Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу



бет18/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)

«Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны


Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- «Телефон», К. Чуковский
- «Шам сым бойымен қалай жүреді?» Б. Житков
- «Неткен ғажайып ел » М. Әлімбаев
Өнімді іс-әрекет түрлері
- сүйікті теле хабардан бағдарламалар құрастыру;
- «Шартылдақтар», түрлі хабарлардың белгілерін дайындау;
- анимациялық суреттер дайындау;
- өлең, тақпақтар жаттау.
Балалармен әңгімелесу
- бұқаралық ақпарат құралдары туралы, адамдар тіршілігіндегі телевизияның рөлі туралы;
- «Телевизия не үшін керек», «Сүйікті телехабарлар», «Теледидарды немен алмастыруға болады»;
Дидактикалық ойындар
- «Тілші»
- «Мультфильм құрастыр»
- «Диктор»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- «Тұрмыстық техника» қоршаған ортамен таныстыру;
- электр техникалары тұрған бөлмеге саяхат жасау.
Ата-аналармен жұмыс
- атрибуттар таңдауға қатысу;
- балалармен бірге телехабарларды қарау және олардың пайдасы, маңыздылығы, алуан түрлілігі туралы әңгімелесу.
«Телевизия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы


Мақсаты: теледидар қызметкерлерінің рөлдік әрекеттерін бекіту, олардың еңбектері ұжымдық, жұмыстың сапасы барлық ұжымға байланысты екенін көрсету. Балаларға бұқаралық ақпарат құралдары туралы, адам өміріндегі теледидардың рөлі туралы ұғымдарын бекіту.



Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Бағдарлама-лар таңдау, редакторлармен бағдарлама құрастыру. Жаңалықтарға және басқа да бағдарлама-ларға мәтін құрастыру. Жүргізуші, көрермендерді дайындау. Студияны безендіру. Жарық беретін және дыбыс оператор-ларының жұмысы. Бағдарлама-ларды көрсету.



Компьютер-лер, рациялар, микрофондар, фотоаппарат-тар, «шартылдақтар». Бағдарлама-лар (мәтіндер); алуан түрлі бағдарлама-лар нышандары, костюмдер-дің элементтері, косметика-лық бұйымдар жиынтығы, сахна суреттері, фотосурет-тер.



Бас редактордың рөлінде студияның барлық қызметкерлері-нің әрекеттерін бағыттайды, хабардың тақырыбы мен сюжетін, телехабардың көрсетілу кезегін анықтайды.



Дикторлар күндегі жаңалықтар мәтінін құрастырады, суреттер мен фотоларды таңдайды. Сценарий құрушылар хабардың сценариін, мәтінін жазады. Редакторлар басты рөлде ойнайтын әртістерді таңдау үшін кастинг өткізеді. Жарық берушілер мен дыбыс оператор-лар техникаларды күйіне келтіреді, микрофондарды дайындайды. Безендірушілер студияны безендіру үшін сахна суретін салады, әртістерге костюмдер дайындайды. Әртістер дайындалады, мәтінді жаттайды. Көрермендер студияда отырады, хабарды көреді. Оператор хабарды түсіреді және оны эфирге береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет