Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысының білім басқармасы


Мектеп бағдарламасына енгізілген жазушы әңгімелерінің мәні



бет5/6
Дата18.05.2022
өлшемі43,91 Kb.
#34885
1   2   3   4   5   6
2.4. Мектеп бағдарламасына енгізілген жазушы әңгімелерінің мәні
Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін», - дейді. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер – білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері.
«Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!» -
деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай – қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды. «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады, оған ең алдымен әліппені үйрету керек».
Баланы жан – жақты түсінігі бар, айтқанды тез ұғатын, қабілеті күшті азамат етіп шығару үшін, алдымен оқыту керек. Ол сонда ғана тәртіпке түсінетін, оған мойын ұсынатын саналы азамат болып қалыптасады. Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбырай шығармаларында аз айтылмаған. Оқыған, мәдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді.
3 – сыныпта оқылатын «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер – білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті ұлы орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі - өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.
«Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып – жұмғанша
Жылдам хабар алғызды», -
деп, радио, телефон, телеграфты айтса,
«Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны
Күн жарымда барғызды», -
деп, поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетті. Ғылым адамды әр түрлі апаттан алып шығады, құтқарады. Сауатсыз, қараңғы адам жаратылыстың тілсіз сұрапылының құрбаны бола бермек, оған қарсы күресуге дәрменсіз. Мұндай дәрменсіздіктен арылу үшін, ғылым, тағылым табыстарын тез игеріп, орыс халқының ілімінен, мәдениетінен үздіксіз үйрене беру керек деп жар салды. Өзінің жас шәкірттеріне ғылым табыстарын мақтан ете жырлады. Білім мен техниканы өз шығармаларының арқауы етіп, әр түрлі жолдармен әрқашан ұқтырып отырды.
Ғылым, өнер, техника жайларын сөз еткенде, Ыбырай балалардың ұғымындағы түсініктерден алыс кетпейтін, өздерінің күнделікті естіп, айтып жүрген сөздері арқылы беруге ұмтылады.
Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың рөліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан. Өйткені, бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:
«Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.»
Бала тәрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, өздеріне жаттатса, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат екенін сонда ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірлемеу, сыйламау, кейде тыңдамай кету болмас та еді. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата – анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретуден басталуға тиісті.
Ата – анасын сыйламайтын бала ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет ете алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, анаға опасыздық етуден ауыр қылмыс жоқ. Сондықтан ана қадірін түсіне білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың зердесіне салып отыру - әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен.
Бастауыш сыныпта оқылатын «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей мұнан да күшті, мұнан да әсерлірек жазылған.
«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең.
Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,
«Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» -
деп ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен қалғысыздай етіп жадында сақтауды міндеттейді.
«Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенше адам болып,
Еш арманы болмас ед өле - өлгенше!»
Ана тілі адам тану құралы дейміз ғой, Ыбырай Алтынсарин ана құдыретін, ана бейнесін жас өспірімдерге ана тілі арқылы танытып отыр. Бұл жолдар баланы ананың жан дүниесіне үңілтеді. Ананың балаға берілгендік сезімі мен оған бақыт тілеген ізгі ниеті жас өспірімдерді тебірентіп жібереді. Оқушы қауым мұндай өлеңдерден өздерінің толғаныс – тебіреністерін, ой – қиялын табады.
Ыбырай Алтынсариннің үшінші сыныпта оқылатын «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері де өлке тану, айналадағы табиғат құбылысына құрметпен зер салуға бағытталған тәрбиелік орны бар, баланы әр алуан іске баулитын әсерлі шығарма.
«Көл бұзылып, көк шығып, қойнын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна», -
деген шумақтар табиғат әлемінің әр алуан сұлу да көркем көріністерін көз алдыңа келтіріп, көңіліңе эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады. Табиғаттың осындай мінсіз сұлулығын адам ғана түсіне алады
Бірінші сыныптағы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде атасы он жасар баласын жетектеп келе жатып, ұшқан құс, жүгірген аңдар тіршілігімен таныстырады, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ екенін айтады. Бәрі де тіршілік тірегі - өмір қамын жасауда. «Сәтемір хан» әңгімесінде жеті жасында жетім қалған Сәтемір деген бала ақсақ шегірткенің үйдің төбесіне шығу үшін қаншама әрекет жасағанын көріп, өзінің жұмыссыз босқа ойнап жүргенін ақылсыздық деп табады. Артынша қалаға келіп, біреудің қолында жалшылық ете жүріп оқиды. Ақырында ірі оқымысты болып шығады.
Адамның барлық қабілеті мен іскерлігі, таланты мен талабы тек еңбек арқылы ғана көрінетінін айтады. Еңбек процесі тақырыбына Ыбырай Алтынсарин әңгімелері бірінен – бірі асып отырады. Бірін – бірі қайталамайды, әр қайсысының өзіндік қызықты, тәрбиелік күшті жақтары бар. Мұны оқыған бала әрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренеді, өнегесіз істерден жирене түседі. Әрқашан ата – анаға болысу борышты міндет деген қорытындыға келеді. Ал баланың өзінің жауапкершілігін түсіну сеземін біле бастауы еңбек етуге төселуден, еңбекті сүйе білуден пайда болады. Бұл әңгімелердің ескірмейтін, тозбайтын өмірлік белгісі осы жақтарында. Еңбек етсең ғана ойлаған мұратыңа жетуге болатынын, өмір сүру жеңіл болатынын ескертеді.
Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай жұмысқа болса да икемі бар, өздері кішіпейіл, мейірімді және ешқандай арамдық, зұлымдық істерді білмейтін, қалың бұқараның жайдары өкілі етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, оның әр нәрсеге икемділігі де, қиын – қыстау кезеңде жол тапқыштығы да еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің жемісі екенін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет