32
2-сурет. Тағамның бөгде зиянды заттары
Тағам өнімдері – жүздеген химиялық қосылыстан тұратын күрделі
көпкомпонентті жүйені құрайды. Тағамның барлық химиялық затта-
ры шартты түрде:
1. Өсімдік жəне жануар текті белгілі бір өнім түрлеріне
арнайыланған заттар;
2. Белгілі бір технологиялық нəтижеге
қол жеткізу мақсатында
тағам өнімдеріне арнайы енгізілетін тағамдық қоспа заттары;
3. Қоршаған ортадан тағамға түсетін химиялық жəне биологиялық
текті контаминантты заттар болып үш негізгі топқа бөлінеді.
Тағамда энергия көзі бола отырып,
құрамындағы пластикалық ма-
териал, дəрумендер, минералды заттар жəне микроэлементтермен қоса,
құрамында адам ағзасына қауіп төндіретін химиялық құрылымы бойын-
ша əртүрлі заттар жоғары мөлшерде болуы мүмкін. Сонымен қатар азық-
түлік шикізатының
меншікті компоненттері, сондай-ақ тағамдық қоспа
жəне контаминанттар заттары зиянды əсер көрсетуі мүмкін.
Тағамдық заттардың контаминациясы өндірістің кез кел-
ген кезеңінде, сақтау жəне сату барысында жүруі мүмкін.
Контаминацияның антропогенді жəне табиғи
негізгі екі жолын ажы-
ратады:
Достарыңызбен бөлісу: