Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата20.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#4554
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Химия  
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес  «Химия» 
пәні,  оқушылардың  қоршаған  әлем  туралы  базалық  жаратылыстануғылыми 
білімдерін  одан  әрі  дамыту,  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жетілуіндегі 
химия  ғылымы  мен  технологиясының  рөлін  түсіну,  оқу  және  тәжірибелік 
әрекеттерде  химиялық  білімдерін  қолдану  бойынша  функционалдық 
сауаттылығын 
дамыту, 
тұтастай 
экология-ізгіліктілік 
дүниетанымға 
тәрбиелеуді қамтамасыз етуге міндетті.  
10-11-сыныптардағы  оқыту  мазмұны  химия  ғылымы  мен  технологиясы 
дамуының  қазіргі  заманғы  үрдісін  ескеріп  құрылған,  тұлғалық-іс-әрекеттік 
бағыттылығымен  және  бағдарлану  мен  саралап  жіктелуінің  күшейтілуімен 
сипатталады.  
Химия  курсын  оқыту  жалпы,  бейорганикалық  және  органикалық  химия 
салаларында  іргелі  білім  негіздерін  және  қоршаған  дүниеге  ғылыми  көзқарас 
қалыптастыру,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту,  химия 
ғылымы  мен  білімінің  күнделікті  практикалық  өмірдегі,  және  қоғамның 
орнықты дамуындағы маңызын ұғындыруға бағытталады.  
Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  оқыту  мақсаты  -  химия 
бойынша  оқушылардың  ғылыми-теориялық  білімін  тереңдету,  білігі  мен 
дағдысын  одан  әрі  дамыту,  алған  білімін  болашақ  өз  кәсіби  білім  алуға  және 
практикалық  қызметіне  қолдануға  дайындау,  химия  өнеркәсібі  мен 
технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.  
Оқыту міндеттері:  

 
химия  ғылымы  және  технологиясы  саласындағы  оқушылардың  іргелі 

122 
 
және қолданбалы білімі, практикалық білігін дамыту;  

 
күнделікті  өмірде,  химиялық  лаборатория  мен  өндірісте,  табиғатта 
болатын  химиялық  құбылыстарды  бақылау  және  оларды  ғылыми  тұрғыда 
түсіндіруді игеру;  

 
қауіпсіздік  техникасын  сақтай  отырып,  заттар  мен  зертханалық 
құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын 
жетілдіру;  

 
эксперименттік  жұмысты  жүргізу  барысында  және  өз  бетінше  алған 
білімді  күнделікті  өмірде  қолдану  мақсатында  танымдық  және  зияткерлік 
қабілетін дамыту;  

 
химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мәдениетінің  негізгі 
құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;  

 
адамзат  алдында  тұрған  проблемаларды  шешуде  химияның  қоғамдық 
мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;  

 
оқушының  химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін  заттар  мен 
материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  және  өндірісте  қауіпсіз 
пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  кері  әсерін  тигізетін 
құбылыстардың алдын алуға қолдану.  
Химия  пәні  мұғалімі  жаратылыстану-математикалық  сыныбындағы 
сабағына  дайындалған  кезде,  химия  материалының  мазмұнындағы  физика-
математикалық аспекті, сондай-ақ кеңістіктік елестетуді, ойдың аналитикалық 
сапасын,  белгілер  мен  сандарды  абстракциялау  және  пайдалану  қабілетін 
дамытатын,  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекеттерін  ұйымдастыру  тәсілдеріе 
қолданған  орынды.  Сонымен  бірге,  нақты  ғылым  ретінде  химияның 
математикалық аппаратын күшейту маңызды.  
Химиялық  білім  мазмұнының  физикалық  компоненті:  химиялық 
материалды  түсіндірген  кезде  физикалық  заңдар  мен  теорияларды  пайдалану; 
физикалық  шамаларды  қолдану  және  олардың  арасындағы  функцияналдық 
тәуелділікті  айқындау;  зерттеудің  физикалық  және  химиялық  әдістері 
арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.  
Химиялық  білім  мазмұнындағы  математикалық  компонент:  химиялық 
заңдар  мен  теорияларды  негіздеуде  математикалық  дәлелдеу  әдістерін; 
химиялық  заңдылықтарды  безендіріп  көрсету  үшін  графиктерді;  заттың 
қасиеттеріне  молекулалардың  кеңістіктік  пішіні  әсерін  негіздеу  үшін 
геомериялық  ережелерді;  химиялық  есептерді  шешу  үшін  математикалық 
теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдаланып жүзеге асырылады.  
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті: заттардың химиялық 
қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру кезінде химия 
және  биология  бойынша  білімдердің  кірігуі;  биологиялық  заңдылықтарды 
түсіндіру  кезінде  химиялық  теорияларды  пайдалану;  табиғатта  және  адамның 
ағзасындағы  биологиялық  үдерісті  моделдеу  арқылы  химиялық  экспериментті 
жүргізу;  пән  аралық  (химия-биологиялық)  мазмұнды  химиялық  есептерді 
пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.  
 

123 
 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарға  арналған  «Химия» 
оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты 
туралы 
жалпы 
түсініктер 
қалыптастыру, 
шығармашылық 
және 
интеллектуалдық  қабілетті,  әмбебап  коммуникациялық  біліктілік  пен 
функционалды  сауаттылықты  дамыту,  денсаулық  сақтау  мен  туған  өлкенің 
табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып 
табылады.  
Оқыту міндеттері:  

 
химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мәдениетінің  негізгі 
құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;  

 
қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  пәндермен  интеграциялау  арқылы 
оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;  

 
күнделікті  өмірде,  химиялық  лаборатория  мен  өндірісте,  табиғатта 
болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;  

 
қауіпсіздік  техникасын  сақтай  отырып,  заттар  мен  лабораториялық 
құралдарды  қолданып,  қарапайым  химиялық  тәжірибелерді  жасау  мен 
түсіндіру дағдысын жетілдіру;  

 
адамзат  алдында  тұрған  проблемаларды  шешуде  химияның  қоғамдық 
мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;  

 
оқушының  химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін  заттар  мен 
материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  және  өндірісте  қауіпсіз 
пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  кері  әсерін  тигізетін 
құбылыстардың алдын алуға қолдану.  
Теориялық  және  практикалық  мәселелерді  қарастыруда  оқушылардың 
өзіндік  іс-әрекеттеріне,  алған  білімдері  мен  дағдыларын  қолдана  алуларына 
басымдық  беріледі.  Химиялық  эксперимент  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, 
танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, 
химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.  
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
сыныптар 
үшін 
химиялық 
экспериментті  таңдап  алу  кезінде  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы 
мен  психофизиологиялық  ерекшеліктерін  ескеру  қажет  –  гуманитарилерде. 
Осыған байланысты оқушы-гуманитарилер үшін химиялық эксперимент:  

 
оқылатын  материалға  қызығушылықты  қалыптастыру  үшін  тиімді 
болуы;  

 
оқылатын  заттар  мен  химиялық  үдерістер  практикалық  мәнділігін 
көрсетуі;  

 
табиғатта  болып  жатқан  үдерістерді  моделдеу  (фотосинтез  кезінде 
оттегінің  бөлінуі  және  оны  табу)  немесе  экологиялық  күйреуден  мүмкін 
болатын зардаптарын ұқсату;  

 
тарихи материал негізінде химиялық экспериментті еске түсіруі керек.  
Химияны  оқыту  үдерісі  арнайы  жабдықталған  кабинетте  –  химиялық 
реактивтер,  зертханалық  және  демонстрациялық  құралдар,  баспа  құралдары, 
мультимедиалық  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар,  диа-,  кино-  және 

124 
 
бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге 
асырылады.  
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:  

 
зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;  

 
олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;  

 
элективті курстар, таңдау бойынша курстар;  

 
химия  ғылымы  мен  өндірісі  орындарына  танымдық  саяхаттарды 
ұйымдастыру;  

 
алыс  қашықтықтан  оқыту,  он-лайн  сабақтар,  олимпиадалар,  тестілеуге 
қатысу.  
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:  

 
дидактикалық  және  мультимедиялық  ресурстарды  қолданып  оқу 
материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;  

 
әртүрлі  ақпарат  көздерімен  өздігінен  жұмыс  істей  білуді  дамыту: 
қосымша  оқулық  және  анықтамалық  әдебиетпен,  мәліметтердің  электронды 
базасы, каталог және картотекамен;  

 
диаграммалар, схемалар, аналитикалық және қорыту кестесін жасау, оқу 
материалын суреттеу, сипаттау, салыстыра, талдай білуді қалыптастыру;  

 
денсаулық сақтау мен экологиялық аспектіні ескеріп оқытуды өмірмен, 
химиялық өндіріс пен технология үдерістерімен байланысын күшейту;  

 
зертханалық  тәжірибелерді,  тәжірибелік  және  зерттеу  жобаларын, 
шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Өздігінен 
орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу 
жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады;  

 
химиялық  өнеркәсіп  пен  өндірістің  аймақтық  дамуы,  химиялық 
ластанудан  жергілікті  табиғат  ландшафтын  қорғау  мәселелерін  оқыту 
үдерісінде пайдалану;  

 
оқушылардың  сөздік  және  терминологиялық  қорын  байыту  бойынша 
жүйелі  түрде  жұмыс  жүргізу,  қажетті  дәлелдеулер  жүргізіп,  қорытынды  және 
қорыту  жасау.  Өздігінен  орындалған  оқушылардың  жобаларын  таныстыруды, 
әрбір  тоқсан  аяғында  оқу  жетістіктерін  бағалау  түрі  ретінде  өткізіп  тұру 
ұсынылады.  
10-11-сыныптардағы  алғашқы  сабақ  «Техника  қауіпсіздігі  бойынша 
алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.  
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  «Химия»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің 
көлемі:  
жаратылыстану-математикалық  бағытында:  10-сыныпта  оқу  жылына 
68  сағат,  аптасына  2  сағаттан;  11-сыныпта  оқу  жылына  68  сағат,  аптасына  2 
сағаттан.  
қоғамдық-гуманитарлық  бағытында:  10-сыныпта  оқу  жылына  34  сағат, 
аптасына 1 сағаттан; 11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.  
 
 
 

125 
 
4.4 «Адам және қоғам» білім саласы  
 
Қазақстан тарихы  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  өз  елінің  тарихын  оқып  білу 
арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.  
Қазақстан  тарихы  пәнінің  негізгі  оқиғалары,  соның  ішінде  Тәуелсіз 
Қазақстан  Республикасының  тарихының  негізгі  кезеңдері  Қазақстанның 
әлемдік  тарихи  үдерістің  құрамдас  бөлігі  ретінде  оқытылады.  Осы  бағытта 
тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы 
аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді 
оқу  үдерісіне  енгізуге  ерекше  назар  аударылады.  Мемлекет  басшысының 
«Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай 
жиырма  қадам»  атты  мақаласында  берілген  тапсырмаларын  іске  асыру 
жөніндегі  Іс-шаралар  жоспарының  (одан  әрі  –  Іс-шаралар  жоспары)  27-
тармағын  орындау  мақсатында  11-сынып  оқу  бағдарламасы  мазмұнында 
келесідей тақырыптармен жүзеге асырлады.  
«Қазақстан  –  2030»  стратегиясы:  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-
өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы.  «Қазақстан  –  2030»  және 
«Қазақстан  –  2050»  бағдарламалық  стратегияларының  тарихи  маңызы,  ұзақ 
жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары.  
Н.Ә.  Назарбаев  –  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  
(1 
сағат),  Н.Ә.Назарбаев  –  Ұлт  көшбасшысы,  Тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасының 
қалыптасуы 
мен 
дамуындағы 
Елбасының 
рөлі,  
Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.  
Білім  мазмұнын  таңдауда  тәрбие  беру  компонентіне  ерекше  назар  аудару 
керек.  
Мәтін  мазмұны  қазақстандық  қоғамның  негізгі  құндылықтарына  - 
қазақстандық  патриотизм,  толеранттылық,  «Mәңгілік  Ел»  патриоттық  актісін 
жүзеге асыру аясына бағытталу керек.  
Оқу  материалы,  көлемі  және  мазмұны  қысқартылған  нұсқада  беріледі. 
Саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық  құбылыстар  мен  процестерді  оқыту 
арқылы  оқушылардың  білімін  тереңдету,  тарихи  құбылыстарды  талдау, 
түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.  
«Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық  әдістер  мен 
технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың 
шығармашылық  қабілеттері  дамытылады,  дереккөздермен  жұмыс  жасау 
дағдылары,  талдау  және  синтездеу  меңгертіледі.  Пәннің  негізгі  мазмұнына: 
тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын 
жасауға  ықпал  ету;  оқушылардың  зерттеулері  мен  зерттеу  тәсілдеріне 
негізделген  белсенді  оқытуды  қолдау;  оқушылардың  сыни  ойлау  дағдыларын 
дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.  

126 
 
Оқу жүктемесінің көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыт:  10-сыныпта  аптасына  2  сағат,  оқу 
жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
жаратылыстану-математикалық бағыт:  
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 
2 сағат, оқу жылында 68 сағат.  
 
Дүниежүзі тарихы  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  ХХ  ғасырдың  басы  мен  ХХІ  ғасырдағы 
дүниежүзі  елдері  мен  халықтарының  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және 
рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.  
Қазіргі  білім  процесінде  тарихи  фактілер  мен  құбылыстарды  түсіндіру, 
бағалау  кезінде  тарихи  білімді  қолдану  мен  қазіргі  қоғам  дамуындағы  түрлі 
мәселелерді  (әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық)  талдау  дағдыларын 
дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы 
түсінуіне білім негізін қалыптастырады.  
Оқытудың  түрлі  әдістері  мен  технологияларын  таңдау  кезінде 
оқушылардың  танымдық  деңгейлерін  ескеру  керек.  Мысалы,  оқытудың 
құрылымдық-логикалық  технологиясы  қойылған  дидактикалық  міндеттерді 
кезеңдер  бойынша  ұйымдастыру  процесі  мен  оларды  шешу  тәсілдерін 
таңдауды,  алынған нәтижелерді диагностикалау  және  бағалауды  қарастырады. 
Мұндай  міндеттердің  құрылымдық  логикасы  әртүрлі  болуы  мүмкін: 
қарапайымнан  күрделіге,  теориядан  практикаға  немесе  керісінше.  Жоба 
технологиясы  –  жеке  тұлғаға  бағытталған  білім  жүйесі.  Бұл  технология 
оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу,  бастамашылдық,  шығармашылық 
қабілеттілігі  сынды  сапаларын  ашуға  мүмкіндік  береді  және  оқу  жобаларын 
ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы 
және  өзара  әрекет  арқылы  оқыту,  оқушылардың  өз  бетінше  шешім  қабылдау, 
жеке  жауапкершілік  сезімін,  топпен  және  ұжыммен  жұмыс  істеу  қабілеттерін 
қалыптастырады.  Оқу  курсының  вариативті  бөлігі  мынадай  таңдау  курстары 
бойынша  жүзеге  асырылады:  «Еуропалық  қайта  өрлеу»,  «Капитал  билеген 
әлемде»,  «Өнеркәсіптің  даму  тарихынан»,  «Халықаралық  сауда  жолдары», 
«Қазіргі алып құрылыстар» т.б.  
Оқу жүктемесінің көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 
68 сағат; 11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.  
жаратылыстану  -математикалық  бағыт:  10  сынып  –  аптасына  1 сағат, 
оқу жылында 34 сағат; 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.  
 
Адам. Қоғам. Құқық  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  дүниетаным  құрылымы,  негізгі  элементтері 
және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның 

127 
 
әлемге  деген  танымдық  қатынасы,  қоғамдық  қарым-қатынас  жүйесі  мен 
құқықтық  реттеудегі  адамның  орны  туралы  жүйелі  білім  қалыптастыру. 
Азаматтық ұстаным, өз Отанына  деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын 
тәрбиелеу.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқыту  үрдісінде  сыни  тұрғыдан  ойлау, 
зерттеу,  қарым-қатынас  жасау  мен  IT-технологияларды  қолдану  дағдылары 
дамыйтын 
болады. 
Мәтін 
мазмұны 
коммуникативтік 
дағдыларды 
қалыптастыруға,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасай  алып,  топта  диалог 
жүргізуге бағытталу керек.  
Оқу жүктемесінің көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық  бағыт:  10-сыныпта  аптасына  –  1  сағат,  оқу 
жылында 34 сағат; 11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сыныпта аптасына – 1 сағат, 
оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.  
 
Өзін-өзі тану  
Адамның  жеке  тұлғалық  әлеуетін  мақсатты  түрде  және  кеңінен  ашуға 
бағытталған  рухани-адамгершілік  білім  беру  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, 
тәндік,  әлеуметтік  және  шығармашылық  дамуының  үйлесімділігіне  қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде 
өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.  
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы 
және  өзіндік  қайталанбас  жеке  даралығын  пайымдауы  арқылы  табиғи 
қабілеттіліктері  мен  жасампаздық  әлеуетін  ашуға  бағытталған  мақсатты  білім 
беру  үдерісін  ұйымдастыруды  көздейді.  Өзін-өзі  тану  пәнінің  оқу-әдістемелік 
құралдары  оқушылардың  қоғамға  және  өз-өзіне  қызмет  етуіне  бағытталып, 
олардың  жасампаздық  белсенділігін  танытуға  мүмкіндік  беретін  өмірлік 
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.  
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:  
1)
 
адамның  өзіндік  бейімділіктерін  ашу  және  оның  темпераментін,  мінез-
құлқын,  қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;  
2)
 
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын  айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарының,  әлеуметтік 
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;  
3)
 
қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді  шешуде  жеке  тұлға 
құндылықтарын,  алған  білімдерін  іс  жүзінде  шығармашылықпен  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру.  
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:  

 
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;  

 
түрлі  мәселелерді  адамгершілік  қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде 

128 
 
шешу;  

 
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;  

 
адамдарға  көмек  көрсету,  туыстарына  және  жақындарына  мейірімді, 
қамқор болу;  

 
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы 
болу;  

 
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;  

 
өз  ойын,  сөзі  мен  ісін  адамгершілік  тұрғысынан  таңдауға  дайын  болу 
және оған жауапты болу;  

 
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.  
Өзін-өзі  тану  пәнінің  құрамы  мен  құрылымы  аталған  міндеттерді 
орындауға  бағытталып,  10-11-сыныптарға  білім  берудің  базалық  мазмұнын 
анықтайды.  
Өзін-өзі  тануды  жеке  міндетті  пән  ретінде  оқыту  оқу  жоспарының 
инвариантты бөлімінде  10-11-сыныптарда  аптасына 1  сағаттан,  әрбір  сыныпта 
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.  
 
 
4.5 «Технология» білім саласы  
 
Технология  
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өмірі, дайындыққа жәрдем 
етеді,  олардың  жасампаз  және  қайтақұрылу  саласына  байланысты,  кәсіби 
тұрғыда өзін-өзі анықталуы.  
Оқу  курсының  мақсаты  –  техника  мен  технология  саласында 
оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білімі  жүйесінің  нәтижелілігіне 
бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қамсыздандыру,  сонымен  қатар, 
технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық  көзқарасын 
дамыту.  
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:  

 
техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру;  

 
құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;  

 
технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту;  

 
оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар  әлемі,  еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;  

 
еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті  үрдісінде  эстетикалық,  адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;  

 
оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.  

129 
 
«Технология»  пәнін  оқыту  барысында  барлық  төрт  компоненттер  кіреді 
азаматтардың  әлеуметтік  тәжірибесі:  біліп  тану  саласының  тәжірибесі  (түрлі 
облыстағы  ақиқат  туралы  білімі),  танымал  әдістер  саласында  тәжірибе 
орындау, шығармашылық саласының тәжірибесі және тәжірибе эмоциональды-
құндылықтар  қатынас  объектілеріне  және  адам  саласының  құралдары.  Бұл 
барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.  
Соған  байланысты  10-11-сынып  материалдарында  ер  балаларға  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте):  
 
8-кесте - 10-11-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет