Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысының білім басқармасы



бет6/6
Дата18.05.2022
өлшемі43,91 Kb.
#34885
1   2   3   4   5   6
Қорытынды
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы санлақтардың бірі.
Ыбырай Алтынсарин қалдырған мәдени мұра бүгінгі өскелең оқушы қауымның қолына жеткенше талай кезеңді басынан кешірді. Бірақ ағартушы есімі қай кезде де халықтың көңілінен тыс болып көрген жоқ. Соның нәтижесінде оның жас ұрпақ, жаңа қауымға қалдырған мұрасы қандай жағдайларға душар болғанына қарамастан ескірмей, өшпей бүкіл асыл қасиеттерін өз бойында сақтап, уақыт, дәуір сынынан толық өтіп біздің бақытты заманымызға жетті.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының бірден - бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен айтамыз. Бастауыш сыныпта ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер мен гимназиялар ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жазудағы ұлан – ғайыр еңбектері жоғалмақ емес. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ. Ыбырай атамыздың көркем әңгімелерін оқи отырып, мен өзімше ой түйдім. Тек қана тынымсыз еңбек пен талмас талаптың арқасында көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Күннен күнге дамып келе жатқан еліміздің экономикасына үлес қосу біздің қолымызда. Үнемшіл болып, ысырапқа жол бермей, азға қанағат етіп тіршілік етіп, еңбектің кез келген түрін меңгерген бесаспап маман болып шықсақ, сөз жоқ, біздің еліміз міндетті түрде алдыңғы қатарда болады. Мектеп қабырғасында терең біліммен қатар, қосымша кәсіп түрін меңгеріп шықсақ, атап айтқанда, күнделікті тұрмысқа қажетті көкөніс түрлерін өзіміз өсіріп үйренсек, үй жануарларын (тауық, бөдене құстарын өсіру) бағып-қағуды меңгерсек нұр үстіне нұр болар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.

  2. Ы.Алтынсарин «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы, 2003ж.

  3. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.

  4. Ы.Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы, Жалын 1991ж.

  5. Ә.Сәрсенбаев «Сәулелі жұлдыз іздеген адам». «Қазақстан мұғалімі», 2001ж., №11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет