Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-ролді ойыны



бет17/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)

«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-ролді ойыны
Ұйымдастырылған жұмыс
Көркем шығармалар оқу
- «Айболит». К Чуковский;
- «Дәрігер». Ж. Карбозин;
- «Кім болам», В. Маяковский;

  • «Көмектесу», Б Житков;

- «Кім емдейді» М. Әлімбаев.
Өнімді іс-әрекет түрлері
- атрибуттар, рецептер, дәріқағаз, карточкаларды дайындау;
- дәріханаға таблеткалар, басқа ассортимент әзірлеу.
Балалармен әңгімелесу
- дәрігер мамандығы бойынша әңгімелесу: медбике, ауру және т.б.
- иллюстрациялар бойынша медициналық мамандар туралы әңгімелесу.
Дидактикалық ойыны
- «Кім не істейді»
- «Жұмыс үшін кімге не керек».
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
- «Жедел жәрдем» суреті
- айналамен таныстыру, суреттерді қарау «Емхана».
Ата-аналарменмен жұмыс

«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы


Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу бөлігін қалыптастыру. Ойын барысында қоршаған тіршілік туралы білімдерді көрсету, медицинаның әлеуметтік маңыздылығын көрсету. Медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін бекіту.



Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Емханаға, тіркеу орнына келу;
Дәрігердің қабылдауы,
Дәрі жазып беру;
«Жедел жәрдем шақыру»;
Ауруханаға жатқызу, палатаға орналастыру;
Ем тағайындау;
қаралу;
Науқастарға келу.



Халаттар, дәрігердің бас киімі, науқастарды карточкалары, дәрілер тізімі, жолдама, бой өлшеуіш, шымылдық, көз дәрігерінің үстелі, дәрі-дәрмек, телефон, компьютер, зембіл.
Дәрігердің ойыншық шамаданы: қайшы, жабыстырғышгипстік лангет, дәріге арналған банка, капсула, шприц, фонендоскоп, көз дәрігерінің көзілдірігі, невропатолог-тің балғасы, өкпе қуысын өлшейтін құрал және т.б.
«Жедел жәрдем машинасы» ойыншығы.

Бас дәрігердің рөлінде медицина қызметкер-лерін жұмысқа қабылдайды, жұмысты ұйымдастыра-ды, медициналық персонал жұмыстары-ның сапасын бақылайды, науқастармен әңгімелеседі, ауруханаға, емханаға дәрілердің жаңа топтамасына қоңырау шалады және тапсырыс береді.



Емделуші дәрігердің қабылдауына жазылады, қабылдауға шағыммен келеді, ем тағайындауын сұрайды, алғыс білдіреді. Дәрігер қабылдайды, тыңдайды, тамағын қарайды, қан қысымын өлшейді, дәрілер тізімін жазып береді. Көз дәрігері емделушіні қабылдайды, көзін тексереді, ем тағайындайды, кеңес береді, еңбекке жарамсыздық парағын береді. Медбике дәрігердің жазып бергенін орындайды, укол салады, банкі, қыша, егу қояды, тамақ бұлайды, қыздыру жасайды.
Санитарка медициналық кабинетті жинастырады (еденді жуады, шаң сүртеді). Тіркеуші науқастың картасын толтырады, талон береді. Жүргізуші дәрі-дәрмектер мен құралдарды жеткізеді, дәрігермен бірге жедел жәрдеммен шақыру бойынша жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет