Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу



бет26/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Өнімді іс-әрекет түрлері
- атрибуттар дайындау (костюмдерді бояу);
- афишалар, билеттердің суретін салу
Балалармен әңгімелесу
- «Мен театрда не көрдім?»;
- «Театрда кім жұмыс істейді? Әртіс деген кім?»
- «Театр» видеоролик көргеннен кейін
Дидактикалық ойындар
- «Сыпайы сөз аукционы»;
- «Жұмыс істеу үшін кімге не керек?»
- «Не жетпейді, тап?»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- қазақ драма театрына саяхат;
- «Ертегі ні айту және сахналау» тіл дамыту.
Ата-аналармен жұмыс
- театрға билет алуға көмектесу;
-көлік табу;
- демалыс күндері қуыршақ театрына бару.
«Театр» сюжетті-рөлді ойынының
технологиялық картасы


Мақсаты: Өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету, балалар арасындағы жағымды қатынастарын қалыптастыру. Балаларды мәдени мекеме мен олардың әлеуметтік маңыздылығы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың театр, театр тобы, театр қызметкерлері туралы білімдерін бекіту, театрдағы ұжымдық жұмыс түрлерін көрсету, мәнерлеп сөйлеуін дамыту.



Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Театр таңдау. Афишалар, билеттер дайындау. Көрермен-дердің театрға келуі. Актерлер-дің театрға дайындығы Театр қызметкер-лерінің сахнаны қойылымға дайындауы.
Антракт-пен спектакль.

Шымылдық.театрдың алуан түрі. Афишалар, билеттер. Бағдарлама-лар. Костюм элементтері. Асханаға арналған құрал жабдықтар, жемістер, кондитер тауарларының муляжі.



Театр директоры рөлінде жұмысқа қабылдайды, тәртіпті бақылайды, қойылым қоюға көмектеседі, кейіпкерлерге жетекшілік етеді. Театрға реквизиттар, құрал жабдықтар сатып алады. Жиналыс жасайды, көрермендер-мен кездеседі.

Режиссер дайындық жүргізеді, пьеса қойылымының дұрыстығын бақылайды. Костюмер бөлінген рөлдерге сәйкес костюмдер таңдайды. Сәндеуші спектакльге арнап афишаның суретін салады, сахнаға суреттерді орналастырады. Көрермендер билет сатып алады, орындарына отырады, шапалақ ұрады, ұнаған әктерлерге гүлдер сыйлайды. Антрактіде асханаға барады. Кассир билет сатады. Бақылаушы билеттерінің бар екенін тексереді, өз орындарына қалай бару керек екендігін айтады, бағдарламалар таратады. Асханашы азық-түліктерді қояды, көрмені безендіреді. Сусындар, тәттілер сатады. Актерлер костюмдерін киеді, қойылымдарда ойнайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет