83
дарына тез сіңеді. Нақты жұтылған мышьяк мөлшері мышьяктың
химиялық қосылыстарының түріне жəне тағам құрамына байланы-
сты болады. Жұтылған мышьяк А-глобулинмен қосылып протеинді
кешен түрінде барлық органдармен тіндерге тез таралады. Ағзаға 24
сағаттан кейін түскеннен кейін оның концентрациясы органдардың
көпшілігінде азая бастайды. Ағзаға түскеннен кейін терідегі мышьяк
мөлшері бірнеше күндерден кейін ұлғаюы мүмкін. Мышьяктың
теріде, аяқта, шашта, сонымен қатар сүйек жəне бұлшықетте жина-
латыны байқалған. Мышьяк белоктың сульфгидрильді топтарымен
байланысып, жасушалы метаболизм жəне тыныс алу процестеріне
қатысатын көптеген ферменттердің əрекетін тежейді.
Мышьякпен созылмалы улану тəбеттің жоғалуын жəне салмақтың
төмендеуін, ішектік бұзылыстар, перифериялық невроз, конъюн-
ктивит, гиперкератоз жəне тері меланомасын тудырады. Мелано-
ма мышьяктың ұзақ əсер етуі барысында пайда болады жəне тері
рагының дамуына алып келуі мүмкін. ААҰ жəне БДСҰ сарапшыла-
ры мышьяктың 1 кг дене массасына РЕТД -сын 0,05 мг деп бекіткен,
ол ересек адам үшін 3 мг/тəул. құрайды.
3.2.5. Мыс, стронций, мырыш, темір, сурьма, қалайы, никель,
хром жəне алюминийдің уытты қасиеттері
Мыс адамзат таза күйінде қолданған бірінші металдардың бірі.
Мыстың едəуір көп мөлшері электротехника өнеркəсібі, суөткізгіш
жəне жылыту жүйелерін дайындау үшін, ауылшаруашылығы жəне
фармакологияда қолданылады.
Мыс дерлік барлық өнімдерде болады. Ересек адамның мысқа
тəуліктік қажеттілігі – 2,0-2,5 мг, яғни 35-40 мкг/кг, балалар
үшін – 80 мкг/кг-ды құрайды. Тағамда мыстың физиологиялық
антагонистері – молибден жəне мырыш мөлшері қалыпты болса, ААҰ
сарапшыларының бағалауы бойынша мыстың тəуліктік қажеттілігі
0,5 мг/кг-нан артық болмауы мүмкін (рационда 30 мг дейін).
Достарыңызбен бөлісу: