Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет13/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

1-суретте көрсетілген. Берілген 
бағдарламаның негізгі блоктарына əлеуметтік-экономикалық база, 
өндірісті дамыту жəне білім деңгейін көтеру жатады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік саяса-
тын іске асыру механизмінің маңызды элементтеріне:
- азық-түлікті өндіру жəне тұтыну саласында ғылым жəне техни-
ка дамуының басым (приоритетті) бағыттарын таңдау жəне бағалау;
- тамақтанудың басты мəселелері бойынша ғылыми-техникалық 
жəне технологиялық шешімдерді қарастыратын ғылыми-техникалық 
бағдарламалар жəне азық-түлік, дəрумендер жəне тағамдық 
қоспалар өндірісінің сферасын түбегейлі өзгертуге қабілетті жаңа 
жабдықтарды əзірлеуді қарастыратын мемлекеттік жəне аймақтық 
мақсатқа бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламалар;
- халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық жəне оның 
тамақтану саласындағы проблемаларды шешуге арналған жаңа 
түрлерінің дамуы;
- азық-түлікті өндірудің жəне тұтынудың болашағы бар 
бағыттарында іргелі жəне ізденіс зерттеулерін озық түрде дамыту;
- Қазақстан кəсіпорындарының халықтың түрлі топтарына сапа-
лы өнім шығаруға мүдделі болуын қамтамасыз ететін экономикалық 
механизмді қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» 
заңының орындалуы;
- Қазақстан Республикасының заңын сараптау, салауатты 
тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясында 
баяндалған қағидалардың заңға сəйкестігін қамтамасыз ету үшін 
ұсыныстарды енгізу жəне əзірлеу;


25
1-сурет. Салауатты тамақтану концепциясын жүзеге асыру
- қолданыстағы заңға сəйкес өндіру кезеңінде, тасымалдау, сақтау 
жəне өткізу барысында азық-түлік өнімдері жəне дайын өнімнің са-
пасын мемлекеттік қатаң бақылау;
- медицина ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сəйкес са-
лауатты тамақтану ұстанымдарын тұрақты түрде үгіттеу;
МЕМЛЕКЕТТІК 
ДЕҢГЕЙ
АЙМАҚТЫҚ 
ДЕҢГЕЙ
ӨНДІРІСТІ 
ДАМЫТУ
БІЛІМ 
ДЕҢГЕЙІН 
КӨТЕРУ
ҒЫЛЫМ САЛАСЫ 
ЖАҒЫНАН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ҒЫЛЫМ САЛАСЫ 
ЖАҒЫНАН
ҚАМТАМАСЫЗ 
ЕТУ
ҒЫЛЫМ САЛАСЫ 
ЖАҒЫНАН
ҚАМТАМАСЫЗ 
ЕТУ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚ
ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ҮКІМЕТІ
МЕМЛЕКЕТ 
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 
ƏКІМШІЛІГІ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ;
ТАҒАМ ӨНЕРКƏСІБІ;
ХИМИЯ ӨНЕРКƏСІБІ
АЗЫҚ-ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ;
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ;
ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР
ЖƏНЕ БАЙЫТҚЫШТАР;
БИОЛОГИЯЛЫҚ 
БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР
ЖАЛПЫҒА БІЛІМ 
БЕРУ МЕКТЕПТЕРІНЕ 
АРНАЛҒАН 
БАҒДАРЛАМА;
ЖОО ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ 
ОҚУ ОРНЫНАН 
КЕЙІНГІ БІЛІМ 
БЕРУГЕ АРНАЛҒАН 
БАҒДАРЛАМАЛАР;
ОРТА ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ 
МЕКЕМЕЛЕРГЕ 
АРНАЛҒАН 
БАҒДАРЛАМАЛАР;
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ 
ҚҰРАЛДАРЫНА 
АРНАЛҒАН 
БАҒДАРЛАМАЛАР
ƏЛЕУМЕТТІК – 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
БАЗА


26
– азық-түлік шикізаты, тағам өнімдері жəне қоспаларды стан-
дарттау жəне сертификаттаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оны 
халықаралық тəжірибе талаптарына сəйкестендіру;
– салауатты тамақтану жəне экологиялық таза тағам өнімдері 
жəне қоспаларды өндіру саласындағы отандық жəне шетел 
ғылымымен техникасының жетістіктері жəне тенденциялары ту-
ралы ақпаратты талдау жəне бағалау жүйелерін құру, мемлекеттік 
саясатты қалыптастыру жəне тиімді түрде жүргізуге қолданылатын 
болжамдайтын жəне аналитикалық материалдарды дайындау;
тағам өнімдері, азық-түлік шикізаты, сонымен қатар 
тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды əзірлеуге 
қолданылатын шикізаттың химиялық құрамдары жөнінде мəліметтер 
банкін құру;
– тағамдық технология, тамақтану гигиенасы жəне ауыл-
ша 
руашылық өндірісі саласында инженерлік жəне ғылыми 
қызметкерлерді үздіксіз дайындау жүйесі;
– мемлекеттік ғылыми-техникалық жəне мақсатты бағ-
дарламалар шеңберінде, өндірісте прогрессивті технология жəне 
жаңа тағам өнімдерін, бірінші кезекте алмастырылмайтын фактор-
лармен (дəрумендер, минералды заттар жəне т.б.) байытылған бала-
лар тағамы жəне көпшілік тұтынатын тағам өнімдерін құруда жəне 
игеру жұмыстарында кəсіпорындарға салық жеңілдіктерін ұсыну;
– Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіп өндірісін тұ-
рақтандыру жəне дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны іске 
асыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет