77
жəне суқарақұста болады. Сынап қосылыстарының таралу тізбегін:
өнеркəсіптік қалдықтар,
егістіктегі шайындылар
→ суаттар → зо-
опланктон, шаян тəрізділер, моллюскалар, балықтар, теңіз жануар-
лары (балықтан, теңіз жануарларынан жасалған жемдік ұн)
→ үй
жануарлары → адам деп көрсетуге болады.
Токсикологиялық жағынан алғанда сынап көмірсу атомының ме-
тил, этил, пропил топтарына (қысқа тізбекті алкил қосылыстары)
қосылғанда өте қауіпті болады. Сынапты метилдеу процесі су
экожүйесінің тағам тізбегі бойынша сынап биокумуляциясында ба-
сты звено болып табылады. Егер негізгі
тағам өнімдерінде сынап
мөлшері өнімнің 1 килограмында 60 микрокилограмнан төмен болса,
ластанбаған өзендер жəне су қоймаларындағы тұщы су балықтарында
ол 100-200 мкг/кг, ал ластанған өзен балықтарында – 500-700 мкг/
кг құрайды. Теңіз балықтарында сынаптың орташа мөлшері – 150
мкг/кг құрайды. Балықтың құрамындағы сынап мөлшерінің табиғи
деңгейі ретінде 0,1-0,2 мг/кг шамасын қабылдайды. БДСҰ рұқсат
етілген шекті концентрациясы ретінде 0,5 мг/кг мəнін ұсынды. Бұл
мəн жоғарылатылған болуы мүмкін, сондықтан балықты тек апта-
сына 1-2-рет тұтыну ұсынылады, ал жүкті əйелдер тағамды мүлдем
тұтынбауы тиіс.
Адам концентрациясы төмен метил сынабы (мысалы, 0,8 мг/кг)
бар
балықты артығымен тұтынса, оның шашында сынап жиналып,
уланудың бірінші белгілері байқалады. Шаштағы сынап концентра-
циясы 10 мг/кг дейінгі мөлшер қауіпсіз болып саналады, құрамында
сынабы жоқ су жəне балықты қолданған адам шашында осындай
мөлшерде сынап болуы мүмкін. Адам шашында 300 мг/кг-ға жуық
сынап мөлшері өмірге қауіпті болып саналады.
Сынаптың органикалық қосылыстары адам ағзасынан өте баяу
шығатын жəне ыдырайтын күшті заттар.
Метилсынап ағзадан жар-
тылай бүйрек арқылы, негізінен бауыр жəне өт, сонымен қатар
нəжіспен шығады. Сынап қосылыстарының ағзадан (олардың
биологиялық ыдырауының жарты кезеңі) шығу ұзақтылығы 70
күнге жуық уақытты құрайды. Сынаптың токсикалық қауіптілігі
белоктың SH-топтарымен əрекеттескенде білінеді. Оларды қоршай
отырып, сынап тін белоктарының биологиялық қасиеттерін
өзгертіп, бірқатар гидролитикалық жəне тотығу ферменттерін инак-
тивациялайды. Сынап жасушаға еніп,
ДНҚ құрылымына кіріп кетуі
мүмкін, бұл адамның тұқымқуалаушылық қабілетіне əсер етеді.
Ми метилсынапқа ерекше туыстық білдіріп, басқа органдармен
78
салыстырғанда алты есе көп сынап жинақтауға қабілеті бар. Ми
жасушасындағы сынаптың 95 %-дан астамы органикалық түрде
болады. Басқа тіндерде органикалық қосылыстар диметилденіп,
бейорганикалық сынапқа айналады. Эмбриондарда сынап ана
ағзасындағыдай жинақталады, бірақ сынап мөлшері ұрық миында
жоғары болуы мүмкін.
Жануарды балықпен,
балық ұнымен, сонымен қатар сынап пре-
параттарымен өңделген дəнді жем ретінде қолданғаннан кейін жа-
нуар өнімдерінде сынаптың өте жоғары мөлшері байқалуы мүмкін.
Жануарларды сынапорганикалық пестицидтермен өңделген дəнмен
қоректендіргенде сынап сүтпен ұзақ бөлінуі, сонымен қатар тағамға
қолданылатын жануар органдары жəне тіндерінде көп мөлшерде
жинақталуы мүмкін.
Сынап қосылыстарының бір аптадағы рұқсат етілетін тұтыну
мөлшері адамда 0,3 мг-нан, метилсынап 0,2 мг-нан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: