Байланысты: СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)
Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар. Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты жүйе дамыған. Сөз сөйлеу әрекеттерінің үлесі арта түседі. Бала шынайы өмірдің ережелерін алып, оларға ойын барысында бағынатынын көрсетеді. Орын алмастыру кеңінен қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде қолданса да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады.
Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (мектепке дейінгі кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады (мектепке дейінгі ересек жастағы).
Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін жететін балалардың саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
Шығармашылық ойынның ерекшеліктерін талдау кезінде негізгі талданатын ерекшелік - ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын әрекеттерді бейнелейтін ойындардан, одан әрі адамдардың қарым-қатынастарын бейнелейтін ойындарға қарай дамып, соңында — қоғамдық жүріс-тұрыстың және қатынастардың ережелеріне бағыну негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін мазмұны өрістейді.
Ойынның мазмұны - «жақсы» ойынның дамуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.
Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады:
- ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы;
- қиялды және шығармашылықты дамытатын;
- қарым-қатынаста ықыластықты дамыту;
- өз күшін сезінуден қуаныш алу.
Алайда, зерттеулердің мәліметтері бойынша (Артемова Л.В., Гаспарова Е.М., Зворыгина Е.В., Новоселова С.Л. және т.б.) балабақшаның тәрбиеленушілерінде шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі қатаң тәртіпті іс-әрекет түрінде болады, біркелкі, тәрбиеші алдын ала барлығын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық еркіндіктеріне орын болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді.
Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады:
- ересектердің — ата-аналардың және тәрбиешілердің - саналарында бала ойынының құндылығын түсінбеушілігі;
балабақшаның барлық топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды олармен әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы:
- бала қиялының дамуына себеп болатын жабдықтылмаған ойын материалының жеткіліксіз саны.
Тәрбиешіге тәрбие процесін модельдеуі ғана емес, ойынды өткізудегі шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға әсер ету тәсілдерін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетте ересек пен бала арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады. Ересек пассивті бақылаушы позициясын ұстанбай, ойынның белсенді серіктесі ретінде болу тиіс.
Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін:
бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоционалды күйін сезіне алу;
ойын сюжетінің дамуына сәйкес балалармен қарым-қатынастың сипатын және мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты-ойындық ортаны өзгерту арқылы және ересектің баламен ынталандырушы қарым-қатынастары арқылы құрылатын мәселелі ойын жағдайлар қолданылады;
бала ойынының мазмұнының көзі ретінде болатын ақиқаттағы оқиғаларды тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір тәсілмен, әдіспен жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін танытуларын және балалардың іс-әрекетін ынталандыру;
балада ересектің бейнесін және оған еліктеуді тырысуын (ойын сюжетінің даму деңгейіне байланысты) қалыптастыратын лайықты педагогикалық ықпал құралдарын іріктей алу;
ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу.
Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты «білімді ұжымдық өңдеу» емес, балалардың өзіндік ойынды қамтамасыз ететін, шағын ойын бірлестіктерде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу өз еркіндерімен әр түрлі мазмұнды іске асыратын ойнау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиеші мектеп жасындағы баланы ойынға тартып, оған жетіспейтін аға мен әпкелердің, құрдастардың орнын басу тиіс. Осындай стратегия балалардың жеке дербес ойынын, олардың шағын топтардағы келісімді ойынын, ерте жастан бастап қарапайым жұптағы қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етеді.
Ойын баланың өз шығармашылығын жүзеге асырудың шынайы құралы болып, дамытушы қызметін толық атқаруы үшін, ол ересектермен «жоғарыдан» түсірген тақырыптардан және әрекеттерді тәртіптеуден тәуелсіз болу керек. Балада ойынның күрделі «тілін» меңгеру мүмкіндігі болу тиіс — өзінің ойластыруы бойынша шығармашылық еркіндігін арттыратын жүзеге асырудың жалпы тәсілдерін меңгеру (шартты әрекеттермен, рөлдік қарым-қатынаспен, сюжетті шығармашылықпен құру).
Тәрбиеші, балалардың еркін іс-әрекетіне қосылып, ойнайтын серіктестің позициясын қабылдап, балалардың дербес ойынын дамыту жақынарадағы даму аймағын құрады.
Бала осындай жағдайда өзін ойынға кіру және одан шығу мүмкіндігінде еркін және теңдес сезінеді, өзін бағалаудан тыс сезінеді: жақсы-жаман, дұрыс-дұрыс емес, себебі, сюжетті ойында бағалау қолданылмайды.
Ересек пен баланың бірлескен ойыны бала үшін (сабақ немесе нұсқау бойынша әрекет емес) болып осы іс-әрекетте тәрбиешінің, барлық жағдайларда бағынатынын ересек адамның қысымын сезінбей, тек «қызық ойнай алатын» серіктестің ілгерлігін сезінгенде ғана шынайы ойын ретінде болады. Осындай позициялардың алмасуы және ойнай алатын серіктес ретіндегі тәрбиешінің шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы — баланың бойында жалпы сюжетті ойынға деген ықыластың туындайтынның кепілі, сондай-ақ, ересек адам ойынға қосатын тақырыптарға деген қызығушылығы пайда болады.