3. Жұмыс қағидаттары
17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауға
негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылығын қамтамасыз
ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және
қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл
сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. ЖОО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты
жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша
түрде телефонмен, поштамен немесе жоғары оқу орнының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол
қабылданады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар
апелляцияның жоғары инстанциясы –Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласа
алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, тел: +7 7172 742362
(интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).
22. Тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ЖОО кеңсесі
арқылы жазбаша түрде білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақытының режиміне сәйкес қабылданады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде
қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 12 қаңтардағы
белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға
Заңында
қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон
беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Кәсіптік жоғары білімнің білім беру
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
жоғары оқу орындарына құжаттарды
қабылдау мен оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақтылылығы
1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап
белгіленген мерзімде қызметті ұсыну
жағдайларының %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың % (үлесі)
3. Қолжетімділік
3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны
ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол
жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанғн мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)5.1. % (доля)
получателей государственной услуги,
удовлетворенных вежливостью персонала
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –
мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109
негізінде жүзеге асырылады.
қаулысының
4. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының
(бұдан әрі – ЖОО) интернет-ресурстарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ЖОО ректорының білім алушылар қатарына
қабылдағандығы туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, және Қазақстан Республикасының азаматы болып
есептелмейтін ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Жоғары оқу орындарының магистратурасына, докторантурасына, әскери жоғары оқу орындарының
адъюнктурасына, медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына оқуға
түсетіндер үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандары 1 – 20
тамыз аралығында, білім алушылар қатарына қабылдау – 31 тамызға дейін жүргізіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақыты режиміне сәйкес
көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет жоо-ларда көрсетіледі. ЖОО ғимаратында күтуге арналған жұмсақ
орындықтар, ақпарат тақталары, жұмыс үстелдері, құжаттардың ресімдеу үлгілері орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз
қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарының ғимараттарында арнайы
жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды
ұсынады:
Магистратураға, адъюнктураға және резидентураға оқуға түсетіндер үшін:
1) ұйым басшысы атына жазылған өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
3) интернатураны бітіргендігі туралы куәлік (резидентураға оқуға түсу үшін);
4) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында бекітілген бағдарламалар бойынша тест
тапсырғандығы туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек
өтілі бар тұлғалар үшін);
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
8) жеке куәлігінің көшірмесі;
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда).
Докторантураға оқуға түсетіндер үшін:
1) ұйым басшысы атына жазылған өтініш;
2) болашақтағы отандық және шетелдік ғылыми кеңесшісімен келісілген, жоспарланып отырған
диссертациялық зерттеуіне жасалған негіздеме;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында бекітілген бағдарламалар бойынша тест
тапсырғандығы туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
9) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек
өтілі бар тұлғалар үшін).
12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың
интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыларға осы стандарттың
сәйкес құжаттардың
11-тармағына
қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, онда:
1) конкурстық іріктеуге жіберілгендігі туралы ақпарат;
2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ
байланыс деректері;
4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды
өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас
тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:
1) осы стандарттың
көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық
11-тармағында
ұсынылмауы;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсушілердің әрбір емтиханды 100 баллға
бағалайтын жүйе бойынша екі түсу емтиханының нәтижесінде 150 балдан кем балл жинауы.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауға
негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылығын қамтамасыз
ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың
сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
қосымшасына
19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл
сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. ЖОО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты
жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша
түрде телефонмен, поштамен немесе жоғары оқу орнының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол
қабылданады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар
апелляцияның жоғары инстанциясы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне
хабарласа алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, тел: +7 7172 742362
(интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).
22. Тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ЖОО кеңсесі
арқылы жазбаша түрде білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақытының режиміне сәйкес қабылданады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде
қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 12 қаңтардағы
белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға
Заңында
қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон
беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
жоғары оқу орындарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі
жылдағы нысаналы
мәні
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақтылылығы
1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап
белгіленген мерзімде қызметті ұсыну
жағдайларының %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған мемлекеттік
қызметті алушылардың % (үлесі)т
3. Қолжетімділік
3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және
оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Ақпаратына электронды форматта
қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы
(үлесі)
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы
тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік
қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)5.1. % (доля)
получателей государственной услуги,
удовлетворенных вежливостью персонала
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу
орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға
жатақхана беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) және жоғары оқу орындары (бұдан әрі –ЖОО)
.
көрсетеді
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңының
сәйкес жүзеге асады.
43-бабына
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ және ЖОО веб-сайтарында
орналасқан.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жатақхана берілетіні туралы жолдама немесе
қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып
есептелмейтін ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың
айқындалған қажетті құжаттарды
11-тармағында
тапсырған сәттен бастап 20 минуттан артық емес;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден
14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала
жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
10. Мемлекеттік қызмет ТжКБ ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету
мақсатында күту үшін және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті
құжаттар тізбесі мен құжаттарды рәсімдеу үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды
толтыруға арналған орындар). Дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылар
кедергісіз қол жеткізуі үшін ғимараттарда пандусы бар кіреберіс қарастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Стандарттың
сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтініш;
1- қосымшасына
2) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;
3) 086-У нысандағы медициналық анықтама;
4) факультет деканатының қолдаухаты
5) отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;
6) ата-анасының біреуі немесе ана-аналары қайтыс болған жағдайда ата-анасының қайтыс
болғаны туралы анықтама (жетімдер үшін);
7) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама
(көп балалы отбасының балалары үшін);
8) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
9) оқу орнынан анықтама.
12. Мемлекеттік қызметті алу туралы өтініштер нысандары техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының фойесінде орналасады немесе мамандарда болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ТжКБ беру ұйымының оқу бөліміне және
ЖОО-ның деканаттарына өткізіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013
№ 699
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті
алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрлері;
3) қосымша құжаттардың атауы мен саны;
4) күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдап алған ТжКБ және ЖОО өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды
өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) осы стандарттың
көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмағанда. Мемлекеттік
11-тармағында
қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады;
2) ТжКБ және ЖОО жатақханаларында орын болмағанда.
3. Жұмыс қағидаттары
17. ТжКБ және ЖОО қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына
негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпияда ұстау
қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа
сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.
2-қосымшаға
20. Мемлекеттік қызметтің сапа және нәтижелілік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. ТжКБ ұйымдары мен ЖОО қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі туралы ақпаратты ТжКБ ұйымдары мен ЖОО оқу бөлімдерінен алуға болады. Арыздар ауызша
және жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол
қабылданады.
22. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда
белгіленген жұмыс кестесін сәйкес жоғарғы апелляциялық инстанция – ҚР Білім және ғылым
министрлігіне шағымдана алады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Азаматтардың өтініштері, соның ішінде шағымдары жазбаша түрде еркін нысанда
қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына қарай қосымша құжаттарды беруге болады.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 12 қаңтардағы
белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға
Заңында
қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон
беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында, жоғары оқу
орындарында оқитындарға
жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша
Өтініш
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(факультет/бөлім, мамандық)

«_____»_________20__ж.
______________(қолы)
«Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында, жоғары оқу
орындарында оқитындарға
жатақхана беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақтылылығы
1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап
белгіленген мерзімде қызметті ұсыну
жағдайларының %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)
3. Қолжетімділік
3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны
ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған
мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Электронды форматта қол жеткізуге
болатын ақпараттық қызметтер %-ы (үлесі)
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған мемлекеттік қызметті
алушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған
мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша
кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |