Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата20.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#4554
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Химия  
Жаратылыстану ғылымы білім беру жүйесінде химия оқу пәнінің маңызы 
әлемнің  ғылыми  көрінісін  қалыптастырудағы,  адамзаттың  жаһандық 
проблемаларды  шешудегі,  табиғат  заңдарын  танып  білудегі  рөлімен 
анықталады.  
Оқу  пәні  ретінде  химия  оқушыларды  күнделікті  өмірге,  өндірістік  іс-
әрекеттерге,  білім  алуды  жалғастыруға,  қоршаған  ортада  өзін  дұрыс  ұстауға 
қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті.  
Жалпы білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік 
және 
дағдыларды 
меңгеру 
ғана 
емес, 
маңызды 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруды  да  талап  ететін  білім  берудің  қазіргі  жаңа  сапасы  мен 
тиімділігіне қол жеткізу болып табылады.  
Химиялық  білім  берудің  мазмұнын  жүзеге  асыру  келесі  қағидаларға 
негізделеді:  

 
химиялық 
білім 
беруді 
ізгілендіру, 
оқытудың 
экологиялық 
бағыттылығын, оның тәрбиелеу және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту;  

 
химиялық  білім  берудің  мазмұнының  тұтастығы,  жаратылыстану 
ғылымы саласына жататын басқа пәндермен мазмұндық сабақтастығы;  

 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын, 
мультимедиялық  және  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  пайдаланып 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  функционалдық  сауаттылығын 
және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту;  

 
оқытуды  саралап  жіктеу  және  жекелеу,  бағдарлы  оқыту  жүйесінде 
оқушылардың жеке білім алу траекторияларын қалыптастыру;  

 
химиялық  білім  беру  мазмұнының  тәжірибелік  және  қолданбалы 
бағыттылығын  арттыру  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту;  

 
іргелі  білімдердің  ғылымилық,  көрнекілік,  түсініктілік,  жүйелілік 
дидактикалық  қағидалары  мен  тәжірибелік-бейімделген  және  қолданбалы 
аспектілермен тиімді арақатынасын сақтау.  
8-9-сыныптарда  химияны  оқытудың  мақсаты  қоршаған  әлем  туралы 
химиялық  білім  мен  жаратылыстануғылыми  түсініктердің  біртұтас  жүйесін 
қалыптастыру,  химиялық  технология  саласында  жүйелі-шығармашылықпен 

78 
 
ойлау және тәжірибелік қабілеті бар, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз 
табиғатқа  экологиялық-гуманистік  қарым-қатынасты  функционалды  сауатты 
және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.  
Оқыту міндеттері:  

 
әлемнің  химиялық  жаратылыстану-ғылыми  көрінісі  туралы  білімді 
меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, 
болжау) қолдану;  

 
заттардың  құрамы,  құрылысы,  қасиеттері  мен  қолдану  арасындағы 
себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;  

 
химиялық  терминологияны,  химиялық  элементтердің  таңбаларын, 
заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;  

 
заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;  

 
заттардың  сандық  және  сапалық  құрамын  анықтауда  және  олардың 
қасиеттерін  зерттеуде  реактивтер,  қыздыру  құрылғыларымен  жұмыс  жасау 
барысында  қауіпсіздік  техникасының  талаптарын  сақтай  отырып,  химиялық 
тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;  

 
адамзаттың  экологиялық,  азық-түлік,  өндірістік,  энергетикалық 
мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін 
ашу;  

 
өмірлік  және  экологиялық  мәселелерді  шешуде  алған  білімді 
пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;  

 
мультимедиалық  сандық  білім  беру  ресурстарын  қолдану,  презентация 
мен  жобалау  жұмыстарын  жасауда  коммуникативті-ақпараттық  біліктіліктері 
мен дағдыларын дамыту;  

 
негізгі  мектепті  бітірушінің  ары  қарай  оқу  бағытын  таңдау  дайындығы 
мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.  
Химиялық  білімнің  мазмұны  инвариантты  және  вариативті  бөліктерден 
тұрады.  Инвариантты  бөлік  «Химия»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұнына  сәйкес 
келеді.  Мазмұнның  инвариантты  өзегі  жанды  және  жансыз  табиғаттың 
құбылыстарын  түсіндіруге  қажетті  негізгі  химиялық  ұғымдар,  заңдар, 
теориялар, фактілерден тұрады. Вариативтік құраушысы адамгершілік, тарихи-
дүниетанымдық,  эстетикалық,  өнер  танушылық,  қолданбалы,  экологиялық, 
аймақтық  компоненттерді  жүзеге  асырушы  химияның  мектеп  курсы 
мазмұнының гуманитарлық аспектісін көрсетеді.  
Химия  пәні  бойынша  дамытушы  білім  беру  үдерісі,  оқушылардың 
қоршаған  әлем  туралы  базалық  жаратылыстануғылыми  білімдерінің  дамуын, 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жетілуіндегі  химиялық  ғылым  мен 
технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық 
білімдерін  қолдану  бойынша  функционалдық  сауаттылығының  дамуын, 
біртұтас экология-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуін қамтамасыз етуі тиіс.  
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығының  дамуына,  олардың 
өздігінен  оқу-танымдық  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруына,  оқудағы  және 
өмірдегі  әр  түрлі  жағдайларда  алған  білімдері  мен  меңгерілген  әрекет  ету 
тәсілдерін  қолдана  білулерін  дамытуға  ерекше  кәңіл  бөлінеді.  Осыған 

79 
 
байланысты 
зертханалық 
және 
тәжірибелік 
жұмыстар, 
химиялық 
эксперименттер жүргізу, ғылыми жобаларды орындау оқушылардың жаңа білім 
алу,  танымдық  мәселелерін  кеңейту  және  тәжірибелік  дағдыларға  ие  болуда, 
химияны  оқу  себебін  дамытуда  кеңінен  қолданылуы  тиіс.  Оқушылардың 
дербестігін,  белсенділігін,  ой  өрісін  және  тәжірибелік  дағдыларын,  олардың 
химияға  қызығушылықтарын  дамытатын  оқытудың  проблемалы-іздеушілік, 
интерактивтік,  коммуникациялық  және  ойын  әдістерін,  жобалау  әдістерін 
қолдану  ұсынылады.  Өздігінен  орындалған  оқушылардың  жобаларын 
таныстыруды,  әрбір  тоқсан  аяғында  оқу  жетістіктерін  бағалау  түрі  ретінде 
өткізіп тұру ұсынылады.  
Химия  пәнінен  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыруда  төмендегі  әдістемелік 
тәсілдерді қолданған тиімді:  

 
оқытуға  жүйелік  іс-әрекеттік,  практикаға  бейімделген  тәсілдер 
басымдылығы;  

 
химиялық  эксперименттің,  жобалау-зерттеу  іс-әрекеттерінің  рөлі  мен 
орнын күшейту;  

 
қазақстандық және аймақтық компоненттерін кеңейту;  

 
оқу  әрекетінің  репродукциялық  түрлерінен  дербес  іс-әрекет  жасауға, 
іздеу-зертеушілік жұмыс түрлеріне, аналитикалық әрекеттерге басымдық беру, 
осыған  байланысты  оқушылардың  бойында  аналитикалық  қабілеттер,  түйінді 
құзыреттіліктер қалыптастыру ерекше көңіл бөлу;  

 
оқытудың  интерактивті  түрлерін,  қазіргі  заманғы  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану.  
Химия  пәні  бойынша  оқу  үдерісі  «Кабинет  паспорты»,  «Техника 
қауіпсіздігі  ережелері»,  «Техника  қауіпсіздігі  журналы»,  қышқылдар,  сілтілер, 
органикалық заттар, жылыту құралдары, шынылармен жұмыс істеуге арналған 
нұсқаулық  карточкалар,  сонымен  қатар  химиялық  реактивтер  (сақталу  тобы 
бойынша),  зертханалық  және  демонстрациялық  құралдар,  баспа  құралдары, 
мультимедиалық  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар  және  басқа  да  оқыту 
құралдарымен  жабдықталған  кабинетте  жүзеге  асырылады.  «Прекурстар 
тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енетін 
заттарды қолдануға тыйым салынады.  
Химия  бойынша  жазбаша  орындалатын  үйрету  мақсатындағы  жұмыс 
түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, 
тірек  сызбалар,  талдамалық  және  қорытындылаушы  кестелер,  зертханалық 
тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.  
Үйрету  мақсатындағы  жұмыстардың  түрін,  мазмұнын  және  көлемін  оқу 
бағдарламасы,  сонымен  қатар  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарттары  талаптарын  ескере  отырып,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдартағы тапсырмалар негізінде мұғалім анықтайды.  
Білім  алушыларда  3  дәптер  болуы  тиіс  (сынып,  үй  тапсырмалары  және 
зертханалық тәжірибелер үшін дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер 
және бақылау жұмыстары дәптері).  
Сынып  журналына  барлық  демонстрациялық  және  зертханалық 

80 
 
тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады (Оттегін алу, №3 дем., 
№4  зертх.)  және  мұғалім  оқушылардың  жұмыстарын  таңдауы  бойынша 
тексеріп,  бағалайды.  Барлық оқушылардың  тәжірибелік  жұмыстары  (№  … пр. 
ж.  «Тақырып»)  мен  бақылау  жұмыстары  (№  …  бақылау  жұмысы)  толық 
бағаланып, журналға жазылады.  
Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау 
жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін, ал бақылау жұмысы 
дәптеріне  тақырыптық  бақылау  мен  тест  жұмыстары  аясында  алынатын  өздік 
жұмыстарын көрсетуіне болады.  
Практикалық  және  бақылау  жұмыстарын  арналған  дәптерлер  оқу  жылы 
көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін 
беріліп отырады.  
Бақылау  жұмыстары  бойынша  талдау  жұмыстарын  оқушылар  бақылау 
жұмысынан  кейінгі  сабақта  (сынып  журналына  жазылмайды)  орындайды, 
сонымен  қатар  практикалық  жұмыстарды  талдау  мұғалімнің  қалауы  бойынша 
және  қажеттілігіне  қарай  үйрету  жұмыстарынан  кейін  сәйкес  дәптерге 
орындалады.  
Білім  алушылардың  зерттеушілік  мәдениеті  мен  танымдық-ойлау 
белсенділігін  дамыту  мақсатында  белгілі  бір  тарауды  аяқтаған  соң  кіші 
жобаларды 
қорғау, 
шығармашылық 
жұмыстар 
байқауы 
сияқты 
қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.  
Алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдану  дағдыларын  дамыту  үшін 
зертханалық тәжірибелер мен демонстрациялық жұмыстарды орындауда бейне 
тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.  
Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды 
оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.  
8,  9-сыныптардағы  алғашқы  сабақта  арнайы  журналға  белгілей  отырып 
Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.  
Оқу  жоспарының  жылжымалы  бөлігі  есебінен  элективтік  қолданбалы 
курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.  
Сабақтан тыс жұмыстар:  

 
зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;  

 
олимпиадалар,конкурстер,тақырыптық кештер;  

 
таңдау боыйынша элективтік курстер;  

 
он-лайн  режиміндегі  конференциялар  мен  қашықтан  жүргізілетін 
сабақтар, білім байқаулары;  

 
химиялық  ғылым  мен  өндіріс  нысандарына  таным-жорықтар  түрінде 
өткізіледі.  
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  8-9-сыныптардағы  «Химия»  пәні бойынша 
оқу жүктемесінің көлемі:  
8-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;  
9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.  
 
 

81 
 
3.4 «Адам және қоғам» білім саласы  
 
Қазақстан тарихы  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  білімі  мен  дайындық  деңгейін, 
жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  Қазақстан  тарихының  ежелгі  дәуірден 
бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.  
Пәнді  оқытуда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 
шілдедегі  №961  қаулысымен  бекітілген  Мемлекет  басшысының  «Қазақстанды 
әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  жиырма  қадам» 
атты  мақаласында  берілген  тапсырмаларын  іске  асыру  жөніндегі  Іс-шаралар 
жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек.  
Оқу  жүктемесінің  көлемі:  5-сыныпта  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34 
сағат; 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 7-сыныпта аптасына 
2  сағат,  оқу  жылында  68  сағат;  8-сыныпта  аптасына  2  сағат,  оқу  жылында  68 
сағат; 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.  
 
5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»  
Пәнді  оқытуда  бастапқы  кезең  пропедевтикалық,  яғни  кіріспе  курс 
маңызды рөл атқарады. Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны 
оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  психологиялық  деңгейіне  сәйкес  болу 
керек.  
Пропедевтикалық курстың негізгі міндеттері:  
-
 
оқушы  бойында  тарих  туралы  қарапайым  ұғымдар  мен  түсініктерді 
қалыптастыру;  
-
 
Отан  тарихына  деген  қызығушылықты  ояту,  отандық  және  әлемдік 
тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;  
-
 
танымдық  қызметтің  қарапайым  тәсілдерін  игеру,  тарихтың  жүйелі 
курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.  
Бұл  кіріспе  курста  барлық  материалды  жүйелі  түрде  сипаттау  талабы 
қойылмайды, алайда уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.  
Тарихтың  пропедевтикалық  курсын  оқыту  процесінде  оқиғалардың 
хронологиясын  жасау,  кезеңдестіру,  тарихи  оқиғалардың  сабақтастығы  мен 
ұзақтығын  анықтау,  әңгімеде  қосымша  материалдарды  қолдану,  салыстыру 
және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады.  
6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  тарихтың  жүйелі  курсы  тарихи  білім  беру 
құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.  
Ежелгі  Қазақстан  жеріндегі  алғашқы  адамдардың  қоршаған  ортасы,  қола 
және  ерте  темір  дәуіріндегі  шаруашылықта,  қоғамдық-мәдени  өміріндегі 
өзгерістер,  көшпелі  мал  шаруашылығының  пайда  болуы,  ежелгі  адамдардың 
антропологиялық  бейнесі  туралы  түсініктер  беріледі.  Оқушылар  бұл  сыныпта 
тарихи  таным  негіздері,  негізгі  ұғымдар,  категориялар,  тарихи  үдерістің 

82 
 
заңдары  туралы  түсініктерімен  танысады.  Оқыту  барысында  тарихи  мәтіннің 
қысқаша жоспарларын жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан 
ертедегі  адамдар  мекендеген  аймақтарды,  олардың  қоныстанған  орындарын 
көрсете білу дағдылары қалыптасады.  
7-сыныпта  «Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы»  бойынша  орта 
ғасыр  кезеңдерінің ерекшеліктері,  түркі  кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін  Ұлы 
Жібек  жолының  қалалық  мәдениеттің  дамуына  әсері  мен  ортағасырлық 
Шығыстың  ұлы  ғұламалар  тарихы,  моңғол,  жоңғар  шапқыншылықтарының 
зардаптары,  біртұтас  қазақ  мемлекетінің  құрылуы  мен  оның  дербес  саяси 
бірлестікке,  орталықтанған  мемлекетке  айналуы  туралы  білім  алады. 
Мемлекеттердің  құрылуы,  олардың  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  даму 
ерекшеліктері  туралы  тақырыптарды  қарастыруда  ұқсас  тарихи  оқиғаларды 
салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет 
өнері ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің мемлекет 
қалыптастырудың  тарихтағы  рөлін  ашып  көрсету  біліктері  мен  дағдылары 
тереңдетіледі.  
8-сыныпта 
«Қазақстан 
тарихы» 
бойынша 
XVIII 
ғасырдағы 
Қазақстанның 
саяси, 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуы, 
қазақ-жоңғар 
соғыстары,  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  және  тәуелсіздік  үшін  күрес, 
отаршылдық  саясатқа  қарсы  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы,  ХІХ  ғасырдағы 
әкімшілік  реформалар,  патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  күшеюі, 
жұмысшылар  қозғалысының  басталуы,  қоғамдық  және  саяси  қайраткерлер 
қызметі, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.  
8-сыныпта  оқушыларда  саяси  тарихтағы  өзгерістерді  талдауына,  тарихи 
құбылыстар 
арасындағы 
себеп-салдарлық 
байланысты 
анықтауына, 
хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи оқиғаларға 
өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.  
9-сыныптағы  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқушылар  бірінші 
дүниежүзілік  соғыс,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс,  1917  жылғы  ақпан, 
қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері, саяси партиялардың 
құрылуы,  Ұлттық  Алашорда  үкіметінің  қызметі,  Қазақ  Кеңес  мемлекетінің 
құрылуы,  азамат  соғысының  негізгі  оқиғалары,  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы  Қазақстан,  ағарту  ісі  мен  ғылымның  дамуы,  «қайта  құру»  мен 
тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.  
Мемлекет  басшысының  «Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға 
ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  жиырма  қадам»  атты  мақаласында  берілген 
тапсырмаларын  іске  асыру  жөніндегі  Іс-шаралар  жоспарының  27-тармағын 
орындау  мақсатында  9-сынып  оқу  бағдарламасы  мазмұнында  келесідей 
тақырыптарды оқыту жүзеге асырылады. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа 
енуі;  Қазақстан  Республикасын  халықаралық  аренада  тануы;  Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саясатындағы  негізгі  басым  бағыттары;  саясаттағы 
көп  векторлық  және  стратегиялық  одақтастық;  Қазақстан  және  халықаралық 
ұйымдар және т.б.  
Мәтін  мазмұны  қазақстандық  қоғамның  негізгі  құндылықтарына- 
«Mәңгілік Ел» патриоттық актіге бағытталуы керек.  

83 
 
Осы  сыныпта  оқушыларда  тарихи  ақпараттарды  жүйелеп  іздеу, 
зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары 
қалыптасады.  Тарих  сабағында  оқушыларды  ойландыратын  және  өздігінен 
жұмыс 
жүргізуге 
ынталандыратын 
оқыту 
әдіс-тәсілдерін 
қолдану 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады.  Оқушылардың  өзара 
мағұлмат  алмасу  белсенділігін  арттыруға,  зерттеліп  отырған  тақырыпқа 
ғылыми  дұрыс  бағыт  ұстануына,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға 
бағытталған  интерактивті  әдістер,  жаңа  педагогикалық  технологиялармен 
қатар,  тарихи  анықтамалық,  тапсырмалар  жинағы,  ғаламтор  материалдары, 
мультимедиялық құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.  
Тарихи  білімді  зерделеу  кезінде  оқушылар  шығармашылық  жұмыстарды 
жазуға  үйренеді  (жобалар,  рефераттар,  эссе).  Пәннің  негізгі  мазмұнына: 
тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын 
жасауға  ықпал  ету;  оқушылардың  зерттеулері  мен  зерттеу  тәсілдеріне 
негізделген  белсенді  оқытуды  қолдау;  оқушылардың  сыни  ойлау  дағдыларын 
дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.  
 
Дүниежүзі тарихы  
Дүние  жүзі  тарихы  пәнін  оқытудың  мақсаты:  оқушыларды  ежелгі 
дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  адамзат  тарихындағы  маңызды  тарихи 
оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.  
Оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 
сағат;  7-сыныпта  аптасына  –  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат;  8-сыныпта 
аптасына – 1 сағат, оқу жылында  34 сағат; 9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу 
жылында 34 сағат.  
Деректер  мен  материалдарды  таңдау  кезінде,  оқиғаларды,  тарихи 
үрдістерді  сипаттауда,  ғылыми  ұғымдарды  қолдануда  жас  ерекшеліктері  мен 
оқушылардың  дайындық  деңгейі  ескеріледі.  6-9  сыныптарда  тарих  білімінің 
мазмұнын  құрайтын  адамзат  қоғамының  даму  тарихы  бойынша  білімді  толық 
игеруге  мүмкіндік  береді.  «Дүниежүзі  тарихы»  пәні  пәнаралық  байланыстар 
(математикалық 
сауаттылық, 
жаратылыстану 
ғылыми 
сауаттылығы) 
оқушыларға ақпаратты зерттеу мен талдауға, сабақ материалдарын игеру үшін 
мұғалімнің сол және басқа да міндеттерді өздігінен шешімін іздеуге мүмкіндік 
береді.  Алған  білімін  оқушылар  өз  бетінше  және  шығармашылықпен 
практикада  қолдана  алады  (эссе  жазу,  шығармашылық  жұмыс,  рефераттар, 
жобалар және т.б.).  
6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»  
Мектепте  тарихтың  жүйелі  курсы  тарихи  білім  беру  құрылымы  мен 
мазмұнына  сәйкес  6-сыныптағы  «Ежелгі  дүние  тарихы»  курсынан  басталады. 
Ежелгі  мемлекеттердің  тарихымен  танысу  барысында  оқушылар  табиғаттың 
адам  өміріне  ықпалы,  оттың  маңызы,  мемлекеттердің  пайда  болу 
алғышарттары, алғашқы діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи 

84 
 
оқиғаларды  салыстыру,  сипаттама  бере  білу,  тарихи  картаны  оқи  білу 
дағдылары қалыптасады.  
7-сыныптағы  «Орта  ғасырлар  тарихы»  бойынша  орта  ғасырлық 
кезеңдердің  ерекшеліктері,  ерте  ортағасырлық  мемлекеттердің  пайда  болуы, 
феодалдық құрылыстың белгілері, орталықтанған мемлекеттер, Еуропада білім 
мен  ғылымның  дамуы  туралы  оқытқанда  тарихи  білім  аясын  кеңейту 
қарастырылады.  Бұл  сыныпта  ортағасырлық  тарихи  ұғымдар  мен  оқиғаларды 
талдауға ерекше назар аударылады.  
8-сыныптағы  «Дүниежүзі  тарихы»  бойынша  оқушылар  аграрлық 
өркениеттен индустриалдық  өркениетке  өту  кезеңдерімен,  өнеркәсіп  пен  ауыл 
шаруашылығында  капиталистік  қатынастардың  дамуымен,  буржуазиялық 
революциялар тарихымен танысады. Бұл оқушылардың жаңа замандағы тарихи 
оқиғалар  мен  үдерістердің  мәнін  анықтауына,  халықтың  өткені  мен  бүгінін 
салыстырып,  ой  елегінен  өткізе  алуына  және  тарихи  мұраларды  пайдалана 
алуына көмектеседі.  
9-сыныпта «Қазіргі дүниежүзі тарихын» оқыту барысында Еуропа және 
Америка,  Азия  және  Африка  елдерінің  1914-1918  жылдардағы  бірінші 
дүниежүзілік  соғыстан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім беріледі. 
Бұл  сыныпта  осы  кезең  тарихындағы  маңызды  оқиғалардағы  жеке 
жетекшілердің,  көрнекті  тұлғалардың  және  халық  бұқарасының  мақсаты  мен 
орнын айқындау оқушылардың өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді.  
Мектепте  тарихты  оқыту  әдістемелік  тәсілдердің  көп  түрлілігі  негізінде 
іске  асырылады.  Педагогтың  басты  міндеті  -  оқушылардың  өздігінен  жұмыс 
жасауын  ұйымдастыру.  Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  ұжымдық  жұмыс 
түрінде,  брэйнсторлинг,  рөлдік  ойындар,  дебат,  жоба  қорғау,  портфолио, 
коллоквиум, сөздік пинг-понгтар, жазба жұмыстар (эссе, шығармалар, реферат 
және  т.б.)  ұйымдастырылады.  Тапсырмалар  жиынтығы  оқушылардың  қажетті 
білім  деңгейін,  білік  пен  дағдыларды  игеруге  мүмкіншілік  береді.  Мысалы, 
хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт 
шеңберін  анықтау,  уақыттың  әртүрлі  категорияларын  ажырату  қабілеттерін, 
«тарихи  география»  тапсырма-  карталарды  қолдана  білу,  тарихи  кеңістік 
туралы 
түсініктерінің 
қалыптасуын 
тексереді, 
«Тарихи 
тұлғалар» 
тапсырмалары  Отан  тарихындағы  тұлғалар  туралы  білімін  анықтайды.  Пәнді 
оқытуда  оқушының  тарихи  танымын,  шығармашылық  ойлауын  дамытуға  оң 
ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.  
Таңдау  бойынша  ұсынылатын  курстар  мазмұнының  тақырыптары: 
«Алғашқы  діни  түсініктер»,  «Жазудың  пайда  болуы»,  «Әлемнің  ежелгі 
дүниедегі жеті кереметі», «Саяхатшылар естелігінен» және т.б.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет