Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата18.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10020
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін
(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдары (бұдан
әрі – ТжКБ) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27
шілдедегі Заңының 
 және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу
26-бабымен
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 
 (бұдан әрі
қаулысымен
–Үлгі қағидалар) реттеледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының
интернет-ресурстарында және фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), әкімдіктердің, облыстар және Астана, Алматы
қалаларының білім басқармаларының ресми сайттарында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет
көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап.
      6. Мемлекеттік қызмет негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық
және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік
жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы
жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 
 айқындалған қажетті құжаттарды
11-тармағында
тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңінде – 60 минуттан аспайды;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап
Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30
тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін;
      Құжаттар тіркелген күннен бастап бір аптадан аспайтын мерзімде қабылдау комиссиясы оқуға
түсушілерге түсу емтихандарына жіберілгендіктері туралы хабарлайды.
      8. Білім беру ұйымдары көрсететін қызмет көрсету білім беру ұйымы бекітетін және
құрылтайшымен келісілген қызмет көрсету тарифіне сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) оқудың күндізгі нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
      3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге
асырылады.
      Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкі және сырттай оқу
бөліміне 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы
21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар
құрамына қабылдау күндізгі оқу бөліміне 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу нысанына
15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі;
      2) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі
үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;
      3) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге
асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қызметті алушыларға, оның
ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған училищелерде,
колледжерде және жоғары техникалық мектептерде көрсетіледі. Оқу орындарының фойесі бланкілерді
толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтермен жарақтандырылады. Күту жағдайы және қажетті
құжаттарды даярлауға қолайлы болуы үшін бөлмелер креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды
ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) білімі туралы құжаттар (түпнұсқа);
      3) білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтініш;
      4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен (І және ІІ топтағы
мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) қоса
беріледі;
      5) 3х4 көлемдегі 4 фотосурет.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің заңды өкілдері жеке өздері ұсынады.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге
тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын – босқынның куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман – оралманның куәлігі.
      Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың
нысандары бойынша тіркеледі.
      Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді
тестілеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған
(ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан
босатылады және Үлгі қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жіберіледі.

      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі оқу орнының фойесінде
орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
      13. Өтініш, сондай-ақ барлық қажетті құжаттар білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына
тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушылардың ұсынған құжаттары
«Білім алушылар қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркеледі. Құжаттарды өткізген тұлғаларға
құжаттарды қабылданғаны жөнінде осы стандарттың 
 сәйкес өтінішті қабылдап алған
1-қосымшасына
күнді және нөмірін, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын
көрсете отырып, қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті
алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 
 көрсетілген қажетті
11-тармағында
құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады, бас тарту
себептері жазбаша негізделеді.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Оқу орнының қабылдау комиссиясының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;
      2) барша халықтың білімге қолжетімділігі, оның гуманистiк және зайырлы сипаты;
      3 ) білім алушылардың сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және
құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын
қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету;
      8) әдептілік және сыпайылық;
      9) заңдылығы;
      10) жариялылығы;
      11) ашықтығы.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 
 сәйкес сапа және
2-қосымшаға
қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл
сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Білім беру ұйымы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы
ақпаратты білім беру ұйымының қабылдау комиссиясы төрағасынан алуға болады.
      21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда телефонмен, поштамен немесе жұмыс күндері білім
беру ұйымының қабылдау бөлмесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      22. Білім беру ұйымы тікелей қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік
қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, азаматтардың шағымы білім беру ұйымы
басшысының атына жазбаша түрде қабылданады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті

береді.
      25. Қабылданған шағымдар оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12
қаңтардағы 
 белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау
Заңында
мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Техникалық және кәсіптік білім беру  
бағдарламалары бойынша кадрлар     
даярлауды жүзеге асыратын білім беру 
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және  
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына 1-қосымша         
___________________________________
(Құрылтайшының атауы)
___________________________________
(оқу орнының атауы)
Құжаттарды қабылдау туралы
№ ___ қолхат
      Азамат(ша) __________________________________________________
                              (толық аты-жөні)
мынадай құжаттар* алынды:
      1. Өтініш ___________________________________________________
      2. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________
      3. __________________________________________________________
                        (білімі туралы құжаттың атауы)
«____» ___________ 20___ж. № _____ берілген___________
      4. Үш фотосурет _____________________________________________
      5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ________________________
      6. __________________________________________________________
      7. __________________________________________________________
      Қабылдау бойынша жауапты хатшы ______________
                                       (қолы)
20___ж. «____» ___________
Көрсетілген стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесі *
«Техникалық және кәсіптік білім беру  
бағдарламалары бойынша кадрлар     
даярлауды жүзеге асыратын білім беру 
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және  

оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына 2-қосымша         
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің
нормативтікмәні
Көрсеткіштің
келесі жылға
мақсатты мәні
Есепті жылғы
көрсеткіштердің
ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақытылығы
1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап
белгіленген мерзімде қызметтің көрсетілу
жағдайларының % (үлесі)
1.2. 40 минуттан аспайтын уақыт мерзімінде
қызметті алу үшін кезекте тұрған тұтынушылардың
% (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Көрсетілген қызметтің сапасына
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс рәсімделген
құжаттардың % (үлесі)
3. Қолжетімділігі
3.1. Көрсетілген қызмет сапасымен және қызмет
көрсету тәртібі туралы ақпаратпен қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)
3.2. Бірінші реттен тұтынушымен дұрыс
толтырылып тапсырылған құжаттардың % (үлесі)
3.3. Интернет арқылы қол жететін ақпараттардың,
қызметтердің % (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1.Қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы
санына көрсетілген қызметтің түрі бойынша
негізделген шағымдардың % (үлесі)
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және
қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %
(үлесі)
4.3. Қолданыстағы шағымдану тәртібімен
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Қызмет көрсетушінің сыпайлығына
қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 

№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 544
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан
Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
      1) Қазақстан Республикасының 
;
Конституциясы
      2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 
;
Заңы
      3) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 
.
қаулысы
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру
ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет
көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі –
мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды
тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:
      1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға
дейінгі күту уақыты – 30 минут;
      2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету
уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық
білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
      8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары

бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет
барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден
13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру
ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында
көрсетіледі.
      Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және
орындықтармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына өтініш
білдірген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) баланың заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);
      2) туу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
      4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
      5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.
      Бастауыш білім беру ұйымына 1-сыныпқа келуші баланың заңды өкілдерінен өтініш ағымдағы
жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
      1-сыныпқа қабылдау кезінде жекеменшік білім беру ұйымынан басқа бастауыш білім беру
ұйымдары емтихан мен тестілеу жүргізбейді.
      Білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті
алуға үміткер мемлекеттік қызметті алушы таңдаған оқыту бейініне сәйкес білім беру ұйымының
мәртебесін, білім беру деңгейін, сондай-ақ, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын
аудан) ескергені жөн.
      12. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Министрліктің www.edu.gov.kz ресми сайтынан,
сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақпараттық стенділерінен алуға болады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне жауапты тұлғаға
тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға
қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтінішті қабылдау нөмірі және уақыты;
      2) құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      15. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі:
      білім беру ұйымдарына өтініш берушінің жеке қатысуы арқылы.
      16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз
болуы мүмкін:
      1) осы стандарттың 
 қарастырылған құжаттар пакетінің толық берілмеуі;
11-тармағында
      2) құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілердің (мәліметтердің) анықталуы;
      3) аталған білім беру ұйымында сұратылған білім беру деңгейінің жоқтығы немесе сәйкес
келмеуі;
      4) мемлекеттік қызметті алушының оқу көрсеткішінің таңдалған білім беру ұйымының
мәртебесіне сәйкес келмеуі;
      5) аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерінің сәйкес келмеуі.
      Аталған білім беру ұйымдарында қажетті оқыту бейіні жоқ болса, мемлекеттік қызметті
алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы білім беретін мектептерде таңдаған оқыту бейіні
бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат беріледі.

      Білім беру ұйымына қабылдау үшін өтініш берушінің құжаттарын қабылдау кезінде басшылар
мемлекеттік қызметті алушыларды білім беру ұйымының Жарғысымен және басқа да білім беру үдерісін
реттейтін құжаттармен таныстыруы тиіс.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Білім беру ұйымдарының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялылық;
      6) мемлекеттік қызметті алушының мерзімінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 
 сәйкес сапа және
қосымшаға
тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағым беру тәртібі
      20. Уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану қажет
болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі өңірлік уәкілетті білім беру
органдарына: аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – аудан (қала)ББ) хабарласуына
болады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі қабылданған шараларға қанағаттанбаса не
мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкіл Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8,
11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша
түрде шағым жолдауына болады.
      Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндері министрліктің кеңсесі арқылы хат түрінде қолма-қол
қабылданады.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттік қызметті
алушылар аудан (қала) білім бөлімдері бастығының атына шағымданады.
      23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген
жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 12 қаңтардағы 
 белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға
Заңында
қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон
беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта  
білім берудің жалпы білім беретін   
бағдарламалары бойынша оқыту үшін  
ведомстволық бағыныстылығына     

қарамастан білім беру ұйымдарына   
құжаттарды қабылдау және оқуға    
қабылдау» мемлекеттік қызмет    
стандартына қосымша       
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік
мағынасы
Көрсеткіштің
кейінгі жылдағы
мақсаттық
мағынасы
Көрсеткіштің есеп
беру жылдағы
ағымдық мағынасы
1
2
3
4
1. Уақтылылық
1.1. Құжат тапсыру кезінен бастап белгіленген
мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %
(үлесі)
2. Сапа
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
2.2. Құжаттардың дұрыс рәсімделу
жағдайларының % (үлесі) (есептелген сомалар,
есептер ж.б.)
3. Қолжетімділік
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет
көрсетудің реттілігі жөнінде ақпарат жайлы
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
3.2 Электронды форматта қолжетімді болған
қызметтер, ақпараттар % (үлесі)
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібімен
қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
5. Әдептілік
5.1. Қызметші персоналдың әдептілігіне
қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет