Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар 1.Тәжірибелік тапсырма:
К. С. Станиславскийдің актерлік шеберліктің ішкі және сыртқы техникаларына талдау жасаңыз.
Жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі кедергілер және оны жеңу жолдары
К. Станиславский ішкі, сыртқы актерлық шеберлік және шын сезім мен сезімнің көлемін қалай сипаттады?
Сараптама іс-әрекеті ойлау және қабылдау сәйкістігіне байланысты құралатынын дәлелде.
Жаттығу: пәнді жеткізу. Бұл кімге ұсынылса, сол сәйкесінше әрі қарай жалғастыра беру керек.
Актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде зерттеген авторларды атаңыз.
К.С.Станиславскийдің педагог дайындаудағы театрлық жүйенің принциптерін қалай сипаттады?
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар Педагог мамандығындағы актерлік және режисерлік шеберлік элементтері тақырыбында реферат дайындаңыз.
Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру тақырыбында баяндама дайындаңыз..
Педагогикалық қимыл бір актердің театры секілді тақырыбында эссе дайындаңыз.
Педагог пен К.С.Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы театралдық жүйесінің принциптер тақырыбында эссе дайындаңыз.
Көрнекті педагогтар шеберлігі тақырыбында шолу баяндама жазыңыз.
Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру тақырыбында реферат дайындаңыз.
Сіз 4-сыныпқа жетекші болып белгілендіңіз. Оқушыларыңыздың тәрбиелеу жағдайларымен танысу мақсатын көздеген отбасына алғашкы баруыңызды қалай елестетесіз?
Балалар «Дүкен» ойының ойнап жатыр. Сатушының алдына кезекке тұрғандар жинала бастады. Кезекте тұрған балалардың мінезқұлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып, басына жаулық тартып, қолында таяғы, белін бүкірейтіп алған. Кезекке ешкімді алдынан жібергісі келмей тұрған. Сағындық: «Кәрісің бе?» деп сұрады. «Әрине, әже деген кәрі болады» - деп жауап берді Ажар. «Жарайды, әже онда менің алдыма келіп тұрыңыз, әрине қарттарды алдымен жіберу керек» - деді Мұрат араға килігіп. «Жарайсың, Мұрат!» - деп тәрбиеші оны мақтады. Осы келтірілген мысалдар балаларда қандай адамгершілік саналары тәрбиеленеді?
10. Педагогикалық кеңесте 3-ші сынып оқушысының (А) тоқсандық «2»-ге шыққаны туралы мәселе қаралды. Ол әдетте жайдары оқушы. Мұғалім: Ол абстрактылы ойлай алмайды, әлі күнге есепті қолын парта астына жасырып, саусақпен санап шығарады. Оған бәрін мысалмен, суретпен, кескінмен ұғындыру керек. Онсыз ештеңе істей алмайды. Екінші мұғалім: Бұл оқушының көрнекі - бейнелі ойлайтындығы айқын байқалады. Мұндай оқушыларда абстрактылы ой кешеуілдеп жетіледі. Ол оқушы есепті өзіндік тәсілмен шығарады. Сонда оған екі қою ақылға сия ма? Екілік оның абстрактылы ойлауын дамыта ма? Сіздің пікіріңіз?