Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Тағам өнімдерінің уытты элементтермен ластануы



Pdf көрінісі
бет43/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

3.2. Тағам өнімдерінің уытты элементтермен ластануы
Уытты элементтермен ластану проблемалары бойынша бірнеше 
көзқарастар бар. Олардың біреуіне сəйкес периодтық жүйедегі 
барлық химиялық элементтер үш топқа бөлінеді: 1) тағамның ал-
мастырылмайтын факторы ретіндегі элементтер (эссенциалды ма-
кро- жəне микроэлементтер); 2) эссенциалды емес немесе тіршілік 
əрекетіне міндетті емес элементтер; 3) уытты элементтер. Басқа 
көзқарасқа сəйкес барлық элементтер белгілі мөлшерде тіршілік 
əрекетіне қажетті.
Адам ағзасына əсер етуі бойынша микроэлементтердің жіктемесі 
əзірленген:
1) адам жəне жануардың тамақтануында маңызы бар микроэле-
менттер, (Со, Сг, Се, F, Fe, I, Mn, Mo, Ni, Se, Si, V, Zn);
2) токсикологиялық маңызы бар микроэлементтер (As, Be, Cd, 
Со, Cr, F, Hg, Mn, Mo, Ni, Pb, Pd, Se, Sn, Ti, V, Zn).
Айта кету керек, аталған тоғыз элемент екі топқа да жатқызылған. 
Биологиялық эссенциальды микроэлементтердің тапшылығын, оп-
тималды деңгейін жəне уытты əсерін анықтайтын дозасының шегі 
болады. Осы шкаладағы төмен дозалы уытты элементтердің зиян-
ды əсері болмайды жəне биологиялық функциясын атқармайды, 
бірақ жоғары дозада олар уытты əсер көрсетеді. Осылайша, 
өмірлік маңызы бар элементтермен уытты элементтер арасындағы 
айырмашылық əрқашан анықталмайды. Барлық элементтер артық 
мөлшерде қолданылса уытты болуы мүмкін. Бұдан басқа, химиялық 
элементтердің уыттылығы бір-бірімен əрекеттескенде байқалады. 
Мысалы, ағзаға кадмийдің физиологиялық əсері жəне оның 
уыттылығы құрамында болатын мырыш мөлшеріне байланысты 
болады, ал жасушадағы темірдің функциясы мыс, кобальт, біршама 
деңгейде молибден жəне мырыштың мөлшеріне байланысты бола-
ды. Осыған қарамастан өте төмен концентрацияда уытты қасиеті 
күшті сезілетін жəне ешқандай пайдалы функция атқармайтын 


76
химиялық элементтер де бар. Мұндай уытты элементтерге сынап, 
кадмий, қорғасын, мышьяк жатады. Олар өмірге қажетті, пайдалы 
емес, төмен дозаның өзінде ағзаның қалыпты зат алмасу қызметін 
бұзады. Тағам кодексі бойынша (Codex Alimentarius) ААҰ жəне 
БДСҰ біріккен комиссиясы сынап, кадмий, мыс, қалайы, мырыш, 
мышьяк, қорғасын элементтерінің мөлшерін тағам өнімдерінің 
халықаралық саудасында бақыланатын компоненттер санына қосты. 
3.2.1. Сынап: тағам өнімдерінің ластану көздері. Сынап 
жəне оның қосылыстарының токсикалық қауіптілігі
Сынап рудадан оңай алынады, шектеулі қолданысына қарамастан 
көптеген ғасырлар бойы кеңінен белгілі. Табиғатта сынап үш 
тотыққан жағдайда: металдық немесе атомдық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет