Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет62/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111
3.4.4. Полигалогенделген көмірсутегілермен контаминация-
лануына байланысты тағам өнімдері жəне қоршаған ортаның 
қауіпсіздігі проблемаларын шешу жолдары
Қазақстанда тұрғылықты халық жəне қоршаған ортаны қауіпті 
химиялық заттар – полихлорланған бифенилдердің (ПХБ) əсерінен 
қорғау саласында көзделген мақсатта жұмыстар жүргізілуде. Үлкен 
қашықтықтарда ауаның трансшекаралық ластануы жөніндегі 
Конвенцияға сəйкес осы диоксинге ұқсас контаминанттар тұрақты 
органикалық ластағыштарға жатқызылған. Көрсетілген заттар 
Қоршаған орта министрлерінің кезекті Жалпыеуропалық конферен-
циясында қабылданған тұрақты органикалық заттар жөніндегі Кон-
венция хаттамасында талқыланған.
Проблеманы шешу жолдары – қоршаған ортадағы диоксин фо-
нын бақылайтын станциялар желілерін құру (диоксиндік ластануға 
қатысты мониторинг жүргізу); аймақта жəне сырттағы диоксиндер 
генерациясының шығу көздерін анықтау; шығу көздерін жоюға 
бағытталған шараларды ұйымдастыруда (технологияны өзгерту, 
залалданған жерлерді тазалау, құрамында диоксині бар өнімдер 
ағынының жолын кесу жəне т.б) Қазақстан əлемдік тəжірибені 
жетекшілікке алады.
Қарастырылған проблеманы шешуде Гринпис жəне «Химиялық 
қауіпсіздік» одағы сияқты мемлекеттік емес ұйымдар жəне қорлар 
қатысатынын атап өткен жөн.
1980 жылдан бастап полихлорланған диоксин, дибензофуран 
жəне олардың туыс қосылыстары бойынша халықаралық конфе-
ренциялар жыл сайын өткізіледі. Тіршілік ететін ортаның, жалпы 
ғаламшардың диоксин жəне оның туыс қосылыстарымен улануын 
биосфераны зерттейтін эколог, биолог жəне химиктер емес, соны-
мен қатар əртүрлі елдердің үкіметтері түсінді. Бұл өзекті мəселе, 
қоршаған ортаны қорғаудың көптеген аспектілерін қамтиды, оны 
қарастыруда қоғамдастықтың кең буыны қызығушылық тудырып 
отыр. 1985 жылдың қараша айында Швецияның қоршаған ортаны 
қорғау Агенттігі шеңберінде қоршаған орта объектілеріндегі диоксин 
мөлшерін бақылау жөнінде арнайы бағдарлама əзірлеген жұмысшы 
топ құрылды. 1986 жылы БДСҰ жанындағы химиялық қауіпсіздік 
туралы Еуропалық аймақтық бағдарлама құрылған, онда басты на-
зар диоксиндер жəне олардың туыс қосылыстарының мөлшері бой-
ынша анализдер сапасын бақылауға аударылған.


118
Қоршаған орта объектілерінің диоксинмен ластануын 
төмендетуге бағытталған нақты техникалық шешімдерді əзірлеумен 
қатар, осы ластағыштармен күресетін жалпы бағдарлама қажет. 
Мұндай бағдарламаның келесідей негізгі кезеңдері болуы тиіс:
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілерінде диоксин мөлшерін 
талдауды жүргізу қажет;
- заттардың қоршаған ортаға таралуына мүмкіндік бермейтін 
тұйықталған технологиялық циклдерді құру;
- диоксинді заттардың түзілуін болдырмайтын жаңа технологи-
яларды, жəне күл-қоқыс жəне өндіріс қалдықтарын жоятын жаңа 
əдістер құру;
- үлкен аудандарды жылдам детоксикациялау əдістерін əзірлеу;
- тазалау əдістерін жетілдіру жəне диоксиндердің ыдырау шарт-
тарын жəне катализаторларын іздеу;
- диоксин қаупі бар барлық өндіріс орындарын жабу;
- суды тазалу станцияларында хлорлау процесін озондау немесе 
УК-сəулелеу процесіне алмастыру;
- тұрақты медициналық тексерістер.
Көрсетілген проблемаларды жартылай шешу үшін:
- техногендік органикалық жəне металорганикалық суперэкоток-
сиканттардан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мақсатқа бағытталған 
мемлекеттік бағдарлама жəне іс-шаралар кешенін əзірлеу;
- табиғат жағдайында диоксин мөлшерін жəне оның негізін 
салушыларды жедел бақылау критерилерін, əдістерін жəне 
ұйымдастырылуын əзірлеу;
- табиғи ортадағы ультра аз ғана экотоксиканттар мөлшерін 
анықтау əдістерін əзірлеу сияқты міндеттер қарастырылады.
Қоршаған орта объектілеріндегі диоксин мөлшерін бақылау 
жүйесін құру бойынша іс - шаралар жоспары:
- табиғат қоршаған ортаны жəне халықты диоксиннен қорғау кон-
цепциясын əзірлеу;
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілеріндегі диоксиндерді 
анықтаудың аналитикалық əдістерін жəне сандық анықталуын 
зерттеуді əзірлеп, қадағалау мекемелерінің тəжірибелеріне енгізу;
- қоршаған ортаның əртүрлі объектілеріндегі диоксиндер 
мөлшерінің экологиялық нормативтерін əзірлеу;
- экологиялық мониторингті ұйымдастыру жəне жүргізу, диоксин 
қаупінің шығу көздерін жəне аймақтарын анықтау, диоксинмен ла-
стануына байланысты аймақтарды жіктеу;


119
- диоксиндердің түсуіне байланысты табиғат қоршаған ор-
таны қорғау бойынша технологиялық сызбаларды əзірлеу жəне 
өнеркəсіпте жүзеге асыру жəне диоксин қаупі бар өндірістерді 
қауіпсіз технологияға ауыстыру;
- ластанған аумақтарды сауықтыру бойынша экологиялық іс-
шараларды іске асыру сияқты мəселелерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет