Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысының білім басқармасы


Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қызметтері



бет3/6
Дата18.05.2022
өлшемі43,91 Kb.
#34885
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0003905d-1b1738d5

2.2. Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қызметтері
Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да бар.
Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И.И.Дмитриевтен «Екі шыбын», орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан – аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.
“Ворона и лисица” стихи: И. Крылова
Вороне где-то бог послал кусочек сыру;
На ель Ворона взгромоздясь,
Позавтракать было совсем уж собралась,
Да позадумалась, а сыр во рту держала.
«Қарға мен түлкі»
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар.

Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде оқитын оқушыны басқа бір тілде жазылған шығармамен таныстыру. Бұл таныстырудың өзі әр кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың «дәл шығу мөлшері аудармашының негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай оқушыға арналуына байланысты болған». Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде қазақ оқушылары үшін тәрбиелік күші басым, қысқа тартымды шығармалар пайдалы деп санады және осы мәндегі әрбір аудармалық шығарманың түсінікті, қарапайым түрде шығуын қадағалады. Бұл турасында хрестоматияның алғы – сөзінде ол былай деп жазған еді: «Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім. Сондықтан да ол үшін әңгімелерді таңдап алу аз қиындық келтірген жоқ. Әрбір жеке шығарма туралы жан – жақты ойлап қорытынды жасау қажет болды».
Ыбырай Алтынсариннің білім дәрежесі жағынан өте төменгі сатыда тұрған қазақ оқушыларына лайықты шығармалар іздеуі, басқа тілдегі кейбір шығармаларды олардың дүниетануы мен біліміне сәйкестендіріп аударуы дұрыс та еді.
Ыбырай Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухында тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы Ыбырай Алтынсариннің қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Оның аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Бұл мәселелер Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады.
Ыбырай Алтынсарин әр шығарманы аударарда, ең алдымен, оның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлді. Аудармашының бұл талабын кез – келген әңгіменің көтеретін мәселесінен – ақ байқауға болады, Л.Н.Толстой мен И.И.Паульсонның әлсіз шығармаларын аударуда да Ыбырай Алтынсарин осы біржақты талаппен келіп, ол шығармалардың жалпы мәнін байқай алмады, өйткені олар тәрбие мәселесін көтеруі жағынан бағалы да болатын: оқушыны әділдікке, қарапайымдылыққа, тапқырлыққа баулуды көздейтін. Ыбырай Алтынсарин бұл әңгімелердің осы қасиеттерін жоғары бағалап, оларды қазақ тіліне аударды.
Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстойдың шығыс аңыздары мен ертегілері негізінде жазған әңгімелерін аударды. Ол бұл шығармалардың қазақ оқушылары үшін қай жағынан да айрықша қиындық туғызбайтындығын ескерген тәрізді.
Ыбырай Алтынсариннің аудармалары қазақ әдебиетінде аударма өнерінің де өзіндік тарихы, өсу жолы барлығын танытады; олар бүгінгі өскелең аудармамыздың басқышы болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет