языку  в  такой  функциональной  значимости  должны  стать  орфографическая, 
пунктуационная  и  стилистическая  грамотность,  речевая  и  коммуникативная 
компетенции.  
Речевые  темы  в  10-11  классах  обеспечивают  общее  интеллектуальное 
развитие  учащихся,  акцентируют  их  внимание  на  глобальные  достижения  и 
нерешенные  проблемы  человечества,  формирует  активную  гражданскую 
позицию  и  воспитывает  стремление  к  творческой  деятельности.  В  этих  целях 
учитель  может  использовать  дополнительные  учебные  тексты  по  заданным 
темам  для  развития  речи.  В  рамках  указанного  тематического  минимума 
рекомендуется  организовать  процесс  речевой  коммуникации  в  учебных 
условиях,  моделировать  ситуации  профильно  ориентированного  общения,  в 
рамках которых отрабатываются способы реализации стратегии и тактических 
шагов  ведения  профессионально-делового  разговора,  правила  русского 
речевого  этикета,  умения  учитывать  тип  взаимоотношений  собеседников, 
проигрываются  потенциальные  роли.  Важно  постоянно  совершенствовать 
орфографическую  и  пунктуационную  грамотность  при  развитии  письменной 

103 
 
речи,  результаты  должны  строго  отслеживаться  учителем.  Устное  беглое 
объяснение  учащимися  знаков  препинания  или  постановка  недостающих 
знаков  препинания  дают  существенный  результат  при  пунктуационном 
оформлении собственных текстов. Видами внеурочной индивидуальной работы 
по  орфографии  и  пунктуации  могут  быть  самостоятельное  решение  тестовых 
заданий, электронный тренажер, взаимопроверка.  
Все  методические  требования  к  организации  учебного  процесса 
реализуются  в  рамках  тематических  циклов  уроков  через  упражнения  с 
комплексными заданиями. Так, на материале учебного текста на определенную 
тематику  следует  практиковать  языковые,  речевые  и  коммуникативные 
задания. Языковые задания формулируются на основе программного материала 
по  формированию  языковой  компетенции,  речевые  задания  –  на  основе 
программного материала по развитию речевой компетенции, коммуникативные 
задания  –  на  основе  программного  материала  по  совершенствованию 
коммуникативной компетенции.  
Этнокультуроведческий материал в силу специфики направления обучения 
–  общественно-гуманитарного и  естественно-математического  –  может  носить 
сопутствующий  характер  (при  обращении  к  мысли  великих  людей,  при 
знакомстве с учеными России, при знакомстве с русской культурой и т.д.).  
Результаты  обучения  представляют  собой  сформированную  языковую 
правильность устной и письменной речи учащихся, проявляются в выражении 
ими авторской позиции в продуцируемых устных и письменных высказываниях 
на  определенную  тему,  в  способности  свободно  вступать  в  коммуникативный 
процесс  на  русском  языке  в  неофициальных  и  официальных  обстановках 
общения, применять разные методы исследования, использовать программные 
знания 
в 
профильноориентированной 
учебно-практической 
и 
исследовательской деятельности.  
Формами  письменной  работы  в  10-11  классах  являются  диктант, 
изложение,  сочинение,  в  том  числе  эссе.  В  каждой  четверти  проводится  в 
среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 изложение, 1 
сочинение (эссе). Сочинения-эссе могут быть классными и домашними.  
Объем контрольного диктанта по русскому языку для 10-11 классов школ 
с казахским языком обучения:  
10 класс – 100-110 слов, 11 класс – 110-120 слов.  
Объем словарного диктанта: 10-11 классы – 35-40 слов.  
Примерный объем текста для подробного изложения:  
10 класс – 160-170 слов, 11 класс – 170-180 слов.  
Для  сжатого  изложения,  а  также  итоговых  и  контрольных  изложений 
объем текста может быть увеличен на 30 - 60 слов.  
Примерный объем сочинений:  
10  класс  – 2  –  2,5  страницы  (600-1000 слов),  11  класс  – 3 -  3,5  страницы 
(1000-1200 слов). Сочинения-эссе могут иметь меньший объем.  
Внеклассная  работа  по  русскому  языку  может  успешно  осуществляться 
при  соблюдении  специфических  методических  принципов  ее  организации  и 
при  удачном  определении  ее  содержания.  К  специфическим  принципам 

104 
 
внеклассной  работы  относятся  следующие:  принцип  взаимосвязи  классных  и 
внеклассных занятий; принцип научной углубленности; принцип практической 
направленности; принцип занимательности; принцип добровольности и равного 
права как сильных, так и слабых учащихся на участие во внеклассной работе; 
принцип  индивидуального  подхода  к  каждому;  принцип  развития  творческих 
способностей.  
Использование  компьютеров  и  телекоммуникаций  во  внеклассной  работе 
позволяет  не  только  активизировать  познавательную  деятельность  учащихся, 
но  и  развивать  творческие  и  коммуникативные  способности  учащихся,  их 
кругозор, культуру, самосознание.  
На  уроках  должна  осуществляться  междисциплинарная  связь  предмета 
«Русский  язык»  с  предметами  общественно-гуманитарного  или  естественно-
математического  циклов  соответственно  направлению  профильного  обучения. 
Рекомендуются прикладные курсы или курсы по выбору, содержание которых 
обеспечивает  углубление  и  расширение  знаний  по  неязыковым  предметам  и 
развитие трехъязычия.  
В  целях  совершенствования  качества  оценивания  и  получения 
объективных  результатов  обучения  предлагается  система  параметров 
оценивания,  которые  могут  варьироваться  учителем  в  соответствии  с 
содержанием конкретного урока.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет