Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу



бет7/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)

«Банк» сюжетті-рөлдік ойыны


Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Л. Кларина «Гном-экономның және перизат Экономиканың сабақтары»;
- Лада И. «Жаңа үй»;
- Бомент А. «Біз тұратын үй»;
- Габе Д. «Жұмыс»;
- Липсиц И. «Экономика еліндегі ғажайып оқиғалар»;
- Корчак Я. «Кішкентай бизнесмен»;
- Кнышов Л. «Сәбилерге арналған экономика немесе Миша қалай бизнесмен болды», «Экономикстің және достарының ертегілік саяхаты».
Өнімді іс-әрекет түрлері
- банкнот және банк карточкаларын әзірлеу;
- өз тобының ақшаларының суретін салу.
Балалармен әңгімелесу
- «Баға, кредит, ипотека деген не?»;
- «Сатып алудың перспективасы».
Дидактикалық ойындар
- «Сатып ал»;
- «Бір тауардың базары»;
- «Экономикалық сөздердің тізбегі».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- «Тиынның» суретін салу;
- айналамен таныстыру «Ақша. Ақша қандай болады? Адамдарға ақша не үшін қажет?»
«Дүкенге» саяхат.
Ата-аналармен жұмыс
- балалар мен ата-аналардың банкке саяхаты.
«Банк» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы


Мақсаты: Рөлді таңдап, рөлге сәйкес әрекет ету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Ойында әлеуметтік ақиқат оқиғаларын көрсету, балалардың бақылаудың, саяхаттың және ересектер мен қарым-қатынастарының барысында көргендерін ойында ауыстыру. Қоғамдық жерлерде жүріс-тұрыстарын бекіту, сөз сөйлеу этикет дағдыларын қалыптастыру.



Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Банкке бару қажет қызметтерді таңдау.
Кассаның, валюта айырбастау пункттің қызметі.
Құжаттарды рәсімдеу, коммуналдық төлемдерді қабылдау.
Пластикалық карточкалармен жұмыс. Банк директорынан кеңес алу.
Кредит рәсімдеу.
Инкассаторлардың келуі.

Бланктер; касса,
жинақ кітапшасы,
компьютер, пластикалық карточкалар, әр түрлі елдердегі ақша, пластикалық карточкалармен жұмыс істеу үшін аппарат.

Директор рөлінде банк қызметін ұйымдастырады, кадрларды тағайындайды, персоналды бақылап отырады, жұмысты дұрыс атқару үшін бағыт береді; Келген адамдарға кеңес береді, шиеленістерді жояды, қажетті жабдықтарға тапсырыс береді.



Келушілер:
қажет қызметтерді таңдайды, банк директорынан кеңес алады; карта бойынша немесе қолда бар ақшамен төлем жасайды, валюта айырбастайды, кредит рәсімдейді.
Кассир: клиенттің жинақ кітапшасын алып, оған беру керек ақшасын санайды, ақшаны береді, инкассаторлардан ақша қабылдайды.
Менеджер: дүкендегі тауарларды сатып алу үшін банктен ақшаны қарызға алуды ұсынады. Оператор: дүкендегі тауарларды сатып алуға, туристтік саяхаттарға кредит рәсімдейді.
Инкассаторлар: дүкеннен, шаштараздан және т.с.с., ақшаны алады, санайды, банкке әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет